Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.
Оценка 4.7

Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.

Оценка 4.7
Презентации учебные +1
docx
география
8 кл
31.05.2018
Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.
8 ашық сабақ.docx
Кулыбекова Жаннур Аманбековна КММ «№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп» География пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі  маңызы. ШҚО­ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның табиғи ресурстарын сипаттай отыра оның практикалық  маңыздылығы мен қайта өңдеу тәсілдері туралы түсінігін қалыптастыру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызын  ашу арқылы оқу – танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру. Топырақтың таралу заңдылықтарын анықтау. Топырақты қорғау шараларымен танысу. Топырақ картасымен жұмыс жасау дағдысын әрі қарай дамыту. Дамытушылық: Оқушыны шығармашылық еңбекке дайындау, белсенді ақыл­ой әрекетіне  бейімдеу, міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейге жеткізу. Топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Туындаған танымдық міндеттер мен проблемалық жағдаяттарды шешу  арқылы құндылықты­бағдарлы құзыреттіліктерді қалыптастыру. Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап, түсіндіру себеп­байланыстарды табу. Сабақтың түрі: іздену сабағы, топтық жұмыс. Пәнаралық байланыс: биология, экология Сабақтың көрнекілігі: Слайд­шоу, Қазақстанның физикалық картасы,  атластар.  Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі(2 мин) 2. «Ой шақыру». Өткенді қайталау ( 15 мин) 3. Жаңа сабақты түсіндіру A. «Ізденген жетер мұратқа». Топтық жұмыс (10 мин) Сергіту сәті (1мин) B. ШҚО­ның топырағы мен топырақ­жер ресурсы.  (10мин) 4. Жаңа сабақты бекіту. Рольдік ойын. «Егер мен фермер болсам» (5 мин) 5. Бағалау. Үйге тапсырма беру.(2 мин) Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.  Таным таразысы «Ой шақыру» (сұрақ­жауап) «Ізденген жетер мұратқа» «Мен фермер болсам...» 2.«Ой шақыру»(сұрақ­жауап) слайдтар № 4­22 1.Материктер мен мұхиттар географиясында қандай топырақ түрлерімен  таныстың? 2.Дүние жүзі топырақтары неге әр түрлі? Себебін түсіндір. 3.Алғашқы жұқа топырақ қабаты осыдан неше жыл бұрын қай кезеңде  пайда болған? 4.Топырақтану ғылымының негізін салған ғалым? 5.Докучаев – топырақтың табиғи дене екенін қай ғасырдың, қай  жылдарында анықтады? 6.Топырақ құрушы факторларға нелер жатады? 7.Топырақтың негізгі қасиеті не? 8.Топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап,  өзгертіп, өңдеп шығаратын не? 9.Қандай топырақ біріккіш келеді? 10.Ал қай топырақтың бірігуі нашар? 11.Құрылымды топырақ қандай топырақ? 12.Құрылымы жоқ топырақ қандай топырақ? 3. Жаңа сабақты түсіндіру. «Ізденген жетер мұратқа» Топтық жұмыс. A. Топырақтың табиғаттағы  және адамның шаруашылық  әрекетіндегі маңызын анықтау. Әр топ өз тұжырымын тірек­сызба түрінде жазады. Аяқтағаннан кейін  слайдпен салыстырады. Слайдтар № 23­25 B. ШҚО­ның топырағы мен топырақ­жер ресурсы. Слайдтар № 26­28 Облыс жерінде ендік зоналылық анық байқалатындықтан топырақ жамылғысы алуан түрлі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр (құрғақ дала), ашық қоңыр  (шөлейт), және қоңыр топырақ зоналары бірін­бірі алмастырады, Шыңғыстау, Қалба жотасы, Алтай, Тарбағатай тауларының биік  бөктерлерінде ендік зоналылық