Табиғат. Адам. Өмір. Адам мен табиғат бір-біріне тығыз байланысты. Табиғат–өте ауқымды, кең ұғым. Сол әлемнің кішкентай бөлігі жануарлар және оларды қорғау ұрпақ міндеті.Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сеізне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.Табиғат. Адам. Өмір. Адам мен табиғат бір-біріне тығыз байланысты. Табиғат–өте ауқымды, кең ұғым. Сол әлемнің кішкентай бөлігі жануарлар және оларды қорғау ұрпақ міндеті.Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сеізне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
Жануарлар әлемін сақта. Баяндама..docx
«Жануарлар әлемін сақтау ұрпақ міндеті»
«Негізгі орта білім» мамандығының
ІІкурс студенті Мұхамади Динара
Ғылыми жетекшісі: Жаратылыстану пәндерінің
оқытушысы Танбаева Н.С
Мақсаты: Қоршаған ортаны бай қалпында сақтауда жануарлардың мол
үлесі барын және өмірімізде олардың маңызды орын алатындығын ескерте
отырып жан – жануарларды қорғауға, санын арттыруға шақыру.
Табиғат. Адам. Өмір. Адам мен табиғат бірбіріне тығыз байланысты.
Табиғат–өте ауқымды, кең ұғым. Өйткені, табиғаттың ішіне бүкіл әлем енеді.
Сол әлемнің кішкентай бөлігі жануарлар және оларды қорғау туралы
сіздермен бөліссем деймін.
Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млндай түрі, 17 типі бар.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі
пайдалы болып табылады. Азықтүлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май,
сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, дәрі, т.б. береді. Сондайақ, олар – ауыл
шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа
жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары.
Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы
қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Біздің елімізде табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі.
Жалпы көлемі 2 млн. 724902 мың шаршы километр жерді алып жатқан
Қазақстан территориясының ормандары мен кең байтақ жазық даласында,
өзенкөлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрідәрмектік шикізат беретін жан
жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Қазақстанда омыртқалы
жануарлардың 835 түрі оның ішінде сүтқореткілердің 178 түрі: Құстың – 500,
бауырымен жорғалаушылардың 49, қосмекенділердің – 12, балықтың 104
түрі, өмір сүреді. Бұл ретте Қазақстан бағалы аң терісін дайындау жөнінен
барлық республикалар ішінен екінші орын алады. Республикамызда тек соңғы
бес жылда 16,5 миллион сомға аңдардың бағалы терілері дайындалып,
мемлекетке өткізілді. Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда бір миллион 350
мыңға жуық ақбөкен ауланып, одан 23 – 25 мың тонна ет, 35 – 40 тоннадай
дәрі жасалатын мүйіз өндірілді. Тек ақбөкен аулаудан алынған.
Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді.
Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке
жатады — бүкіл халықтың игілігі.
Жануарлар дүниесі аса бай деп айтқанымызбен олардың көпшілігінің
азайып бара жатқандығы рас. Кейбір жануарлардың түрлері сиреп, жер
бетінен жойылып бара жатыр. Мемлекет бұл мәселені қорықтар ашу және
«Қызыл кітапқа» жануарлардың сиреп бара жатқан түрлерін енгізу арқылы
қарастырып келеді. Жануарларды қорғаудың тарихы адамдардың, ісәрекеті мен тығыз
байланысты.
Жер бетін мекендеушілердің арасындағы адамдардың
ерекшеліктері олар өз тіршілігінде алдына белгілі мақсат қояды. Сол
мақсатына жету үшін миллиондаган жылдар бойы табиғатқа және жан
жануарға әсерін тигізуде. Бұл құбылысты зерттей келе жануарлар әлемі мен
табиғаттың тарихымен адамның тарихы бір бірімен тығыз байланысып және
бірінбірі толықтырып отыратындығы анықталған.
Тарихтағы деректерге сүйенетін болсақ жануарлар мен табиғатты
қорғауға арналған заңдары. Біздің эрамызға дейін жұмыс атқарғаны туралы
көптеген дәлелдер кездеседі.
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту
және пайдалану туралы ҚР, 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 заңы қабылданған.
“Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы” заңның бірнеше
бөлімдері бар. Олар: жануарлар дүниесін пайдалану; жануарлар дүниесін
қорғау; жануарлардың мемлекеттік есебі және жануарлар дүннесінің
мемлекеттік қоры; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалануға бақылау;
жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін
жауапкершілік; халықаралық шарттар.
