ТЫЛДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕК
Оценка 4.9

ТЫЛДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕК

Оценка 4.9
docx
29.11.2020
ТЫЛДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕК
шығарма Жаксыбаева М.С..docx

Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»коммуналды мемлекеттік мекемесі

Жаксыбаева Мадина Солтаншариповна

Тәрбие ісі меңгерушісі,тарих пәні мұғалімі

ТЫЛДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕК

«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк.»
Бауыржан Момышұлы

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтті. Сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік алтын әріппен жазылатын - Ұлы күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен Кеңес Одағының батыры атағын алған жерлестерімізбен және соған теңестірілген еңбек және тыл ардагерлерінің  мерекесі.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіретін күн.

Ұлы Отан соғысы халқымыздың басына төнген ең ауыр,қасіретті күндер болып табылады. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы - өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүрді. Сол кезде Сталин  Кеңес Одағының құрамындағы халықтарымен бірге жауды талқандап,жеңіс күнін жақындатты,бұл жолда- қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Балтық жағалауын азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтар қатыспаған бірде - бір ірі шайқас болмады.

Жауға қарсы шайқастар барлық елді мекенде болған. Сол сұрапыл жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына алып, аналық мейірімімен тәрбиеледі, өзінің қонақжай халық екенін көрсетті. Көрнекті қазақ ақыны Жамбыл Жабаев соғыс туралы көптеген өлең жырларын жазып, халыққа патриоттық күш жігер берді. 900 күн қоршауда болған Ленинградтықтарға демеу болып, Отанына, жеріне деген сүйіспеншілігін өшірмеді.  

     Соғыстың аты соғыс.Сұм соғыс біреуді жесір етсе, біреуді жетім етті, ал біреді жалғыз ұлынан айырды. Балалығы сұрапыл соғыспен қатар келген біздің бүгінгі ата- әжелеріміз сол уақытта ерте есейген еді. Ойын баласы бейнет күнді айырбастайтын күн туды. Сондай балған балалық шағынан ерте айырылғандың бірі менің атам- Жансейтов Серғазы Үмбетұлы. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алғабас ауылында 1935 жылы 15 тамызда дүниеге келген, 6 жасқа толар шағында Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Бала кезден қиыншылықты көп көрген атам, тек үй шаруасында анасына,туған- туыстарына ғана көмектескен жоқ, колхоздағы егін егу ісіне араласып, еңбектің дәмін татты. Атам әрқашан айтушы еді: «бір түйір қара бидайға зар болған  заманды да көрдік»,- деп,мұның өзі сол кездегі соғыстың қарапайым халыққа ауыр тигендігінің көрінісі деп білеміз. Сол қиыншылықты жеңіп, отбасын құрып, атам 7 қыз,4 ұл тәрбиелеп өсірді.Еңбек жолын өз ауылының колхозында тракторшы болып жұмыс жасап,құрметті демалыс зейнеткерлікке шықты.Немере-шөбере сүйіп,апамызбен бақытты ғұмыр кешіп, 85 жасында бұл дүниеден қайтты. Ұлы жеңіс күні атамды  құттықтау, отбасылық дәстүр еді, алайда сұм ажал ортамыздан алып кеткелі тек қабырғада ілініп тұрған суреті мен медальдарына қарап, еріксіз көзіме жас алып, атамды сағынышпен еске аламын.Мен үшін оның бала күнінен көрген қасірет,қиындығы, ұрланған балалық шағы –оның ерлігі мен батырлығы деп білемін.

 Сол жылдар туралы ойласам,көз алдыма баласын, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейрімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді. Соғыс салған жараның орны, әлі жазылған жоқ. Оның мәңгілікке санамызда қала берері анық. Ата- баларымыздың қанымен, терімен келген жеңіс – ең ұлы жеңіс, киелі жеңіс, қадірлі жеңіс. Ұлы Отан соғысы жылдары ер азаматтармен бірге майдан шебінде ерлік көрсеткен қазақ ұл-қыздары да аз болған жоқ. От пен оқтың ортасында жүріп жаралыларды өлімнен құтқарды. Алайда, сұрапыл құнды қырғында, жас өмірлерін сарп еткен қазақ ұл-қыздарына мың алғыс айту аз. Олардың жасаған ерлігі мен есімдері мәңгі ұмытылмайды. Сол ерліктердің жемісі-Жеңіс. Жеңіс! Қандай кең мағыналы сөз. «Жеңіс» сөзі бүкіл халыққа бейбіт өмір әкелді, елге тыныштық оралды. Халық ерлігі қай қоғамда, қай идеология кезінде болмасын өшпейді де, өлмейді де, ол адам баласының жадында ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, өзінің жалғасын таба береді. Бұған дәлел ретінде қоғамда ерте заманнан бері орын алып отырған сан алуан соғыстар тарихы бар. Соғыс бір елдің жеңісімен немесе жеңілісімен аяқталады. Жеңіске жеткен елдердің қатарында біздің ел де бар. Біздің халқымыз үшін жеңіс – ұлы оқиға, бейбіт өмір, ашық аспан, кең дала, айналадағы табиғаттың алуан түрлілігі, жаңа сәбилердің өмірге келуі, туып –өскен жердің, Отанның азат етілуі. 

Ұлы Жеңіс - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер  солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпес белгісі болып қалмақ.                                                               

Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Соғыс күйретуші күш!

Дәл солай!

Барды жоқ ететін.

Тауды жер ететін күш. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі жалмап жұтатын ажал. Сондықтан әлемде ешқашан соғыс өрті тұтанбасын, мәңгілік бейбітшілік туы желбересін. Ата –бабаларымыздың найзаның ұшы мен білектің күшімен бізге аманат еткен Ұлы күні мәңгілікке тұрақтасын.  Қазіргі әлем бойынша қоғамда орын алған қиындықтан сүрінбей өтіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Тәуелсіз еліміз мәңгі жасасын,дегім келеді.


 

Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»коммуналды мемлекеттік мекемесі

Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»коммуналды мемлекеттік мекемесі

Атам әрқашан айтушы еді: «бір түйір қара бидайға зар болған заманды да көрдік»,- деп,мұның өзі сол кездегі соғыстың қарапайым халыққа ауыр тигендігінің көрінісі деп білеміз

Атам әрқашан айтушы еді: «бір түйір қара бидайға зар болған заманды да көрдік»,- деп,мұның өзі сол кездегі соғыстың қарапайым халыққа ауыр тигендігінің көрінісі деп білеміз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020