4 «А» сынып оқушылары Адлгазыева Амина, Кумарова Ақмарал «Семей қаласының таңбасы» атты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Олар өздерінің ғылыми жобаларында Семей қаласының таңбасын зерттеу арқылы қаламыздың тарихын, мәдениетін тануды көздеді. Ол үшін қаланың мұражайларына барып қайтты, интернет ресурстарын сараптап, кейін тарих мұғалімі Құрманов Нұрлан Далылқанұлымен сұхбаттасты. Жиналған мәліметті салыстыру, іріктеу арқылы Семей қаласының таңбаларымен , оның тарихымен танысты. Жұмыс екі бөлімнен тұрады: теориялық және эксперименттік.
ҒЫЛЫМИ жоба.docx
«№ 35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат
маршруттары
Секциясы: Өлкетану
Тақырыбы: Семей қаласының таңбасы
Авторы: Адлгазыева Амина,
Қумарова Ақмарал
Жетекшісі: Сулейменова К. Б. Семей
2016 жыл
Аннотация.
№ 35 жалпы орта білім беретін мектептің 4 «А» сынып оқушылары
Адлгазыева Амина, Кумарова Ақмарал «Семей қаласының таңбасы» атты
тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Олар өздерінің ғылыми
жобаларында Семей қаласының таңбасын зерттеу арқылы қаламыздың тарихын,
мәдениетін тануды көздеді. Ол үшін қаланың мұражайларына барып қайтты,
интернет ресурстарын сараптап, кейін тарих мұғалімі Құрманов Нұрлан
Далылқанұлымен сұхбаттасты. Жиналған мәліметті салыстыру, іріктеу арқылы
Семей қаласының таңбаларымен , оның тарихымен танысты. Жұмыс екі бөлімнен
тұрады: теориялық және эксперименттік.
Теориялық бөлімде қаламыздың таңбаларының тарихымен кеңірек танысып,
сынып оқушыларымен осы тақырып төңірегінде көп мәселені ортаға салып, пікір
алмасты.
Эксперименттік бөлімде мектеп оқушыларының арасында сауалнама
жүргізді, ата аналарымен ақылдасты, сауалнама негізінде қорытынды шығарылды,
тарих мұғалімімен сұхбаттасы. Салыстыру әдістерін қолданып, оларға да
қорытынды жасалды.
Бұл ғылыми жұмыс бүгінгі ұрпақтың бойында мәдени мұраларға деген
көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту
болып табылады.
Ғылыми жетекші:Сулейменова Кульджамал Байгалиевна, бастауыш сынып мұғалімі, «№ 35 жалпы орта білім беретін мектеп»
Мазмұны
Кіріспе ............................................................................................................45 бет
1Тарау Семей қаласының таңбалары .........................................................6 бет
1.1. Семей таңбалары жөнінде мәлімет жинақтау......................................69 бет
1.2. Экскурсиялар.........................................................................................10 бет
2Тарау Зерттеу әдістемесі және талдау......................................................11 бет
2.1 Оқушылар арасында сауалнама жүргізу. Саулнаманы талдау, іріктеу,
мониторинг дайында....................................................................................11 бет
2.2. Тарихшымен сұхбаттасу.......................................................................12 бет
2.3 Семей қаласының болашақ төлтаңбасын жобасын ұсынушы –
Ерлан Әмірбеков...........................................................................................1214 бет
3 Қорытынды ..............................................................................................14 бет
3.1 Ғылыми зерттеу күнделігі......................................................................15 бет
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................15 бет Кіріспе
Тәуелсіз туымыз желбіреп, егеменді ел болғаннан бері жаңа көзқарасты
қажет еткен тарих ғылымдарындағы шет қалмайтын маңызды мәселелердің бірі
қалалар тарихы.
Қалалар халықтың экономикалық, саяси және рухани өмірдің орталығын
көрсетіп, дамудың басты қозғаушысы болып табылады. Өйткені, қалалар бұл көп
салалы әлеуметтік орта.
