Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік
Оценка 4.8

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Оценка 4.8
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
3 кл
25.01.2018
Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік
Тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік Тәрбие сағатының мақсаты: а) оқушылардың еліміздің Тәуелсіздік алғалы 26 жыл толуына орай білімдерін кеңейту. ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. б) бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу. Қолданылған әдістер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, плакат, суреттер. Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев суреті, буклет. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау. 1-жүргізуші Аружан: - Құрметті қонақтар Біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларыңызға біздің сынып ұжымы зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда 3-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді. 2-жүргізуші Надира: - Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 16-желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанымызға 26 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз. Ұранымыз: «Тәуелсіздіктің тура жолы-білімді ұрпақ» 1-жүргізуші Аружан: Әнұраным – жан ұраным Айтар әнім – сөйлер сөзім Туған жерім – сағынарым Мәңгі-бақи шырқалады. Республикам әнұраным Хор: «Әнұран» 1-жүргізуші Аружан: Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы. 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріп білмеген Колбинді бір ауыздан сайлады. 2-жүргізуші Надира: 17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200-300 адамдай, қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап, өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді. Мұғалім сөзі: Оқушылар сабақтын басынан бастап Тәуелсіздік сөзін біраз қайталап айттық. Ал енді осы Тәуелсіздік сөзіне топтастыру жасайық. Тәуелсіздік алған кезде біз қандай мүмкіндіктерге қол жеткіздік? Қазақ мектептеріндегі білім алу мүмкіндігі Өз ана тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік Ата салтымыздың оралуы Басқа елдерден тәуелді емес болу Жақсы оқушылар тәрбие сағатынымызды жалғастырайық. 1-жүргізуші Аружан: Иә, желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жасұрпақтай жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі. Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай. Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас. Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді. 2-жүргізуші Надира: 1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып, оларға тағзым ету парызымыз. Мәресі мұңлы мағасырдан ғасырға кетер ісінің, Атақты Желтоқсан көтерілісінің, Ең басты күресі тіл үшін болғанын. Бақ тілеп тілге иліккендерге, Бұл жолы да біз билікпен бірге, Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық.... 1-жүргізуші Аружан: Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның, Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың, Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның, айналайын,жас өркені халқымның. Ән: «Туған жер» 1-оқушы:Надира Желтоқсанда үзілген жас буындар Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар Ұмытылмас мәңгілік батырларды Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар. 2-оқушы:Іңкәр Батыр аға-апалар ұран еткен Бейбіт ел боп қалсақ деп арман еткен Қазақстан тәуелсіз ел болғанда Қайрат,Ләззат,Сәбира қанын төккен. 3-оқушы:Айсултан Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың, Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның 4-оқушы:Бекзат Азат рухты мен шын сүйем Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием Жақсы күнге жете алмай шаһит болған Желтоқсан құрбанына басымды ием 5-оқушы:Аружан Жас арудың жанарында Желтоқсан Қанды ғасыр табанында Желтоқсан Қаралы өмір қайыстырған Желтоқсан Қара тұман қабағында Желтоқсан 6-оқушы:Камила Намысымның шырағы да Желтоқсан Сұрқай өмір сынағыда Желтоқсан Жігіттердің ұраны да Желтоқсан Жаңа күннің шуағы да Желтоқсан 2-жүргізуші Надира: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула,лаула,желтоқсанның мұзда жанған алауы. Өздеріңдей өр намысты,жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы. 1-жүргізуші Аружан: Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев сияқты апа-ағаларымыздың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы. Мұғалім сөзі: Оқушылар сендер Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер? Отан үшін қандай жақсылық жасау керек? Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Отан – отбасынан басталады. Отан үшін отқа түс, күймейсің. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. Отан – оттан да ыстық. Жақсы. Жарайсыңдар. 2-жүргізуші Надира: -Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатайып келеді.Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне,бүгінде 26 жыл толып отыр.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз, дініміз, халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар. Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп, мың өліп , мың тірілген, қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік! 1-жүргізуші Аружан: Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел Болашаққа нық басып, буынған ел Көкке өрлеген байрақты желбіретіп Қуаныш пен шантыққа қадам басты ел – дей отырып осы мерекемен бізді құттықтап келген төртінші сынып оқушыларын Көкке өрле әнімен қарсы алайық. Камила: Болашаққа серпін нық Көкке атады бөркін жұрт, Тәуелсіздік ынтымақ Тәуелсіздік еркіндік. Іңкәр: Он алтыншы Желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын Айсултан: Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастағанда Желтоқсан Бекзат: Он алтыншы Желтоқсан Туелсіздік алған күн Мерекеде ел тосқан Шырқатып ән салған күн Аружан: Аралаймын алаңды Тәуелсіздік күнімен Батыр Қайрат ағамның Суретіне үңілем Надира: Мерекеге шығады Бүкіл халық, біліп қой Отандастар ұғады Тәуелсіздік –ұлық той Би: «Қара жорға» 2-жүргізуші Аружан: Біздің алға қойған мақсатымыз алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына ену.Сондықтан халықтың ,ойы,көңілі,тілегі мына бізде,яғни жастарда. Қалың елім,қайран жұртым көбейсін Ата-бабам!Әруақсың,жебейсің Алты алаштың көсемдері құрбан боп, Бәрі-бәрі кетті арманда,не дейсің. 1-жүргізуші Надира: Бабалар армандаған – тәуелсіздік, Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік. Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік. Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік. Мұғалім сөзі: Оқушылар енді тақтаға назар аударайық. Сендерге сандар берілген. Осы сандар бізге мерекелердің атауларын жасырып тұр екен. Оларды шешіп көрейік. Жақсы. Рахмет . Сендер барлық мерекелерді біледі екенсіңдер. 2-жүргізуші Аружан: Тәуелсіздік елімнің сөнбес шырағы, Сарқылмайтын қазағымның бұлағы. Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз, Көк аспанда қалықтаған қыраны. Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн, Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн. Арайлап атқан күн мен батқан түннің, 1-жүргізуші Надира: Енді Тәуелсіздік туралы білетінімізді ортаға салайық Мұғалім сөзі: Иә менің сұрақтарыма жауап беріңдер. Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия астанасы Анкарада) Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер түсірілді? ( «Жаңа тарих- жарқын тұлға» ) «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Гимн ретінде қай жылы қабылданды? ( 2006 жылы 7 қаңтар) Астана туралы қандай фильм түсірілді? ( «Астана –Отанымыздың жүрегі») «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? ( 91 метр, құс мүсінінің салмағы 2,5 тонна) Қазіргі Астана қаласының орны ежелгі кезде қалай аталған? (Бозоқ қаласы) 2-жүргізуші Аружан: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Тойланып мың мереке,ұлыс күні Мұны бізге ешкім алып бермеді. Құйылған шаңырақтың ырыс нұры Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың, Халқымның бақыты үшін аз байлық па? Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. Тәуелсіз еліміздің тыныштығы 1-жүргізуші Надира: Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар бүгінгі тәуелсіздік мерекесі өз еліміздің тарихы жайлы,тәуелсіздік жолындағы күресі,желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өз мәресіне жеткен сияқты. Мұғалім сөзі Ән «Астана» орындайтын Өндіріс Бекзат және Каиркешева Надира Мұғалім сөзі Ежелгі қазақ даласындағы елін, жерін қорғау үшін жүргізілген шайқастар, мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөзбен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз сөз кезегін мектеп директоры Берік Өндірісұлына беріледі. Осымен «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар.Тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік Тәрбие сағатының мақсаты: а) оқушылардың еліміздің Тәуелсіздік алғалы 26 жыл толуына орай білімдерін кеңейту. ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. б) бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу. Қолданылған әдістер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, плакат, суреттер. Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев суреті, буклет. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
