"ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ АТА-АНАМЕН ЖҰМЫС ЖОЛДАРЫ" - әдістемелік құрал
Оценка 4.8

"ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ АТА-АНАМЕН ЖҰМЫС ЖОЛДАРЫ" - әдістемелік құрал

Оценка 4.8
docx
30.11.2020
"ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ АТА-АНАМЕН ЖҰМЫС ЖОЛДАРЫ" - әдістемелік құрал
КАМБАСОВА М.М. самый классный классный.docx

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

«Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» ММ

 

«Ең «керемет» сынып жетекшісі - 2018» байқауы

 

 

 

 

 

 

 

 

КАМБАСОВА МОЛДИР МУРАТБЕККЫЗЫ

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ АТА-АНАМЕН ЖҰМЫС ЖОЛДАРЫ

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕЛІК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен, 2018

 

 

 

 

І БӨЛІМ

1. Әдістемелік нұсқаулық/Әзірлеме авторы: Камбасова Молдир Муратбеккызы, 7 «А» сынып жетекшісі, еңбек өтілі 11,5 жыл.

2. moldirkambasova@mail.ru

3. Түйін сөздер:

v «Жаңартылған білім бағдарламасы» -

v «Жағымды психологиялық ахуалы» -

v «Критериалды бағалау» - оқушылардың  оқу  жетістіктерін  білім  беру  мақсаттары  мен мазмұнына сәйкес, ұжым талқысынан өткен, оқушыға, ата-анаға және  мұғалімге  түсінікті,  нақты  анықталған  критерийлерге негізделген бағалау үдерісі.

v Кері байланыс - белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция.

v Тұлға жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым

4. Әдістемелік нұсқаулық/әзірлеменің өзектілігі:

Тәрбие – қайшылықты және ұзақ үрдіс. Оның нәтижесін есепке алу күрделі мәселе. Ол үшін жобаланған және қол жеткен шынайы нәтижені салыстырып талдау қажет. Нәтижеге қол жеткізуде мұғалім-оқушы – ата-ана арасындағы қарым-қатынас пен өзара әрекеттестіктің маңызы өте зор. Оқу мен тәрбие қатар жүретін, өзара ажырамайтын егіз ұғым. Оқу үрдісінде болып жақан өзгерістер тікелей тәрбие үрдісіне де әсер етеді. Қазіргі қоғам - жаһандануға қарай бет бұрған, озық идеялар мен технологияларды жетік меңгерген ұрпақтың қоғамы. Сонымен қатар, Қазақстанның алдында тұрған нақты мақсаты әлемнің озық, басекеге қабілетті, саяси-экономикалық және әлеуметтік – мәдени тұрғыда дамыған елдердің алдыңғы қатарында көрінуі. Бұл ретте білім ошақтарының алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, алған білімдерін өмірде қолдана алатын ( функционалды сауаттылығы қалыптасқан),  әлеуметтенген еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. 2017-2018 оқу жылында «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің» 1,2,5,7 сыныптары жаңартылған білім мазмұнына көшті. Осыған орай сынып жетекші, пән мұғалімдері және ата-ананың алдында оқушы бойындағы тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мен жаңа үлгідегі білім мазмұнын меңгерту жолында бірлесір әрекет ету қажеттілігі туындады. Осы өзгерістерге байланысты туындаған қиыншылықтарды ескерсек,  аталмыш әдістемелік әзірлеме/ ұсыныстың өзектілігі айқын көрінеді.

Мақсаты: Толыққанды тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін тәрбиені ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы деп түсіну қажет. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Осы ретте автор оқу-тәрбие үрдісіндегі ата-ананың рөлін ғана  айқындап қоймай, жаңартылған білім мазмұны негізінде ата-аналармен атқарылатын жұмыстардың жолдарын ұсынады.

Міндеті. Аталған мақсатты басшылыққа ала отырып, төмендегідей міндеттерді ұсынады:

1.      Оқу – тәрбие үрдісіндегі ата-аналармен атқарылатын нақты міндеттерді анықтап алу;

2.      Жаңартылған білім мазмұны негізінде туындаған мәселелерді анықтап, оладың шешілу жолдарын анықтау;

3.      Ата-аналар оқуының нақты жоспарларын ұсыну.

Қатысушылар: 5-7 сынып оқушыларының ұжымы, ата-аналары және пән мұғалімдері мен сынып жетекшісі;

Сипаттама:

Аталмыш әдістемелік нұсқаулық/ әзірлеме тәрбие үрдісіндегі отбасылық тәрбиенің, ата-ананың тәрбие үрдісінде қатысуының маңызын ашып көрсете отырып, жаңартылған білім мазмұнына көшу барысында сынып жетекші мен ұстаздардың сол сияқты, ата-ана  және оқушылардың алдында туындаған мәслелерді анықтап, талдау жасалып, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.

2 БӨЛІМ

1.      Күтілетін нәтиже

Егер, жоба барысында аталып көрсетілгендей оқу-тәрбие үрдісінде сынып жетекші мен отбасы арасындағы тұлғаны дамытуға, жаңартылған білім мазмұнын меңгертуге арналған әрекеттер өз деңгейінде жүзеге асса, онда білім алушалардың оқуға ынталары артып, оқуға қызығушылықтары төмендемейді. Нәтижесінде ата-ана мен мектеп ұжымы (әкімшілік, сынып жетекші, пән мұғалімдері арасында)  қайшылықтар туындамай, тұлғаның қалыптасуына қажетті жағымды психолгиялық ахуал қалыптасады. Кез келген ата-ананың көкейіндегі «Бұл бізге не береді?» деген жаңартылған білім беру мазмұны жайлы сауалдың орнына, нақты бағалау критерийлерінің көмегімен оқушы, ата-ана және мұғалім келесілерді түсінуге мүмкіндік алады:

v  Оқушы білім алудың қай сатысында;

v  Сабақ оқуда олар неге талпынады;

v  Оқушының осыған қол жеткізуіне көмектесу үшін не істеу қажет?

Ата-ананың ойы мен пікірі арқасында, кері байланыс жасала отырып алдыға нақты мақсаттар қойылып, сол бағытта жұмыстар жүзеге асады.

2.      Нәтижелілік (тиімділік) мониторингісі:

Қолданыстағы білім мазмұнымен салыстырып көретін болсақ, мәселен, қолданыстағы білім «Мектепте нені оқытады?» деген сұрақ аясында болып, баланың теориялық біліміне, яғни, бала біледі және түсінеді дегенге бағытталған. Ал қазіргі жаңартылған білім мазмұны «Мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп – лицейінде» 2017-2018 оқу жылының қыркүйек айынан бастап 1,2,5,7 сыныптардың сабақтарына ену барысында, мұғалімдер оқушыларға бағдарламадағы оқу мақсаттарын игертуде қарқынды жұмыс жасап жатыр. Осы жағдайда жыл басындағы жалпы көріністі жыл соңындағы болжамды қорытындыны төмендегідей мониторинг нәтижеснен байқауға болады:

 

Сурет №1: әдістемелік ұсыныстың сынып жетекші жұмысы үшін тиімділік мониторингісі:

 

ІІІ БӨЛІМ

«Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін»                                       

В.А. Сухомлинский

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш: мұғалім - оқушы – ата-анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды. Отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

ХХІ  ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін ең алдымен сапалы білім керек. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар,  оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. «Қазақстан  - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуы мен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру  кеңестігіне кіріктірумен сипатталады.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып,   жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.  Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген [1,5].

Заңда атап көрсетілген жағдайлардың қатарына жоғарыда аталып кеткен ата-ана – оқушы – мұғалім үшбұрышы арасындағы жағымды психологиялық ахуалды атап көрсетуге де болады.

Бүгінде Елбасымыз алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» – баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Соның ішінде: 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектепте оқытудың стандарттарын жаңғырту, білікті мамандар даярлау.

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан  жеке тұлғаны дайындаумен ғана  шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы  әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мәнмәтін аясында өрістелуі тиіс.

Сондықтан, қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі. Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Осы тарапта білім алушылардың жаңартылған білім мазмұнына сәйкес білімді меңгеріп кетуінде мектеп ұжымы ғана емес, ата-ананың да рөлі жоғары.

Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар оқулары, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.

Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Биылғы оқу жылындағы білім саласындағы өзгерістер де ата-ана мен мектеп арасындағы көптеген өзекті мәселелерде көрініс тапқаны анық.

Тәрбиенің концептуалдық негіздері мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген жүзеге асыру жоспарына сәйкес, мектептерде мектептің тәрбие жұмысының жоспары әзірленген. [??????]