Қала өндіріс ошақтарының, адамдардың қоныстану, мәдени және рухани
орталығы ретінде үнемі тарихшылардың зерттеуінде, ал енді оқушылардың да
басты объектісі болып табылады.
Семейдің қасиетті топырағы әлемге Шығыстың рухани ғұламалары Абай
Шәкәрім, Мұхтарды әкелсе, Ф.Достаевский мен Ш.Уәлихановтардың ұлағатты
достығын нығайтты. Алаштың ту көтерген жері де Семей. Мұнда оны
айғақтайтын тарихи орындар жеткілікті. Халқымыздың мақтан тұтар талантты
ақын жазушы, ғалымдар мен батырларына өмір беріп, тәрбиелеп шығарды. XX
ғасырдың басынан Семей қаласы мәдениет орталығы болып табылады. Осы аталған
тарихи мәліметтер қаланың төлтаңбасының қалыптасуына қаншалықты әсерін
тигізгені білгіміз келді. Сондықтын біз биылғы ғылыми жұмысқа «Семей
қаласының таңбасы» деп алдық. Тақырыптың өзектілігі:Мектеп бағдарламасында Семей қаласының таңбасы
жөнінді мәлімет жоқ , сондықтан қаламыздың тарихын, мәдениетін тануды
көздедік .
Зерттеу мақсаты: Семей қаласының таңбасы жөнінде мәліметті жинақтау,
талқылауға ұсыну,анықтау арқылы қаламыздың таңбасымен оның тарихымен
танысып, танымдық қызығушылықтары мен ойөрістері артылады.
Зерттеу міндеттері:
1. Семей қаласының таңбаларының шығу тарихымен танысу
2. Семей қаласының таңбаларының мән мағынасын түсіну, олардың өзгеру
себептерін түсіну
3. Семей қаласының таңбаларын тану арқылы тарихын білу
4.
Зерттеудің әдіс тәсілдерін меңгеру.
Болжамы: оқушылар осы деректерді жинақтау арқылы қаламыздың таңбасымен
оның тарихымен танысып, танымдық қызығушылықтары мен ойөрістері дамиды,
зерттеудің әдіс тәсілдерін меңгереді.
Зерттеу кезеңдері:
1 Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсатын, болжамын айқындау,
зерттеу әдістәсілдерін меңгеру
2 Теориялық кезеңі: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді
оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау;
3 Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды
мен ұсыныстарды дайындау , ғылыми жоба қорғау:
Зерттеудің әдіс тәсілдері:
1.Теориялық материалдарды жинақтау;
2.Тақырып бойынша материалдарды іріктеу; 3. Семей қаласының таңбасы жөнінде білетін әр түрлі адамдардан сұхбат алу:
4.Ақпарат көздерінен мәлімет алу;
5. Экскурсиялар
Зерттеудің жаңалығы мен өзіндік үлесінің дәрежесі:
Семей қаласының таңбасы жөнінде мектеп бағдарламасына тақырыптарды
аймақтық компонент ретінде енгізу . Қаламыздың мәдени орталығы жөнінде
маңыздылығын ашуда өзіндік үлес қосу.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатының орындалуы,
болжамынын дәлелденуі, қорытынды жасау.
1.Тарау Семейдің қаласының таңбасы жөнінде мәлімет жинақтау
1.1. Семей таңбалары жөнінде мәлімет жинақтау
Семей – ел тарихында айрықша стратегиялық маңызға ие, белгілі бір
әкімшілікаймақтық басқару жүйесінің орталығы болған, халық ежелден
қоныстанған көне қала. Қала тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Археологиялық
зерттеулерге қарағанда, қазіргі Семейдің тұрған орны ерте замандардан бері ежелгі
тайпаларға тұрақ болған. Олардың ең ескісі қола дәуіріне жатады. Одан кейінгі
дәуірлерде бұл арада ежелгі ғұндар, түрік қағаны, Қимақ, Қыпшақ, Керей, Найман
ұлыстарының тіршілік еткені анықталды (ҚСЭ.10 том.115 б.).
