Күтілетін нәтиже:
Білім | • Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау және «Қызыл кітабымен» танысып біледі. |
Түсінік | • Қызыл кітапта жойылып бара жатқан және қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы жазылатынын түсінеді. |
Қолданыс | • Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді көрсетеді. |
Анализ | • Өсімдік пен жануарлардың жойылып кетуінің себептерін талдайды. |
Синтез | • Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауда адам жасап жатқан шаралар туралы ойға қозғау салады. |
Баға | • Әрбір адам кез келген жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлықпен қарау керек деген ойды қолдайды. |
«Қызыл кітап» жайлы
Таңданбай-ақ қой: өсімдік те, жануар да сен сияқты
кітап оқымайды.
Бұл кітаптың аты мынадай:
«Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар кітабы» -
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы».
1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты және оның қорын қорғау одағын құрды.
Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды.
Бұл кітап «Деректердің тұңғыш кітабы» деп аталды.
«Қызыл кітап» жайлы
Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауіп – қатердің белгісі сияқты.
Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді.
Қызыл кітап – қауіп дабылы және жанды табиғатты сақтау үшін күресу керектігін білдіреді.
«Қызыл кітап» және қорықтар
Қазіргі таңда Халықаралық Қызыл кітап бар.
Қызыл кітап шыққаннан кейін көптеген елдерде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды.
Ондағы жануарлар табиғи ортада тіршілік етеді, ешкім ұстамайды және ауламайды.
Мемлекет оларды қорғайды. Қазақстан жерінде де қорықтар мен ұлттық саябақтар бар.
Құлан
Құланнан жалы мен құлағы – жылқыға, ал құйрығы мен дауысы есекке ұқсайды. Далалы жерлерге егін егіліп, құландардың жайылым аумағы қысқарды.Құланның еті үшін оны көп аулады. Осыған байланысты құланның саны азайып, қазір Қызыл кітапқа енгізілді. Адамдар оған азық беріп, жыртқыштардың қорғап, қамқорлық жасайды.
Қоқиқаз
Қоқиқаз – өте әдемі, ерекше құс. Оның сирағы мен мойыны өте ұзын, үлкен тұмсығы ортасынан бастап төмен қарай иіліп тұрады.
Қауырсыны қызғылт. Тұзды көлдерде қоректенеді.
Құстың дәмді еті, әдемі қауырсыны мен мамығы үшін аулағандықтан азайып кетті.
Сонымен қатар бұл құстың ұя салатын қолайлы жерлері де азайып кетті.
Дуадақ
Дуадақ - биіктігі бір метрдей, сирағы ұзын, қанатын сирек сермеп, ауыр ұшатын, қазақ даласының көрікті құсы. Дуадақ тез жүгіреді және құрғақ шөптің арасына шебер жасырына алады, өсімдіктер, олардың тұқымы және жәндіктермен қоректенеді.
Дуадақты бүркіт аулайды. Балапандары мен жұмыртқасын қасқыр, түлкі, қарсақтар тауып жейді.
Адамдардың аулауынан да бұл құс сирек кездесетін түрге айналды.
Жабайы қызғалдақ
Жабайы қызғалдақ Қазақстанның далалары мен шөлдеріне сән береді. Қазақстан қызғалдағы дүниежүзі елдерінің қала көшелері мен саябақтарын көркейтіп тұрған қызғалдақ гүлдерінің арғы тегі болып саналады. Демалушылар оларды ретсіз жұлып әрі таптап кетеді. Жабайы қызғалдақтың біраз түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
Табиғатты қорғау
(Бейнежазба )
Қазақстанның Қызыл кітабына барыс, қарақұйрық, қыран, ақбас тырна,сұңқылдақ аққу, бірқазан және басқа жануарлар мен өсімдіктердің түрлері енгізілген.
Сөздік.
Ұлттық саябақ – адамның бүкіл әрекетіне тыйым салынған аймақ. Онда кіруге, демалуға болмайды.
Қорық - адамның кез-келген әрекетіне тыйым салынған аймақ.
Онда өсімдік пен жануарлардың түрлері қорғалады. Оған ерекше рұқсат арқылы кіреді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.