Урок на тему "Что едят животные?"
Оценка 5

Урок на тему "Что едят животные?"

Оценка 5
Разработки уроков
docx
окружающий мир
3 кл
30.10.2017
Урок  на тему "Что едят животные?"
Презентация подготовлен мной для защиты по обновленной программе. Презентация признана одним из самых лучших. и оценили по самым высшим баллам. Презентация по предмету математика, начальные классы, а именно 1 класс. Думаю моя презентация будет методическим помощником для педагогов в казахских школах.
жануарлар немен коректенеди.docx
Пәні: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Жануарлар немен қоректенеді? Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың ойын жинақтап, сөйлеуге үйрету, жануарлар туралы алған білімдерін  пысықтай отырып, жануарлар тіршілігі туралы мағлұмат беру. 2.Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын, топта жұмыс жасау қабілетін және  дүниетану пәніне қызығушылығын дамыту. 3.Жануарларды қорғауға, оларды күтіп бағуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың типі: аралас Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жануарлардың суреті, тірек сызбалар, бейне  фильм Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ ­ жауап,шығаршашылық жұмыс, сәйкестендіру,  сауалнамасы   Пәнаралық байланыс: өзін­өзі тану  Құндылығы: дұрыс әрекет Қасиеті: қамқорлық, зиян келтірмеу, табиғатқа жанашырлықпен қарау Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық  Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Әр дұрыс жауап үшін тамақ суреттері таратылады) Жануарлар қыста қалай жылынады? Мәтінді тізбектеп мазмұндату.  Топтық жұмыс. Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында.   «Мен не айтқым келді?» ойыны. Мұғалім мен оқушылар ойнайды. Сурет бойынша  әңгімелеу.  1­топ: Сүтқоректілер                               2­топ: Жыртқыштар 3­топ: Өсімдікқоректілер                       4­топ: Жәндікқоректілер ­ Жарайды, балалар, сендерге бұл жануарлардың немен қоректенетіні қызықты ма? ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.  ­ Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жануарлар немен қоректенеді?». Бұл сабақта  біз жануарлар әлемі туралы білімімізді тереңдетеміз.  Оқулықпен жұмыс.  Интерактивті тақтадан жануарлардың суретін көрсете отыра түсіндіру.   Мәтінді мұғалімнің алғашқы оқуы, түсіндіруі.   Оқушыларға дауыстатып, тізбектетіп, іштей оқыту.  Қосымша мәлімет Кесірткелер қорегін тілімен ұстайды. Олар  зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл  шаруашылығына да пайдасы тиіп жатады. Ақбөкендер көктем шыға бастаған кезде суды көп қажет етпейді. Олар  жаңа өскен шөптің нәрімен, таңғы уақыттағы шықпен сусындайды.  Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Олар шөптердің 81  түрін және жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Убақ шөл және шөлейт жерлерде қоныстанады. Өсімдіктердің  тұқымымен, өсімдік бөліктерімен, кейде бунақденелілермен қоректенеді.  Суаттардан барып шөлін қандырады. Түйе шөлге өте шыдамды. Суға кезіккенде әбден шөлін қандырып алады.  Түйенің негізгі қорегі – жантақ. Оның жапырағының тікенекті екендігі  түйеге еш қиындық туғызбайды. Ол қоректенгенде майын өркешіне  жинайды.       ­ Балалар, осы жануарларға, өсімдіктерге зиян келтірмеу керек, оларды қорғау керек деп айтамыз. Осы жыртқыш жануарлар өзінен әлсіз жануарларды қорек етеді. Ол туралы не  айтамыз?  Жұптық жұмыс. Суретпен жұмыс. Елік – өсімдікпен; Қайшыауыз – өсімдік, шырша бүрімен; Шегіртке – өсімдікпен; Түлкі – құстармен және өзінен әлсіз жануарлармен; Қасқыр – бұлан, жануарлармен; Бүркіт – тышқан; Кесіртке – бунақденелілермен; Құс – бунақденелілермен, дәндермен, тұқымдармен; Аю – жидек; Үлкен қара қоңыз – ұсақ балықтармен. Жеке оқушымен жұмыс. «Көп біл, аз сөйле!» Тауық – дәндермен.  Құрт – жапырақ, алма.  Аю –  өсімдікпен, балықпен, жидекпен.  Тиін ­  саңырауқұлақ, жаңғақ.  Өз бетінше жұмыс. Бақылау күнделігін алған білімдерін пайдалана отырып толтыру.  Жаңа тақырыпты пысықтау.  «Бұл қай жануар?» ойыны.  1. Қорегін тілімен ұстайды. Олар зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына да  пайдасы тиіп жатады. Шөлді жерлерде тіршілік етеді.  2. Олар күнделікті су ішпесе болмайды. Бірақ көктем шыға бастаған кезде суды көп қажет  етпейді. Олар жаңа өскен шөптің нәрімен, таңғы уақыттағы шықпен сусындайды. Қыстың  қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Олар шөптердің 81 түрін және жылдың мезгіліне  қарай таңдап жейді. 3. Шөл және шөлейт жерлерде қоныстанады. Өсімдіктердің тұқымымен, өсімдік бөліктерімен,  кейде бунақденелілермен қоректенеді. Суаттардан барып шөлін қандырады. 4. Шөлге өте шыдамды. Суға кезіккенде әбден шөлін қандырып алады. Оның негізгі қорегі –  жантақ. Оның жапырағының тікенекті екендігі оған еш қиындық туғызбайды. Ол қоректенгенде  майын өркешіне жинайды. 5. Ол өсімдікпен, балықпен, жидекпен қоректенеді. Қыста ұйқыға кетеді.  6. Ол саңырауқұлақтармен, жаңғақтармен, шырша бүрлерімен қоректенеді. Өзі сезбесе де, емен  ағашының көбеюіне үлес қосады.  Шығармашылық тапсырма.  Топтық жұмыс.  ­ Топтарыңның атауы туралы не білесіңдер? Жәндікқоректілер, сүтқоректілер, жыртқыш және өсімдікқоректілер туралы әңгімелеу.  «Бұны да білген жөн» Венн диаграммасы  Адамдар  Ақыл­ойы, сана сезімі  жетілген. Мәдениетті.  Ұқсастығы  Тірі табиғат. 5 қажеттілік  болмаса, өмір сүруі  Жануарлар Жыртқыш, апанда, інде өмір  сүреді. Білім алып, өз қиындайды.  санасын жетілдірмейді.  Жануарлар да адамдар сияқты тірі табиғатқа жатады. Олар адамдар сияқты қызмет жасап,  білімін кеңейтпесе де, өз тіршіліктерін жасайды. Көбінесе олар жауынан қорғана алмайды.  Сол себепті осы тұста адамдар оларға қамқор болған дұрыс. Аңдарды ретсізден ретсіз  өлтіріп, орманды қырқу тірі табиғатқа аса зиян болады.  ІV.  Қорыту. Тест тапсырмаларын тарату.  ­ Сабақ бойы не себепті тамақтардың суреті таратылды? V. Үйге тапсырма.  87­90 беттер. Түсініп оқу, мазмұндау.  VІ. Бағалау. Мадақтау.  №32 мектеп­гимназия Жануарлар немен қоректенеді? Өзін­өзі тану пәнімен интеграцияланған сабақ Өткізген: Бисембаева А.К. Бастауыш сынып мұғалімі 2015­2016 оқу жылы

Урок на тему "Что едят животные?"

Урок  на тему "Что едят животные?"

Урок на тему "Что едят животные?"

Урок  на тему "Что едят животные?"

Урок на тему "Что едят животные?"

Урок  на тему "Что едят животные?"

Урок на тему "Что едят животные?"

Урок  на тему "Что едят животные?"

Урок на тему "Что едят животные?"

Урок  на тему "Что едят животные?"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.10.2017