I Петр патша Қазақ даласын отарлау Орта Азия және Шығыс елдерімен
саудасаттық жолына айқара ашылатын кілт пен қақпа деп есептеген және қазақ
жері Ресейдің қол астында болуы қажет деп санаған. Орыстардың тұзға
мұқтаждығын сылтау етіп, ең алғаш жоғары Ертіске, Қамыс көліне (Ямыш) қарай
жіті жылжуы, Сібірдің генералгубернаторы князь М.Гагариннің есімімен
байланысты. Ол 1713 жылы I Петрге өзінің сұрқия жоспарын ұсынады: «Ертіс өзенінің басындағы Жаркент (Яркент) қаласының маңынан (Алайда, Жаркентті
Ертіс бойында деп Гагарин қате мәлімет берген еді.
Олар Ертіс өңіріне табан тіреп, жанталаса игеруге кіріскен. Отарлаудың
әлемдік тәжірибесі бойынша, жаңа жерге алдымен әскер барып, қамал салады да,
соңынан қарапайым халық келіп, ошақталып қоныстанады. Осы жүйемен әскерилер
орналасқаннан кейін, француздың әскериинженері Вобанның жобасы бойынша,
Семиполатная (XVIII ғ. жазу ерекшелігі), Ямышевская, УстьКаменогорская,
Петропавловская, Омская сияқты қазақ даласында 300 бекініс салынды
(Семипалатинску 285 лет. 56б). Бұл бекіністердің міндеті – Ресейдің шекаралық
аймақтарынжоңғар көшпенділерінен қорғау дептүсіндірілді де, іс жүзіндегі түпкі
мақсаты қазақ жерін соғыссыз басып алуға бағытталды. Семиполатный бекінісі
1718 жылдың жазында, Ертіс өзенінің ағысына қарай өзінің қазіргі тұрған орнынан
18 км. қашықтықта (бүгінгі Старая крепость селосы) орналасты. Бірақ, бұл жер
көктемде Ертіс суының тасқынына жиі ұшырайтын болғандықтан, халықтың
тұруына қолайсыз деп табылды. Ғылыми деректерде сақталған ресми болжам
бойынша, бекініс кейінгі 60 жылдың ішінде төрт мәрте орын ауыстырды деп
саналып келген. Ал іс жүзінде оның орны бір рет қана ауысты, керісінше оның
құрылысы төрт кезеңге бөлініп салынды. 1776 жылы 18 майда қазіргі тұрған
орынға тұрақтады (бұл орын қаланың орталығында, мұнда Семипалатинскінің 250
жылдығы құрметіне арналған ескерткіш белгі орнатылған).
Орыстардың қолына толықтай өтіп, уездный город мәртебесін 1782 жылы 20
барлық құжаттарда Зордшинкид қаласы
октябрьде алғаннан кейінде,
Семиполатный болып аталып жүрді. Тек 1783 жылы 27 октябрьде ғана арнайы
бұйрықпен «Семипалатинск қаласы» деп атау ұйғарылды. Ал 1851 жылы 23
ие
ноябрьде
Семипалатинск қаласы өзінің бірінші
Гербіне
болды (№1ші сурет). 1854 жылы Семипалатинск қаласы әкімшілік орталығы болып, Семипалатинск
облысы құрылды. Патшаның жарлығы бойынша қазақ даласын түпкілікті отарлау
мақсатымен 1868 жылы 14 октябрьде Семипалатинск губерниясы құрылды. Оның
құрамына Павлодар, УстьКаменогорск, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік
Қазақстан облыстары кірді. 1878 жылы 5 шілдеде басқа да, 46 губерния мен
облыстар сияқты, Семипалатинск облысының да жаңа екінші Гербі бекітілді (№2
ші сурет).