Табиғатты қорғау туралы заңдар объектілерді және оларды қорғаудың
негізгі жолдарын анықтайды. Мысалы, Қазақстанның “Табиғатты қорғау
туралы заңы” аңшылық шаруашылықтың қоры — жануарлардың санын реттеп
отыруды және оларды қорғауды, балық шаруашылығын басқа да кәсіпшілік
маңызы бар аңдар мен құстарды қолға үйрету және клеткада аңдарды өсіру
мақсатында үй жануарларының жаңа тұқымдарын шығаруда тұз
жануарларының түрлерінің қажет екендігін тағайындайды (белгіленеді).
Сирек және құрып бара жатқан жануарлардың түрлері атып жоюдан сақтау
үшін қорғауға жатады. Егер жануарлар ауыл шаруашылығына зиянын
тигізбесе немесе халықтың денсаулығына әсерін тигізбесе, онда олардың
кәсіптік маңызы болмаса да қорғауға алынған. Осы заңда қорғау жолдары да
көрсетілген: кәсіптік маңызы бар жануарларды аулау ережелерін сақтау,
кәсіптік
пайдалану
үшін олардың тіршілік ортасы мен санын көбейту жағдайын жақсарту, санын
реттеу көрсетілген.
жануарлардың
маңызы
бар
қорын
Жергілікті жерге аңдардың жаңа түрін әкеліп жібергенде, сол жерден
жануарға зияны тимейтіндей жағдайлар көрсетілген. Заңының ережелері
негізінен кәсіптік маңызы бар балықтарға, аңдарға және құстарға қатысы бар.
1991 жылғы 18 маусымда “Қазақстанда айналадағы табиғи ортаны қорғау
туралы” заң қабылданды. Онда да жануарлар дүниесін қорғау жайында
бөлімдер бар.
Аңдардың барлығын дерлік аулауды арнайы рұқсат (лицензия)
қағазының негізінде ұйымдасқан аңшылық шаруашылықтары жүргізеді.
Әуесқойлық және кәсіптік жолмен қандай жануарлардың қай мезгілде және
қалай ауланатындығы көрсетілген. Сонымен қатар кай аңды қанша мөлшерде де
шек
жөнінде
болатындығы
аулауға
койылады.
Көрсетілген заң ережелеріне сәйкес түз жануарлары мемлекеттік меншікке
жатады, соған сәйкес оларға деген көзқарас үнемді, тиімді пайдаланылуы
қажет. Саны сиреп бара жатқан аңдар мен құстарды, сол сияқты кәсіптік
маңызы жоқ пайдалы жануарларды аулауға тыйым салынған.
Кімдекім аулау ережесін бұзатын болса, ондай адамды браконьерлер деп,
оларға қарсы күрес жүргізеді, тіпті оларды саптап, дүние мүлкін мемлекет
есебіне алады.
Жануарлар санының азаюына адамдардың тигізетін әсері
Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесе
екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Мұның бәрі тарихи дамудың
барысында климат жағдайының, ландшафтың өзгеруңнен және өз ара тіршілік
үшін күресетін нәтижесінде пайда болған құбылыс.
Д. Фишердің (1976) есебі бойынша Жер бетінде адамдар пайда болғанға
дейін құстардың тіршілік ету ұзақтығы шамамен 2 миллион жыл,
сүтқоректілердің өмірі шамамен 600 мың жыл болған. Әрине, адам көптеген
түрлердің жойылып кетуіне себепкер болған бұл процесті де тездетті.
Бұлардың бірінші құрбаны ең ірі жануарлар болған. Европада осыдан 100 мың
жыл бұрын адамдар көптеген жануарлардың, орман пілінің, алып бұғының,
жүнді мүйізтұмсықтың және мамонттың құрып кетуіне тікелей қатынасты.
Солтүстік Америкада шамамен 3 мың жыл бұрын адамдардың қатысуымен
мастодонт, алып лама, үлкен ләйлік және т.б. хайуанаттар құрып кетті.
Қазіргі адамның жер бетінде өмір сүріп келе жатқанына 40 мыңдай жыл
болған. Ол мал өсірумен және егіншілікпен осыдан тек 10 мың жыл
шамасында ғана шұғылдана бастаған.Сондықтан да қалған 30 мың жыл бойына
тамақ пен киімнің көзі тек аңшылық қана болды. Европада шөппен
қоректенетін ең ірі аңдар – мамонттар, алып бұғылар қырылып біткеннен
кейін, олармен қоректенетін үңгір арыстаны, үңгір аюы да жойылып кетті.
Жануарлардың белгілі бір түрі эволюцияның дамуында бір ландшафтқа я
болмаса өсімдіктің бір түрлерінің арасында тіршілік етуге бейімделеді.
