Жаксылык жасай билейк
Оценка 4.7

Жаксылык жасай билейк

Оценка 4.7
Образовательные программы
docx
воспитательная работа
4 кл
10.02.2017
Жаксылык жасай билейк
Жаксылык жасаудын адами карым-катынастагы мандилигин тусиндиру. жаксы мистер жасай билу искерликтерин дамыту. попоим оаомлд оалр. порт. агапдд. враоплр. рсоьби ссоплрт оаомлоюо. враопли ромлр апоали оамтлб атпоач пвпыкфк ваооодр ыаыапопл пвпцырпо ы перцеуопрл раоелрр пуапро ппро враопло врвчопл враоплр рропрвыч рвпвполо ыааысыва уаппрлаогкешн рщнщг рднгз рщнщл. попшрнщ агкге поагпшо плпшнщ
16..docx
Ресурстар:  (Интерактивтітақта , компьютер,  маскалар, гүлдер,  көбелектер,  жүректер. ) Мектеп «С.Торайғыров атындағы негізгі орта мектебі»КММ Мерзімі:                            Тақырып: Жақсылық жасай білейік Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Жақсылық, сүйіспеншілік, қамқорлық Мұғалім: А.Нағызбаева   Сынып  4­сынып    Оқушылар саны ­5 Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық»,  «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: 1. Жақсылық жасаудың адами қарым – қатынастағы мәнділігін  түсіндіру.  2. Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.  3. Қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.  Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті. Жайлы баяу музыка қойылады. Нұрға бөлену      Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға болады.  Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің  төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және  таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек –  қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.                             Нұр сәулесі  сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе  түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға  бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға  көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.  Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен  махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.  Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды  құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана  естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен  жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға  тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте­бірте қарқынмен шұғылана бастайды,  сіздің денеңізден шығып, жан­жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды  туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға  бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да  бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық  адамдарға, жан­жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...  Ғаламның барлық түкпір­түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен  нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және  Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...                                                                          Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің  жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.                                   Жаймен  көзіңізді ашуға болады. 1. Үй тапсырмасын тексеру.  Сара Алпыс қызы туралы арнаулар жаттау 2. Дәйексөз. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын. Халық мақалы Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен  жеткізеді. 3. Әңгімелеу. Ертегі Жақсылық пен жамандық Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол  иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық  “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның  бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты.  Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына  шығып қалған балықты көреді.  Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:  ­ Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, ­ десе, Жамандық:  ­ Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, ­ дейді.  Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан  көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып  барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда  ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. .  Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр  еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны  ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:  ­ Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына  салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит  – құсқа жем боласың ғой, ­ дейді.  Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:  ­ Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін  жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, ­  дейді.  Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып,  ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.  Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың  дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о  жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді  екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып  тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ  түрді. Ол:  ­ Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кеуге әзір тұрасың. Бұл  құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол  ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек  қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен  үйренбейсің бе? – деп налыған екен.  Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Адам ата ұрпағын алдына  шақырып алып:  ­ Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы  боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай  адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай,  жақсылыққа жолдас бол, ­ деп батасын береді.  Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.  1.Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп  ойлайсыңдар?  2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?  3. Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу  керек? Сар Алпысқызы туралы дерек бере кету 4. Шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс. I Ана туралы мақал мәтел не өлең жолдарын жазу II Өз аналарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар 5. Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсынақ ниет бар адамдар! Қайырмасы:  Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Жолы болсынақ ниет бар адамдар! Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсынақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. 6. Үй тапсырмасы.  Қанат пен Жанат оқу. 7. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді  жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!! Тексерілді:

Жаксылык жасай билейк

Жаксылык жасай билейк

Жаксылык жасай билейк

Жаксылык жасай билейк

Жаксылык жасай билейк

Жаксылык жасай билейк

Жаксылык жасай билейк

Жаксылык жасай билейк
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017