Қыз өссе – елдің көркі
Оценка 4.8

Қыз өссе – елдің көркі

Оценка 4.8
docx
05.03.2020
Қыз өссе – елдің көркі
Қыз өссе сценар.docx

Шаянова Менеш Кабдоллина

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, «Орал «Сервис» технологиялық колледжі»МКҚК, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы.

 

 

Қыз өссе – елдің көркі

(8- наурыз мерекесіне арналған сценарий)

 

Мақсаты: Бүгінгі сәмбі тал, нәзік жанды қыз – ертеңгі ошағын,  Отанын, жерін, елін ойлаған азамат тәрбиелейтін ана екенін ұғындыру. Инабаттылыққа, ибалылыққа, бармағынан бал тамған өнер иесі, ақыл мен парасаты тал бойына жарасқан қазақ аруы болуына тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: көрнекілік

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, гүлдер, компьютер.

1 жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

 Жарыса төгілген бұрымымен,

 Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

 Қыз сұлу көрінеді білімімен.

 Қыз сұлу көрінеді шашымымен,

 Ай қабақ , қиғаш қара қасыменен.

 Қыз сұлу көрінеді толған айдай,

 Он екі мен он сегіз жасыменен.

 2 жүргізуші: Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады.

«Қызға қырық үйден тыйым»,-деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керсінше қазақ халқы әркезде қыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған. Бүгінгі біздің аруларымыз – ертенгі ана.

Қазақ халқының салт – дәстүрін, әдеп – ғұрпын келешекке жеткізе алатын, әр шаңырақта сақтай алатының сендерсіңдер арулар!. Бұл мереке барлық әйел қауымның мерекесі, соңдықтанда, мерекелеріңіз құтты болсын ханымдар!

1 жүргізуші: Ару қыздарымызды ортаға шақырайық!

 (ортаға сайыскерлер шақырылады)

2 жүргізуші: Әділқазылар алқасымен таныстырады.

 1 айналым: «Мен қазақтың қызымын»

 Өнер қуып арулар өтер деймін,

 Бір басына өнер жетер деймін,

 Бәске түскен арулар кезектесіп,

 Таныстырып өздерін өтер деймін.

    (өзін - өзі таныстыру).

Мейрамгүл: Сырымның мекені –туған жерім,

                       Колледжде оқимын, алып білім.

                       Тәрбие сырларын меңгеремін,

                       Ұстаздық міндеттің ауыр жүгін.

Жанара:        Өнерге бай өлке Қаратөбем,

                  Мұхит, Сырым шыққан жерім.

                  Сөйлеттім менде домбыраны,

                  Ерке етіп өсірді елім мені

Мәншүк:  «Ел сенімін ақтайды»,-деп ата-анам мақтайды

                  Білім нәрін әркезде,

                  Көкейімде сақтаймын.

                  Өз ісімнің маманы болам іскер, саналы

Әсел:        Мендайынмын бұл сайысқа достарым,

                  Көрсетемін мен бойымда күш барын.

                  Алға қойған мақсатымыз бір болар,

                  Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Сымбат:  Бұл сайысты көптен менде күткенмін,

                  Жалындаған бұрымды қыз-Сымбат менмін.

                  Мақсатым-биіктерден көріну.

                  Сол үшін маңдай терде төккенмін.

1 жүргізуші:

2 айналым: «Қонақты қалай күтеміз»

 Ал, арулар, келесі турды бастаймыз,

 «Қырықтың бірі – қыдыр», - атайтын біздің әжеміз,

 Келіп қалса бір қонақ қандай жілік асамыз?

Қоржыннан әр ару жіліктің суретін алып, қандай қонаққа берілетінің айтады, естеріне мақал – мәтел түсіреді, сыйтабақтың түрлері айтылады.

Мейрамгүл: бас ұсыну- басты ең қадірлі, жасы үлкен қонаққа ұсынады, «әкесі тірі бас ұстамайды»деген ұғым бар халықта, бас ұстаған кісі оны бөліп, қасында отырғандарға ұсынады, мысалы, жанында отырған сыйлы адамға көз ұсынады-елге, үйге баскөз болып жүргейсін деген тілек айтады,т.б.

Жанара:ұсынылатын  табақ түрлері- сый табақ, арнайы табақ, жай табақ,т.б. Сый табақ- жасы үлкен қарттарға ұсынылады. Оған баспен жамбас, ортаң жілік, белдеме, сүбе,қойдың ұлтабары, құйрық пен бауыр, жылқы етінен қазы, қарта, жал, жая салынады.

Мәншүк: мипалау-дәмді тағам. Оған бастың миын, желке-шүйдесін, құйқасын, құйрық пен бауырды ұсақтап турайды,сорпаны құйып, араластырады, бас ұстаған адамға береді.

Әсел: қонақты орналастыру- қонақтар төрден бастап жастарына қарай орналасады.