Мысалы, қырғауыл, қопалы қамыс арасында және тікенекті бұталардың ішінде
тіршілік етеді. Сол сияқты шөл және шөлейіт аймақтың сәні қарақұйрықты да
айтуға болады.
Ауыл шаруашылығының және басқа салалардың жедел дамуына
байланысты жануарлар саны жылдан жылға азаюда. Бұрын Қазақстандағы
мекендеген жабайы түйе, жабайы сиыр, жолбарыс, солтүстік бұғысы, құлан
сияқты аңдарды бұл күндері кездестіру қиын. Оған мынадай деректі мысал
келтіруге болады. Кейінгі 2000 жыл ішінде жер бетінен жануарлардың 110
түрі жойылып кетті. Енді осы құрып кеткен жануарларды уақыт өлшемімен
салыстырып, қай кезеңде қалай өткендігін айта кетейіек. 110 түрдің үштен
бірі (38) XVIII ғасыр уақыт ішінде құрып кетіпті, келесі үштен бірі (36) тек
өткен бір ғасырда жойылып кеткен. Ал қалған үштен бірі соңғы елу жыл
ішінде құрып отыр. Мұның өзі бүкіл дүние жүзінде халықтың өсуімен бірге, бұрын болып көрмегенг қуатты техниканың күшімен жануарлардың тұрақты
мекендерін халық шаруашылығына қажетті салаларға игеруіне байланысты.
Жануарлар дүниесі де
құрамдас бір бөлігі.
Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы
заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер
бетінде жануарлардың 2 млннан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек
жәндіктердің ғана 1 млнға жуық түрі бар.
биосфераның
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана
жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес, өйткені
табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы
тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар. Қазіргі кезде
жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер
етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта
жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және
т.б. жатады. Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және
омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға
арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.
Жануарлар табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы зор.
Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бірбірімен тығыз байланысты
болады. Жануарлар тек өсімдіктермен қоректеніп қана қоймайды, сонымен
қатар оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен
байытады, топырақты қилармен тыңайтады, өсімдіктерді тозаңдандырады
( насекомдар, кейбір құстар ) және өсімдіктердің бір ауданан екінші ауданға
таралуына көмектеседі.
Жер бетінде және суда өмір суретін хайуанаттар адам баласына тамақ,
бағалы аң терлерін және тағы басқа да шикі заттар береді. Бүгінде дүние жүзі
халықтарының жартысына жуығына белоктік заттар жетіспейді. Оның ішінде
хайуанатардаң алынатың белокты заттардың жетіспеуі 3 млн тоннаға жетеді.
Бұл 15 млн тонна ет деген сөз. Сондықтан да мал шаруашылығын ғана
дамытып қоймай, сонымен қатар балық және аңшылық шаруашылықтарын
жедел жолға қоюдың да үлкен маңызы да бар. Оны Қазақстан мысалынаң
айқын көруге болады.
4 қазанда Дүниежүзілік жануарларды қоғау күнін тойлау шешімі 1931
жылы Флоренцияда өткен қоршаған орта мен табиғатты қорғау Халықаралық
конгресінде қабылданды.
Көптеген елдерде жануарларды қорғау басты назарда болса, енді бір
елдерде олардың саны қараусыз қалғандықтан азаю үстінде.
Мақсаты:
Жануарлардың ешбір түрін елеусіз қалдырмау;
Жануарлар мен адамдар арасындағы қарымқатынас;
Өмірімізде жануарлардың маңызды орын алатынын мойындау;
Қоршаған ортаны бай қалпында сақтауда жануарлардың мол үлесі
барын мойындау. Жануарлар санының азаюына адамдардың тигізетін әсері
Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесе
екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Мұның бәрі тарихи дамудың
барысында климат жағдайының, ландшафтың өзгеруңнен және өз ара тіршілік
үшін күресетін нәтижесінде пайда болған құбылыс. Жануарлар табиғаттағы
және адам шаруашылығындағы маңызы зор.
Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бірбірімен тығыз байланысты
болады. Жануарлар тек өсімдіктермен қоректеніп қана қоймайды, сонымен
қатар оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен
байытады, топырақты қилармен тыңайтады, өсімдіктерді тозаңдандырады
( насекомдар, кейбір құстар ) және өсімдіктердің бір ауданан екінші ауданға
таралуына көмектеседі.
Жер бетінде және суда өмір суретін хайуанаттар адам баласына тамақ,
бағалы аң терлерін және тағы басқа да шикі заттар береді.