тауелсиздик разработка.doc
Тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік Тәрбие сағатының мақсаты: а) оқушылардың еліміздің Тәуелсіздік алғалы 26 жыл толуына орай білімдерін  кеңейту. ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды  өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. б) бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа  түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу. Қолданылған әдістер: Әңгімелеу, сұрақ­жауап, көрнекілік, плакат, суреттер. Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының  Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев  суреті, буклет. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау. 1­жүргізуші Аружан: ­ Құрметті қонақтар Біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл­ күйде болып, дем алып қайтуларыңызға біздің сынып ұжымы зор сенімде.  Сіздердің алдарыңызда 3­сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді. 2­жүргізуші Надира: ­ Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 16­желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанымызға 26 жыл толу мерекесімен  құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат  болуларыңызға тілектеспіз. Ұранымыз: «Тәуелсіздіктің тура жолы­білімді ұрпақ» 1­жүргізуші Аружан: Әнұраным – жан ұраным Айтар әнім – сөйлер сөзім Туған жерім – сағынарым Мәңгі­бақи шырқалады. Республикам әнұраным Хор: «Әнұран» 1­жүргізуші Аружан:    Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес  ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан  оқиғасы.   1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар  алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан  жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен  болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5­пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріп білмеген Колбинді бір  ауыздан сайлады. 2­жүргізуші Надира:       17­желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7­8 шамасында Брежнев атындағы  алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200­300 адамдай,  қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік  принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға­өзінің басшысы!»,  «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ­орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап,  өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді. Мұғалім сөзі:  Оқушылар сабақтын басынан бастап Тәуелсіздік сөзін біраз  қайталап айттық. Ал енді осы Тәуелсіздік сөзіне топтастыру жасайық. Тәуелсіздік  алған кезде біз қандай мүмкіндіктерге қол жеткіздік? Қазақ мектептеріндегі білім  алу мүмкіндігі  Өз ана тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік Ата салтымыздың оралуы Басқа елдерден тәуелді емес болу   Жақсы оқушылар тәрбие сағатынымызды жалғастырайық. 1­жүргізуші Аружан:      Иә, желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жасұрпақтай жапырып, өктемдік пен  үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі.      Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай.  Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз  қарығандай күй кешетініміз рас. Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер  еді. 2­жүргізуші Надира:        1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді. Қазақ  халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат  Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып, оларға тағзым ету парызымыз. Мәресі мұңлы мағасырдан ғасырға кетер ісінің, Атақты Желтоқсан көтерілісінің, Ең басты күресі тіл үшін болғанын. Бақ тілеп тілге иліккендерге, Бұл жолы да біз билікпен бірге, Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық.... 1­жүргізуші Аружан: Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның, Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың, Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның, айналайын,жас өркені халқымның.  Ән: «Туған жер»  1­оқушы:Надира Желтоқсанда үзілген жас буындар Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар Ұмытылмас мәңгілік батырларды Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар. 2­оқушы:Іңкәр Батыр аға­апалар ұран еткен Бейбіт ел боп қалсақ деп арман еткен Қазақстан тәуелсіз ел болғанда Қайрат,Ләззат,Сәбира қанын төккен. 