1917 жылдан бергі аралықтағы Совет өкіметінің тұсында, Семипалатинск
социалистік құрылыстың жоспарлы
аталған туған қаламыз,
жүйелі
бесжылдықтарының арқасында гүлденіп, көркейді. Қазіргі заманғы өнеркәсіп,
білім мен мәдениет ошақтарының іргетастары қаланып, бүгінгі қаламыздың кескін
келбеті толықтай қалыптасты. 1968 жылы Семипалатинск қаласының 250 жылдығы
тойланды. Бұл мерекені өткізуге байланысты қалалық партия комитеті мен
еңбекшілер депутаттары қалалық Советі көптеген игі шаралар ұйымдастырғаны
мәлім. Соның ішінде, Семипалатинск қаласының Гербі және «Құрметті азаматы»
атағын белгілеу мәселесі де болды. Еңбекшілер депутаттары Семипалатинск
қалалық Советінің 1968 жылы 15 мартта болып өткен VII сессиясының 15ші
шақырылымында, Семипалатинск қаласының Гербі және «Құрметті азаматы» атағы
тағайындалды. Семипалатинск қалалық Советінің Семипалатинск қаласының Гербі
және «Құрметтазаматы» атағын бекіту туралы №3378 шешімі 1968 жылы 23
апрельде шықты. Семипалатинскінің тарихындағы жаңа үшінші Гербі дүниеге келді
(№3ші сурет). Қазіргі кездегі қаламыздың Гербі, империалистік Ресей патшалығының
билігінде болғанда қолданылған, отарлау саясатын айқындайтын1778 жылғы
Семипалатинск облысынікі. Бұл Гербтің тәжін ғана алып тастап, басқа еш
өзгеріссіз, бұрынғы қалпында қалдырдық та, заңдастырмайақ, ресми емес түрде
қолданып жүрміз. (№4ші сурет). Мұрағат құжаттары бойынша, Семипалатинск
қаласының заңды Гербі – №3 суретте көрсетілген Совет өкіметі кезіндегі
Семипалатинск қаласының Гербі болып табылады. Кешегі Совет өкіметінің кез
келген символдық белгілері, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның нышандарын сипаттай
алмайды. Бұл әрбір саналы азаматты ойландыратын жайт. Біз, тәуелсіздікке аңсап,
зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің өзіне тән қасиетті белгілері болуы керек,
оны ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы да
осы. 1.2. Экскурсиялар
мұражайы
Абай жолы «Аққу» аялдамасы
Терминал Тарихиөлкетану мұражайы М.Ф.Достоевский
атындағы әдеби мемориалдық
мұражайы
ІІ тарау. Зерттеу әдістемесі және талдауы
Эксперименттік бөлім
Республикалық әдебимемориалдық Абай мұражайы
2.1 Оқушылар арасында сауалнама жүргізу. Саулнаманы талдау, іріктеу,
мониторинг дайындау
Тарихиөлкетану мұражайы
Құрметті 3ші сынып оқушысы !
САУАЛНАМА
«Семей қаласының таңбасы»
Саған сауалнама сұрақтары беріледі, алдын ала мұқият танысып, тиісті
жауапты таңдап сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз.
Сіздің ойыңыз біз үшін өте маңызды!
Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз!.
№
1
2
3
сұрақ
Иә
жоқ
Семей қаласының таңбасын білесің бе?
Семей қаласының таңбасында не бейнеленген?
Семей қаласының таңбасы жөнінде білгін келе ме? Оқушының аты жөні_____________________________________________
Сауалнама қорытындысы: Сауалнамаға 3ші сыныптардан 92 оқушы қатысты.
Сауалнама үш сұрақтан тұрды. Сауалнама қорытындысы мынатай болды .
№ сұрақтар
1
2
3
Семей қаласының таңбасын білесің бе?
Семей қаласының таңбасында не бейнеленген?