Басты мақсаты болып жан-жақты тәрбие және жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаның дамуы саналады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар толықтай педагогикалық процесстің өзегі болып  табылады, тәрбие жұмысының барлық бағытын қамтиды:

1) Қазақстандық патриотизмді және азаматшылықты, құқықтық тәрбиелеу;

2) рухани-адамгершілік тәрбие;

3) ұлттық тәрбие;

4) отбасылық тәрбие;

5) еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;

6) мәдени және көркем-эстетикалық тәрбие;

7) зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдени тәрбие;

8) дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Жоғарыда аталып отырған бағыттарды саралай келе, жаңартылған білім мазмұнына орай отбасылық тәрбие бағытына арналған жұмыстар мазмұны өте өзекті және білім алушылардың өтпелі кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескерсек, ата-ананың қолдауы мен бағыт бағдар беруі өте тиімді болары анық. Себебі, отбасылық тәрбие ата-аналарды ақпараттандыру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеуде жауапкершілігін арттыру, отбасылық өмірдің рухани-адамгершілік негізін ашу мақсатында, мектептерде сынып және жалпы мектепшілік жиналыстары, ата-аналардың мектепшілік қоғамдық кеңесінің және қорғаншылық кеңесінің отырыстары, жеке кеңестер мен дәрістер өткізіліп тұрады.
Ата-аналар жалпы мектепшілік және сыныптан тыс іс-шаралар өткізуге тартылады.

 Осы тарапта мектеп әкімшілігі мен сынып жетекші арасындағы дұрыс жолға қойылған жұмыстар мазмұны көп көмек көрсетері анық.

Сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде:

- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

- баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;

- балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;

- сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда.

Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1.      Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы,ата-анасының педагогика білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беру, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді;

2.      Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сыныптағы сабақ беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жоспарын жасау, оларпды мектептегі қоғамдық жұмыстарға тарту, атқарылған істерге талдау жасап отыру және т.б. жұмыстарды міндеттейді.

4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру.  Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдардарында, семинарларда, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттай отырып, білім саласында болып жатқан өзгерістерден хабардар етіп қане қоймай, білім беру үрдісіндегі орындарын айқындап бағыт-бағдар беру қажет.

«Ш,Уәлиханов атындағы  №3 мектеп - лицейінің»  2017-2018 жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде  5,7 сынып оқушылары мен ата-аналары тарапынан төмендегідей мәселелер туындады:

1.    Жаңартылған білім бағдарламасы 5-7сынып оқушыларына бастауыш сыныптан емес орта буын кезеңінде өтуі барысында, мектеп бағдарламасында өзгерістердің болуы (тақырыпқа ққатысты берілетін материалдардың оқулықта ауқымының аздығының нәтижесінде бөлім бойынша берілетін тапсырмалар үшін қосымша деректерді өз беттерінше игеруі);

2.    Дәстүрлі бағалауға үйреніп қалған орта буын оқушыларының қалыптастырушы бағалауға мойынсунбауының салдарынан ынталарының төмендеуі;

3.    Ата-ананың қазіргі қоғам талабына сәйкес жұмыстбастылығынан баласының үй тапсырмасын орындауда көмек көрсете алмауының салдарынан оқушының ынтасының төмендеуі, саладырынан ата-анамен сынып жетекіші, ұстаздар арасында түсінбеушіліктердің жиі орын алуы;

4.    Бескүндік оқу аптасына көшу барысында оқушылардың сабақ кестесінде 6-7 сабақтардың күнделікті қойылуы, соған байланысты апарылатын оқулықтардың санының көптігі салдарынан сабақ сөмкелерінің жасөспірімдер үшін ауырлығы да ата-ананың наразылығын тудыруда;

5.    Бөлім бойынша алынатын жиынтық бағалаудың кей жағдайларда оқушы білімін жан жақты бағалауға мүмкіндік бермейтіндігі де туындаған мәселелер қатарында. Себебі, бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған 20 минуттық уақытта кейбір оқушылардың жеке ерекшіліктері (мысалы ұзақ ойланып, ой қорытатындары бар) есепке алынбайды. Нәтижесінде, оқушының білімі толық бағаланбай, төмен баға қойылады.

6.    Сынып жетекші мен пән мұғалімдерінің тарапынан ата-ананың барлығына жіберілуі тиісті рубриканың әртүрлі себептерге (сабақ беретін сыныптарының, оқушылар санының көптігінен, барлық оқушыға рубрика жасап отыруға материалдық базаның болмауы) байланысты жіберілмеуі де кей жағдайда ата-ананың тарапынан сынға ұшырап отырылады.

