Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы
Оценка 4.6

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
естествознание
Детсад
08.02.2017
Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы
Рассказать детям о природе, и их отличи что они делятся на две живая и не живая, который проходили, повторить. Рассказать детям о не живой природе. что к ним относятся. как их различить от живой природы. провести эксперементты классе чтобы доказать чем они отличаются.
Жаратылыстану.docx
№ 16. тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады?  оқытылу мақсаты 0.2.1.1. Жансыз табиғатқа жататын денелер мен заттарды анықтау.  Күтілетін нәтиже Барлық балалар: тілдік мақсат •бақылауға қатыса алады; •жансыз табиғат туралы мағлұмат алады; •жансыз табиғатқа не жататынын атай алады; •жансыз табиғат пен жанды табиғаттың айырмашылығын көрсете алады. Көпшілік балалар: •жансыз табиғаттың қасиеттерін анықтай алады; •жансыз табиғаттың табиғаттағы маңызын анықтай алады; •практикалық жұмысты орындай алады. Кейбір балалар:  • бақылау үдерісінде жансыз табиғат туралы талқылай алады және қорытынды  шығара алады. Дағдыны дамыту: бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту,  ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша  тұжырым жасау. Көптілділік: құм – песок – sand негізгі терминдер мен сөз  тіркестері. Табиғат, жансыз табиғат, жансыз заттар мен денелерді бақылау. сабақта диалог/хатта пайдаланылатын тіл: Талқылауға арналған сұрақтар. Жансыз табиғат дегеніміз не? Жансыз табиғатқа не жатады? Жансыз табиғаттың жанды табиғаттан айырмашылығы қандай? Жансыз денелер өсе ме? Жансыз табиғатты адамдар не үшін пайдаланады?  Неге жансыз денелер деп атаймыз?  Өткен сабақтардан алған білім Жоспарланған уақыт I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0­2 мин. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды білу; ауа, су, азық, жарықтың адам үшін  қажеттілігі туралы ұғымдар; қарапайым бақылау дағдылары. Жоспар Жоспарланған іс­әрекет ресурстар (Ұ) Шаттық шеңбері.   Армысың, ардақты Аспан ата, Армысың,  мейірімді Жер ана. Армысың, шуақты Алтын Күн, Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы  таң, қайырлы күн Қуанатын күн  бүгін. II. Өмірлік тәжірибені  маңыздандыру .  Мақсатты  болжам. 2–5 мин. (Ұ) Табиғаттың не екенін еске түсірейікші. (Табиғат – жанды және  жансыз денелерден тұратын бізді қоршаған әлем)  Бүгін біз сендермен табиғаттың бір бөлшегі жансыз табиғат  туралы түсінік алатын боламыз.  Балалар, жансыз табиғат дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?  Мақсатты болжам. Жансыз табиғат түрлері бейнеленген суреттерге назар аударту. Балалар, суретте нені көріп тұрмыз? (Су, құм, тас, топырақ, күн, ауа, аспан т.б.) (Ұ) Балалар сабақта әңгіме не жайында болатындығын тақырып  аясындағы сурет бойынша болжамдайды. Сабақтың соңында қол  жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде  қайтып оралады). Әліппе­дәптердегі 36­37­беттердегі  сурет. Жансыз табиғат  бейнеленген  суреттер. Тас,  құм, су, топырақ,  т.б. Әліппе­дәптер,  құм, су, ыдыстар,  қант. Сабақтың ортасы III. сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 28 мин. (Ұ) Өзекті мәселелер. Балалар, сонымен жансыз табиғатқа анықтама беріп өтейік.  Жансыз табиғат деп – өсіп­өнбейтін, көбеймейтін, бірақ  тіршілік иелеріне елеулі пайдалы денелер мен заттарды  айтамыз. (Ұ) Бейнебаян көрсету: «табиғат»   – Балалар,  бейнебаяннан нені тамашаладыңдар? –Дұрыс, табиғаттың бейнесі. –Қандай табиғат бейнеленген екен? –Жансыз және жанды табиғат. –Жансыз табиғаттың жанды табиғаттан айырмашылығы қандай  екен? (Ұ) Өзекті мәселе. Балаларға жанды және жансыз денелердің айырмашылығын  анықтату үшін тәжірибе жасау ұсынылады. тәжірибе жасау: 1­тәжірибе: 2­тапсырма бойынша жансыз табиғатқа жатпайтын  денені табады. «Жанды заттар мен жансыз заттарды  салыстыру» Жанды табиғат ретінде өсімдік пен тасты салыстыру. Балалар  өсімдікке су құйып, күтім жасағанда оның әдемі болып өсетінін  анықтайды. Ал тасқа су құйса да, өсіп­өнбейтіні туралы тұжырым  жасайды. 