Тәрбие сағаты
Оценка 4.9

Тәрбие сағаты

Оценка 4.9
Научные работы
doc
классное руководство
3 кл
14.04.2019
Тәрбие сағаты
: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр. Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Олай болса бүгінгі «Ардақтайық ананы» атты тәрбие сағатымыз сіздерге арналады.
Тәрбие сағаты.doc
№12 жалпы білім беретін бастауыш мектеп Тақырыбы: «Ардақтайық ананы» Сабақтың тақырыбы: Ардақтайық ананы  Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы  түсінік беру. Мейірімділікке, сый ­ құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы  қасиеттерді қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру Балалар бүгін бізде ашық тәрбие сағаты. Сыныбымызға қонақтар келіп отыр.  Ендеше бастауға дайынбыз ба? Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрайық. Психологиялық сәт Қане, қане тұрайық,  Үлкен шеңбер құрайық. Тұрып болсақ шеңберге Алақанды ұрайық Балалар тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.  Қане балалар біздің  шеңбер арқылы бастау себебіміз, алақандарымыз арқылы бір­біріміздің  жүрегімізе жылулық, мейірімділік таратамыз.  Солай ма? ­Балалар осы шеңбердің өзі қай әріпке ұқсайды? О дыбысынан басталатын немесе арасында о дыбысы бар сөздер айтайықшы. ­Отбасы  Балалар отбасында кімдер тұрады? Ата, әже, әке, ана іні қарындас  Балалар қазір қандай мезгіл? Көктем мезгілінде неше ай бар? Ендеше мен сіздерді көктем айларын байланысты үш топқа бөлмекшімін.  1­топ «Наурыз» 2­топ «Сәуір» 3­топ «Мамыр» Көктем мезгілінде ауа­райы қандай болады? Көктем мезгілі несімен ерекше? Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар? (Топ атауларына байланысты сұрау) Алда қандай мереке келе жатыр? Дұрыс айтасыз аналар мерекесі келе жатыр.  Бүгінгі біздің сабағымыз аналар күніне арналмақшы. Ол дегеніміз­ апамыз  қарындасымыз, апайымыз жалпы халықаралық әйелдер күні.   Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен  құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр. Жақсылық атаулының  барлығы да ананың сүтімен жаралған. Олай болса бүгінгі «Ардақтайық ананы» атты тәрбие сағатымыз сіздерге  арналады.  Ендеше ана деген сөзді үш тілде айтып көрейік. Ана­ мама мать – mother Негізгі бөлім Ана туралы көрініс  «Мейірімді анашым» Кейіпкерлер: Анасы, 2 қызы, періште Таң атты. Екі қыз ұйқыда жатады. Анасы оларды тұрғызбақшы болады.  Ой қыздарым­ай бөлменің бәрін шашып тастаған. Ұйқыларынан да тұрмаған. Қане қызым тұра қойшы тұра қой қызым, Әдемілеп тарайыншы шашыңды сенің. Төсегіңді жинай қой құлыным ­ Қойыңызшы анашым ештеңеге зауқым жоқ.  Анасы қайтып айналып келіп екінші қызын тұрғызады. ­Қызым тұрыңдар енді. Бүгін мереке екен ғой. Әбден есімнен шығып кетіпті.   Сендер де тұрмадыңдар. Бөлмелерің де шашылып жатыр. Ай енді не істесем  болады? ­Анышым кішкене ұйықтай тұрайыншы.  Осы кезде періште келеді де, екі қызды ұйқыдан оятады. ­Тұра қой сүйкімді қыз, тұра қой. Екі қыз ұйқыдан оянып, таң қалады. ­Сіз кімсіз? ­Мен ғажайып періштемін. Мен бәрін­бәрін көріп тұрмын. Сенде аналарыңды  ренжіттіңдер. Олардың бүгін мерекелері екенін ұмытып кеттіңдер ме? ­енді не істейміз?  ­Періште бізге айтыңызшы не істесек болады? ­Мына бөлмеге қараңдаршы шашылып жытыр. Ойыншықтарыңды жинаңдар.  Сонда аналарың қуанады. ­Ақ сүт берген аналарды, мәпелеп өсірген әжелерді ешқашан ренжітпеңдер.  Мен сендер сияқты балаларға жол сілтеймін. Аналарыңның айтқанын  тыңдасаңдар жақсы бала болып өсесіңдер. Сондықтан да аналарыңды  қуантып, 8­наурызға бір құшақ гүл сыйлаңдар. Сонда ғана аналарың сендерге  қуанатын болады. ­Ой құлыншақтарым менің! Қандай керемет. Бөлмені тап­таза етіп жинап  қойыпсыңдар.  ­ Анашым біз сізді жақсы көреміз.  Және де келіп жеткен мерекеңізбен  құттықтаймыз. Екі қыз анасына  тілектерін айтып, гүлін сыйлайды. ­Ой рақмет қыздарым. Бұны не қылайындеп жүрсіңдер?  ­Анашым сізге не сыйласақ та сізге тең келер еш нәрсе жоқ. Тыныштық сәті Келесі ана туралы бейнероликке назар аударамыз. Шығармашылық жұмыс. 1­топ  «Ананың бойындағы қасиеттер» топтастыру  2­топ Гүл салу. Әркім өзінің салған суретін анасына теңесін, анаңды қандай  түске бояр едің? (Неліктен бұл түсті таңдадың?) 3­топ Ана туралы 5 жол өлең құрастыру

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.04.2019