«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі
Оценка 4.9

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

Оценка 4.9
Руководства для учителя
doc
администрации
Взрослым
23.01.2018
«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі
«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі Өтетін күні: 20.04. 2016 жыл Өтетін жері: География кабинеті. Мақсаты: Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту. Міндеті: 1. Бір – біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру. 2. Психологиялық қолдау көрсету. 3. Шығармашылыққа бағыт беру. Қатысушылар: жас мұғалімдер Қонақтар: мектеп директоры , оқу-тәрбие ісі меңгерушісі , психолог , бірлестік жетекшілері , деңгейлік курстан өткен мұғалімдер. Жұмыс түрі: Топтық Қажетті материалдар: А4 қағаз, қалам, маркер, флипчарт Күтілетін нәтиже: жас маманның жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен айналысады, іс – әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады. Жоспар: 1. Тыныштық сәті. «Менің болашағым» 2. «Танысу» жаттығуы 3. Ойға шабуыл «Ғажайып» 4. Тапсырмалар орындау. 5. Жас мамандарға арналған сауалнама 6. Арттерапия 7. «Жаңбыр» сергіту жаттығуы 8. Ситуациялық сұрақтар 9. Жас мамандарға жаднама 10. Кері байланыс 11. Қоштасу. «Достар, біз сіздерге тілейміз...» Тренинг барысы: Кіріспе сөз - Құрметті жас маман ұстаздар! Бүгінгі «Жас маман , алға бас қадам!» атты тренингімізге қош келдіңіздер. Қазіргі таңда еліміздің мектептерінің алдында тұрған міндет Қазақстанды 2030 жылға қарай Орталық Азияның «Барысына» айналдыратын ұрпақ дайындау, яғни тиянақты оқыту мен тәрбиелеуді жан – жақты жетілдіруді қажет етеді. Ал, ол ең алдымен мұғалімге, оның кәсіби шеберлігіне және жеке басының жақсы қасиеттеріне, білімі мен жүрегінің кеңдігіне, ойлау қабілетінің жоғарылығына байланысты. Нағыз мұғалім болып қалыптасу жолы ұзақ та күрделі. Жас ұстаз мектептің болашағы. Ал, болашақ әркез бүгіннен басталатыны сөзсіз. Олай болса, ұжымның шығармашылық өсуі оқу – тәрбие жұмысының нәтижесінде. Ал, нәтиже оқытып тәрбиелеп отырған балалардың тәрбиелілігі мен білімділігінде. 1. Тыныштық сәті: әуенді музыка ойнап тұрады. Қатысушылар көздерін жұмып, еркін, өзіне ыңғайлы отырады. «Менің болашағым» Сіз өзіңізді кішкентай жаңа туған сәби ретінде елестетіңіз. Сіз күн санап өсіп келесіз. Ақырын – ақырын еңбектеп, жүруге даярланып жүрсіз. Бірте – бірте былдырлап тіліңіз де шыға бастады. Сіз уақыт өте келе тіліңіз де айқындалып, жүрісіңіз де нығайды. Мектеп табалдырығын аттап, білім алудасыз. Күнделікті тіршілдік арнасымен білінбей уақыт өтіп, міне мектеп бітірудесіз. Алдыңызда ұлы өмір басталды. Кім болам? Қандай мамандық иесі болам? – деген армандарыңыз бүгін міне орындалуда. Оқуды тәмамдап мектепке жұмысқа келдіңіз. Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз өз жұмысыңызға тиянақты, қызығушылықпен кірісе бастадыңыз. Ортаңыз қолдау беріп, білмегендеріңізге көмек беруде. Арада бірнеше жыл уақыт өтті. Сіз беделді, жақсы атағыңыз шыға бастаған, тәжірибелі ұстақ болдыңыз. Сіз өзіңіз де енді жас мамандарға қолдау берудесіз. Сабағыңызды беріп болып, жайлап үйіңізге қайтып барасыз. Жолда осыншама атақ, нәтижеге қалай жеткеніңізді есіңізге түсіріп келесіз. Міне сол оймен үйге де жеттіңіз. Сіз қуанышты, әрі бақытты сезіммен үйгек ендіңіз. Талдау:Қандай күйде болдыңыз? Жемісті еңбекке қалай қол жеткіздіңіз? 2. Бүгінгі тренингімізді танысудан бастайық. Әркім өз есімін және есімдерінің бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша шеңбер бойымен жалғастырып әрқайсысы өздерін таныстырып шығады. 3. Біздің көбіміз, яғни барлығымыз биікте, ғажайып болғымыз келеді. Ал «ғажайып» дегеніміз не? Енді барлығымыз «ғажайып» сөзіне ұқсас бір – бір сөзден айтып көрейік. Қатысушылар келесі сөздерді айтуы мүмкін: идеал, үлгі, нәзік, бір бағыттағы, өте жақсы. Сөздіктерде «ғажайып» сөзіне мынадай анықтама береді – бұл «барлық жақсы қасиеттер қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет» 4. Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! - деп ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай біздің де жастарға артар сеніміміз мол. Сенім бар жерде үміт бар, үміт бар жерде өмір бар. Сондықтанда әрқашан сенімге лайықты болыңыздар дегім келеді. 5. Тапсырмалар орындау. 1 – тапсырма. Жарқын шуағын төккен күн астында әр нәсілдің үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген суретті көз алдыңызға елестетіңіз. «Сыртқы түстері әртүрлі болғанмен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді….» 2 – тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, Жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген суретті көз алдыңызға елестетіңіз «Түн. Айнала жым – жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ, ояу бір кісі бар. Ол – мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанмен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді….» 3 – тапсырма. Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ. «Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек шығар….» Сіз қандай мұғалімсіз? 6. Жас мамандарға арналған сауалнама 1) Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдағаныңызға сенімдісіз бе? 2) Сіз өз пәніңізді ұнатасызба? 3) Оқыту процесінде қиындық кездессе кімге жолығасыз? 4) Сіз оқушыларыңызбен ортақ тіл табыстыңыз ба? 5) Тәлімгеріңізге көзқарасыңыз қалай? 6) Сіздің шығармашылық мүмкіндігіңіз? (оқушыларды немен қызықтыра аласыз?) 7) Қатты ренжіген сәтіңізде не істейсіз? 8) Ата – анаңызбен қарым – қатынасыңыз қалай? 9) Сіз жұмыстан кейін үйге асығасыз ба? 10) Сізге біздің ұжымда жақсы ма? (қосатын ойыңыз болса) Соңынан талқылау жүргізіледі 7. Арт – терапия - Енді келесі жұмысымызға келетін болсақ, ол арт – терапия, яғни шеңбер бойынша сурет саламыз. Алдарыңызда берілген ақ парақ пен қарындашты алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер өздеріңіз салып жатқан суретіңізді келесі адамға жалғайсыз. Осылайша өз суреттеріңіз қайта аралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзің бастаған сурет өзіңе келгенде, өз суреттеріңе қарай, тақырып беріп талдау жұмысы жүргізіледі. Жас мамандардың жалғастырма суреттері бірінің ойынан бірі шыққандай, бірлесіп (топтасып) жұмыс жасауға үйренгені байқалады. 8. «Жаңбыр» сергіту жаттығуы. Нұсқау. Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Тренер шеңберде тұрғандарға жаттығу береді, қатысушылар қимылды кезекпен қайталау керек. 1 шеңбер – алақанды бір – біріне жеңіл ысқылайды (ұсақ жаңбыр) 2 шеңбер – саусақпен алақанды шерту (өткір жаңбыр соққысы) 3 шеңбер – алақанмен тізені шапалақтау (жеңіл отыра) 4 шеңбер – тізені алақанмен ұрғылау және жерді аяқпен тарсылдату (жаңбырдың өте қатты дыбысы) 5 шеңбер – алақанмен тізені шапалақтау (жаңбыр азаяды) 6 шеңбер – саусақпен шерту 7 шеңбер – алақанды ысқылау 8 шеңбер – қолды жай жіберу (жаңбыр тоқтайды) Жаңбыр біздің ашуымыз сияқты жайлап басталып, арықарай құйынға айналып, соңынан басылады. 9. Ситуациялық сұрақтар 1) Ата – аналар жиналысында сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата – анасы баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата – ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс – тәсілдерді қолданасыз? 2) Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті. Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба? Басқа да амал қолданасыз ба? 3) Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің с абағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз? 4) Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе? 5) Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты – қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа оқушы ол істі өзінің ісчтегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? 6) Сіз бүгін қандай бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өткізу сіз үшін қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз, сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз жағдаяттан қалай шығасыз? 10. Жас маманға жаднама Жас маманға өзінің кәсіби қызметі саласындағы жобалау, болжам жасау, әрқайсысының даму деңгейін айқындай отырып әріптестерімен қарым – қатынас жасау, шығармашылық ізденіс топтарын ұйымдастыру сияқты жұмыстардың әдіс – тәсілдерін игеруге ықпал жасайтын ғылым зерттеу іс – әрекеттерінің жолдарын үйрету – тәлімгер ұстаздардың басты міндеті. Сабақ өткізуде, жас мұғалімге арналған жаднама 1) Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз. 2) Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне жол табыңыз. 3) Сыныптағы оқушыларды, әсіресе – ерекше назар аударатын оқушыларыңызды түгелдеңіз. 4) Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз. 5) Журналдың бетін қоңыраудан бұрын ашып қойыңыз. 6) Кезекшілерден сабаққа келмеген оқушыларды сұрап белгілеңіз. 7) Сабақты ерекше жігермен бастаңыз. 8) Сабақты әрбір оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз. 9) Аз кідірістер, баяулық, жұмыссыздық сабақта тәртіпсіздік туғызады. 10) Оқушыларға матиериалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға еліктіріңіз. 11) Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз. 12) Бүкіл сыныпты қадағалаңыз. 13) Жұмыс тәртібін бұзғысы келген әрекеттің алдын алыңыз. 14) Сабақ кезінде басқа істермен щұғылданғысы келген оқушыларды болдырмауға тырысыңыз. 15) Білім бағасын іскерлікпен дәлелдеу арқылы бағалаңыз. 16) Жоғары баға алу үшін не нәрсені көбірек білу керек екенін айтыңыз. 17) Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз. 18) Кезекшілердің міндеттерін еске салыңыз. 19) Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз. 20) Оқушылардың тәртіпсіздігі кезінде басқалардың көмегін қажет етіңіз. 21) Есте сақтаңыз: Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделі сізге пайда келтірмейді, керісінше зиянын тигізеді. Ең жақсысы сыныптан қолдау күтіңіз. Жас мамандардың алдына қойылатын көптеген тапсырмаларды өз бетінше орындауына үлкен ізденіс пен ойлау, жігер мен ынта, күш қажет. Жас мамандарды оқу орнын бітіре салысымен, барлық нәрсені біледі деуге болмайды, оның педагогика саласындағы алғашқы кезеңінде педагогикалық жүйе дамытылып отыру қажет. Осындай әдістемелік пәндік жүйеде жаңа жас маманға өз білімін жетілдіру үшін пәндік курстардың атқаратын рөлі өте маңызды. Жас мамандар ұстаздық қызметінің алғашқы жылдарында – ақ, бар күш – жігерін тек қана жұмысқа арнауы керек. Жас маманға: Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенді сипаты, шығармашылық сипаты, нақтылығы қажет. Әдістемелік жұмысты мұғалімдердің өз білімдерін жетілдірудің жалпы мектептік, топтық және ақылға қонымды, үйлесімді, кешенді түрде жүзеге асырылуы ақыры жоғары нәтижелікке жеткізеді. Жас мұғалімдерді кәсіби шеберлікке баулу керек. Атап айтсақ, жас мамандарға қойылатвн талаптар: - Мұғалімнің жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет; - Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; - Мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулуға міндетті; - Мұғалім педагткалық қарым – қатынаста қызмет ететін тұлға болуы керек. Педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті. Тәлімгерлік жұмыста ең бастысы, жас мамандарды еліміздің мәртебесін асқақтататын білімді, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі мұғалім болуға баулу. «Кері байланыс» Сабағымыздың соңында «Кері байланыс» сауалнамасын толтырамыз. (Барлық қатысушыларға сауалнама бланкілері таратылады.) «Кері байланыс» сауалнамасы 1. Қатысушының аты-жөні ... 2. Сабақ болған күн ... 3. Сабақта қосылу, қатысу деңгейі 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 4. Сабақта қосылып, қатысып отыруға сізге не кедергі келтірді? 5. Сен үшін маңызды (пайдалы) болған, өзің туралы бір нәрсені түсіне алған оқиғалар, жаттығулар: ... 6. Бүгінгі өткен сабақта саған не ұнамады? Не үшін? Себебі? 7. Сенің осы сабақтан кейінгі өзің туралы, осы топ, ұжым туралы ойларың ... Қоштасу «Достар, біз сіздерге тілейміз...» Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы барлық қатысушыларға бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді. Қорытынды: «Бақыт деген не?» деген сауалдың «Бақыт деген – таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауабын сіз де естіген шығарсыз. Расында да, сүйікті жұмысымызға, туысымыздан артық болып кеткен қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан соңқұрқылтайдың ұясындай жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққанымыз көңіліміздің тыныштығын білдірмей ме? Педагогикалық әдеп бойынша әрекет жасайтын мықты мамандарымыздың, жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелейтін жаңа сипаттағы шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап мектебімізде арта берсін, сіздерге тек жеміс пен жеңіс тілей отырып, бүгінгі тренингімізді аяқтаймын.
Жас маман алға бас қадам!.doc
№ 3 мектеп-интернат «Жас маман , алға бас қадам!» жас мамандармен жүргізілген семинар – тренинг Өткізген: ұйымдастырушы – педагог Орынханова С.А. 2015-2016 оқу жылы  «Бекітемін»                 №3 мектеп­интернат директоры Нәлібаева Л. «Жас маман , алға бас қадам!» тренингі Өтетін күні:  20.04. 2016 жыл                  Өтетін жері: География кабинеті. Мақсаты: Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті  дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге,  психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту.  Міндеті: 1. Бір – біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру. 2. Психологиялық қолдау көрсету. 3. Шығармашылыққа бағыт беру. Қатысушылар: жас мұғалімдер  Қонақтар: мектеп директоры , оқу­тәрбие  ісі меңгерушісі , психолог ,  бірлестік  жетекшілері , деңгейлік курстан өткен мұғалімдер. Жұмыс түрі: Топтық Қажетті материалдар: А4 қағаз, қалам, маркер, флипчарт  Күтілетін нәтиже: жас маманның жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен  айналысады, іс – әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады. Жоспар: 1. Тыныштық сәті. «Менің болашағым» 2. «Танысу» жаттығуы 3. Ойға шабуыл «Ғажайып» 4. Тапсырмалар орындау. 5. Жас мамандарға арналған сауалнама  6. Арттерапия 7. «Жаңбыр» сергіту жаттығуы 8. Ситуациялық сұрақтар  9. Жас мамандарға жаднама  10. Кері байланыс 11. Қоштасу.  «Достар, біз сіздерге тілейміз...» Тренинг барысы: Кіріспе сөз ­ Құрметті жас маман ұстаздар! Бүгінгі «Жас маман , алға бас қадам!» атты  тренингімізге қош келдіңіздер. Қазіргі таңда еліміздің мектептерінің алдында тұрған  міндет Қазақстанды 2030 жылға қарай Орталық Азияның «Барысына» айналдыратын ұрпақ дайындау, яғни тиянақты оқыту мен тәрбиелеуді жан – жақты жетілдіруді қажет етеді. Ал,  ол ең алдымен мұғалімге, оның кәсіби шеберлігіне және жеке басының жақсы қасиеттеріне,  білімі мен жүрегінің кеңдігіне, ойлау қабілетінің жоғарылығына байланысты. Нағыз  мұғалім болып қалыптасу жолы ұзақ та күрделі. Жас ұстаз мектептің болашағы. Ал,  болашақ әркез бүгіннен басталатыны сөзсіз. Олай болса, ұжымның шығармашылық өсуі оқу – тәрбие жұмысының нәтижесінде. Ал, нәтиже оқытып тәрбиелеп отырған балалардың  тәрбиелілігі мен білімділігінде.  1. Тыныштық сәті: әуенді музыка ойнап тұрады. Қатысушылар көздерін жұмып, еркін,  өзіне ыңғайлы отырады.  «Менің болашағым» Сіз өзіңізді кішкентай жаңа туған сәби ретінде елестетіңіз. Сіз күн санап өсіп келесіз.  Ақырын – ақырын еңбектеп, жүруге даярланып жүрсіз. Бірте – бірте былдырлап тіліңіз де  шыға бастады. Сіз уақыт өте келе тіліңіз де айқындалып, жүрісіңіз де нығайды. Мектеп  табалдырығын аттап, білім алудасыз. Күнделікті тіршілдік арнасымен білінбей уақыт өтіп,  міне мектеп бітірудесіз. Алдыңызда ұлы өмір басталды. Кім болам? Қандай мамандық иесі  болам? – деген армандарыңыз бүгін міне орындалуда. Оқуды тәмамдап мектепке жұмысқа  келдіңіз. Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз өз жұмысыңызға тиянақты, қызығушылықпен кірісе бастадыңыз. Ортаңыз қолдау беріп, білмегендеріңізге көмек беруде. Арада бірнеше жыл  уақыт өтті. Сіз беделді, жақсы атағыңыз шыға бастаған, тәжірибелі ұстақ болдыңыз. Сіз  өзіңіз де енді жас мамандарға қолдау берудесіз. Сабағыңызды беріп болып, жайлап үйіңізге  қайтып барасыз. Жолда осыншама атақ, нәтижеге қалай жеткеніңізді есіңізге түсіріп  келесіз. Міне сол оймен үйге де жеттіңіз. Сіз қуанышты, әрі бақытты сезіммен үйгек  ендіңіз.  Талдау:Қандай күйде болдыңыз? Жемісті еңбекке қалай қол жеткіздіңіз?  2. Бүгінгі тренингімізді танысудан бастайық. Әркім өз есімін және есімдерінің  бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша  шеңбер бойымен жалғастырып әрқайсысы өздерін таныстырып шығады.   3. Біздің көбіміз, яғни барлығымыз  биікте, ғажайып болғымыз келеді. Ал «ғажайып»  дегеніміз не?  Енді барлығымыз «ғажайып»  сөзіне ұқсас бір – бір сөзден айтып  көрейік. Қатысушылар келесі сөздерді айтуы мүмкін: идеал, үлгі, нәзік, бір  бағыттағы, өте жақсы. Сөздіктерде «ғажайып» сөзіне мынадай анықтама береді – бұл «барлық жақсы қасиеттер  қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет»  4. Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! ­ деп ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай біздің де жастарға артар сеніміміз мол. Сенім бар жерде  үміт бар, үміт бар жерде өмір бар. Сондықтанда әрқашан сенімге лайықты болыңыздар  дегім келеді. 5. Тапсырмалар орындау. 1 – тапсырма. Жарқын шуағын төккен күн астында әр нәсілдің үш баласы қол ұстасып тұрғаны  бейнеленген суретті көз алдыңызға елестетіңіз. «Сыртқы түстері әртүрлі болғанмен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да  ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді….» 2 – тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, Жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген  суретті көз алдыңызға елестетіңіз «Түн. Айнала жым – жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ, ояу  бір кісі бар. Ол – мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанмен, мектепте де, үйде де ертеңгі  сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді….» 3 – тапсырма. Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ. «Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді  көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар  ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес,  өзімізден іздеу керек шығар….» Сіз қандай мұғалімсіз? 6. Жас мамандарға арналған сауалнама  1) Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдағаныңызға сенімдісіз бе? 2) Сіз өз пәніңізді ұнатасызба? 3) Оқыту процесінде қиындық кездессе кімге жолығасыз? 4) Сіз оқушыларыңызбен ортақ тіл табыстыңыз ба? 5) Тәлімгеріңізге көзқарасыңыз қалай? 6) Сіздің шығармашылық мүмкіндігіңіз? (оқушыларды немен қызықтыра аласыз?)  7) Қатты ренжіген сәтіңізде не істейсіз? 8) Ата – анаңызбен қарым – қатынасыңыз қалай? 9) Сіз жұмыстан кейін үйге асығасыз ба? 10) Сізге біздің ұжымда жақсы ма? (қосатын ойыңыз болса) Соңынан талқылау жүргізіледі 7. Арт – терапия ­ Енді келесі жұмысымызға келетін болсақ, ол арт – терапия, яғни шеңбер бойынша сурет  саламыз. Алдарыңызда берілген ақ парақ пен қарындашты алып сурет саласыздар, жаймен  музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер өздеріңіз салып жатқан суретіңізді  келесі адамға жалғайсыз. Осылайша өз суреттеріңіз қайта аралғанша шеңбер бойымен  жалғаса береді. Өзің бастаған сурет өзіңе келгенде, өз суреттеріңе қарай, тақырып беріп талдау жұмысы жүргізіледі. Жас мамандардың жалғастырма суреттері бірінің ойынан бірі  шыққандай, бірлесіп (топтасып) жұмыс жасауға үйренгені байқалады.  8. «Жаңбыр» сергіту жаттығуы.  Нұсқау. Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Тренер шеңберде тұрғандарға  жаттығу береді, қатысушылар қимылды кезекпен қайталау керек.  1 шеңбер – алақанды бір – біріне жеңіл ысқылайды (ұсақ жаңбыр) 2 шеңбер – саусақпен алақанды шерту (өткір жаңбыр соққысы) 3 шеңбер – алақанмен тізені шапалақтау (жеңіл отыра) 4 шеңбер – тізені алақанмен ұрғылау және жерді аяқпен тарсылдату (жаңбырдың өте  қатты дыбысы)  5 шеңбер – алақанмен тізені шапалақтау (жаңбыр азаяды) 6 шеңбер – саусақпен шерту  7 шеңбер – алақанды ысқылау  8 шеңбер – қолды жай жіберу (жаңбыр тоқтайды) Жаңбыр біздің ашуымыз сияқты жайлап басталып, арықарай құйынға айналып, соңынан  басылады.  9. Ситуациялық сұрақтар  1) Ата – аналар жиналысында сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата – анасы  баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», ­ деп  ашуланды. Барлық ата – ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс – тәсілдерді қолданасыз? 2) Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да  киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті. Қандай амал  қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба? Басқа да амал қолданасыз ба? 3) Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының  еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді  кінәлады. Басқа оқушылар сіздің с абағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай  жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?  4) Сіз  үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан  тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер  жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей  қалу керек пе?  5) Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған  ұрса бастадыңыз. Қатты – қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа оқушы ол істі  өзінің ісчтегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не  істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба?  6) Сіз бүгін қандай бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман  болғандықтан, жоспарсыз сабақ өткізу сіз үшін қиындық келтіреді. Сабаққа  келсеңіз, сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз жағдаяттан қалай шығасыз? 10. Жас маманға жаднама  Жас маманға өзінің кәсіби қызметі саласындағы жобалау, болжам жасау, әрқайсысының  даму деңгейін айқындай отырып әріптестерімен қарым – қатынас жасау, шығармашылық  ізденіс топтарын ұйымдастыру сияқты жұмыстардың әдіс – тәсілдерін игеруге ықпал  жасайтын ғылым зерттеу іс – әрекеттерінің жолдарын үйрету – тәлімгер ұстаздардың басты міндеті.  Сабақ өткізуде, жас мұғалімге арналған жаднама   1) Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза  екеніне, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз.  2) Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне жол табыңыз.  3) Сыныптағы оқушыларды, әсіресе – ерекше назар аударатын оқушыларыңызды  түгелдеңіз.  4) Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз. 5) Журналдың бетін қоңыраудан бұрын ашып қойыңыз. 6) Кезекшілерден сабаққа келмеген оқушыларды сұрап белгілеңіз. 7) Сабақты ерекше жігермен бастаңыз.  8) Сабақты әрбір оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз. 9) Аз кідірістер, баяулық, жұмыссыздық сабақта тәртіпсіздік туғызады.  10) Оқушыларға матиериалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға еліктіріңіз. 11) Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз. 12) Бүкіл сыныпты қадағалаңыз. 13) Жұмыс тәртібін бұзғысы келген әрекеттің алдын алыңыз.  