Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні
Оценка 4.7

Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
10 кл
29.10.2019
Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні
Сабақ мақсаты: Оқушылардың адамның рухани, мәдени және табиғи болу түсініктерін кеңейте отырып, жалпыадамзаттық дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеті: Білімділік: еңбекқорлық туралы айта отырып, адал еңбек ету адамдық міндет екенін ұқтыру. Дамытушылық: қарапайымдылық адам бойында туатын жан рақатын сезіндіру; адамның өзін-өзі дамытып тәрбиелеудегі ерекше орын алатынын түсіндіру. Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, әдептілікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
№8 сабақ.docx
«Өзін­өзі тану» сабағының жоспары Мектеп: №14 мектеп­гимназия Нұр­Сұлтан қаласы Мұғалім: Ергалиева Н.У Сабақ №8 Мерзiмі:21.10.2019 Сынып:10 Ә Тақырыбы:Өзіңмен үйлесімдікте Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер:еңбекқорлық, әдептілік, қарапайымдылық Сабақ мақсаты: Оқушылардың адамның рухани, мәдени  және табиғи болу  түсініктерін кеңейте отырып,  жалпыадамзаттық  дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеті:  Білімділік: еңбекқорлық туралы айта отырып, адал еңбек  ету адамдық міндет екенін ұқтыру. Дамытушылық: қарапайымдылық адам бойында туатын  жан рақатын сезіндіру; адамның өзін­өзі дамытып  тәрбиелеудегі ерекше орын алатынын түсіндіру. Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, әдептілікке,  қарапайымдылыққа тәрбиелеу. 1.Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин) Амандасу, журнал толтыру, оқушыларды түгендеу   «5 Т» ережесін сұрау Тыныштық сәтi. «Қиялдағы әлем» (4 мин)  Ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмыңыздар.Үш терең  дем алып, дәл солай терең дем шығарыңдар ... Сіздердің  қолдарыңыз тыныштық қалпында тізелеріңізде жатыр.  Сіздердің табандарыңыз еденді нық басып тұр. Сіздің бар  дене күшіңіз босаңсып, қолдарыңыз бен аяқтарыңыз  тыныштық қалпына түсіп, ауырлай бастады.  Шаршағандығыңыз баяу басылып келеді. Сіздің денеңіз  демалуда... Көз алдарыңызға, әрқайсысыңыз үлкен жасыл  ағаштың астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта  жатырмын деп елестетіңіздер. Сізге керемет бір түс кіріп  жатыр. Әрқасысыңыз өзіңізді 10 жылдан кейін көріп  жатыр...Назар аударыңыз, сіздердің 10 жылдан кейін сырт  келбетіңіз қандай...Қай жерде тұрасыз...Не істеп  жатырсыз... Сол өміріңізге өте риза, көңіліңіз толатындай  деп елестетіңіз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге  жауаптысыз? Қасыңызда кім бар? Көріп жатқан түсіңіздің  кейбір жеке сәттеріне ерекше көңіл бөліп, есте сақтауға  тырысыңыз. Соның арасында бір дауысты естіп қаласыз.  Ол дауыс «сен кереметсің... біз сені өте қатты жақсы  көреміз...» дейді. Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі  Ресурстар: (құралдар,  мәлiметтер) Белсендіргіш тақта,  бетшедегі жүрекше  стикерлер, топқа бөлуге  арналған көрнекіліктер Ескерту «5 Т» ережесін                   Т­тәртіп Т­тазалық Т­тыныштық Т­талап Т­татулық Баяу  музыка қарай көруге көмектеседі.(1 минут пауза) Енді сіз  біздің, біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін  сезесіз...Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып,  өзіңізді күш қуатты, өз­ өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз  туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір – екі – үш...Ал енді біраз ойланып не көргендеріңізді айтып беріңіздер. Қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс  істейсіздер? Қасыңызда кімдер бар? Осының барлығына  қалай қол жеткіздіңіздер? Көрген түсіңізге ризасыз ба?   Ең қатты не ұнады? Болашақтағы өміріңізден нені өзгертсем дейсіз? Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Үй тапсырмасын тексеру (3 мин) «Құз басындағы аңшының зары» мәтінін оқу, 31­36 бет  Талдау сұрақтары: 1.Қажымұқан мен Қожамқұлдың бойында қандай ерекше  қасиеттер бар ? 2.Палуандардың іс­әркеттерінен қандай үйлесімділікті  байқадыңыздар ? 3.Адам бойындағы сезім мен ақылды қалай орналастырар  едіңіз? 4.Сезімді ақылға жеңдірген кездеріңіз болды ма ? Дәйексөз.