"Өз мұратына жету." 8 "А"сынып
Оценка 4.6

"Өз мұратына жету." 8 "А"сынып

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
обществознание
8 кл
22.02.2019
"Өз мұратына жету." 8 "А"сынып
Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, топпен жұмыс істеу, бірлік . Сабақтың мақсаты: Ұжымда дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат жасамау, өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: Топпен жұмыс істеуді үйрету; Дамытушылық:Ешкімді ренжітпеуге, үнемі көмекке келе білуге ықпал жасау; Тәрбиелік:Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Өз мұратыңа жету 18.02.19ж. отк.урок.docx
Сәлемдесу, түгелдеу. Музыка  қойылады Сынып: 8 «А»                                                                                                    Мерзімі:13.02.19ж. Сабақтыңтақырыбы: Өз мұратына жету Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, топпен жұмыс  істеу, бірлік .  Сабақтың мақсаты: Ұжымда дұрыс қарым­қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат  жасамау, өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: Топпен жұмыс істеуді үйрету; Дамытушылық:Ешкімді ренжітпеуге, үнемі көмекке келе білуге ықпал жасау;  Тәрбиелік:Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Сабақтыңбарысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:  Тыныштық сәті.  №3Орманға серуен. Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс  алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз  орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттеп, есікті  ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып,  шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл­пәл қызарған күн сәулесін  сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді  басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен  балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен  жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар  нәрсені бақылып, ары  қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың  дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар  биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз,  жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз  сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып  отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен  құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең  тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым­ жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.   Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап,  оны қалайшы сүйетінімізді , қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес  үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген  уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға  дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналағ тағы бір көз қырын салыңыз. Келген  жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне,  мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең  жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайта келіңіз. Осы жым­ жырттық, тыныштық,  қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Өзін ­ өзі тану сабағында неше құндылықтар бар? 2.Құндылықтарды ата. 3.Қандай қасиеттерді білесіздер? 3. Дәйексөз «Бойыңызға болашақтың арман­мұраттарын дарытыңыз,оның  өзі шын мәніндегі күн шұғыласы тәрізді» 4. Әңгімелеу: 87бет.«Бақыт іздеушілер» ертегіні оқу. Сұрақтар: Сұрақ – жауап (пікірталас)  Мәтінді  талдау. 1.Байдың үш баласы кәсіпті қалай іздемекші болды? 2.Бақыт іздеуші кіші баласы кімдерге жолықты? 3.Жігіт өзіне тапсырылған аманаттарды қалай орындады? 4.Жігіт қандай қасиеттерінің арқасында мұратына жетті? 5.Бұл қасиеттер қандай құндылықтардың көрінісі? 6.Өзің мұратыңа жету үшін қандай жолды таңдар едің? 5.Шығармашылық іс­ әрекет, топтық жұмыс  І ­ топ. 1­тапсырма: Төмендегі ғұламалар ой­тұжырымдарын оқып, бақытты  адамды сипаттаңдар. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез­құлыққа  байланысты».                                   Әл­Фараби. ІІ ­ топ. 2­тапсырма: «Адамның бақытының өлшемі – көңілің қалаған, өзің  ұмтылған мақсатыңнан алған жан рахатыңның ләззаты. Ондай бақытқа бөленіп,  ләззатты алудың басты кепілі – ниет, пиғыл, мақсат».                                   Әл­Ғазали  ІІІ ­ топ. 3­тапсырма:  Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, «Менің  түсінігімдегі бақыт» тақырыбына ой­пікірлеріңді жазыңдар. 1.Сенің бақытыңның негізі неде? 2.Бақытты адамның ұстанымдары қандай болады? ІV ­ топ. 4­тапсырма:  89 ­ беттегі мәтінді оқып, қандай үлгі алуға болатынын  айтыңдар. Мұрат дегеніміз­  адамдардың өмірінің мәнін толықтырып дегеніне жетуі үшін  ұмтылған арманы. Адамдар армандаған мұраттарының әйтеуір бір кезеңде іске  асатынына сенім артады. Егер адам өзінің жүрек түкпіріне әдемі арманы мен жоғары мұратын ұялата білсе, онда ол адам кез келген жағдаяттарды құрметтеу арқылы  бастан кешіреді. Мұратты, көзге көрінген сұлулықты, жүректегі әуенді, жан  сұлулығын, жұмсақ. Таза нәзіктікті аялай білсек, осының бәрі қайран қалдыратын  аса жоғары әлем, егер де біз адалдық білдірсек, онда осының бәрі біздің әлемімізге  айналады. 6. Топпен ән айту Асыл арман  Өлеңін жазған:Бәкір Тәжібаев Әнін жазған:  Ескендір Хасанғалиев 1. Әлде бір алаулаған гүлімбісің.  Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,  Арманым айтарым көп саған менің.  Қ а й ы р м а с ы:  Асыл арман, асыл арман,  Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің. Асыл арман, аспанымда жарқылдаған құсым ба едің,  Мен сенің құдіретіңе, мен сенің құдіретіңе түсінбедім.  2. Әлде бір күлімдеген шырақпысың.  Әлде бір албыраған ай ма екенсің,  Арманым, айтшы маған қайда екенсің?  Қ а й ы р м а с ы:  3. Арманым жүрегімнің жыры ма едің,  Арманым,ақ сәулелі күнімбісің, Арманым құздан құлар бұлақпысың, Жас ару жанарының нұры ма едің.  Әлде бір сазы ма едің домбырамның,  Қиялды асқар шыңға қондыратын.  Қ а й ы р м а с ы: 7.Үй тапсырмасы:«Өз мұратына жету»тақырыбына эссе жазу. 8.Соңғы тыныштық сәті:Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді  бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде,  Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.

"Өз мұратына жету." 8 "А"сынып

"Өз мұратына жету." 8 "А"сынып

"Өз мұратына жету." 8 "А"сынып

"Өз мұратына жету." 8 "А"сынып

"Өз мұратына жету." 8 "А"сынып

"Өз мұратына жету." 8 "А"сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.02.2019