Жақсы сөз-жанға қуат

  • Разработки уроков
  • docx
  • 13.11.2018
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.Науай. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: * Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; * Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту; * Ізгілікке,ізеттілікке тәрбиелеу. Мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа. Шаттық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,шеңбер құрып тұрады.Барлығы бірігіп берілген өлең шумағын айтып шығады. Сахналау Оқулықтағы күн сәулесі шашақтарында берілген сөздерді пайдаланып,сахналау. Әңгімелесу Оқушылардың жақсы сөздер әсері туралы пікірін білу үшін әңгімелесу жүргізіледі. * Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар? * Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар? * Жаман,дөрекі сөздер естігенде қандай сезімде боласыңдар? * Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?
Иконка файла материала Жаңа Документ Microsoft Word.docx
Өзін­ өзі тану . 4­сынып.3­тоқсан 18­ші сабақ.12­қаңтар.2010­ жыл. Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл. Ш.Құдайбердиев. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: * талапланудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру; * шығармашылық қабілеттерін дамыту; * іздемпаздыққа тәрбиелеу. Мақсаты: Оқушылардың «білім», «өнер» , құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,үнтаспа,қағаз. Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады.Олар бір­біріне ізгі тілектерін айтады. Мәтінмен жұмыс Сабақтың мәнін ашу мақсатында Б.Исаевтың «Мен талапты баламын» атты өлеңін оқиды. Дәптермен жұмыс * Талапты баланы неліктен құсқа теңейді?Сол туралы өз түсініктерін жазу. Жаңа ақпарат «Адам өзінің ынта­ықыласы,жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете  алады»деген жаңа ақпаратпен таныстырып,оқушылардың білімдерін нақтылай түсу. Шығармашылық жұмыс Балалар шығармашылық жұмыс бойынша талапты балаға тән қасиеттерді тауып айтып береді. Ізденгіш,енжар,ұмтылғыш,талантты,жалқау,ұқыпты,қабілетті,еңбекқор,өнерлі,әдепті,сабырлы,таб анды. Тапсырма «Талапты жетер мұратқа» тақырыбына пікір алмасу. Қорытындылау ­Талабы бар адам білімді,өнерді үйреніп меңгереді.Ұлы Абай аталарың айтқандай талап­бес асыл  істің бірі.Сол асылды бойымызға дарыта білейік. Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім С.Сұлтанқұлованың «Бүлдіршіндер әні» атты өлеңін  оқып береді.