Тәрбие сағаты: "Көп тілділік уақыт әсері "

  • Лекции
  • pptx
  • 18.02.2019
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала Көптілдік уақыт әсері.pptx
КӨПТІЛДІК УАҚЫТ  ӘСЕРІ
КӨПТІЛДІЛІК МӘСЕЛЕСІ •  Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі,  себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.
• Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес  құндылығы деп саналады. «Тегінде адам баласы  адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез  қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі  қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан  болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт  болып саналады
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ • Көптілді білім беру дегеніміз – оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім  беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман  қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең  дәрежеде асырылады. • «Тілдің үш тұғырлығы» тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана айтылған дүние емес.  Президентіміздің аталмыш тілдік стратегияны 2004 жылы жария еткен болатын. Ал,  биылғы жылы Еуроодақтық өздерінде үштілді білім тәжірибесін заңды түрде енгізді.  Бұл – тарихи қажеттілік.
• Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар  аударып «…Еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты  артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені  белгілі. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану  мен дамытудың 2011­2012 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында,  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011­2020  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай  «… барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25%­ ағылшын тілін меңгеруі тиіс» делінген.
• Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі  өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі  жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін  тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді.  Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін  көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.
КӨПТІЛДІ ОҚЫТУ • Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің  ғылым құпяларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең  басты қажеттілік. Әр адамның рухани­адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп  жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан­жақты болу қажет.  Осыған орай, бүгінгі  таңда Қазақстанға ақпараттық­технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу­әдістемелік т.б.  салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды  өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды  нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет.