Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"
Оценка 4.9

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
биология
6 кл
11.02.2017
Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"
Публикация является частью публикации:
ашық сабақ 6а сынып мөлдір бұлақ жасыл құрақ.doc
Ресурстар:үнтаспа, суреттер,нақыл сөздер,   бейнеролик, алма   ағашы;   плакат, түрлі­түсті   қалам, Қазақстанның физикалық­ географиялық картасы, интерактивті тақта Сабақ талқылау:   барысын            № 21 Сабақ: Мектеп:    Октябрь орта мектебі        Мерзiмі :     4.02.2017                                                                Тақырып:      Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ Құндылық:      қиянат жасамау Қасиеттер:     мейірімділік, жанашырлық, адалдық Мұғалiм:           Балтабаева Замзагуль  Кадырхановна Сынып:  6"А"   Оқушылар саны: 7 Сабақ мақсаты  оқушылардың адам және табиғат  арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту. Міндеті 1. оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы  ұғымдарын кеңейту; 2. оқушылардың табиғатты сақтау, аялау  сезімдерін дамытуға ықпал ету; 3. табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке,  қамқорлыққа тәрбиелеу; Сабақ барысы         1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.         Сәлемдесу, оқушылардың көңіл­күйін сұрау, сабаққа  қатысуын тексеру.         Оқушылар кезек­кезек «жер», «су», «ауа» деп айтып  шығып, әрқайсысы өздері таңдаған топтарына барып отырады. 5 Т ережесін еске салу.      1.Тәртіп      2.Талап      3.Тыныштық      4.Тазалық      5.Татулық         2.Тыныштық сәтi. 3 мин.                        «Орманға   ойша   серуен»   жаттығуын   баяу әуен тыңдай отырып жасау.        Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең   тыныс   алыңыз.   Әрбір   тыныс   алған   сайын неғұрлым   көбірек   босаңсып,   сабырлы   болуға тырысыңыз.   Қазір   біз   орманға   серуенге   шығамыз. Өзіңіздің   сынып   есігіне   қарай   беттеп,   есікті ашқаныңызды,   дәлізбен   өтіп,   далаға   шыққаныңызды Таза   ауаны   жұтып,   Табиғат   неткен   ғажап, елестетіңіз.   шашыңызды желбіреткен   желдің   лебін   және   бетіңізді   сәл­пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз.   Келе   жатқанда   абай   болыңыз,   жәндіктерді басып   кетпеңіз.   Бір   минут   тоқтап   айналаға   көз салыңыз.   Табиғаттың   әсемдігі   мен   балғындығын сезініңіз.   Гүлдердің   біріне   жақындап,   еңкейіп,   оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және   хош   иісін   жұтыңыз.   Айналадағы   бар   нәрсені бақылап, ары қарай  жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер  мен ағаштардың   иісі,   құстардың   дауысы   және жәндіктердің   ызыңы.   Орманға   ендей   түсіңіз, қараңызшы,   ағаштар   биіктей   әрі   қалыңдай   түсті. Жарық   пен   көлеңкенің   ойынын   қызықтаңыз, жапырақтардың   сыбдырын   тыңдаңыз.   Біз   өзімізді орманда   бақытты   әрі   қауіпсіз   сезінеміз.   Алаңқайға шығып,   осында   бірнеше   минут   демалыңыз.   Түбіне барып   отырғыңыз   келетін   ағашты   таңдаңыз.   Ағашқа жақындаңыз   да   оны   діңінен   құшақтаңыз.   Оның қуаттылығын   сезініңіз,   ондағы   өмір   қуатын   сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп   отырыңыз.   Көзіңізді   жұмыңыз,   терең   тыныс алыңыз   және   қоршаған   айналаның   жым­жырт тыныштығына   көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1­2 минут үзіліс жасауына болады).  Бізге   қалайша   жеңіл   әрі   тыныш   және   бақытты   сезіну қандай.   оны   қалайша сүйетінімізді   бен   қадірлейтінімізді,   бірде   бір   тірі жәндікке   зиян   тигізбес   үшін   қамқорлық   жасауды түсінеміз.   Сіздің   өз   ағашыңыз   бар   екенін   және   кез келген   уақытта     оған   келе   алатыныңызды   есте ұстаңыз.   Ал   қазір   мектепке   қайтуға   дайындалыңыз. Орныңыздан   тұрып,   айналаға   тағы   бір   көз   қырын салыңыз.   қайтыңыз, жолыңыздағы   жәндіктерді   басып   кетпеңіз.   Міне, мектептің   алдына   да   келдік.   Айналаңызға   тағы   бір қараңыз,   таза   ауаны   терең   жұтыңыз,   есікті   ашып,   өз орныңызға   қайтып   келіңіз.   Осы   жым­жырттық, тыныштық,   қанағат   сезімін   өзіңізде   сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!       Сіздерге тыныштық сәті ұнады ма?       Қандай сезімде болдыңдар?       3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.   Келген   жолыңызбен   кері Үйге берілген А. Сейдімбектің «Бетпақдала»  әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы ертегінің  мазмұнын айту.       Сұрақтар: 1. Хан неліктен «Жер бетінде бір түп жусан  қалмасын!» ­  деп жарлық береді? 2. Хан жарлығы мен ел­жұрттың әрекеті табиғатты  қандай жағдайға душар етті? 3. Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуының  себебі неде? 4. Бетпақдаланы Қазақстанның физикалық­ географиялық картасынан көрсет? 