Тәрбие сағаты жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға, тәрбиешілерге арналады.
Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікті сезінуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге патриоттық сезімдерін ояту.
Ел рәміздерін, тарихын білуге, қастерлеуге үйрету.Ел рәміздері туралы мәлімет алады;
Өз ойын жеткізе білуге ,сөйлемді дұрыс құруға үйренеді;
Шығармашылық қабілетін арттырады;
Топпен жұмыс , бірлескен оқу арқылы талдау жасайды;
Бірін – бірі, өзін –өзі бағалайды;
Рәміздерім мақтаныш.doc
Сабақтың тақырыбы «Рәміздерім мақтанышым»
Сабақтың мақсаты: а) Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың
білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы
ұлттық мақтанышымыз екенін ұғындыру;
ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық санасезімі қалыптасқан
жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;
б) Рәміздерді құрметтеу арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін
сүюге баулу.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті сөзімен, ҚРның
рәміздері, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалім кіріспесі.
3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.
4. Мәнерлеп оқу минуты ( Рәміздер жайлы өлеңдер
оқу).
5. Бекіту. Топтық жұмыс
5. Қорытынды.
II.Кіріспе. Құрметті оқушылар! Бүгінгі
сабағымыз тәуелсіз
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда
мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге
үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені
белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Әнұранымен бастайық. (Әнұран
орындалады)
күнгі
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік
рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде
тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса,
рәміз дегеніміз не?
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік
рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен
Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң
1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Ол 2006
жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Әнұран қабылданды. Сонымен
мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына да 22 жыл толды. Енді сөзді
топтарға берейік. І топжетекшісі: Біз Ту туралы айтамыз.
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді, Ту болмады дегенге?!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұзындығы 2 метр, ені 1 метр
көгілдір түсті мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан
қыран құс, сол жақ сабының тұсынан ұлттық өнер нақышталған тік жолақ
көктеп өтеді. Алтын күн молшылықтың, байлықтың белгісі болса, қыран құс
халықтың арман – мақсатының биік екенін көрсетеді. Ою ұлттық
нақыштарымызды білдіреді. 2оқушы. Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Тудың авторы
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.
3оқушы.
Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.
1958 жылы Ленинград көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітіргеннен кейін
1960 жылы Ленинградтағы Суретшілер және дизайнерлер академиясын оқып
бітірді. КСРО суретшілер одағының мүшесі.
4оқушы. «Қазақстан Жалауы»
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан Жалауы.
Көк емес ол тектен тек.
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі, Ту ары.
Бұлт баспасын күнімді,
Тартылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды
Қасиетті борышым.
С.Қалиев
5оқушы. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
тізесін бүгіп, ұлттық туымызды сүйіп тағзым етті. Содан кейін барып Ту өзінің
құтты орнына қондырылды. (Слайдтан Елбасы сөзін оқыту)
«Өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,
күніміз мәңгі сөнбесін».
Н.Ә.Назарбаев
III. ІІ топ жетекшісі: Біздің топ Мемлекеттік Елтаңба туралы айтады.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы.
Кейбір мемлекеттер өзінің елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар
суретімен бейнелейді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс
аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап
уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр.
Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында
«Қазақстан» деген жазу бар. 2оқушы. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының реңдік бейнесін екі
түсті – алтын түс және көгілдір түс. Елтаңба 1992 жылы 4 маусымда
қабылданды.
3оқушы. Елтаңбаның авторлары ШотАман Уәлиханов және Жандарбек
Мәлібеков.
ШотАман Ыдырысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік
Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген.
Қазақ КСРінің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор, Шығыс елдері Ха
лықаралық сәулетші академиясының академигі.
4оқушы.
Жандарбек Мәлібеков Мәлібекұлы 1942 жылы Қызылорда
облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.
Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін
бітірген. Ташкент қаласындағы ғылымизерттеу жобалау институтының қала
құрлысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші
болған. КСРО сәулет саласы бойынша конкурстың лауреаты.
5оқушы «Елтаңба»
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі. Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жар күші.
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
Т.Молдағалиев
ІІІ топ: жетекшісі:
Біздің топ Мемлекеттік Әнұран туралы айтып береміз.
Қазақстан Республикасының Әнұраны 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді.
Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
2оқушы. Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов
«Менің Қазақстаным» әнін 1950 жылдары жазды. Бұл ән бірден халықтың
сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпіртүкпірінде «Менің Қазақстаным»
зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты
ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұранына айналды.
3оқушы.
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Атырау облысының Құрманғазы
Құрманғазы
ауданында Қошалақ ауылында 1935 жылы дүние келген.
атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары
факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты
жанындағы Жоғары әдеби курстарында оқыған. «Жазушы» баспасында,
«Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері
жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген. 4оқушы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымдарының докторы, ҚР
Ұлттық ғылыми академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің иегері
1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында
дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде,
Қарағанды металлургиялық зауытының жанындағы Жоғарғы техникалық оқу
орнында оқып, инженерметаллург мамандығын алған. Еңбек жолын
Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс
деңгейінде басшылық жұмыстар істеді. Қазақ КСРнің Үкімет басшысы және
Елбасы жоғары лауызымды қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Қазақстан
Республикасының Президенті.
5оқушы.
Шәмші (Жәмшид) Қалдаяқұлы 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қапыланбек мал
дәрігерлік техникумында,
Низами атындағы Ташкент музыкалық
училищесінде және Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік
консерваториясында оқыған. 1950 жылдан шығармашылық жұмыспен
айналысты. 300ге жуық ән шығарды, «Қазақ вальсінің королі» атанды.
Мұғалім. Балалар, сіздерге көп рахмет! Өте жақсы дайындықпен
келіпсіздер. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың
абыройлы міндеті.
IV. Мәнерлеп оқу минуты: Ту, Елтаңба жайлы өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Бейнекөрініс «Еліміздің жетістіктері»
V. Бекіту.
1топ: Еліміздегі егемендік алғаннан кейін тарихи өзгерістер
2топ: Рәміздер жайлы не үйрендік?
3топ: Отан туралы мақалдар жазу.
VI. Қорытынды.
Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда мекендеп жатқан барша халықтың
бойында Отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге, мемлекеттік рәміздеріне деген
мақтаныш әрдайым есіп тұрмақ. Мемлекеттік рәміздер әр уақытта татулық,
бірлік, достықтың белгісі болып қала береді. Рәміздерді құрмет тұту – әрбір
оқушының абыройлы міндеті,
оны қастерлеудің маңызы зор
болмақ. Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас
негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық. Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
Ән « Қазақстан бақытты»
Ән « Қазақстан бақытты» №3 Күршім гимназиясы.
Рәміздерім мақтанышым.
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі
Джандаралова Жанар Ахметқанқызы.
Тәрбие сағаты: "Рәміздерім мақтанышым"
Тәрбие сағаты: "Рәміздерім мақтанышым"
Тәрбие сағаты: "Рәміздерім мақтанышым"
Тәрбие сағаты: "Рәміздерім мақтанышым"
Тәрбие сағаты: "Рәміздерім мақтанышым"
Тәрбие сағаты: "Рәміздерім мақтанышым"
Тәрбие сағаты: "Рәміздерім мақтанышым"
Тәрбие сағаты: "Рәміздерім мақтанышым"
Тәрбие сағаты: "Рәміздерім мақтанышым"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.