Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру
Оценка 4.7

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру

Оценка 4.7
Документация
docx
география
Взрослым
10.11.2018
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру
Баяндамамды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп отыр. «Біз қазір «білім – ғылым - инновация» атты үштік үстемдік құратын пост индустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Қостанай қаласында «Назарбаев зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 3 - ші шілде мен 28-ші шілде аралығында қазақ тілі пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтті. Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдардыңБаяндамамды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп отыр. «Біз қазір «білім – ғылым - инновация» атты үштік үстемдік құратын пост индустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Қостанай қаласында «Назарбаев зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 3 - ші шілде мен 28-ші шілде аралығында қазақ тілі пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтті. Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдардың
00107ced-7c82eb67.docx
«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №1 орта мектебі» КММ БАЯНДАМА Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру»                                                                             Оқыған: Қабылдина М.Д Баяндамамды Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп отыр. «Біз қазір «білім – ғылым ­ инновация» атты үштік үстемдік құратын пост индустриялық   әлемге   қарай   бағыт   алып   барамыз»,   ­   деген   болатын.   Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі    білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Бүгінгі   таңда   елімізде   білім беру мазмұны жаңа   бағытқа   бет   бұрды.   Қазақстан   Республикасында   орта   білім   беру   мазмұнын жаңарту   шеңберінде   білім   беру   үдерісінің   құрылымы   мен   мазмұнына   елеулі өзгерістер   енгізілуіне   байланысты   Қостанай   қаласында   «Назарбаев   зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 3 ­ ші  шілде мен   28­ші   шілде   аралығында   қазақ   тілі   пәні   бойынша   педагогика   кадрларының біліктілігін   арттыру  курсы  өтті.  Курсқа  алғаш  келген  күннен  бастап,  көкейімізде жүрген   көп   сауалдардың   жауаптарын   алдық,   жалпы   білім   беру   мазмұнының өзгешелігімен,   ерекшелігімен   таныстық.   Біз   осы   оқу   барысында   қазақ   тілін   жаңа мазмұнда   оқыту   бойынша   дәріс   ­   тренингтер   тыңдап,   жаңартылған   білім   беру бағдарламасының   құрылымын,   мақсат   ­   міндеттерін   түсініп,   осыған   сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.   Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында   іске   асырдық,   түрлі   тапсырмалар   мен   жаттығулар   әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен ­ Оқу бағдарламасы, оқу   жоспары   және   қалыптастырушы   бағалауға   арналған   тапсырмалар   жинағымен танысып, жұмыс жасадық.    Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі ­ оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және   интерпретациялау   дағдыларын   дамыту;   адам,   табиғат   және   қоғам   туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани ­ адамгершілік   құндылықтарын   дамыту. Жаңа   бағдарламаны   меңгеру   барысында ерекше есте қалған мына әдіс ­ тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Артығын тап», «Ішкі және сыртқы шеңбер», Ыстық орындық»,   «6 қадам», «Драма әдісі», «Әдебиеттік үйірме», «графикалық органайзерлер», «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Серпілген сауал», «Конверттегі сұрақ», «Ширату» , «Бос микрофон» сынды әдіс – тәсілдер арқылы үйрендік. Курстан өте көп жаңалық, білім алдық. Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей, жаттықтырушымыз бізге өте әділ, мейірімді, білімді, алғыр басшы бола білді.   Алдыңғы   білімді   өткен   біліммен   салыстыра,   ұштастыра   отырып, түсінбегенімізді   қайта   түсіндіріп,   әр   тыңдаушының   санасына   жеткізе   білді.   Курс аясында білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақ тартымды, қызықты өтті. Міне, көріп отырғандарыңыздай жоғарыдағы әдістердің көмегімен мен әр сабағымда тиімді пайдаландым.   Соның   нәтижесінде   оқушылар,   әр   сабағымда   білімге   деген құштарлықтарын көрсете білді. Бұлай деуімнің себебі, оқушылар осындай әдістердің көмегімен   өз   ойларын   жетік   айта   алды.   Неге   десеңіздер   бұл   әдістердің   көмегі арқылы,   олар   өздерін   еркін   ұстап,   бірін   –   бірі,   өзін   ­   өзі   бағалай   алды.   Соның нәтижесінде оқушылар білімдерін білгендерінше қысылмай айтып,   өзгенің пікіріне қосылып, нәтижесінде тақырыпты нақты түсініп, жұмыс жасай алды.  Қорыта   келе,   мен   баяндамамды   ақын   Міржақып   Дулатовтың     «Жалғыз   сүйеніш, жалғыз үміт ­ оқуда.  Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы   орнымызды   алсақ   та,   бір   ғана   оқудың   арқасында   аламыз.   Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз  ­  оқу. Надан жұрттың күні  ­  қараң, келешегі  ­  тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр ­ ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру ­ тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай   жаңа білім беру   ­   жеке тұлғаның жан  ­  жақты дамуына әкелетін бірден  ­  бір жол!

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.11.2018