Өнерлі қыз, өнегелі ана
Мақсаты: Балалардың ой- өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке , сый құрметке тәрбиелеу.
Өнерлі қыз, өнегелі ана
Мақсаты: Балалардың ой- өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке , сый құрметке тәрбиелеу.Өнерлі қыз, өнегелі ана
Мақсаты: Балалардың ой- өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке , сый құрметке тәрбиелеу.
Өнерлі қыз, өнегелі ана
Мақсаты: Балалардың ой- өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке , сый құрметке тәрбиелеу.
«Тәуелсіздік ел тілегі» мерекелік
ертеңгілігі
Өнерлі қыз, өнегелі ана
Мақсаты: Балалардың ой өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін
дамыту. Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру.
Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап,
мейірімділікке , сый құрметке тәрбиелеу.
Балалардың шығуы
Хор: Көктем келді
Хор: Солнышко лучистое
1- Жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
2Жүргізуші:
Жыр арнайыйқ оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың
1Жүргізуші:
Құрметті әріптестер, аналар, әжелер, қыз келіншектер!!!
Сіздерді келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен
құттықтаймыз! Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге
саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
2- Жүргізуші:Бүгін мерекеге орай балабақшамызда өткізгелі отырған қыз балалар
мен олардың аналарына арналған «Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты
сайысқа қош келдіңіздер.
Бұл сайыста қыздар мен аналар өз өнері, білімі,тапқырлығы және
шеберліктерін қөрсетіп сынға түскелі отыр.
Сайыскерлерімізді хабарламай тұрып бүлдіршіндеріміз аналарына
арнап ән орындайды, қабыл алыңыздар
«Моя мама» орындайтын Еркеназ Тінжәй Сымбат
1Жүргізуші:
Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға
шақырайық.
Сайыстың ең кіші ару болса да
Үлгі болар әрқашан, алда да
Топты бастап шықсын қазір ортаға
Қолыңды соқ анасымен Адиляға
Тобының ар намысын қорғауға
Келіп отыр қазір біздің ортаға
Ал қанекей қарсы алыңыз мейірімді
Анасы мен ару қызды Сезімді
Кол соғып қарсы алыңыз канеки
Сіздерге де төр берейік мінекей,
Олай болса алдыңызда қараңдар
Анасы мен Нұрсила көркем жандар!
Топтың намысын қолдаған жан,
Сайысқа қатысқалы келіп тұрған,
Қошеметпен қарсы алайық, ақ ниетпен
Шақырайық Еркеназды анасымен
БИ:Қыздарымыздың анасымен биін тамашалаңыздар!!!
2Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын
әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
4.
Сайыс бес балдық жүйемен бағаланады.
1Жүргізуші:
Сайыс қатысушылары реттік нөмерін таңдайды
1. №1 «Раушан гүл» тобы
2. №2 «Лала гүл» тобы
3. №3 « гүл» тобы
4. №4 «Қызғалдақ» тобы
2Жүргізуші:
Енді көрермендерді сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады
1. «Сәлем сөздің атасы» яғни өз өзін таныстыру
2. «Кім жылдам?» Қызықты суреттер сайысы. (Бұл сайыста әр
топқа суреттер қойылады. Аналар қыздарымен бірге суретті
әдемілеп бояп шығу керек)
3. «Ойлан тап» (Аналар сұрақтар таңдап алады)
4. «Өнер сайысы» (Анасы мен қыз өз өнерлерін көрсетеді)
5. «Дәм думан» бұл тағамдар сайысы мұнда аналар үйден жасап
келген салаттарын қорғайды.
6. «Сән сайысы» яғни көктемгі сән үлгілері. Сымбатына сән киім
жарасады
Би: «Гүлдер»
1Жүргізуші
Өнер қуып аналар өтер деймін .
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен анасы мен қыздары кезектесіп,Таныстырып өздерін өтер деймін,
–деп бірінші сайысымыз «Сәлем сөздің атасы»
анасы мен қызы өздерінтаныстырып өтсе.
2Жүргізуші:
Тамаша, әділқазылар бағасын қойып шыққанша бүлдіршіндеріміз сіздерге
ән сыйлап отыр, бірге тыңдайық.
«Анашым» әнімен ортаға Абай Ақниет Айдос Нұрмұхамед
«Бәліш» әні Ақназ Адина Сакен
Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген
балапандарымызға қошемет көрсетейік.
Әділ қазы мүшелерінентаныстыруғаберген бағаларын сұрасақ.