(3 мин) «Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес,  рухани дүние» Платон Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 )­ ежелгі  грек философы, Сократтың шәкірті,  объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30­ дан астам философиялық диалогтар ретінде  жазылған еңбектердің авторы. ­Дәйексөздің мағынасын қалай  түсінесіңдер?  Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді  қорытындылау Қорытынды: Біз әр түрліміз. Сыртқы пішім, ішкі жан  дүниеміз де ұқсамайды. Түр – сипатымыз тәрізді  түсінігіміз де бөлек. Десе де, бәрімізге ортақ бір нәрсе бар  – Бақытты болғымыз келеді. Бақыт бір адамға ғана тән  емес. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төксе, нағыз  бақытқа айналады. Бакытты болу үшін максатка берік болу керек. Өз өмірінін Талдау сұрақтарына  жауап беру арқылы өз  ойларын айтады 2 рет   ұлдар,   2 рет  қыздар   1 рет сыныппен оқыды. Дәйексөзді   дәптерге    жаздыру. Оқушылар видеоны  көреді.  айтады Талдау сұрақтарына  жауап беру арқылы өз  ойлары Оқушыларға  тапсырмалар таратылып  беріледі.Тапсырманың  уақыты бекітіледі. Баяу  музыка қойылады Оқушылар  тапсырмаларын оқиды,  көрсетеді, қорғайды. Топпен ән айтып, жақсы  сезімде болады. биігіне шыккандай толассыз арпалыста болса нәтиже  шығады. Әңгiмелесу . ( 3+5 мин) Талғат Бигелдинов туралы видеоролик Талдау сұрақтары: 1.Батырдың бойыннан қандай қасиетті байқадыңыздар? 2.Талғат Бигелдинов өзін қоғамда қалай ұстаған ? 3.Батырдың бойындағы қандай қасиеттерді таңдар едіңіз?  Неліктен? 4.Ерлігі мен адамгершілігі туралы не айта аласыздар? 5. Қазіргі уақытта батырға ұқсағысы келетін адамдарға  қандай ақыл бере едіңіз Шығармашылық іс­әрекет, топтық жұмыс(1+1+6+4  мин) Оқушыларға фишкаларды таңдау ұсынылады ( ақыл,  еңбек, жұлдыз,жүрек) Тапсырма:  Ақыл тобы:  Адам бойындағы қасиеттер туралы  мақалдар, нақыл­ сөздер жазу. Еңбек тобы: «Адамның жан сұлулығы» тақырыбына 4 шумақ өлең  шығару Жұлдыз тобы:  «Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста,сонда толық боласың  елден бөлек» деген ұлы Абайдың ойын басшылыққа ала  отырып көрініс құрастыру Жүрек тобы: «Ісі мен өзі үйлесімді» тақырыбында сурет салу   Топпен ән айту(4 мин) «Өз елім» Әні: Н.Тілендиев Сөзі: Қ.Мырза Әли 1. Келгенде көктемі Көңілін гүл басқан, Шырағы көктегі Жұлдызбен сырласқан. Қ­сы: Өз елім менің! Өзегім менің! Жырыма қосып жүремін. Төрім деп менің, Жерім деп сенің, Соғады мәңгі жүрегім! Түлегі сендер, Тілегі сендер, Тірегі сендер сол елдің! Назары сендер, Базары сендер, Ажары сендер сол елдің! 2. Ақ күмбез астығы Асқар боп өрлеген Жалынды жастығы Жүлдені бермеген 1. 3. Бұзылмас қамалың Батыры уақыттың Тербеген самалы Бесігін бақыттың Үй тапсырмасы(1 мин) 1.«Ақиқаттан аттауға болмайды» мәтінді оқу,41­42  бет 2.«Ойы, сөзі, ісі ізгі жандар» тақырыбында эссе жазу Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.(1мин) Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,  арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға  болады...Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді  есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Тыныштық, тыныштық, тыныштық, Тыныштық, бар жерде, тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. Қорытынды  (2 мин) Адам әрқашан өз ұжданына құлақ түре білсе, оның үнемі  ақиқатқа шақырып, дұрыс жол сілтейтіндігіне көз  жеткізеді. Ол өзінің ар­ ұжданы арқылы зұлымдықтан  арылып, ата­ ананы сыйлау, өтірік айтпау осындай игі өмір жолымен жүреді. Ар­ ұждан адамның өзін­ өзі қадағалап,  сынап, бағалауына, өзіне өзі есеп беріп, өзін­ өзі  тәрбиелеуіне өлшем болады. Сабақтың қорытынды  сәті.Тыныс алуға зейін  қою. Баяу музыка  қойылады.

Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні

Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні

Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні

Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні

Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні

Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні

Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні

Өзіңмен үйлесімдікте. 10 сынып .Өзін -өзі тану пәні
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.10.2019