Бүгінде дүние жүзі халықтарының жартысына жуығына белоктік заттар
жетіспейді. Оның ішінде хайуанатардаң алынатың белокты заттардың
жетіспеуі 3 млн тоннаға жетеді. Бұл 15 млн тонна ет деген сөз. Сондықтан да
мал шаруашылығын ғана дамытып қоймай, сонымен қатар балық және
аңшылық шаруашылықтарын жедел жолға қоюдың да үлкен маңызы да бар.
Оны Қазақстан мысалынаң айқын көруге болады.
«Адамдардың табиғатқа селқос қарауының cалдарынан көптеген
жануарлардың саны азайып, кейбіреулері жойылып кетіп жатыр. Бүгінде
біздің елімізде қабылан, тұран жолбарысы, пржевальский жылқысы мүлде
кездеспейді. Бұған адамдардың табиғатты қолдан ластауы, түрлі табиғи
апаттар мен өндіріс орындарының көбеюі бірден бір себеп болып отыр.
Биологиялық әртүрліліктің жоғалуының, санының азаюы мен жануарлардың
жойылуының негізгі себептері:
тіршілік ету ортасының бұзылуы;
тыйым салынған аудандарда шамадан тыс өндіру, балық аулау;
бөтен түрлерді енгізу (акклиматизация);
өнімді қорғау мақсатында тікелей жою;
кездейсоқ емес (болжанбаған) жою;
қоршаған ортаның ластануы.
Жануарлар санының азаюы мен жоғалуының басқа себептері:
ауыл шаруашылығы өнімдерін және коммерциялық түрлерінің
(жыртқыш, саршұнақтарды, ластоногих, Койотов, т.б. құстардың жойылуы)
қорғау үшін олардың жойылуын жiбередi;
кездейсоқ емес (болжанбаған) қирату (автокөлік жолдарында, әскери
операциялар кезінде, шөп шабу, электр желілерінде, су ағынын реттеу және
т.б.);
қоршаған ортаны ластау (пестицидтер, мұнай және мұнай өнімдері,
атмосфералық ластағыштар, қорғасын және басқа улы заттар). Пестицидтер жақында жануарларға теріс әсер етуде күшті фактор
болды. Қоршаған ортаның ластануы жануарлар дүниесіне теріс әсер етуі
мүмкін. Ең үлкен әсер судың ластануынан туындайды, бұл су объектілерінде
мүмкін болмайтын жануарларға үлкен зиян келтіреді.
Өкінішке орай, осы экологиялық мәселелердің түпкі себебі тікелей
немесе жанама түрде тірі ағзалардың қызметі үшін жиі жойғыш адам болып
табылады.
Бүгінгі конференция ел азаматтарының жануарлар дүниесін сақтауға
деген жауапкершілігін арттыруға сеп болады деген ойдамын. Біз барлығымыз
бірлескенде ғана табиғатымыздың фаунасын жоғалтпай, болашақ ұрпаққа
аманат етіп тапсырамыз».
Ұсынысым:
1. Темір, тас жолдар, құбырлар салғанда, электр тоғы жүретін сымдар
тартқанда, канал, су қоймаларын қазып, бөгеттер жасағанда жануарлардың
дағдалы жүретін жолдарын бұзбай, сол қалпында қалдыру қажет.
2. Жаңа елді – мекен, кәсіпорын, басқа да құрылыстар салғанда
жануарлар өмір сүруіне қажетті жерлеріне қол тигізбей, сол қалпында сақтау
қажет.
3.Әрбір жануарды тіркейтін “Жануарлар дүниесінің электрондық
базасын” құру.
4.Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалау,емдеу және алдын
алу.
5.Жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу
және пайдалану,ветеринария ғылымын дамыту,ветеринария мамандарын
даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
6. Жануарларды қорғау ұйымдарын немесе орталықтары әр қалаларда
ашу.Ол туралы арнайы телевизиялық бағдарламалар ашып, халықты хабардар
ету, өзгелердің қызығушылығын ояту.
Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы адам баласының саналы
жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған
өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сеізне отырып, табиғат қорғау
ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын
ақтаған болар еді.
Пайдаланылған әдебиетт тізімі:
1. Қазақ энциклопедиясы.
2. Интернет желісі kk.wikipedia.org
3. Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1991ж. Алматы (Шеврон)
4.Табиғатты қорғау. 75101бет. Алматы 1997ж.
5. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –
Алматы, 2005. 6. Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту
және пайдалану туралы» заңы 9.07.2004 ж. // ҚР Парламантінің Жаршысы,
№18, 107құжат
Жануарлар әлемін сақтау
Жануарлар әлемін сақтау
Жануарлар әлемін сақтау
Жануарлар әлемін сақтау
Жануарлар әлемін сақтау
Жануарлар әлемін сақтау
Жануарлар әлемін сақтау
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.