5. Бетпақдаланың географиялық орнына сипаттама бер? 4. Дәйексөз  2 мин.       «Таза болса, табиғат       Аман болар адамзат!»                          Фариза Оңғарсынова                               Дәйексөздегі «тазалық» пен «амандық» деген  ұғымдардың мағынасы әлдеқайда тереңде  жатқандығына оқушылардың назарын аудару.  Дәйексөзді талдау үшін мынадай сұрақтар беріледі:  Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?  Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде  барша адамзатты толғандырып отыр? Дәйексөзді дәптерге жазып аламыз. 5.Мұғалім сыйы .Аңыз әңгіме: Үзілген гүл    Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін  маңызы жөнінде әнгімелеген. Гүлмінез сабақтан келе  салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып үй  сыртындағы қыратқа шығып кетті.     Біраздан кейін жүзі гүл­гүл жайнап, қайтып оралды.  Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып  жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға  отырғыза бастады. Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын  бақша ішінде көрді де, жанына келді.     ­Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді қырдан қазып  алдым. Біздің Жамал апай айтты: « Табиғатты қорғау керек» деп... ­Гүлмінез неліктен  бәйшешекті үзіп әкеп  үйінің маңына  отырғызды? ­Анасы оған қандай  кеңес берді? ­ Табиғатқа өз қарым  қатынасыңды қалай  білдіресіңдер? ­Табиғаттың  адамға  жасаған қамқорлығы  дегенді қалай  түсінесіңдер? ­Өзің табиғатқа  кандай қамқорлық  жасадың? жұмыста Бұл   оқушылар ұжымдық,топтық әрекетке түседі, өзара сыйластықтары нығаяды.     ­Сен оларды қорғаудын орнына, өсіп тұрған орнынан үзіп  әкелдің ғой.     ­ Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам.  Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпей  қурап қалатыны содан... Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге  ауысып:     ­Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,­ деді. ­Табиғатта не нәрсе болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер –  көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар  қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де  адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде  ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шыңар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан  «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс  болмас еді.      Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының  шашын сипап:      ­Бұларды енді орнынан қозғамай­ақ қой. Екінші рет  қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, ­  деді.      Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөтсе де  оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал  жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта  апайынан сұрап алуға бекінді. 6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10  мин. ­  «Табиғат аясында өзіңді ұстай білу» жобасын жасап,  жария етіңдер. Табиғатқа, туған жерге өлең шығару      7. Топпен ән айту. 3 мин.             «Өміріңе немқұрайлы қарама»                                        Сөзі   С. Сейітмандікі                                        Әні     С. Дәрібаевтікі      8. Үй тапсырмасы. 2 мин.  1. Табиғаттағы   «Жасыл   достарға»   арнап достық тілек жазыңдар? 2. Табиғатқа   байланысты   айтылған   тыйым   жазыңдар.   мақал­мәтелдерді сөздерді, Мағынасын ашып түсіндіріңдер? 9. Қорытындылау. 2 мин.         ­ Табиғатты аялау әрбір адамның абыройды да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген адамның ары да, жаны да таза болады.                    Бір­біріміздің қолдарымыздан ұстап, көңілді күйде, табиғатқа     байланысты   сөздерді,   сөйлемдерді   пайдалана отырып тілек айтайық. 1)Бұлақтай мөлдір таза бол! 2)Жұлдызың жарық болсын! 3)Айың оңыңнан тусын! 4)Көңілің көлдей шалқысын! 5)Гүлдей жайнай бер! 6)Таудай талап бер! 7)Қызғалдақтай құлпыра бер!              ­ Міне, қандай жақсы тілектер айтылды. Орындалуына тілектеспін. Өмірлерің ұзақ, талаптарың оң болсын! 10. Кері байланыс 2 мин. Соңғы тыныштық сәтi. 1 мин.      ­  Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы.  (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы  ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші….. (сәл кідіріс  жасаймын) оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе  салып, сақтап қойғандарыңды елестетіп көріңдерші. (сәл  кідіріс жасаймын). Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді  ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар,  сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін  сендерге рахмет айтамын!

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"

Өзін-өзі тану 6 сынып "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.02.2017