3­оқушы:Айсултан Тәуелсіздік­қасиетің,құнарың, Тәуелсіздік­жарқыраған шынарың Тәуелсіздік­бар бақыттың бастауы Тәуелсіздік­ұлтың менен ұраның 4­оқушы:Бекзат Азат рухты мен шын сүйем Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием Жақсы күнге жете алмай шаһит болған Желтоқсан құрбанына басымды ием 5­оқушы:Аружан Жас арудың жанарында Желтоқсан Қанды ғасыр табанында Желтоқсан Қаралы өмір қайыстырған Желтоқсан Қара тұман қабағында Желтоқсан 6­оқушы:Камила Намысымның шырағы да Желтоқсан Сұрқай өмір сынағыда Желтоқсан Жігіттердің ұраны да Желтоқсан Жаңа күннің шуағы да Желтоқсан 2­жүргізуші Надира: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула,лаула,желтоқсанның мұзда жанған алауы. Өздеріңдей өр намысты,жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы. 1­жүргізуші Аружан:      Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат  Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев сияқты апа­ағаларымыздың аңсаған  армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты       Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата­бабаларымыздың ғасырлар  бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай­талай боздақтардың  ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті­қалың қазақтың азаттық  мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ  кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын  ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы. Мұғалім  сөзі: Оқушылар сендер Отан туралы қандай мақал – мәтелдер  білесіңдер? Отан үшін  қандай жақсылық жасау керек?  Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Отан – отбасынан басталады. Отан үшін отқа түс, күймейсің. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. Отан – оттан да ыстық. Жақсы. Жарайсыңдар. 2­жүргізуші Надира: ­Иә,Қазақстан­Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең  тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы  асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл  ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз­ана тіліміздің де қанаты  қатайып келеді.Ежелден аңсаған ата­заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне,бүгінде 26 жыл толып отыр.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл  теңгеміз, дініміз, халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар. Мұның  барлығы ата­бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп, мың өліп , мың  тірілген, қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты­Тәуелсіздік! 1­жүргізуші Аружан: Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел Болашаққа нық басып, буынған ел Көкке өрлеген байрақты желбіретіп Қуаныш пен шантыққа қадам басты ел – дей отырып осы  мерекемен бізді  құттықтап келген  төртінші сынып оқушыларын Көкке өрле әнімен қарсы  алайық.   Камила: Болашаққа серпін нық Көкке атады бөркін жұрт, Тәуелсіздік ынтымақ Тәуелсіздік еркіндік. Іңкәр: Он алтыншы Желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын Айсултан: Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастағанда Желтоқсан Бекзат: Он алтыншы Желтоқсан Туелсіздік алған күн Мерекеде ел тосқан Шырқатып ән салған күн Аружан: Аралаймын алаңды Тәуелсіздік күнімен Батыр Қайрат ағамның      Суретіне үңілем Надира: Мерекеге шығады Бүкіл халық, біліп қой Отандастар ұғады Тәуелсіздік –ұлық той  Би: «Қара жорға» 2­жүргізуші Аружан:        Біздің алға қойған мақсатымыз алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50­елдің  қатарына ену.Сондықтан халықтың ,ойы,көңілі,тілегі мына бізде,яғни жастарда. Қалың елім,қайран жұртым көбейсін Ата­бабам!Әруақсың,жебейсің Алты алаштың көсемдері құрбан боп, Бәрі­бәрі кетті арманда,не дейсің. 1­жүргізуші Надира: Бабалар армандаған – тәуелсіздік,  Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік.  Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік.  Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік. Мұғалім сөзі: Оқушылар енді тақтаға назар аударайық. Сендерге сандар берілген.  Осы сандар бізге мерекелердің атауларын жасырып тұр екен. Оларды шешіп  көрейік. Жақсы. Рахмет . Сендер барлық мерекелерді біледі екенсіңдер. 2­жүргізуші Аружан: Тәуелсіздік елімнің сөнбес шырағы,  Сарқылмайтын қазағымның бұлағы.  Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз,  Көк аспанда қалықтаған қыраны.  Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн,  Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн.  Арайлап атқан күн мен батқан түннің,  1­жүргізуші Надира: Енді Тәуелсіздік туралы білетінімізді ортаға салайық  Мұғалім сөзі: Иә менің сұрақтарыма жауап беріңдер. Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды?  (Түркия астанасы Анкарада)    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер  түсірілді?  ( «Жаңа тарих­ жарқын тұлға» )  «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Гимн ретінде қай жылы қабылданды?          ( 2006 жылы 7 қаңтар)    Астана туралы қандай фильм түсірілді?  ( «Астана –Отанымыздың жүрегі»)   «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің  салмағы қанша тонна?  ( 91 метр, құс мүсінінің салмағы 2,5 тонна)   Қазіргі Астана қаласының орны ежелгі кезде қалай аталған? (Бозоқ қаласы)   2­жүргізуші Аружан: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,  Тойланып мың мереке,ұлыс күні Мұны бізге ешкім алып бермеді.  Құйылған шаңырақтың ырыс нұры Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың,  Халқымның бақыты үшін аз байлық па? Тас көшеде тас­талқан боп өлгені.  Тәуелсіз еліміздің тыныштығы 1­жүргізуші Надира:      Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар бүгінгі тәуелсіздік мерекесі өз еліміздің  тарихы жайлы,тәуелсіздік жолындағы күресі,желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өз мәресіне жеткен сияқты. Мұғалім сөзі   Ән «Астана» орындайтын Өндіріс Бекзат және Каиркешева Надира Мұғалім сөзі        Ежелгі қазақ даласындағы елін, жерін қорғау үшін жүргізілген шайқастар, мың  тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық,  отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз  сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның  барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды  ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді  кешірмейді» деген ұлы даналық сөзбен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз  сөз  кезегін мектеп директоры Берік Өндірісұлына беріледі.  Осымен «Еліміздің еркіндігі ­ Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар. Жылдар шежіресі  1991 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы». 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланды. 16 желтоқсанда ҚР­сы  егеменді тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш  ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.  1992 жылы «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы» өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы  жылы Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Көптеген ірі  мемлекеттермен тікелей саяси­экономикалық қатынас орнай бастады. Сонымен  бірге 1992 жыл КСРО­ның кезінде басталған және Одақтың ыдырауымен күшейе  түскен экономикалық дағдарысқа қарсы жүйелі күрестің басталған жылы болды. 2  наурызда ҚР­сы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 4 маусымда ҚР­ның  Мемлекеттік рәміздері дүниеге келді  1993 жылы «Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды». 28 қаңтарда ҚР­ның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1993 жылдың соңында  Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның  Республикалық партиясы, «Қазақстанның Халық Конгресі» және Коммунистік  партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада ­ Семей»,  азаматтық «Азат» қозгалысы және «Қазақстанның халық бірлігі» одагы, 11  республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Республикада 300­ден аса  қоғамдық­саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 18 желтоқсанда  Президент Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ҚР­ның ұлттық валютасы теңге  айналымға енгізілді.  1994 жылы»Халықаралық Отбасы жылы» деп жарияланды. Жоғарғы Кеңес пен  Маслихаттар сайлауы өтті. 25 қарашада екінші қазақ ғарышкері Т.Мұсабаевтың  халықаралық экипажы «Союз ТМ­19» ғарышқа сапар шекті. Қазақстан тарихында  тұңгыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол  жеткізуі мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал  ету мүмкіндігін алды. Республика Үкіметінде жаңа Парламент туралы Заң жобасы  бойынша жұмыстар жүргізіліп, Парламент сайлауы өтті. Нәтижесінде  Республикада көп партиялықтың қалыптасуы орын алды. Президент Жарлығымен  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорт­импорт банкі» құрылды.  1995 жылы «Ұлы ақын Абай жылы» деп жарияланды. 25 қаңтарда Қазақстан ТМД­ ға бейбітшілік пен тұрақтылық туралы бітімге қол қою жөнінде бастама көрсетті.  30 тамызда екінші рет тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданды. Президент  Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Н.Назарбаев Қазақстан үшін тарихи маңызды оқиға деп атап өткен төл теңгемізді шығару фабрикасының  ашылу рәсімі өтті. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан  Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми турде  бекітілді. Әлеуметтік­экономикалық маңызы бар «Жекешелендіру туралы» Заңы  қабылданды. Мұнай өндірісінің дамуында «Батыс Қазақстан ­ Құмкөл» мұнай  құбыры іске қосылды. 1996 жылы «Бейбітшілік пен рухани татулық жылы» деп жарияланды.  Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерей тойы атап өтілді, 16 желтоқсанда Алматы  қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды. Республикада кіші кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік деңгейде бағдарламалар іске косылды. Қазақстан  ынтымақтасу мақсатында құрылған «Шанхай бестігі» ұйымына мүше бола отырып, өзінің саяси қатынастардағы орнын айқындай түсті. Республиканың жалпы сыртқы  саяси басымдықтары мен әрбір елмен қарым­цатынасынан бастап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келіссөздер белсенді жургізілді. Мемлекетіміздің  табиғи ресурстарын рационалды кешенді игеру негізінде аймақтың дамуын тездету, жоғары тиімділігі бар экспортқа бағытталган өндірістерді құру, экономиканың  әлемдік шаруашылық жүйесіне жоспарлы қосылу және әлеуметтік даму мәселелері қатаң бақылауға алынды.  1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу  жылы». Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «ҚАЗАҚСТАН­2030»  Жолдауы жарық көрді. Жалақы мен зейнетақы бойынша қарызды төлеу, шағын  бизнесті дамыту, жекешелендіруді жеделдету мәселелерін Елбасы өз бақылауына  алды. Егемендіктің маңызды шарты болып табылатын мемлекеттік шекара  мәселелері бойынша Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы  мемлекеттік шекаралардың мызғымастығы туралы келісімге қол жеткізілді.  Ұлттық ерекшелігі зор «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңы  бекітілді. ҚР­ның астанасы Астана қаласына көшірілді және Астана ресми түрде  Қазақстан астанасы мәртебесіне ие болды.  1998 жылы»Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» . Астана қаласының ашылу  рәсімі болды. Агроөндіріс кешенінің дамуы, кіші және орта бизнес, зейнетақы  реформасы мәселелері ағымдағы жылдың маңызды да өзекті мәселелеріне  айналды. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы  қабылданды. Еліміздегі инвестициялық климат мәселелері мен Қазақстан үшін  әлемдік экономикалық дагдарыстыц әсерін төмендету іс­шаралары мемлекеттік  саясаттың негізі болды. Азаматтық қогам орнату және демократиялық мемлекет  қалыптастыру бағытында «Сыбайлас жемқорлыңқа қарсы күрес туралы» Заң  жарияланып. Президент Жарлығымен 1999­2000 жылдарға арналған сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді.  1999 жылы»Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы». Қазақстан 1999 жылдың 1  қаңтарынан бастап үш жылдық кезеңге БҰҰ­ның Тұрақты даму жөніндегі  комитетінің мүшелігіне сайланды. 10 қаңтарда Н.Назарбаев 7 жылға Президент  болып қайта сайланды. Ашық азаматтық қоғам көрінісі ретіндегі көптеген саяси  партиялармен қоғамдық ұйымдар құрылды. Соның бірі «Отан» республикалық  саяси партиясы болып табылды. ҚР­ның «Ұлттық банкі» және екінші деңгейлі  қаржы институттары бірқатар халықаралық қаржы институттарымен тиімді  келісімдерге қол жеткізді. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның  қабылдануы ашық, еркін қоғам орнауының белгісі ретінде қабылданды.  Республикалық маңызы бар «Мұнай туралы» жаңа заңға қол қойылды. 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы». Көптеген халықаралық келісімдер мен  мемлекеттік маңызы жоғары заң құжаттарына қол қойылды. Тұжырымдамалық  түрде «Жер туралы» Заң жобасы қабылданды. Алғаш рет мемлекетімізде гендерлік саясат мәселелері талқыға түсті. Қазақстан айналасындағы геосаяси өзгерістер мен соңғы уақытта орын алған экстремизмнің өріс алуы, әскери конфликттердің  эскалациясына байланысты ҚР Президентінің Жарлығымен республиканың Әскери доктринасы бекітілді. Маңызды олжа ретінде Семей ядролық сынақ полигонында  ядролық сынақтарға арналған соңғы ойпанның жойылуын айтуға болады. 16  қыркүйекте Сиднейде ХХҮІІ жазғы Олимпиада ойындарының тұсауы кесілді.  Ардақты спортшыларымыз Ольга Шишигина, Ермахан Ибраимов, Бекзат  Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков олимпиаданың алтын, күміс медальдарына ие  болды. 19 қазанда Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы өтті.  2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды. 21 ғасыр техника  ғасыры болғандықтан, Қазақстан бұл сала бойынша да өзіндік даму жолын  айқындай түсті. Ұлттық аңпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. Қазақстан мен Қытай  шекарааралық өзен суларын рационалды қолдану мәселелері бойынша  ынтымақтастық туралы Қазақстан­Қытай Үкіметтері арасында келісімге қол  жеткізілді. Республиканың газ саласының 2015 жылға дейінгі даму  тұжырымдамасының жобасы талқыға түсіп, Қазақстан әлемде өндірген газ саласы  бойынша 15, ТМД елдері арасында 4~орынды алатыны жарияланды.  