Данный урок предназначен для 11 класса. Подробно написано. Есть логические задание. Готовые рисунки, можно легко показать детям. Таблицы для сравнения. На закрепление урока можно тприменить прием " Да или нет ". Картинки архантропов, питекантропов. Поурочный план написан на казахском языке.Данный урок предназначен для 11 класса. Подробно написано. Есть логические задание. Готовые рисунки
Гульмира сабақ.docx
Сабақтың тақырыбы: Питекантроптар
Мақсаты:
1.Оқушыларға питекантроптар туралы жалпы түсінік беру.
2. Балаларлың логикалық ойлау қабілетін және есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу.
Ресурстар: слайдшоу
Сабақтың түрі: аралас
Тәсілі: түсіндіру
І Ұйымдастыру
Амандасу
Сыныпты түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Төмендегі кестені толтырыңыздар.
Антропогенездің қозғаушы күштері
Биологиялик
Әлеуметтік
Тұқым қуалаушылық
Өзгергіштік
Тіршілік үшін күрес
Табиғи сурыптау
Еңбек ету
Сөйлеу
Қоғамдық тіршілік ету
Сана
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Лездік сұрақтар арқылы
1. Антропология дегеніміз не?
2. Адамның жануарлардан шыққандығының қандай дәлелдемелері бар?
3. Адам тіршілігінде еңбектің рөлі
4. Антропогенездің қозғаушы күштерін атаңыз
ІV Жаңа тақырып Адамтектес маймылдар мен адамдарды бірбірінен ажырататын басты белгі
— мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 гнан
аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі
адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды.
Олар сөз арқылы бірбірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып
тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бірбірімен үнемі қарымқатынаста
болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан
ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек
құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарымқатынастардың күрделене
түсуіне әсер етті.
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.
Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),
ертедегі адамдар (палеоантроптар) және
қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.
Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 650см3)
3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі:
1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 1500 см3) 6.Саналы адам (ми
көлемі: 1600см3)
Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Дюбуа Ява
аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа
қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір
сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Дюбуа питекантроп деп
атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және"anthropos" — адам сөзінен —
алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті
доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып
келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес
маймылдардың миынан біршама үлкен.Питекантроптың ортан жілігінің
құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп
тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей
белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп)
деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия,
Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де
табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де
аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған
еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен
адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып
келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға)
немесе тік жүретін адамға ("ноmо erectus") жатқызады.
VЖаңа тақырыпты қорытындылау
А) « ИӘ » « ЖОҚ » ойыны
1. Адамтектес маймылдардың миының салмағы750граммнан аспайды
2. Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі төрт кезеңді
ажыратады.
3. 1891 жылы голланд ғалымы Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі
адамның қазба қалдықтарын тапты
4. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де
аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары
табылмаған еді.
5. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға жатқызбайды
ЖАУАБЫ:
Ә) Суреттер сөйлейді.
Архантроп Палеоантроп Питекантроп
VІ Үйге тапсырма бет9497 оқып, сөйлеу
VІІ Бағалау
Урок на тему "Питекантропы"
Урок на тему "Питекантропы"
Урок на тему "Питекантропы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.