Сымбат:қонақ күту туралы мақал-мәтелдер:қонақ аз отырып, көп сынайды, жақсы қонақ –құт, жаман қонақ-жұт,т.б.

2 жүргізуші:

3 айналым: «Атым қалай сүйкімді».

 Аружан деген атыңнан,

 Айналып қана кетейін,

 Көке деген сөзіңнен

 Елжіреп қана кетейін.

Арулар өз есімдерінің мағынасын түсіндіреді, есіміне байланысты қызық оқиғалар айтады, отбасының салтынан еске түсіреді, жұлдыздардан жорамал жасайды.

Мейрамгүл: менің есімім туған күніммен байланысты қойылған-8 наурыз,

 Жанара: менің,атам- «жарқыраған жұлдыздай жанып жүрсін» деп тілек білдірген, есімімді апама ұқсас етіп қойған, Анара-Жанара

Мәншүк - кішкентай кезімде маған: батыр бол дейтін еді, мен батыр болу –соғысқа қатысу деп ойлайтын едім.

Әсел:менің жұлдызым-мерген, ұраным-бастаған істі ертеңге қалдырмау.

Сымбат:мені ата-анам «сүйкімді», «әдемі» болсын деп қойған, есімімді әкем қойған.

1 жүргізуші:

4 айналым: «Шаш сәні».

 Білектей арқасына өрген бұрым,

 Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

 Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

 Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? – деп Абай атамыз айтқандай қыздың шашын күтуге әжелеріміз, аналарымыз көп көңіл бөлген. Шаш әйелдің көркі, әдемі шаш өсіру оңай емес. Әжелеріміз шашты жұмыртқаның сарысымен жуып, ашыған айранмен шайған. Шаштың әдемі болуы үшін оны әртүрлі шашбаулармен безендірген. Арулар, сіздер үйден шашбау түрлерін дайындап келулерін керек едіңдер. Сөз сіздерде жасаған шашбауларың  туралы әңгімелеңдер. Қалай жасадыңдар, нені қолдандындар, атауларын атаңдар.

Мейрамгүл:Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын, сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы –шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады. Әсем, сәнді шолпыларды тек қыз-келіншектер ғана таққан, егде әйелдер тақпаған.Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы,сылдырмақ шолпы, көзді шолпы.Сұлу шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, сұлу қыз, кермаралдай керілген келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сын мен сыйпатын одан әрі ажарлай түседі. .(бұйымын көрсетеді)                                                                             

Жанара: шаштеңге- бұрымның ұшына байланады. Шаштеңге таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді деп жорамалдаған. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді. Өйтекені күміс сыңғыры «айтып»қояды.

Мәншүк:  шашқалта –жас әйелдер, қыздар көп қолданған әсем бұйым. Моншақпен безендіріп, шашты өріп шашқалтаға салып қойған.Шашқалта шашты күн сәулесінен, шаңнан сақтаған (бұйымын көрсетеді)

Әсел:шашқап-әртүрлі мақпалдан тігіліп, ортасына ою-өрнек жүргізіліп, екі жақ басына алтын-күміс зерленген.Бойжеткендер, келіншектер жалаңбас жүргендері ерсі көрініп, бастарына киіп жүрген.(бұйымын көрсетеді)

Сымбат:шаш күтімі, оны тарау, өсіру- үлкен тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет-осының бір дәлелі. Шаштарақ-шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын,тағатын зергерлік әсемдік бұйымдардың бірі. Шашты тарау  үшін тісі әр түрлі сиыр мүйізінен жасалған тарақ қолданылады. Әдемі көріну үшін шаштарақтарды асыл тастармен зерлеген.(бұйымын көрсетеді)

Музыкалық үзіліс: Ән: «Үкілі  қәмшат»

2 жүргізуші:

5 айналым: «Сәлем – сөздің анасы»

 Әдеп, адамшылық – амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда, адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір – біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде,достықты,өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Адам баласы қашанда тыныш – бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір – бірімен тату –тәтті , сыйласып өмір сүруді ансап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу әдебі салған. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп – кескенің тану, болмысын байқау, өзіңе деген көңілін, аман – саулығын сұрасу, өздерінің аман – есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниеттерінің адал екендігін білдіру. Ендеше, аруларымыздың осы сайысқа дайындықтарын көрейік.

Марапаталудан соң, бата беріледі

«Қыздарға әсемдік жарасады» әні орындалады.

 

 


 

Шаянова Менеш Кабдоллина Батыс Қазақстан облысы,

Шаянова Менеш Кабдоллина Батыс Қазақстан облысы,

Көкейімде сақтаймын. Өз ісімнің маманы болам іскер, саналы Әсел:

Көкейімде сақтаймын. Өз ісімнің маманы болам іскер, саналы Әсел:

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? – деп

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? – деп
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.03.2020