2002 жылы «Денсаулық жылы» деп жарияланды. Еуразия Экономикалық  қоғамдастығының отырысында Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин тарихи құжатқа –  Ресей мен Қазақстан арасындагы Каспий теңізінің солтүстік бөлігін межелеу  жөніндегі келісімге қол қойды. Саяси маңыздылыгы жоғары «Саяси партиялар  туралы» Заң қабылданды. Түркістанда дүние жүзі қазақтарының II Құрылтайы  өтті. Жиында оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші­қон квотасының  мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды.  2003­2005 жылдар «Ауылды қолдау жылдары деп жарияланды. 2003 жыл –  мемлекеттік деңгейде қабылданған оралмандардың тарихи отанына оралуы  бағдарламасының қабылдануымен маңызды. Беларусь, Қазақстан, Ресеймен  Украина біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы мәлімдемеге қол қойды.  2004 жылы Қазақстан үшін ағымдағы жылды Қазақстандағы Ресей жылы деп  жариялау Ресей Федерациясымен қарым­қатынастардың тереңдей түсуінің көрінісі ретінде қабылданды. Елбасының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге  қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін!» Жолдауы Қазақстан  Республикасының қарқынды даму жолын айқындады. Жылдың маңызды  окиғаларының бірі ­ Парламент Мәжілісінің сайлауы болды. Оған 12 саяси партия  қатысып, олардың ішінде төртеуі ­ екі сайлау блогының құрамасына бірікті. 2005 жыл сайлау жылы болды. Парламент Сенаты мен ел президенттігіне  сайлаулар елдегі бірқатар билік күштері мүдделерінің тоғысуына алып келді.  Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси  даму жолында» Жолдауында Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және  әлеуметтік прогреске жету мақсаттары айтылды. Алғаш рет сайлау үдерісінде  жаңадан енгізілген электронды сайлау жүйесі бекітілді.  2006 жылы «Қазақстандағы Пушкин жылы». 6 қаңтар ҚР­ның жаңа әнұраны  бекітілді. 11 қаңтар ҚР­ның Президентінің ұлықтау күні. Қазақстан  Республикасының Гимні өзгерді. Жаңа Гимн авторларының бірі Н.Назарбаев  болды. 2006 жылгы Жолдау Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50  елдің қатарына кіру Стратегиясына арналды. Қазақстандықтардың алдына үлкен  мақсаттар мен міндеттер қойылды. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару  холдингі» қүрылды. Қазақстан азаматтардың зияткерлік құқығын қорғауға жағдай  жасай алатын мемлекет ретінде мойындалды.  2007 жылы Елбасымыз Н:Ә.Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі­жаңа Қазақстан»  Жолдауы жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті,  «Сайлау туралы», сонымен бірге «Үкімет туралы» Конституциялық заңдарға  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойылды. Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту мақсатында «Қазақстанның 30 корпоративті  көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.  2008 жылыАстананың 10 жылдығы тойланды. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл­ ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы  республиканың әлеуметтік даму бағыттарында бірқатар мақсаттарды айқындады.  Қазақстандық білім жүйесін жәие еңбек талаптарын әлемдік стандарттарға  сәйкестендіру үрдісі қарқынды түрде күшейе түсті. Стратегиялық маңызды заң  жобалары – «салық» және «бюджет» Кодекстері, үш жылдық бюджет, сондай­ақ  «Бәсекелестік туралы» заң жобалары әзірленді. Өз өлкемізде Сайрам ауданының  80 жылдық мерей тойы тойланды.  2009 жылы «Қазақстанда Украина жылы». Қазақстан екі онжылдық бойы  халықаралық аренада сенімге тұрарлық мемлекет құрып келе жатқандығымен  сипатталды. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және  барлау қызметін одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар іс­шаралар атқарылды.  Денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық норма  меп стандарттарға үйлестіруге, ұлттың медициналық мәртебесін, азаматтарға  сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру  мақсатында бағытты саясат атқарылды.  2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтың ұйымына төрағалық етіп, 4 желтоқсанда Астанамыз Елордада 54 елдің басынқосқан ҮІІ САММИТ  өтілді. Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, 2010 жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл  болды. Бұл үдемелі индустриялық бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші жылы  деп атап өтті. Ал Қазақстанның ЕҚЫҰ­ға төрағалық етуі Қазақстанның  халықаралық беделіне берілген жоғары баға ретінде қабылданды. Елімізде «Халық  денсаулығы ісіне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, Бірыңғай  ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді.  2011 жылы қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 70 медаль салынды. 3  сәуір Президенттік сайлау өтіліп нәтижесінде Н.Назарбаев жеңіске жетті. Осы  жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды. «Дін туралы» жаңа заң қабылданып,  Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттік құрылды және оның  басшысы болып Қайрат Лама Шариф тағайындалды. Жылдың ең көп айтылған  тақырыбы Қазақстан, Ресей және Белоруссия елдерінің арасындағы Кедендік  Одақтың жүзеге асуы болды. 2011 жылдың тағы бір ерекшелігі – осы жылы  Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді. Сонымен қатар, 14  желтоқсан күні Парламент Сенатының салтанатты жиынында Президентке  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған төсбелгі табыс  етілді.Қазақстандықтар келесі жылдан бастап, 1 желтоқсан күні Тұңғыш  Президент күнін атап өтетін болды.  2012 жылы 15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде  еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. 2012 жыл Қазақстан үшін  спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында  Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.  Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты. Аталмыш жыл елімізге тағы бір жеңіс әкелді. Бұл – Қазақстан астанасының EXPO­2017 көрмесін өткізуге байланысты  конкурсты жеңіп алуы. Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап  өтті. Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14  желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі  даму бағдарламасын жариялады. Еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен  стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену.  2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия  құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы  қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды. Қазан айында  «Нұр Отан» партиясының маңызды саяси оқиға деп бағалауға болатын жаңа саяси  доктринасы қабылданды. Доктрина «Нұр Отан» партиясының 21 ғасырдағы  миссиясы мен «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы рөлін анықтауға  бағытталған. Аталмыш шешуші реформалармен де есте қалды. Солардың бірі  мемлекеттік қызмет саласындағы «А» корпусының құрылуы. «А» корпусы  басқарушы лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлерді даярлауға, жетілдіруге  бағытталды. 2014 жылы Астана күні қарсаңында Елордада жаңадан салынған Ұлттық музей  ашылды.  Тамыз айында Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге  байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай­ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ  жайлы тақырыптар қамтылды.2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен  тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда  екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді.  2015 жылы Қазақстанда үлкен шаралардың тізбегі өтуде. Мемлекет басшысы  Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігімізді жариялады.  2015 жыл мерейтойларға бай. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде аталынып  өтілді.  2015 жылы қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог,  географ, фольклортанушы, суретші Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы.  2015 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығы.  2015 жылы тағы бір аталып өтілген шаралардың ең үлкені – Қазақстан халқы  Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы. Осыған байланысты Елбасы 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады.  2015 жылы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын  бастады. Құрамына Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғызстан мен Армения елдері  кіреді. Аталған елдер арасында экономикалық және кедендік шектеулер алынып  тасталады.  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезі 2015 жылғы 10­11 маусымда  Астанада болды. Алдағы форумның басты тақырыбы ретінде «Бейбітшілік және  даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы» болып белгіленді.  Бүгін Съезд Хатшылығының ХІІІ отырысының қорытындылары бойынша осындай  шешім қабылданды.

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Тәрбие жұмысы Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.01.2018