Жай заттар
Оценка 4.6

Жай заттар

Оценка 4.6
docx
27.01.2021
Жай заттар
Жай_заттар[1].docx

Тақырыбы: Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері

Мақсаты: Элементтердің және оның қосылыстарының табиғатта таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді білу.

 

 

Табиғатта неше миллион түрлі заттар бар – темір, мыс, пластмассалар, су, ауа, қағаз, маталар, шыңы, сүт, май, тас және тағы да сол сияқтылары.

 

Әрбір заттың құрамында атомдар бар болады. Атомдар бұл заттың ең кішкентай әрі бөлінбейтін бөлшегі, атомдар көзге көрінбейді, бұлардың өлшемдері шағын. Атомдар химиялық жолмен бөлінбейді. Бірнеше атомдар бірігіп молекуланы құрайды. Молекула заттың қасиеттерін сақтайтын ең кішкентай бөлшегі.

 

Мысалы темір деген зат темірдің ұсақ атомдарынан құралған. Бұл затта атомның тек қана бір түрі бар – бұл темірдің атомдары.

 

Жай зат дегеніміз бұл тек қана бір түрлі атомдардан құрылған заттар. Мысалы мыс, темір, алюминий сияқты металдар жай заттарға жатады.

 

Ал құрамында бірнеше түрлі атомдар бар болатын заттарды күрделі заттар дейді. Мысалы су молекуласы екі атомнан құралған – сутегі мен оттегіден:

 

Су молекуласы

 

Оттегі атомы қызы түсті ал сутегі атомдары ақ түсті. Сутегі атомдарын H әрпімен ал оттегі атомдарын O әрпімен белгілейді. Судын молекуласында екі сутегі атомы және бір оттегі атом бар болғандықтан, осы заттың химиялық формуласы мынандай болады: H2O

Молекула - заттың құрамымен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі.

Атом - заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.

Судың құрамына екі түрлі - сутек және оттек атомдары кіреді, сондықтан оны күрделі заттарға жатқызады. Күрделі заттардың құрамында екі немесе одан да көп атом түрлері болуы мүмкін.Жай және күредлі заттар химиялық қосылыстар деп аталады.

Жай және күрделі заттардың сипаттамасы 1- кестеде берілген.

1-кесте

Заттар және олардың сипаттамалары

Жай заттар

Күрделі заттар

Атомдардың бірдей түрінен құралады

Атомдардың әртүрлі түрінен құралады

Химиялқ жолмен бөлінбейді

Химиялық жолмен бөлінеді

Мысалдар:

Сутек

Оттек

Магний

Күкірт

Темір

Мыс

Мысалдар:

Су

Ас тұзы

Қант

Калийдің

марганецпен және оттекпен

қосылысы

Магнийдің

Оттекпен

қосылысы

Темірдің

күкіртпен

қосылысы

 

Темір мен күкірттің әрекеттесуін сипаттау. Бастапқыда алынған темір мен күкірт ұнтақтары - жай заттар, өйткені олар өздерінің біртекті атомдарынан құралған. Темір мен күкіртті араластырып механикалық қоспаға айналдырғанымызбен, олар өз қасиеттерін сақтап, жай зат түрінде қала береді. Ал қыздырудың әсерінен химиялық реакция жүріп, темір мен күкірт атомдары қосылғанда күрделі зат түзіледі. Оның молекуласы әртекті темір мен күкірт атомдарынан құралады. (10-сурет). Түзілген жаңа зат химиялық қосылыс болып саналады. Оның қасиеті темір мен күкірттің қасиеттеріне мүлдем ұқсамайды.

https://ust.kz/materials/docx/image/2018/december/d05/1544032272_html_6e332b007e257706.jpg

 

 

 

 

Кері байланыс

1.Атомдар туралы толық мәлімет жазыңдар.

2. Молекулалар туралы толық мәлімет жазыңдар.

3. Жай және күрделі заттар туралы толық мәлімет жазыңдар.


 

Тақырыбы: Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері

Тақырыбы: Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері

Атом - заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі

Атом - заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі

Кері байланыс 1.Атомдар туралы толық мәлімет жазыңдар

Кері байланыс 1.Атомдар туралы толық мәлімет жазыңдар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.01.2021