2­тәжірибе: 2­тапсырма: «Су сұйық, ал құм сусымалы» Енді стақанға құм салу. Ол да стақанның пішініндей. Сонда құм  сұйық зат болғаны ма? Осыны тексеріп көз жеткізу. Суды жалпақ табаққа төгу, су жайылып кетті. Су – сұйық зат. Үнтаспа. Құмды төккенде, ол үйіліп қалды. Құмның сұйық емес, сусымалы зат екенін анықтау. Су мен құм  әртүрлі заттар екен. Құм – сусымалы зат. Су – сұйық зат. 3­тәжірибе: 4­тапсырма: «Құм суда ериді ме?»  Бір стақанға су құйып құмды салу, келесі ыдысқа қант салу. Екі   ыдысты да араластыру. Нәтижесінде қанттың суда еритінін және  құмның суда ерімей, түбінде тұнып қалатынын анықтау. Балалар  құмның суда ерімейтіні туралы тұжырым жасайды. Тәжірибе – бұл табиғат құбылыстары мен заттарды танып­білудің  әдістәсілдері. Қалыптастырушы бағалау: көңіл күй пікірлері.  Бейне үзінді көрсету: «Тас пен құм» туралы аңыз­әңгіме  (Ұ) «Байқағыштық» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс. Жансыз табиғат денелеріне серуен кезінде табиғат аясында  бақылау жасату: нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау  ептілігі; елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды  қолдана білу іскерлігі; сұрақтарды қоя білуі; бақылау қорытындылары бойынша өз ойларын жеткізе білуі; бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі. (Ұ) Өзекті мәселелер. Жансыз табиғаттарға не жатады? Неге оларды жансыз дейміз?  Жансыз табиғаттың қандай пайдасы бар? ҚОрытынДы: Жансыз табиғат өспейді, өнбейді. Бірақ жанды табиғат денелеріне әсері мол. Мысалы, өсімдіктер топырақсыз  көбеймейді. Бүкіл тірі денелер сусыз өмір сүре алмайды. (Ө) «МЕН БАҚЫЛАП ҮЙРЕНЕМІН» практикалық жұмысы. Педагог жоспар бойынша жұмыс істеуді ұсынады: Топырақтың түсі қандай?  Топырақта өсімдіктер өсу үшін не қажет? Сусыз, топырақсыз, күннің жарығынсыз гүлдер өсе ала ма?  Қалай ойлайсың, гүл қандай топырақта жақсы өседі? Құнарлы топырақ дегеніміз не? Ал, енді гүлге су құйып көр. Су қайда сіңіп кетті? Қалай ойлайсың, жансыз табиғат пен жанды табиғат бір­бірімен  тығыз байланысты ма? Неліктен? Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады: Жанды табиғат пен жансыз табиғат бір­бірімен тығыз байланысты. (Ұ, Ө) Әліппе­дәптердегі 1­тапсырманы орындайды. (Ө) Қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады.  Балалардың өз жұмысын бағалауын, зымыранды кез келген түсті  қарындашпен бояуын сұраңыз: 1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім. 1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп  бере аламын. Сабақтың соңы IV. сабақтың қорытындысы. рефлексия. 28­30 мин. Қосымша ақпарат Әліппе­дәптер. Әліппе­дәптер,  түрлі түсті  қарындаштар. Жіктеу – балаларға көмектесуді  қалай жоспарладыңыз? Қабілеттірек  балаларға қандай тапсырмалар  беруді ойластырдыңыз? Бағалау – балалардың  прогресс/білімін  бақылауды қалай  жоспарладыңыз? Пәнаралық байланыстар: «Өзін­өзі тану»  «АКт»  Құндылықтар Қажеттілігіне қарай педагог  балалардың жұмысын бақылайды,  үйлестіреді. Іс­әрекетті экскурсия  шеңберінде бақылау. Білім деңгейін белгілейтін  сұрақтарды таңдау. Іс­әрекетті рефлексия. Құндылықтар – сүйіспеншілікті, ілтипаттылықты, қоршаған  әлемге ұқыптылықпен қарауды  тәрбиелеу және өзіңді осы  өмірде түсіну. Мына орынды оқу іс­әрекетіндегі бақылауларыңызды  жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің оқу іс­әрекетіңіз  туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға  жауап беріңіз.  Байқаулар Оқытудың/оқу іс­әрекетінің мақсаттары  қолжетімді болды ма?  Балалар бүгін неге үйренді? Оқыту жағдайы (атмосфера) қандай  болды? Балаларды топқа бөлу  (топтастыру), саралау бойынша әрекеттер табысты болды ма? Уақытша кестені  ұстандым ба? Жоспардан тыс қандай  ауытқулар жасадым және неге? Қорытынды бағалау Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.  Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз. Топ  жайында және оның жеке балалары жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабағымды өткізуіме әсерін тигізе ме?

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы

Жаратылыстанудан іс-әрекетті тАҚырыБы. Жансыз табиғатқа не жатады? мектепалды даярлық тобы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.02.2017