14) Сабақ кезінде басқа істермен щұғылданғысы келген оқушыларды болдырмауға  тырысыңыз. 15) Білім бағасын іскерлікпен дәлелдеу арқылы бағалаңыз. 16) Жоғары баға алу үшін не нәрсені көбірек білу керек екенін айтыңыз.  17) Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз. 18) Кезекшілердің міндеттерін еске салыңыз. 19) Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз. 20) Оқушылардың тәртіпсіздігі кезінде басқалардың көмегін қажет етіңіз. 21) Есте сақтаңыз: Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделі сізге пайда келтірмейді,  керісінше зиянын тигізеді. Ең жақсысы сыныптан қолдау күтіңіз.  Жас мамандардың алдына қойылатын көптеген тапсырмаларды өз бетінше орындауына  үлкен ізденіс пен ойлау, жігер мен ынта, күш қажет. Жас мамандарды оқу орнын бітіре  салысымен, барлық нәрсені біледі деуге болмайды, оның педагогика саласындағы алғашқы  кезеңінде педагогикалық жүйе дамытылып отыру қажет. Осындай әдістемелік пәндік  жүйеде жаңа жас маманға өз білімін жетілдіру үшін пәндік курстардың атқаратын рөлі өте  маңызды. Жас мамандар ұстаздық қызметінің алғашқы жылдарында – ақ, бар күш – жігерін  тек қана жұмысқа арнауы керек.  Жас маманға:  Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенді сипаты, шығармашылық сипаты,  нақтылығы қажет.  Әдістемелік жұмысты мұғалімдердің өз білімдерін жетілдірудің жалпы мектептік, топтық  және ақылға қонымды, үйлесімді, кешенді түрде жүзеге асырылуы ақыры жоғары нәтижелікке жеткізеді. Жас мұғалімдерді кәсіби  шеберлікке баулу керек. Атап айтсақ,  жас мамандарға қойылатвн талаптар: ­ Мұғалімнің жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман  мұғалім болуы қажет; ­ Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; ­ Мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;  ­ Мұғалім педагткалық қарым – қатынаста қызмет ететін тұлға болуы керек. Педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті.  Тәлімгерлік жұмыста ең бастысы, жас мамандарды еліміздің мәртебесін асқақтататын  білімді, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі  мұғалім болуға баулу.  «Кері байланыс» Сабағымыздың соңында «Кері байланыс» сауалнамасын толтырамыз. (Барлық  қатысушыларға сауалнама бланкілері таратылады.) «Кері байланыс» сауалнамасы 1. Қатысушының аты­жөні ... 2. Сабақ болған күн ... 3. Сабақта қосылу, қатысу деңгейі 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 4. Сабақта қосылып, қатысып отыруға сізге не кедергі келтірді? 5. Сен үшін маңызды (пайдалы) болған, өзің туралы бір нәрсені түсіне алған оқиғалар,  жаттығулар: ...  6. Бүгінгі өткен сабақта саған не ұнамады? Не үшін? Себебі? 7. Сенің осы сабақтан кейінгі өзің туралы, осы топ, ұжым туралы ойларың ... Қоштасу «Достар, біз сіздерге тілейміз...» Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір  қатысушы барлық қатысушыларға бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек.  Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл­күй тілейді. Қорытынды:  «Бақыт деген не?» деген сауалдың «Бақыт деген – таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауабын сіз де естіген шығарсыз. Расында да, сүйікті жұмысымызға, туысымыздан  артық болып кеткен қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан  соңқұрқылтайдың ұясындай жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққанымыз  көңіліміздің тыныштығын білдірмей ме? Педагогикалық әдеп бойынша әрекет жасайтын мықты мамандарымыздың, жаңа ғасырдың  жаңашыл шәкірттерін тәрбиелейтін жаңа сипаттағы шебер ұстаздарымыздың саны жыл  санап мектебімізде арта берсін, сіздерге тек жеміс пен жеңіс тілей отырып, бүгінгі  тренингімізді аяқтаймын.

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі

«Жас маман , алға бас қадам!» тренингі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.01.2018