Терінің туындылары - оның сыртқы (эпидермис) қабатынан пайда болады.
Түк—құрылысына қарай үш топқа бөлінеді: жабынды, ұзын (жал, кекіл, құйрық) және синуозды (сезімтал — көздің айналасында, еріндерде, ұртта).
Түктің теріден шығып тұрған бөлігін талшығы, ал терідегі бөлігін түбі дейді. Түктің түбі буылтықтанып түк пиязшасы деп аталады. Пиязшаға түк еміздігі кіріп тұрады. Осы жерден түк өседі. Түк түбі дәнекер ұлпасынан түзілген және түк қапшығымен қапталады. Бұл қапшығына түк көтергіштері бекиді. Түктің қиындысын қарасақ милы, қыртысты заттарын және сыртында кутикуласын көреміз
анатоми 204 тери туындылары.docx
Сабақ жоспары
Тобы № 204
Сабақ № 63 – 64
Уақыты 08.12.2018 ж
Пәні: Жануарлар анатомиясы және физиологиясы
Тақырыбы: Тері туындылары
Сабақтың мақсаты: Тері және оның туындыларының құрылысымен танысу
Көрнекілік құралдар: оқулық
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Қолданылатын технологиялар: деңгейлеп саралап оқыту
Пәнаралық байланыс: зоология, мал шаруашылығы және т.б;
Сабақ құрылымы
І. Сабақты ұйымдастыру
студенттермен сәлемдесу;
студенттердің сабаққа қатысуын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту:
1. Алдыңғы аяқтың бұлшық еттері орналасу орындары мен жұмыс
сипатына байланысты қалай бөлінеді?
2. Иық буынының бұлшық еттері қызметіне байланысты қандай
бұлшық еттер топтарына бөлінеді? Олардың басталатын және
аяқталатын жерлері мен құрылысына көңіл бөліңіз.
3. Шынтақ буынының бұлшық еттер топтарына тоқталып,
олардың құрылысын еске түсіріңіз.
4. Тізе буыны бұлшық еттерінің қызметтік топтарын еске түсіріп,
олардың құрылысына тоқталыңыз.
5. Бақай буындары бұлшық еттерінің топтары, олардың
кұрылысы.
ІІІ. Жаңа білімді игеру. Тері жабыны, немесе жалпы
жабын (tepі) — integlmentum commune
Тері дененің сыртын жауып, оны сыртқы ортамен
тікелей байланыстырып тұрады.
Терінің қызметтері: сезім, қорғаныш, май және тер бөліп
шығару, тыныс алу, жылу реттеу, қанның депосы.
Тері негізінде үш қабаттан тұрады: 1) терінің беткей
қабаты,
немесе эпидермис — көпқабатты жалпақ
эпителийден түзілген. Оның бетінде өлі клеткалардан
мүйізделген қабаты, ал тереңде — тірі клеткалардан түзу
қабаты болады.
Мұнда қан тамырлары болмайды.
Эпидермистің астында оны келесі қабаттан бөліп тұратын
шекаралық жарғағы орналасады; 2) тері негізі, немесе меншікті тері, дәнекер ұлпасынан түзіледі. Оны емізікті және
торлы қабықтарға бөледі. Мұнда тер және май бездері, түк
түбі, түк көтергіштері (бірыңғай салалы ет талшықтарынан);
3) теріасты қабаты — борпылдақ дәнекерінен түзілген, мұнда
негізінде май ұлпасы жиналып, жылу реттеумен қатар,
механикалық соқтығуды жұмсартып жатады (1-сурет).
I-
1-сурет. Терінің құрылысы
эпидермис, II- нағыз тері (дерма), III-теріасты қабаты
(шел)
1- негіздік жарғақ, 2-мүйізді қабат, 3-дерманың торлы қабаты, 4-
дерманың емізікше қабаты, 5-тер бездері, 6-тер бездерінің шығару
өзектері, 7- май бездері, 8-түк сабағы, 9-түк қапшығы, 10- түк қынабы,
11-түлеуші түк, 12-жүйкелер, 13-тері рецепторлары, 14-артериялар, 15-
веналар, 16-лимфа тамырлары, 17-шелдегі май ұлпасы.
Терінің туындылары
- оның сыртқы (эпидермис)
қабатынан пайда болады.
Түк—құрылысына қарай үш топқа бөлінеді: жабынды,
ұзын (жал, кекіл, құйрық) және синуозды (сезімтал — көздің
айналасында, еріндерде, ұртта).
Түктің теріден шығып тұрған бөлігін талшығы, ал
терідегі бөлігін түбі дейді. Түктің түбі буылтықтанып түк
пиязшасы деп аталады. Пиязшаға түк еміздігі кіріп тұрады.
Осы жерден түк өседі. Түк түбі дәнекер ұлпасынан түзілген
және түк қапшығымен қапталады. Бұл қапшығына түк
көтергіштері бекиді. Түктің қиындысын қарасақ милы,
қыртысты заттарын және сыртында кутикуласын көреміз.
2-сурет. Түксіз тері эпидермисі 1-мүйізді қабат, 2- жылтырауық қабат, 3-дәншелі қабат, қылтанақты
қабат, 5- негіздік (базальды) қабат, 6- борпылдақ дәнекер ұлпасы, 7-тер
безінің шығару өзегі.
Мүйіз — маңдай сүйегінің мүйіз өсіндісін қаптап тұратын
қуысты мүйізді орган. Мүйіз эпидермис пен тері негізінен
түзілген. Тері негізі маңдай сүйегінің мүйіз өсіндісімен бірігіп
өседі. Мүйіздің құрамында негізін, денесін және ұшын
ажыратады.
Май табаны — тізе (тілерсек), жіліншік және бақай
түрлері болады. Олар эпидермистен, тері негізінен және тері
асты қабатынан тұрады, Мұнда тер бездері мен нервтер өте
көп.
Тұяқ (тұяқша)—терінің мүйізге айналған тұяқ сүйегін
қоршап тұратын мүше.
Ол төрт бөліктен тұрады: 1) тұяқ көбесі — жалпақтығы
0,5 см-дей, тұяқтың проксимальды шетімен шектеседі, бұдан
тұяқтың жылтыр қабаты (глазурь) төмен қарай өседі;
тұяқ жұлығы—жалпақтығы 1,5 см-дей, тұяқ
жолағынан төменірек орналасып, тұяқтың проксимальды
шетін түзеді, мұның эпидермисі түтікті мүйіз қабаты
болып дистальды бағытта еседі;
2)
ІV. Жаңа білімді бекіту.
Алдыңғы аяқтың бұлшық еттері орналасу орындары мен жұмыс
сипатына байланысты қалай бөлінеді?
2. Иық буынының бұлшық еттері қызметіне байланысты қандай
бұлшық еттер топтарына бөлінеді? Олардың басталатын және
аяқталатын жерлері мен құрылысына көңіл бөліңіз.
3. Шынтақ буынының бұлшық еттер топтарына тоқталып,
олардың құрылысын еске түсіріңіз.
4. Тізе буыны бұлшық еттерінің қызметтік топтарын еске түсіріп,
олардың құрылысына тоқталыңыз.
5. Бақай буындары бұлшық еттерінің топтары, олардың
кұрылысы.
V.Бекіту сұрақтары арқылы сабақты қорытындылау. Бағалау
Әдебиеттер: Қ.Бозымов., Қ.Есенғалиев., Е.Дурткаринов. Мал анатомиясы, Астана
2011
Тері туындылары
Тері туындылары
Тері туындылары
Тері туындылары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.