Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"
Оценка 4.7

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Оценка 4.7
Документация
docx
воспитательная работа
6 кл
02.09.2017
Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"
Шымкент қаласы А. Назарбеков атындағы жалпы орта мектептің 6 А сыныбында өткізілген ашық тәрбие сағаты. Сабақа балалардың елордаға деген сүйіспеншілігі мен патриоттыққа бағытталған. Қаланың шығу тарихы мен қазіргі оның болашақ қаласы екенін, Евразия құрылығының жүрегі екенін балаларға жеткізу. Сабақта түрлі әдістердің пайдалануы.
-Астана-.docx
А.НАЗАРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ № 87 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП Жер жаннаты - Астана Ашық тәрбие сағаты 5 «А» сынып жетекшісі: Бердалиева Б.А. Шымкент 2017 Сабақтың тақырыбы: Жер жаннаты ­ Астана  Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Астана туралы жан – жақты білім беру, қосымша мағлұматтар арқылы білім  деңгейін кеңейту. Сатылай кешенді талдау жасау дағдыларын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге  дағдыландыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. 3. Тәрбиелік: Елордаға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, оқушыларға эстетикалық  тәрбие беру. Сабақтың түрі: саяхат сабағы Әдіс – тәсілдері: сатылай кешенді талдау, сұрақ ­ жауап, ойын ойнату, мәтінмен жұмыс,  баяндау. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, маркер, Қазақстанның физикалық  картасы  Пәнаралық байланыс: география, тарих Сабақ барысы Ι  . Ұйымдастыру. 1. Оқушылармен амандасу. 2. Психологиялық бағыт. Әрбір адам ­ туысым, досым, жұрағат. Әрбір ісім – тірлік, тірек, амандық. Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат. 3. Кезекшімен сұхбат. ΙΙ    Мұғалімнің сөзі.                 Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай  кезеңдердің бірі – астанамыздың Сарыарқа төсіне қоныстануы болды. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны  белгілі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен  мақсаттарды алға қойды. Осы тұста Елбасымыздың көкірегінде қайнап піскен, Елорданы  Ақмолаға көшіру туралы идеясы ешбір кедергіге, кейбіреулердің күдіктеріне қарамастан  іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды.  Астана осынау 20 жылдың ішінде әлемге танылды және елімізді әлемге танытты. Ондағы  зәулім сарайлар мен сәулетті үйлер бір ­ бірімен үйлесіп, қаланың көркіне көрік қосып  тұрғандай. Астананың көркіне не бір өркениетті елдер таңдана да тамсана қарауда. Астана  – ең алдымен Елбасымыздың ерен еңбегі мен ерлігі.            Қазақстанның жаңа тарихының шынайы бейнесі. «Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп ­ өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза  шапқан бүгінгі Астана ­ тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі,  арманы мен тілегінің кепілі».  Топқа бөлу.   Саяхат картасымен таныстыру. 1. 2. 3. «Миға шабуыл», сұрақ жауап стратегиясы 4. «Астана хронологиясы», баяндау 5. «Астана құрылыс кешені» Топ ережесін мақал мәтел арқылы еске түсіру Жаңа тақырып. Саяхат Дүние жүзі бойынша қандай мемлекеттердің астаналарын білесіңдер? Атап айтыңдар. • Қазақстанның астаналарын білесіңдер ме? • Бірінші астанасы қай қала? • Екінші астанасы қай қала? • Үшінші астанасы қай қала? • Ал төртінші астанасы қай қала? Астаналар траекториясын көрсету. 1998ж. Астана 1929 ­ 1997 Алматы 1924 ­ 1929 Қызылорда 1920 ­ 1924 Орынбор Миға шабуыл. Сұрақ жауап стратегиясы 1. Ертіс өзені Астана қаласын қақ екіге бөледі. 2. Астана  Монғолия астанасы Улан батордан жылы, бірақ Канада астанасы Оттавадан суық. 3. Н.Назарбаев Астана Бәйтерек монументінің авторы. 4. 2018 жылы Астанада халықаралық ЭКСПО көрмесі болады. 5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері  1992ж 4 маусым  қабылданды 6. Мемлекеттік тудың авторы Ш.Уәлиханов 7. Астана күні ­ 10 желтоқсан  8. 2011 жылы 7 қысқы Азиялық ойындары өтті Астанада өтті 9. С.Сейфуллин Ақмола облысында дүниеге келді 10. Астана қаласы 2017 жылы 6 шілдеде 18 жылдығын атап өтеді    Астана қаласы Қазақстанның орталық аймағында орналасқан. Астана қаласы жөнінде  жалпы мәліметтер: • Алғаш іргетасы 1832 жылы қаланды; • 1961 жылға дейін Ақмола қаласы; • 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград қаласы; • 1993 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола қаласы; • 1997 жылдан Қазақстан Республикасының елордасы; • 1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. 4 топқа  тапсырма Астананың алғашқы атаулары  Ақмола, Целиноград, Акмолинск және  Бозок туралы мәліметтер беріледі, сол мәліметтер бойынша әр топ қалалардың  шығу  тарихын баяндайды. Бозоқ Акмолинск округі. Акмолинск округіндегі алғашқы үйлер 1911ж Целиноград қаласы  1961 жыл 1992 ­ 1998ж.ж Ақмола қаласы 3.«Астана» бейнефильм. (өткенге шолу) Тірек сызбасы арқылы елорданы ауыстыру себептерін түсіндіреді                     «Астана жер жаннаты» ­  акроним әдісі бойынша оқушыларға тапсырма  А – ару қала Т ­ таза қала А ­ ашық қала Н ­ нұра өзені  А ­ асыл қала Ж ­ жасыл қала Е ­ есіл өзені Р  ­ рухты қала Ж ­  жастар қаласы А – арман қала Н – нанымды қала А – арайлы қала Т – тарихы терең қала Ы ­ ынтымақ қала  4 топқа тапсырма беріледі.   Сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды 1 топ  Астана бейбітшілік қаласы  (түрлі саммиттердің өтуі, келіссөздер, ) 2 топ   Астана  ­ түркі әлемінің мәдени қаласы (мәдени орталықтар, спорт, театр) 3 топ   Астана  ғылым мен білім қаласы  (кәсіптік білім, үштілділік, 12 жылдық) 4 топ  Астана болашақтың қаласы  (экспо)   Қорытынды сөз.                                         Балалар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады»  деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр. Енді бір 20­30 жылдан кейінгі елімізді  басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар. Астана  қаласы аз ғана уақыт ішінде қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатырған біздің бас  қаламыз. Сендерде терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерінді  қосуларын керек.  Сонымен балалар, бүгінгі саяхатымызда мәреге жетті. Біз бүгінгі сабақта уақыттың  аздығына байланысты Астана қаласының барлық жерін аралап болғанымыз жоқ. Біз барып  тамашаламаған жерлер әлі де көптеп кездеседі. Алда сендерді үш ай демалыс күндері күтіп  тұр, осы каникулды пайдаланып барлығына Астана қаласына қыдырып, оның әсем де сұлу  жерлерін ташалап қайтуларына тілектеспін.  Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін! Астана ­ болашақтың қаласы V. Қорытындылау. Саяхаттан үйімізге оралайық. ­ Бүгін сабақтың тақырыбы қандай болды? ­ Біздің Астана қандай қала? ­  Астанаға қандай тілек айтасыңдар? VI. Бағалау. VII. Үй тапсырмасы. «Астана – болашақтың қаласы» эссе жазу VIІI . Рефлексия

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"

Тәрбие сағаты "Жер жаннаты - Астана"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.09.2017