Семей қаласының таңбасы жөнінде білгін келе ме?
Барлығы қатысқан оқушы саны
Тарихшылармен сұхбаттасу
Иә Жоқ
46
50%
74
80%
12
13%
46
50%
18
20%
80
87%
92
1. Мектеп тарихшысы: Нұрлан Далылқанұлы
Құрманов
(бейнесюжет) Н.Д. Құрманов
2. Ерлан Шаяхметұлы Әмірбеков – Семей қаласының тұрғыны Қала төлтаңбасына түсінік
Болашақта, Семей қаласының жаңа төлтаңбасына байқау
жарияланатын болса, төмендегі суретте көрсетілген жобамды ұсынған
болар едім!
Таңбаның дөңгелек немесе шеңбер болуы ол осы таңба ішіне кірген
белгілердің ғұмыры мәңгілік болсын деген ойдан туындады. Өйткені, шеңбер ол
шексіздік немесе мәңгілік деген ұғым. Көк түс төбедегі бұлтсыз ашық аспан түсі,
ол геральдика тілінде адалдық, сенімділік, үміт. Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі
аспан деген ұғым, ал көк түс түркі халқы үшін қасиетті түс. Күн ол геральдика
заңдылығында тіршілік жарығы, жылылық көзі дегенді білдіреді. Таңба ішінде
күн бейнесінде оюлы шуақ шашқан шаңырақ бейнеленген, оюдың жалпы саны отыз
екі, ол «отыз екі тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылар» деген мәтелді еске
түсіреді. Еліміздің даңқы артып, мерейі үстем болып, бар әлемге тарасын деген
ұғымда алынды, ал күн шуағының оюмен берілуі де ұлттық ою өнерін
насихаттайды. Егер киіз үйді жоғарыдан төмен қараса, онда шаңырақ күнге, ал
уықтар оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып
тұрған аспанға ұмтылу идеясы осы бейнеден өз көрінісін тауып тұрғандай. Ал
оның ішіндегі күлдіреуіштер арасындағы төрт бөлікке түндік ішіне ай, жұлдыз, атқа мінген адам және түйелер бейнеленген. Бұл біздің төрт құбыламыздың тең
екенін көрсетеді. Ай мен жұлдыз айың тусын оңыңнан, жұлдызың тусын солыңнан
деген қаламызға деген ізгі тілек және Семей қаласының алғашқы төлтаңбаларынан
алынған бір көрініс. Туып келе жатқан жаңа ай егемендігін кеше ғана алған ел
болашағы, ал жұлдыз бес материкке деген біздің дастарханын жимаған ашық
қонақжай ақ көңіліміз. Атты адам қос құрлықты көктей өтетін Ұлы Жібек жолын
алғаш игерген Қытайдағы түп ағашын түптеген жаяу шаруа емес, желмен
жарысқан сәйгүлік мінген, сар даланы ат тұяғымен дүбірлеткен салт аттылар «Көк
Түріктің» ұрпақтары екенін мойындау үшін архивтік айғаққа жүгінудің еш қажеті
жоқ. Ал біздер сол жауынгер халықтың ұрпақтарымыз, жалғасымыз. Алыс жол
жүріп келіп дамылдап тұрған қос өркешті түйелер жайлы айтатын болсақ,
ғасырлар жүгін арқалаған дала кемесіндей түйелерсіз Ұлы Жібек жолын көзге
елестету еш мүмкін емес. Семей қаласының Ұлы Жібек жолы үшін маңызы
болғаны тарихтан белгілі, сол маңызын әлі де жоғалтқан емес. Бұл белгілер
бәрімізге ортақ петроглифтерден алынған біз, тастағы таңбаларымызды ұмытқан
күні тарихымыз да жоғалады сондықтан оны жоғары ұстау қасиетті борышымыз.
