Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.
Көрнекілігі: Елбасы кітаптарынан көрме, слайдтар, бейнеролик
Барысы
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені біз бүгін өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз. Қазақстанның егенменді ел атауына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру – біздің басты міндетіміз.шара
Ұлт көшбасшысы.docx
Ұлт көшбасшысы – мақтаныш
Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиетқадірін, тұлғалық
тұғырын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін
мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.
Көрнекілігі: Елбасы кітаптарынан көрме, слайдтар, бейнеролик
Барысы
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше
сабақ, өйткені біз бүгін өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
туралы кең мағлұмат аламыз. Қазақстанның егенменді ел атауына
Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық
халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын
жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген
табыстарын біліп жүру – біздің басты міндетіміз.
Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің барысымен таныстырып өтетін болсам
1. Елбасының балалық шағы
2. «Тәуелсіз Қазақстан» атты бейнеролик
3. Елбасының атқарған игі істері
4. Астана қаласы туралы
5. «Жас Қыран» оқушыларының тілектері
6. «Танымдық ойын»
7. «Қазақстан картасы» атты ойын
Олай болса ендігі сөзді Уразаева Маржанға береміз
Уразаева Маржан: 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы
Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен
күткен ұл өмірге келді. Оған әкешешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат
таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайынтуыс түрлі
есімдерді тұстұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі
Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей
есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер
секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек
сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне
ақылкеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы
әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін
еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы
Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш
Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс
және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес
бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы
Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы
молданың отбасында дүниеге келді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы
тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына
тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып,
санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық
қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те,
перзенттік парызым» деген болатын.
Мұғалім: Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған,
жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтарың қаншама!
1991 жылы 16желтоқсан күні біздің еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды. Біз
жаңа өмірдің есігін аштық.
(«Тәуелсіз Қазақстан» атты бейнеролик көрсетіледі.)
Мақсотова Дильназ: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен
бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазастан Республикасының
мемлекеттік басшысы – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз
бар біздің болашағымыз айқын!
1990 жылы республикада презтдент қызметі белгіленді. Жоғарғы Кеңестің
сессиясында жабық дауыспен Нұрсұлтан Назарбаев президент болып
сайланды.
1991 жыл, 1желтоқсан. Республикада бүкілхалықтық президент сайлауы
болып өтті. Қазақ КСРнің президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің
тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
1995 жылғы 30тамыздағы бүкілхалықтық референдумда ортақ тарихи тағдыр
біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра
отырып, еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшілік
азаматтық қоғам деп ұғына отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы
жауапкершілікті сезінетін, егемендік құқықты ала отырып Ата Заңымызды
қабылдады.
Алтын Заңда парасатым, пайымым,
Алтын Заңда күшқуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн. Қожасова Махаббат: 10желтоқсанда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы
заңға қол қойды. 16желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңды қабылдады.
1992 жылдың 29қыркүйегі мен 3қазаны аралығында Алматы қаласында
қазақтардың бірінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.
Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкіл дүниежүзілік когресін
дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия,
Иран, Монголия, Қытай, АҚШ, Германия, Англия сияқты 30дан астам елден
барлығы 700ден аса делегаттар келді. Бұл конгресті өткізу қазақ халқының
өзіндік санасының дамуы үшін маңызы зор болды, мәдениеті мен дәстүрлерін
қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті.
1998 жылы 6мамырда Елбасының жрлығымен мемлекет астанасы Ақмола
қаласына ауыстырылды. Ақмола атауы Астана болып өзгертіліп, осы жылы 10
шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. ЮНЕСКОның шешімі
бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп, медальмен
марапатталды.
Алдоңғарова Аяулым: Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған, күн
санап жаңарып мәдени дамуымыздың жарқын болашағының рәмізіне айналған
Астана қаласы – дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық
құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы. Арқа
төрінде күн санап керегесін кеңейтіп, ұлттар мен ұлыстардың бірлігі,
ынтымағының қара шаңырағына айналуда. Дүниежүзі қазақтарының 4 форумы
осы Астанада өтуі – бұл да еларалық ынтымақбірліктің көрінісі. Дін басы
қызметкерлерінің және ұлттардың т.б. түрлі маңызды шаралардың Астана
қаласында өтуі, яғни қазақ елінің бейбітшілікті қалауын паш еткен
ұстанымымыз да осы бас қаламыз арқылы көріністелуде. «Бәйтерек»,
«Бейбітшілік сарайлары» сияқты тағылымды меңзеген құрылыстар келген
кеткен қонақтарға ой тастауда.
Бүгін де жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне
айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. ортасын қақа жарып
өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Астана қаласының
озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына
шақыруда үлгі көрсетуде. Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз.
«Жас Қыран» ұйым оқушыларының тілектері
Оқушы:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Оқушы Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Оқушы
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Оқушы
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Оқушы
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп
Оқушы
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Танымдық ойын
(үш топқа екі сұрақтан қойылады. Оқушылар топтаса отырып сұраққа жауап
береді)
1топ:
1. Астана қаласының атын «Нұрсұлтан», «Назарбаев» деп өзгерту керек
деген ұсыныс туралы не айтар едіңіз?
2. Тәуелсіздік таңы Қазақстанға не әкелді?
2топ:
1. Елбасы бос уақытында қандай істермен айналысады?
2. «Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ» деген Елбасының сөзін
қалай түсінесіңдер?
3топ:
1. Адам бойында патриоттық сезім қалай қалыптасады?
2. «ЭКСПО2017» туралы не білесің?
«Қазақстан картасы» ойыны
(14 облысқа бөлінген Қазақстан картасы үш топқа таратылады. Оқушылар
ондағы сұрақтарға жауап бере отырып, Қазақстан картасын құрайды) Анықтама
25қараша күні Тұңғыш президент күніне орай
Ұлан»
«Жас
ұйымдастыруымен «Ұлт көшбасшысы
оқушыларының
ұйым
мақтаныш» тақырыбында дөңгелек үстел
ұйымдастырылды. Шараға 511 сынып оқушылар
және ұстаздар қатынасты.
Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиетқадірін, тұлғалық
тұғырын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін
мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.
Шара барысында Елбасының балалық шағы,
«Тәуелсіз Қазақстан» атты видеоролик,
Елбасының атқарған жұмыстары туралы
баяндамалар тыңдалды. «Жас Қыран» ұйым
мүшелері Елбасына арнаған өлең жолдарын
оқыса, дөңгелек үстелге қатынасушы топтар арасында танымдық ойындар
ойнатылды. Тәлімгер:
Н.М.Максутова
Улт кошбасшысы - мактаныш
Улт кошбасшысы - мактаныш
Улт кошбасшысы - мактаныш
Улт кошбасшысы - мактаныш
Улт кошбасшысы - мактаныш
Улт кошбасшысы - мактаныш
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.