__________________________________________________________________
_____
1Жүргізуші: 2 бөлім
Сайысымыздың 2 кезеңі«Кім жылдам»Қызықты суреттер сайысы
Әр отбасы алдарыңдағы суреттерді қызымен бірге әдемілеп бояйды,
дайындалуға 1 минут уақыт беріледі Суретті бояп бітірген сайыскер
ұпай иеленеді.
2Жүргізуші:
Екінші сайыстың ұпайларын санағанша
«Болайықшы осындай» әнімен
Інжу Айзере Адиля ортаға шақырамыз
Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген
балапандарымызға қошемет көрсетейік.
Тамаша әділқазыларымыздың бағасына назар аударайық
__________________________________________________________________
____
1Жүргізуші: 3 Бөлім
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік деп сайысымыздың екінші бөлімі «Ойлан
тап» сайысы салт дәстүрге байланысты болмақ.
2Жүргізуші:
Ойлан тап сайысының ұпайларын санағаншаОртаға биші қыздарымызды қошеметпен шақырайық
Орыс биі атты би ұсынамыз
Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі билеп берген балапандарымызға
қошемет көрсетейік.
Әділ қазылар мүшелерінен « Ойлан тап» сайысының бағасын
тыңдасақ.
_____________________________________________________________
_____
1Жүргізуші : 4 бөлім
Сайысымыздың келесі бөлімі «Өнер сайысы». Бұл сайыста әр
сайыскерлерге, үй тапсырмасы берілген болатын, ендеше өнерлерін
тамашалайық.
2Жүргізуші
Тамаша, өнерлеріңізге тәнті болдық. Әділ қазылар алқасы
бағаларын дайындағанша ортаға кішкентай балапандарымызды
шақырайық.
Хор
: «Екеуміз әйбат баламыз»
Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген
балапандарымызға қошемет көрсетейік.
Тамаша әділқазыларымыздың бағасына назар аударайық.
__________________________________________________________________
_____
1Жүргізуші: 5 Бөлім
Кезекте «Дәм думан» деген ойынмен аналарымыздың аспаздық
шеберліктерін сынап көрейік.
Аналарымыздың, қолынан келмейтін өнер жоқ. Олар тігеді, пішеді,
астың түрлі түрлісін жасайды. Қыздарымыз да аналарына еліктеп
түрлі өнерге ыңғайлы. Аналары мен кішкентай ханшайымдары бірге
дайындаған үй тапсырмаларына көңіл аударсақ қалай болады екен?
2Жүргізуші:
Тамаша, міне нағыз аспазшылар осы жерде тұр екен. Енді мына көздің
жауын алатын, тіл үйіретін тамақтарға біздің әділ қазыларымыз өз
бағаларын бергенше әнге көңілімізді аударайық
Әжелеріміз болмаса Аналарымыз қайдан болатын еді?
Өз әжелеріне арнап бүлдіршіндеріміз ән сыйлап отыр, бірге тыңдайық
Хор: Спасибо бабушкам әнін тамашалаңыздар
Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген
балапандарымызға қошемет көрсетейік.Әділ қазылар кезек сіздерде, тағамдардың бағасынберсеңіздер
__________________________________________________________________
_____
1Жүргізуші: 6 Бөлім
Сайысымыздың соңғы бөліміне келіп жеттік «Сән» үлгілерін көрсету
сайысы
Біздің халық өнерпазға бай халық,
Әнші деп те биші депте айталық.
Талаптарың таудай екен бүгінгі,
Өнерлеріңді көрсетсеңдер қайтеді дей отырып
Қошеметпен ортамызға сән улгісін корсетуге Аналарымыз бен
кішкене ханшайымдарымызды шақырайық.
2Жүргізуші:
Әділ қазыларымыз ұпай сандарын шығарғанша
Песенка маме әнін қабыл алыңыздар
Орындайтын: Найля Бибарыс Нұрсила Ерасыл
Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген
балапандарымызға қошемет көрсетейік.
Сән үлгісінің бағасын әділқазы алқаларынан сұрайық.
Ал, құрметті көрермендер осымен «Өнерлі қыз, өнегелі Ана» атты
байқауымыздың барлық бөлімдері аяқталды. Әділқазы мүшелері өздерінің
шешімдерін шығарғанша балалардың биін тамашалаңыздар.
Келесі тыңдайтындарыңыз
«Саңырауқұлақтар» биі
«Анашым қартаймашы» әнімен
ортаға Айсель сезімді қошеметпен шақырамыз
Әділқазыларға сөз кезегін берейік
Жүргізуші:
Міне сайыстың соңына жеттік
Қызығы мен қуанышына бөлендік
Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете
отырып, кешімізді аяқтаймыз.