Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: |
7.1В: Желілер және қауіпсіздік |
Мектеп: |
|
|||||||||||
Күні: |
|
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
|||||||||||
Сынып: |
7 сынып |
Қатысқандар саны: |
|
қатыспағандар: |
|
|||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Компьютерлік желілер |
|||||||||||||
Сабақтың типі |
Жаңа сабақты меңгеру |
|||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.3.1 Компьютерлік желілердің жіктелуі |
|||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
|
|||||||||||||
Табыс критерийлері |
Оқушы 7.1.3.1 оқыту мақсатына жетті, егер: - “жергілікті желі” ұғымына анықтама берсе (дағды:білу және түсіну); - “желі топологиясы” ұғымына анықтама берсе (дағды:білу және түсіну); - компьютерлік желілердің жіктелуінің кемінде үш негіздемесін атаса және сипаттама берсе (дағды:білу және түсіну); - компьютерлік желілерді қолданудың кемінде екі артықшылығын/кемшілігін атаса (дағды:білу және түсіну); - компьютерлік желілерді жасау мәселелерінде жеке тәжірибесінің негізінде өз пікірін қалыптастырады және дәлелдейді (дағды:сын тұрғысынан ойлау); - алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, компьютерлік желілерді жасаудың ерекшеліктері мен түрлерін сипаттай алады (дағды:зерттеу). |
|||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Жіктеудің әртүрлі белгілеріне қарай компьютерлік желілердің түрлерін сипаттай алады Пәндік лексика және терминология (сабақтың глоссарийі файлында көрсетілген): Компьютерлік желі, жергілікті желі, ғаламдық желі, бірдәрежелі желі, клиент-сервер желісі( белгіленген серверлі желі), компьютерлік желі топологиясы, “сақина ” типті типология, “жұлдыз ”типті топология, “шина” титі топология Диалогқа/хатқа пайдалы фразалар:
|
|||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Сабақ сыйлауға, бірлесіп жұмыс істеуге, еңбекке және шығармашылыққа баулуға бағытталады, бұл ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстардың кезектестіріліп, әрі қарай міндетті түрде ұжыммен талқылануының нәтижесінде жүзеге асырылады; сабақты ұйымдастырудың мұндай формасы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлай алатын, оқушының игілікті және ақжарқын тұлға қасиеттерін дамытуға бағытталады. 7.1В – желілер және қауіпсіздік бөлімі бойынша оқушыларда тұрақты теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру оқушыларға міндетті түрде денсаулықты сақтайтын құралдарға сүйене отырып, оқу және кәсіптік міндеттерін шешу үшін АКТ құралдарын тиімді және кәсіби пайдалануға мүмкіндік береді. |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Валеология (тақырып – құралдармен, экранның жарығымен жұмыс істегенде денсаулықты сақтау), орыс тілі (тақырып – Стилистика және сөйлеу мәдениеті), физика (тақырып – Электр сигналы, деректерді беру жолдарының физикалық сипаттары). |
|||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Веб-браузер (нәтижесінде топтық жұмыстың нәтижесі бар постер болатын зерттеу аясында ақпарат жинау үшін) орнатылған, және Интернетке қосылған ноутбуктер (стационарлық компьютерлер) пайдалану. |
|||||||||||||
Бастапқы білімдері |
Желілік ресуртармен жұмыс істеу негіздері (5-6 сынып); “Желілік папка (ортақ қолжетімділік папкасы)” ұғымы (5сынып); Преимущества и недостатки беспроводной связи (6 класс). |
|||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтың жоспарланған іс-әрекеттері |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басталуы 0-5 мин |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Ұжымдық жұмыс жасау арқылы оқушылардың тірек білімдерін өзекті ету (ФБ ОМ 7.1.3.1, дағды – сын тұрғысынан ойлау).
(а) Мұғалім соңынан бірқатар сұрақтармен талданатын проблемалық жағдай жасайды.
Балалар, бүгін мен сіздерге ерекше рөл ұсынғым келеді: бір сыныптың оқушыларының орнына бір фирманың қазметкерлері болыңыздар. Біздің фирмамыз тапсырыстармен жұмыс істейді делік, оның атын «Жоба» деп атайық. Әр қызметкерде жобаны орындауға қажетті ақпараттар сақталатын компьютер бар. Жұмыс істеу барысында Сізге, қызметкер ретінде, бір біріңізбен ақпарат алмасуға, принтер және сканер қолануға тура келеді. Бірақ біөзідң бөлімде принтер де, сканер де біреу-ақ. Тапсырысты шұғыл орындау керек. Және мен оны орындайтынымызға сенемін.
Оқушылармен ұжымдық талдауға арналған сұрақтар: 1) Жобаны орындау кезінде қандай проблемалар болады? 2) Осы проблемаларды шешуге Сіз қандай ұсыныстар жасар едіңіз?
(б) Талдау нәтижелері бойынша мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады; табыс критерийлерін көрсетеді.