биіктік белдеуге ауысып, сұр топырақ,  субальпілік тау шалғындарына өзгереді. Слайд № 30­31 Қара қоңыр топырақ – Ертістің оң жағалауын алып жатыр. Қара қоңыр  топырақтың үлесіне облыс ауданының 9­10% тиеді. Олар құрамына  байланысты саздақты, құрылысына қарай кесек болып келеді. Бұндай  топырақтар гумусқа өте бай, мелиорациялауды қажет етеді. Ертістің оң жағалауындағы қара қоңыр топырақ шығыстағы Алтай  бөктеріндегі қара топырақпен алмасады. Ертістің оң жағалауын бойлай кең  алқапты құм алып жатыр. Ол батысында құмдақты далаға ауысады. Бұл  өлкенің топырағы эрозияға тез ұшырайды. Слайд № 32­33 Ашық қоңыр топырақ – облыстың ұсақ шоқылы бөліктеріне  таралып,  Ертістен Алакөл қазаншұңқыры мен Балқаш бойы үстіртіне дейін  солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ашық қоңыр топырақ қабаты  жұқа, құрамында гумусы аз, ұсақ тасты болады. Бұл топырақ облыстың 1/3  бөлігін алып жатыр.  Слайд № 34­36 Қоңыр топырақ зонасы – облыстың оңтүстік бөлігіндегі кең алқапты алып,  Балқаш үстірті мен Алакөл қазаншұңқырын қамтиды. Қоңыр топырақтың  жекелеген ірі массивтері Зайсан қазаншұңқырында кездеседі. Топырақ қабаты  жұқа, гумусы аз, көпшілік бөлігі сортаң.   Барлық тау жотасының етегінде жақындаған сайын топырақ ұсақ түйіршікті  болғандықтан, егіншілікке қолайлы болады. Алакөлдің солтүстігінде  тақырлар кездеседі. Қоңыр топырақтың барлық түрлері суаруды қажет етеді.  Аласа, орта және биік таулар топырағы. Бұл жерде негізінен даланың  таулы қара қоңыр топырағы кешеніндегі сортаңды қара топырақты шалғын дамыған. Тарбағатайдың солтүстік беткейінде бұл топырақтар таулы қара  топыраққа ауысады. Слайд № 37­41 Облыс топырағының бір ерекшелігі құрамындағы тұздың көп болуы. Сор және сортаң топырақтардың бірігіп үйлесуі өңдеуге қиындық туғызады. Кендірлік, Қалжыр өзендерінің бойы ауыр сазбалшықты топырақтан  тұрады. Ол шабындықтың өсуіне аса қолайлы. Құмды аймақтарда топырақ  қабаты болмайды. Зайсан көліне таяу жерде батпақты, тұзды­сорлы  топырақты жерлер көптеп кездеседі.  4. Жаңа сабақты бекіту.  Рольдік ойын. «Егер мен фермер болсам» Слайд № 42  Өзіңнің туған жеріңе ауыл шаруашылық өнімінің сапасын жақсарту  Әр оқушы өз ойларын айтады.   үшін сен не істер едің? Жұмысты неден бастар едің? Фермер ісіне кіріспес бұрын негізінен мына сұрақтар төңірегінде ойланған  жөн. Слайд № 43 А)Дәнді дақылдар егу үшін топырақта минералды заттар жеткілікті ме?  Ә) Егіншілікпен айналысуға жер бедері ыңғайлы ма? Б) Күннен келетін жарық пен жылу мөлшері жеткілікті ме? В) Жер суландыруға және жануарлар үшін су жеткілікті ме? 5. Бағалау.  6. Үйге тапсырма беру.  Слайд № 44 Топырақты қорғап және үнемді пайдалану үшін облыста жүргізілетін  шаралар. Хабарлама дайындау. Хабарламаны дайындау үшін интернет, кітапханадағы БАҚ қолдануға  болады.

Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.

Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.

Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.

Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.

Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.

Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.

Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.

Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы. ШҚО-ның топырағы мен топырақ – жер ресурсы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.05.2018