Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.
Оценка 4.6

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
биология
8 кл
15.05.2017
Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.
Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды, ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жас клетка бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды.Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырларымен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұндай май және тер шығаратын бездер бар. Терінің астында май торлары бар. Ол терінің терең жатқан қабаты. Май торлары ішкі мүшелерді жауып тұрады. Оларды зақымданудан және организмді салқындаудан сақтайды және энергия қоры болып табылады. Адам денесінің алақан, саусақ, ерін, табанның басқа жерлерін түк басып тұрады, ұзын түк, қайратты түк, жұмсақ түктер кездеседі.Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды, ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жас клетка бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды.Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырларымен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұндай май және тер шығаратын бездер бар. Терінің астында май торлары бар. Ол терінің терең жатқан қабаты. Май торлары ішкі мүшелерді жауып тұрады. Оларды зақымданудан және организмді салқындаудан сақтайды және энергия қоры болып табылады. Адам денесінің алақан, саусақ, ерін, табанның басқа жерлерін түк басып тұрады, ұзын түк, қайратты түк, жұмсақ түктер кездеседі.
Терінің құрылысы.docx
Қостанай облысы Аманкелді ауданы Құмкешу ауылы Құмкешу жалпы білім беретін орта  мектебінің  биология пәнінің мұғалімі: Қылышбаева Арайлым  Күмісбайқызы Сабақты «Оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиялары: Сыни тұрғыдан ойлаудың әрбір әдісінде, оқушы, белсенді іс­әрекет үстінде болады, сыни  тұрғыдан ойлауда, міндетті түрде, қатысушы өзінің іс­әрекетін бағалай алуға үйренеді,  сыни тұрғыдан ойлауда, қатысушылар бір­бірімен қарым­қатынас жасай білуге  тәрбиеленеді, және міндетті түрде өз көзқарасын қорғай білуге, тұжырым жасай білуге  (рефлекция кезеңі) үйренеді. Көп  ақпаратты талдай, жинақтай отырып, iшiнен  қажеттiсiн  алуға  үйрету.  Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының психологиясын түсінгеннен  бастап, бұл бағдарламаның стратегияларын өзімнің сабақ беру жүйеме үздіксіз енгізіп  келемін. Сын тұрғысынан ойлау­сынау емес шындалған ойлау. Оқушы ұтымды әдістерді  пайдалану арқылы өзінің білімге деген ынтасын ұштайды, таным­білім көкжиегін кеңейтеді. Бірте­бірте ұстаз сабағын жалыға тыңдаушыдан белсенді ойлаушы, ізденімпаз  шәкірткеайналады. Шәкірт жүрегіне жол табу үшін сабағымның әр сәтін қызықты ұтымды  өткізуге тырысамын. Оқушы ойын дамытудың түрлі тәсілдерін тынымсыз ізденіп  пайдалануға ұмтыламын. Оқушы тек белгілі мәліметті қабылдаушы емес, сонымен терең ой иесі, тұлға. Ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей білуі керек. Оқушыларға еркін  ойлауға, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік жасаймын. Жеке тұлға сыни тұрғыдан ойлау әсер  етеді:1.Танымдық процестеріне, 2. Еріктік процестеріне, 3.Сезімдеріне, эмоцияларына.   Енді екінші кезеңде (мағынасын, мәнін түсіну), оларды талдап топтастыру қажет. Қорыта  келгенде М.Жұмабаев айтқандай жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің:ақыл  көріністері (таным процестері), ішкі сезім немесе көңіл көріністерінің  (сезімдері мен  эмоциялары) және қайрат көріністерінің (еркін процестерінің) дамытылуы­сын тұрғысынан  ойлаумен байланысты. Таным процестері дегенде, әсіресе ойлау, логика (қисынды) ойлауы,  шығармашылықтық ойлауын қалыптастыруға бағытталса, сезімдері мен эмоцияларына  келсек: а) біздің сабақтарымызға ортақ, бір­біріне сенімділікпен, түсінушілікпен қарау  атмосферасының орнағанын айта кетуге болады; ә) түрлі әдістерді игеру барысында  көтерінкі көңіл күйде болып,    қызығушылық,белсенділік, шығармашылықпен іс­әрекет  жасау. Жетістікке қол жету барысында күш­жігер жұмсалғаны ұмытылып, тек шабыттану,  шаттану, ләзаттану сезімдері басым түсіп отырады.     Оқу құралы негізінде сауаттылықтың басымдық дағдысын дамыту­оқу, жазу және барлық пәндер арқылы қарым­қатынас жасау.  Оқуды түсінуге бағытталған ойластырылған стратегиялар академиялық мәтіндерді оқу  және тындау үрдістерін қарқындату. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қанадай дейтін болсақ, ол оқыту барысында оқушыларға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын көрсетіп отырады.       Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт. 1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек. 2.Оқушыларға ойланып­толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.  3.Әртүрлі идиялар мен пікірлерді қабылдау. 4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс­әрекетін қолдау. 5.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.        Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасайды, бар ынтасымен оқуға  беріледі, пікірлерді тыңдап, құрметтеуді, өз пікірін ашық білдіруге дағдыланады.  Сын  тұрғысынан ойлау ой жүгірту, пайымдау, жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген  барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен  қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың  барлығында да орын алады.  Л.С.Выготскийдің пікірінше: «Қатаң ғылыми тұрғыдан  қарағанда, басқа адамды тәрбиелеуге болмайды. Тәрбиелеу­оқушыны тәрбиелеу емес,  оқушы өзі тәрбиеленетіндей етіп ұйымдастырылуы керек. Тәрбиелеу процесінің негізінде  оқушының жеке іс­әрекеті жатуы керек». Осы тұрғыдан алғанда сын тұрғысынан ойлаудың, шын мәніндегі дамытпалы оқыту стратегиясымен үндес екендігі көрінеді. Нәтижесінде­ неғұрлым дамытылған оқушының, жеке тұлғасы қалыптасады. 8 сынып «Биология» пәнінен өткізген сабақ үлгісін ұсынып  отырмын. Сабақтың тақырыбы: Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы. Сабақтың мақсаты: І.Терінің құрылысы және  қызметі туралы оқушылардың жаңа білімдерін          қалыптастыру. ІІ.Терінің құрылысы мен қызметі туралы алған білімдерін кеңейтіп дамыта түсу. ІІІ.Теріні күту және тері ауруларынан сақтануға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі:СТО­әдістері. Сабақтың көрнекілігі:Схемалар, таратпа материалдар, сызба кесте т.б. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.  Амандасып, түгендеу; психлогиялық дайындық жасау.  2.Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1.С.Т.О. стратегиясы бойынша ассоциация құру.                                                t C­реттеп отыраы Газ алмасу   жүреді.      Қорғау   Терінің   қызметі Сезім мүшесі.                                                                              Зиянды заттар                    бөлінедіДене жабыны Эпителий   Не білемін 1.Дене жабыны 2.Қорғау 3.Сезім мүшесі 4.Эпителий 5.Зиянды заттар бөлінеді 6.Газ алмасу жүреді 7.t C­реттеп отырады  Не білдім 1.Құрылысын 2.Қызметін 3.Гигиенасын 4.Шынықтыру Не білгім келеді 1.Тері ауруларын 2.Алдын алу шараларын Терінің құрылысы                           Сыртқы                           Ішкі                             Шел                          Эпителий                     Дәнекер                 Май  ұлпасынан Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан  тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды,  ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жас клетка бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды.Терінің ішкі  қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және  теріге серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырларымен және жүйке  талшықтарының таралған ұштарымен торланған.         Мұндай май және тер шығаратын бездер бар. Терінің астында май торлары бар. Ол  терінің терең жатқан қабаты. Май торлары ішкі мүшелерді жауып тұрады. Оларды  зақымданудан және организмді салқындаудан сақтайды және энергия қоры болып  табылады.          Адам денесінің алақан, саусақ, ерін, табанның басқа жерлерін түк басып тұрады, ұзын  түк, қайратты түк, жұмсақ түктер кездеседі. І.топ.Тері гигиенасын қалай сақтау керек және қандай ақыл кеңес береді.            (жарнама) ІІ.топ. Шаш пен тырнақ гигиенасын қалай сақтау керек және қандай ақыл­ кеңес яғни жарнама жасайды. ІІІ.топ.Терінің шынықтыру. (жарнама) Сабақты бекіту: 4.Кестедегі «Не білдім!» бөлімін толтыру. 5.Кестедегі «Не білгім келеді» бөлімін толтыру. Үйге тапсырма. Іздену жұмыстары. Тері аурулары, алдын алу шаралары.                                (хабарлама дайындау)

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.05.2017