Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады.
1543308078.docx
Тақырыбы: «Ұлы дала елінің болашағы жастар»
(Дөңгелек үстел)
Дөңгелек үстел өткізу мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көшбасшылық қабілеті бар,
ынталы және талантты жастарды қолдау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу.
Өткізілген ісшара түрі: Дөңгелек үстел
Өткізілетін әдістәсілдері: Пікір алмасу, ой бөлісу
Қатысушылар: оқушылар.
Көрнекілігі: Слайд, мақалмәтелдер, суреттер.
І. Баяндама: «Ұлы дала елінің болашағы жастар»
«Баянды бақыт таймасын халқым басыңнан,
Мол үміт күтем, жас ұрпақ сендей асылдан!» демекші, Елбасымыз Халыққа Жолдауында:
Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген
мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық
деңгейге көтеру міндеті тұр, деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді
ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез
келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне
жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни жастарға
бұйырған баға жетпес бақыт.
Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» Мақаласында кездесетін
«бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін
маңызы зор. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Сандық Қазақстанның
болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге
етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты
талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс
жасау. Мақалада көрсетілген орындалу керек міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында
тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Елбасының бұған дейін де
«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ.
Тіпті бұл ұрпақтанұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық. Жастардың
билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы әрбір міндеттері маңызды рөл
атқарады. Шалалыққа бармас үшін әрбір қазақстандық жастар осы мақаладағы көрсетілген
міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек.
Көзі ашық, көкірегі ояу кезкелген білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай
тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «жалқаулықты жанға
серік етіп жатудың» өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін
жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету жастардың басты міндеті.
Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің
тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқуағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын
қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу
керек
Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген
мемлекет. Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан
да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында.
ІІ.
Қорытынды. Дөңгелек үстелге қатысушы талантты көшбасшылар мен сіздерге
тақырыпқа байланысты өз ойымды барынша жеткізуге тырыстым. Кезек талантты
көшбасшыларда. (Дөңгелек үстелде талантты көшбасшылар өздерінің ойларын,
пікірлерін ортаға салды. )
ІІІ. «Кім қалай түсінеді» Мақалмәтелдерді, қанатты сөздерді талқылау, қолдарыңызға
мақалмәтелдер, қанатты сөздер таратылып беріледі. Әркім Мақалмәтелдерді, қанатты
сөздерді талқылайды. Бұл жерде сіздер өздеріңіздің ойлау қабілеттеріңіз бен сана
сезімдеріңіздің қандай деңгейде екендіктеріңізді көрсете аласыздар.
1. «Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ жастар» Назым Хикмет
2. «Жастардың оқутәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» Ахмет Байтұрсынұлы
3. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» Ахмет Жұбанов
4. «Адам болатын бала алысқа қарайды» мақал
5. «Атың жаман болса, қырың кетер
Балаң жаман болса арың кетер» мақал
6. «Асығу баланың ісі, аттандыру анаң ісі» мақал
7. «Бір бала атасына жете туар,
Бір бала атасынан өте туар,
Бір бала кері кете туар» мақал
8. «Бел астындағыдан бесіктегі бала үміттенеді» мақал.
Тест сұрақтары
Тест сұрақтары
Тест сұрақтары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.