(в) Оқушылардың жауаптарын жалпылау мақсатында мұғалім №1 видеофрагментті көрсетеді (көзі: “Почемучка. Басылым: Жергілікті желілер”), онда компьютерлік (есептеу) желілерінің негізгі қасиеттері, қолданылуы мен анықтамалары түсіндіріледі. |
Сабақтың презентациясы (№№ 1-2 слайд)
№ 1 видеофрагмент |
|||||||||||
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушылардың ұжымдық жұмысы: оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтардың мүмкін жауаптары:
(А) Жобаны орындау кезінде қандай проблемалар болуы мүмкін?
(Б) Осы проблемаларды шешу үшін Сіз қандай ұсыныстар жасар едіңіз?
Ұжымдық талдаудан кейін оқушылар тақырыпты дәптерге жазады, сабақтың мақсаттарымен және табыс критерийлерімен танысады. |
|||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-15 мин |
Оқушының іс-әрекеті |
Глоссарийлік оқыту аясында өзін-өзі бағалау арқылы жаңа сабақты меңгеру (ФБ ОМ 7.1.3.1, дағды –білу және түсіну): мұғалім оқушыларға №2 видеофрагментті сараптауды (көзі: “Почемучка. Выпуск: Локальные сети”) және сұраққа жауап беруді ұсынады:
1) ЖЕС нақты қай қасиеті №1 үлестірмелі материалда көрсетіледі?
Видеоны көргеннен кейін оқушылар глоссарийде жазылған бірдәрежелі желі, белгіленген сервері бар желі, жұмыс станциясы, сервер - негізгі терминдерінің анықтамаларына сүйеніп, өзін өзі бағалайды. |
Сабақтың презентациясы (№ 3 слайд)
№ 2 видеофрагмент
Сабақтың глоссарийі
№ 1 үлестірмелі материал
Мұғалімнің материалдары |
|||||||||||
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушылар №1 үлестірмелі материалды талдап, мұғалімнің сұрақтарына жауаптар ұсынады, содан кейін ұсынылған видео фрагментті қарастырады және глоссарийде келтірілген негізгі терминдерді түсінгенін өзін өзі бағалайды.
Жауаптардың мүмкін нұсқалары:
1) №1 үлестірмелі материалдың схемасында ЖЕЖ келесі қасиеттері берілген: бір немесе бірнеше өзара байланысты басқару орталықтары бар: бірінші схемада деректердің алмасуы желідегі компьютерлердің барлығының арасында жүзеге асырылады; екінші схемада – деректердің алмасуы орталықтандырылып, жеке компьютерден жүзеге асырылады. |
|||||||||||||
16-35 мин |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Өзара бағаланатын оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру –“Карусель” техникасы (ФБ ОМ 7.1.3.1,дағды –білу және түсіну, зерттеу): мұғалім оқушыларды карточкалардың көмегімен үш топқа бөледі, содан кейін оқушыларға «Жергілікті желілердің топологиясы» видеофрагментін көруді және №2 үлестірмелі материалдағы бос орындарды толтыруды ұсынады. Видеофрагментті көргеннен кейін мұғалім оқушыларға өзінің жұмысының нәтижелерін парталас көршісімен өзара бағалау үшін ауыстыруды ұсынады. |
Сабақтың презентациясы (№№ 4-5 слайдтар)
№ 3 видеофрагент
Сабақтың глоссарийі
№ 2 үлестірмелі материал
Мұғалімнің материалдары |
|||||||||||
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушылар топпен жұмыс істеп, «Жергілікті желілердің топологиясы» видеофрагментін көреді және №2 үлестірмелі материалдағы бос орындарды толтырады. Видеофрагментті көргеннен кейін оқушылар өзара бағалау үшін өзінің жұмысының нәтижелерін басқа топтармен ауыстырады. Дұрыс жауаптың коды ретінде экранда көрсетілген №2 материалдардың файлы қолданылады. |
|||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Қортыныдылау және сабақтың рефлексиясы: мұғалім оқушыларға «Компьютердік желілердің жіктелуі» деген схеманы толтыдыруды ұсынады. |
Сабақтың презентациясы (слайд № 6) |
|||||||||||
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушылар схеманы толтырады, сыныптастарының жауаптарын талдап, өз пікірлерін қолдау үшін дәлелдер келтіреді. |
|||||||||||||
Дифференциация – Сіз қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың жаңа материалды мегеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау
|
||||||||||||
Жұптық/топтық жұмыс– сыныптастарының қолдауы. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру. |
Сұрақтарға жауап беру және жауаптар сеансы. Тапсырманы орындау барысында сұрақтар пайдалану. Сабақтың әр бір кезеңінде оқушылардың нәтижесін/жетістігін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдалану. Өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды пайдалану.
|
Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абайлауды, денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ блуды еске салу. |
||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты/оқу мақсаты шындыққа негізделген бе? Барлық оқушылар ОМ-на жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифферциация дұрыс келтірілді ме? Сабақтың уақытша кезеңдері болды ма? Сабақ жоспарынан қандай шегіністер болды және неге? |
|
|||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру тұрғысынан да, оқу тұрғысынан да ойлаңыз)? 1: 2:
Сабақты не жақсартуы мүмкін (сабақ беру тұрғысынан да, оқу тұрғысынан да ойлаңыз)? 1: 2:
Мен сынып туралы немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы сабақ барысында не білдім, алдағы сабақтарда неге көңіл бөлінуі керек?
|
||||||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.