Жоғарыда аталған мәселелерді талдай келе, 7 сыныптың сынып жетекшісі ретінде төмендегідей модель жасалды:

Кесте №1 Жаңартылған білім мазмұны негізінде сынып жетекшінің атқаратын  қызметінің мазмұны және оқу жылы көлемінде өткізілетін ата-аналар оқуының үлгі тақырыптары

Жаңартылған білім мазмұны негізінде сынып жетекшінің атқаратын  қызметінің мазмұны

Жұмыс бағыттары

Не жасалу керек?

Нәтижесі қандай?

Сынып жетекші, пән мұғалімі ретінде

Жаңартылған білім мазмұны бойынша теориялық білімді меңгеру, қосымша деректермен жұмыс жасау.

Ата-ана мен сынып жетекші, пән мұғалімдері арасында түсініспеушіліктер жойылып, оқу-тәрбие үрдісінде бірлесе отырып әрекет етеді.

Оқушы портфолиосы жинақталады.

Әріптестермен сыныптың оқу үлгерімі, психологиялық жағдайы туралы ақпарат алмасып отыру

Сынып ұжымымен

Жаңартылған білім мазмұнын, пән бойынша бағалау ережелерін таныстыру

Оқушылардың жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері, критериалды бағалау туралы түсініктері қалыптасады. Сынып ұжымы мен пән мұғалімдері арасында ынтымақтастық қалыптасады.

Сыныптағы оқушылардың  өтпелі мінез-құлықтарындағы өзгерістерді бақылап отыру

Ата-анамен жұмыс

Тәрбие бағыты бойынша  отбасы тәрбиесі бойынша атқарылатын жұмысты басты назарда ұстау

Ата-ананың жаңартылған білім мазмұнының дәстүрлі, қалыптасқан білім беру жүйесінен өзгешелігін ажартуына мүмкіндік туады. Туындаған мәселелерге байланысты ата-аналар оқуының тақырыптарын өздері ұсына алады.

Ата-анаға жаңартылған білім мазмұнына сәйкес атааналар оқуын өткізу (өзекті мәселелер бойынша)

Сыныптың отбасы тәрбиесіне және жаңартылған білім мазмұнына орай ұйымдастырылатын ата-аналар оқуының тақырыптары

І ТОҚСАН

ІІ ТОҚСАН

ІІІ ТОҚСАН

ІV  ТОҚСАН

Жаңартылған білім мазмұны деген не?

Оқушылардың білімін бағалау үрдісімен таныстыру. Критеиалды бағалаудың мәнін ұғындыру

Оқу – тәрбие үрдісінде жаңартылған білім мазмұны енгенненкейінгі туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары

Жаңартылған білім мазмұны енгізілгеннен кейінгі оқушы бойындағы психологиялық-тұлғалық өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтау, туындаған мәселелер бойынша шешімдерін қарастыру

Мұғалім – ата-ана – оқушы үшбұрышының бірлескен жұмысы арқылы жаңартылған білім мазмұнын саралау арқылы, тиімді жақтары мен ұсыныстарды атап көрсету арқылы оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылына жоспар жасау.

 

АТА-АНАҒА нені ІСТЕГЕН МАҢЫЗДЫ

Оқу барысында балаңызға қажетті қолдау көрсету және көмектесу.

Балаңыздың оқу нәтижелерін қадағалау.

Мұғалімдермен сенімді қарым-қатынас орнату және балаңыздың оқу нәтижелерін олармен үнемі талқылау.

Мектепте өткізілетін іс-шараларға (оқыту семинарлары, тренингтер, бағалау бойынша кеңес беру және т.б.) қатысу.

Мұғалімнің кері байланысына назар аударып, оқуда нәтижелерге қол жеткізу үшін балаңызға қолдау көрсетуіңіз өте маңызды. Бұл оқудағы олқылықтардың алдын алуға және жиынтық бағалауға дайындалуға өз септігін тигізеді

Қорытындыға Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.


 

Скачано с www.znanio.ru

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

БӨЛІМ 1 . Әдістемелік нұсқаулық/Әзірлеме авторы :

БӨЛІМ 1 . Әдістемелік нұсқаулық/Әзірлеме авторы :

БӨЛІМ 1. Күтілетін нәтиже

БӨЛІМ 1. Күтілетін нәтиже

БӨЛІМ «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін»

БӨЛІМ «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін»

Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар оқулары, ата – аналардың ашық күні,…

Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар оқулары, ата – аналардың ашық күні,…

Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату

Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату

Сынып жетекші, пән мұғалімі ретінде

Сынып жетекші, пән мұғалімі ретінде

Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын…

Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020