Күн шуағымен жалғаса қызыл түске берілген алты ою алты алаштың баласын көз
алдыңа елестетеді. Семейдің алты алаштың астанасы болғанын еске түсіреді,
олардың орталарын ала ұшқан жеті қарлығаштар алаш арасындағы мәңгілік
татулықты білдіреді. Семей атауы сары алтын түспен жазылған,таңбаның төменгі
жағынан орын алған, ол қаламыз алтындай бағалы болып жарқырай берсін, деген
жақсы тілектен туындады. Қызыл түс көшпенділерде отты білдіреді, демек маздай
жанған ошақ оты – жылылық сәулесі, күннің кішкене бөлшегі . Қарлығаштардың
ошақты айнала ұшуы да ошағымызда, демек шаңырағымызда мәңгі бейбітшілік
болсын деген ұғымды білдіреді. Қарлығаш саны жетеу, жеті киелі сан. «Жеті ата»,
«Жеті қазына» , «Жеті жарғы», «Жеті қабат жер», «Жеті қат көк» т.б. ұғымдары
атабабамыздан келе жатқан қасиетті сөздер. Түйемойнақ аралындағы «
Бейбітшілік» монументіне де осы жеті қарлығаштың қойылуы да елімізде бейбітшілік болсын деген ізгі тілектен туындаған. Демек бұл қаламыздың бүгінгі
келбетін айшықтайды. Ал осы қарлығаштардың ошақты айнала ұшуы, ол
бейбітшілік мәңгі болсын деген ұғымды білдіреді. Өйткені, қарлығаш қазақ
ертегілерінде бейбітшілік құсы болып саналады.
ІІІ Қорытынды
Біз деректер жинақтау арқылы қаламыздың таңбасымен, оның тарихымен
танысып, танымдық қызығушылықтарымыз, ойөрістеріміз арттырылды,
зерттеудің әдіс тәсілдерін меңгерудеміз.
Алдыға қойған мақсатымыз жүзеге асты десе де болады. Осы жұмысты
зерттеу барысында сыныптастарымның, мұғалімнің, тарих мұғалімдерінің, ата
аналарымыздың да бізге пайдасы көп тиді. Олар бізге қолдарынан келгенше өз
көмектерін аяған жоқ. Алдағы уақытта осы тақырыпты ашуына жұмыстар
жоспарланып жалғасады.
КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы «Семей қаласының таңбасы»
Оқушының Т.А.: Адлгазыева Амина, Кумарова Ақмарал
Мектеп, сынып № 35 ЖОББМ, 4 «А» сынып
Ғылыми жетекшісі: Сулейменова К.Б.
Уақыты Жұмыс мазмұны
Зерттеу әдістері Ескерту Тақырыпты анықтау
Ата анамен,
сыныптастармен
Қараша
желтоқсан
Қаңтар
Интернет ресурспен
жұмыс
наурыз
Мәлімет жинақтау,
экскурсия
ақылдасу
Мәлімет
жинақтау
іздену
Жиналған мәліметтерді
сыныптастарымен
талдау
Сыныптастырымның
рефераттарын ортаға
салу, пікіралмасу
Саулнаманы
қорытындылау
Н.Д. Құрманов ұсынған
Сәуір
Сәуір
Сәуір
сәуір
Сауалнама жүргізу
,экскурсия
Тарих мұғаліміН.Д.
Бақылау, талдау,
салыстыру
Бақылау,
Құрмановпен
сухбаттасу
Семей қаласының
болашақ төлтаңбасын
жобасын ұсынушы –
Ерлан Әмірбеков
Ғылыми жобаны
қорғауға дайындық
сұхбаттасу
мәліметтермен танысу
Мәлімет
жинақтау
дайындық
Жиналған мәліметтерді
сыныптастарымен
талдау
Сыныптастар алдында
қорғау
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М. Рамазанова. Памятники города путеводитель // Семипалатинск, 2006
2.
3. «Қазақ үні» газеті
. [ www.Google.com]
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Ғылыми жоба "Семей қаласының таңбасы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.