Өзін- өзі тану Эссе
Оценка 4.7

Өзін- өзі тану Эссе

Оценка 4.7
Научные работы
docx
классное руководство
Взрослым
02.04.2017
Өзін- өзі тану        Эссе
«Мені шабыттандырады...» (эссе) "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”,- деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз шабытсыз болмайды. Шабытсыз мұғалім ұстаз емес деп айтуға болады. Өзім бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, әрбір оқушымның өмірдің таңсық дүниелеріне артқан қызығушылықтарын бірден байқаймын. Сол арқылы оянған білімге деген құштарлықтарын байқағанда мен зор қуанышпен шабыттанамын. Себебі балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту – ең маңызды мақсат деп білемін.«Мені шабыттандырады...» (эссе) "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”,- деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз шабытсыз болмайды. Шабытсыз мұғалім ұстаз емес деп айтуға болады. Өзім бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, әрбір оқушымның өмірдің таңсық дүниелеріне артқан қызығушылықтарын бірден байқаймын. Сол арқылы оянған білімге деген құштарлықтарын байқағанда мен зор қуанышпен шабыттанамын. Себебі балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту – ең маңызды мақсат деп білемін.
эссе өзін-өзі тану.docx
Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ Кариполлина Г.Б. «Мені шабыттандырады...» (эссе)   мұғалім   ұстаз   емес   деп   айтуға   болады.             "Ұстаздық   еткен   жалықпас,   үйретуден   балаға”,­   деп   Абай   атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр­сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек   екендігін   баршамыз   мойындаймыз.   Ұстаз   шабытсыз   болмайды. Шабытсыз   Өзім   бастауыш   сынып   мұғалімі   болғандықтан,   әрбір   оқушымның   өмірдің таңсық   дүниелеріне   артқан   қызығушылықтарын   бірден   байқаймын.   Сол арқылы оянған білімге деген құштарлықтарын байқағанда мен зор қуанышпен шабыттанамын.   Себебі  балаға   күштеп   білім   беруден   гөрі,   баланың   білімге деген құштарлығын ояту –  ең маңызды мақсат деп білемін.        Сондай­ақ, сүйікті сабақтарыма дайындалғанда, әр түрлі әзірлемелер мен баяндама жазғанда шабыттанамын. Сол шабыттың арқасында ізденіп, зерттеп жүргенде бір жақсы дүниелер пайда болады. Өткізген сабақтарым оқушыларға ұнағанын   оқушылардың   көзқарастары   мен   қызығушылықтарынан   сеземін. Оқушыларым:   «мұғалім     мен   сізді   жақсы   көремін,  сабағыңыз   маған   қатты ұнайды»,­ дегенде өзім де қатты  қуанамын. Ол оқушымның барлық түйсігімен жақсы көріп тұрғанын көріп, өзімнің жасап жатқан  ісіме риза боламын  және жаңа   әдістерді   тауып   шығармашылыққа   бой   алдырып,   оқушыларыма үйретсем, көрсетсем, сезіндірсем екен деп шабыттанамын.                Жалпы, өмірдің кез келген қуанышты, қызықты сәттерін тамашалай отырып, шабыттанатын әсер алуға болады.  Өз басым, мәдени орындарға бару арқылы, әдеби кітаптарды оқи отырып және де мерекелік іс­шараларға қатысу арқылы,  сондай  –ақ   әріптестерімнің   сабақтарына   қатыса   отырып,  тәжірибе алмасудың өзінен де шабыттанамын. Бастаған ісімнің ойдағыдай аяқталғаны да, мен үшін,  үлкен шабыт береді.                Шабыт жалқау адамның уысына түспейтін нәрсе. Шабыт тек іздеген адамға ғана кез болатын қонақ. Шабыт кезінде адамның зейіні шығармашылық іске тұрақтанып, басқа істерден аулақтанады. Адамның шабыты келген кезде оның ісінің өте нәтижелі болатын себебі де осы. Шабыт –шығармашылық істің жүзеге асуына үлкен септігін тигізеді. Ал шығармашыл ұстаз – бұл зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеудің кепілі деп санаймын. Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ Кариполлина Г.Б. «Мен шабыттандырамын» эссе         Менің сүйіп таңдаған, қызықты да, қиын  да сәттері мол мамандығым­ ұстаз болғандықтан, алдымда отырған әрбір оқушының өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, сабақ оқуға, өмірге   басқаша   көзқараспен   қарауға,   адамгершілік   қасиеттерге   тәрбиелеп, шабыттандыра алу – осы саладағы ең басты мақсатым деп білемін. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру біздің қолымызда. Осы мақсаттарға жете білу – өзін   әр   қырынан   көрсете   білетін,   жігерлі,   шабытты,     шебер   мұғалімнің қолынан   келетін   іс   деп   білемін.   Себебі   өзі   шабыттана   алатын   ұстаз   ғана, алдындағы шәкіртін шабыттандыра алады.        Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың: « Жай мұғалім хабарлайды, жақсы   мұғалім   түсіндіреді,   керемет   мұғалім   көрсетеді,   ұлы   мұғалім шабыттандырады», ­ деген керемет қанатты сөздерін ескере, басшылыққа ала отырып еңбек етсек, шынымен де әрбір ұстазды бейжай қалдырмайтындығы сөзсіз деп ойлаймын.             Мен,   жалпы,     алдымда   отырған   оқушыны   шабыттандыру   үшін,   оны түсінуге, кемшіліктері мен артықшылықтарына назар аудара отырып, жақсы қасиеттерін   табуға   тырысамын.   Себебі,   бір   оқушыға   «Жарайсың!»,   «Сен дарындысың!» «Сен, бүгін, мені қуанттың!» деген сөздер шабыт берер болса, енді бірі «Менен асқан оқушы жоқ!» деп, әбден тоқтап қалуы мүмкін. Ондай жағдайда, керісінше, «Сенің, бұдан артыққа, шамаң келеді!» деген сөздермен мақсатын айқындай, талпындыра түсемін. Әрбір баланың бойынан кішкентай болсын   жақсылықтың   нәрін   тауып,   соны   ту   етіп   ұстап,   биік   адамгершілік құндылықтарға  жетелеуге  тырысамын. Әр  оқушының  сабақтан шабыттанып шығуына,  өз жүрек  жылуымды,  ақыл­кеңесімді  беруден  еш аянбаймын, әрі бойындағы күшіне, өз­өзіне деген сенімдерін одан ары   асыра түсірулеріне барлық күш­ жігерімді жұмсаймын деп айта аламын.         Бала тәрбиесі жөнінде Абай атамыз: «…Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады:   ата­анадан,   ұстазынан,   құрбысынан.   Әсіресе,   олардың   қайсысын жақсы   көрсе,   содан   көп   жұғады»   деп   осы   үшеуінен   баланың   болашағы шешілетінін   ескерткен.  Баланың   бойына   жастайынан   құнды   адамгершілік қасиеттерді сіңіртіп, өз­өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен мұғалім шешуші рөл атқарады. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу – елдік мәселе деп санаймын. Осыны естен шығармаған абзал. Сондықтан тоқсан ауыз сөздің тобықтай   түйініне   келсем,  нақты   шеберлікті,   шабытты,   қиялды оқушыны шабыттандыра   отырып,   үлкен   тәлім   –тәрбие   беріп,   еліміздің   гүлденуіне, болашағына үлкен үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу – тек өзі шабыттана отырып,   алдындағы   баланың   шабыттануына   себепкер   бола   алатын   жігерлі, терең ойлы, шеберлі, өз­ісіне берік, еңбекқор ұстаздың қолынан келетін іс деп санаймын.  Мәңгілік   ел   атануымыз   үшін   ой­өрісі   жоғары   дамыған,   зерделі, парасатты   ұрпақ   тәрбиелеуге   барлық   күш   жігерімді,   еңбегімді,   алған тәжірибемді барынша жұмсаймын.

Өзін- өзі тану Эссе

Өзін- өзі тану        Эссе

Өзін- өзі тану Эссе

Өзін- өзі тану        Эссе

Өзін- өзі тану Эссе

Өзін- өзі тану        Эссе
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.04.2017