Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"
Оценка 4.7

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Оценка 4.7
Документация
docx
воспитательная работа
3 кл
03.04.2017
Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"
Бала тәрбиесіндегі басының ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Келешекте бәрінің бір отбасы құрайтынын олардың отбасы деген киелі сөзге түсініктерін кеңейту. Үлкенге деген құрмет пен кішіге деген мейірімділікпен іззетті үйрету.
озин ози тану 3 Ә сынып.docx
Өзін­өзі тану      3 «Ә»сынып  Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан басталады Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі басының ата­ананың алатын орнының ерекше екендігін  түсіндіру.Мектеп, ұстаз, ата­ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы  бауырмалдық,қайырымдылық, достық қарым­қатынасты қалыптастыру, үлкенді  сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.  Көрнекілігі: қанатты сөздер «Бала тәрбиесі — бесіктен» , «Ата – бәйтерек, бала — жапырағы», карточкалар, слайдтарды қолдану.  Түрі:  викториналық сұрақтар, жағдаятты шешу  І. Ұйымдастыру.  ІІ .Викториналық сұрақтар III. «Бақытты отбасы» суреті. IV.Тығырықтан шығу V.«Сөз тапқанға­қолқа жоқ». Қорытындылау: Мұғалім:  Шаттық шеңбері       Мұғалім       ­   Сәлеметсіздер   ме   құрметті   оқушылар.   Сіздерді   көргеніме   қуаныштымын. Барлығымыз   ортаға   шығып,   «шаттық   шеңберін»   құрайық.   Біз   бір   –   бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын сезіне  отырып, амандасалық.  Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға  жақсылық, көтеріңкі көңіл  күй тілей отырып Әсет Бейсеуовтың «Ақ мамам» әнін бәріміз бірге айталық. ­      Ал енді, балалар, орнымызға жайғасайық. Бәріміз мына сөзжұмбақты шешейік.  Әңгімелесу ­ Отбасы дегеніміз не? ­ Сен отбасында кімсің? ­ Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым–қатынас жасайды? ­Отбасында қандай жағымды жақсы  сөздер айтылады? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)  ­   Иә,   дұрыс   айтасыңдар   балалар,   отбасы   бұл   тәрбие   бесігі.   Ата­аналар   мен балалардың,   аға­інілер   мен   апа­сіңілілер,   қарындастардың   және   туған­туыстардың ортасын   құрайтын   отбасы   ­   қоғамның     ең   маңызды   ұйытқысы   болып   табылады. Өйткені адам ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін   алады.   Отбасы­ол   шағын   мемлекет.   Әр   отбасы   өзара   татулықты   қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар­намысын   сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.  Отбасы татулығы Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір  қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде,  татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс­керіс, дау­жанжал деген  атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша  естігенінің ақ­қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап­таза, барлығы да  жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір  шаттыққа бөленеді.  Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны  төрде, уайым­қайғысыз, балалары бақытты, мәз­мейрам екен. Бұған патша таң­ тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату­тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі  келеді. Ол ауыл  ақсақалына келіп , отбасындағы татулық пен  бірлікке қалай   жеткендерін айтуын   өтінеді.  Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік »  , жүз  рет « кешірімділік », жүз рет  « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып:  Осы –ақ па?  Ия, ­ деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады,  ­деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды. Сұрақтар: 1. Өсиет әңгіменің мәні неде? 2.Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?     Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең ,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз.  Сендер осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам  болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір­бір үйдің арқа сүйер ұлы және  қызсыңдар. Нағыз «Өнегелі отбасы » осыдан басталады. І бөлім  Таныстыру. 1 топ  «Алтын ұя» 2 топ «Берекелі отбасы »    ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін  аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі. І топқа 1.ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16­желтоқсан) 2.Қандай ұлттық тағамдарды білесің?«қазы—қарта, жал—жая,бесбармақ,      қымыз, шұбат.» 3.Ұлттықкиімдерқалайаталады?  ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимеше кт.б) 4.Беташар қашан айтылады?  ( келін түскенде) 5.Қазақ халқының салт—дәстүрлеріната?  ( шілдехана, бесіктой, тұсаукесу, құдатүсу,келінтүсіру, қызұзату. т.б. 6.Әкеден балаңа берілетін зат( мұра) 7.Мемлекеттік рәміздерді ата  ( елтаңба, ту, гимн) 8.Үйдегі алтын адам кім?( ана) Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,бекермалшашпақ) ІІтоп 1.Тәрбие мен білімнің ордасы( мектеп) 2.18 жасқа толмаған адам( бала) 3.«Өзін—өзітану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева) 4.Екі адамның бір—біріне деген адалдығы ( достық) 6.Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, тереңой, қанағат, рақым) 7.Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі) 8.Үш қуаныш( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі) ІІІ бөлім «Бақытты отбасы » суретін  салу және қорғау Сергіту сәті. Тыныштық сәті.     Ал қазір көзімізді жұмамыз да, көз алдымызға таза әрі жайлы ауланы  елестетеміз.Әдемі етіп салынған жол бізді бір үлкен үйге апарады. Біз баяу жүріп  отырып үй иесінің бар ықыласпен отырғызылған гүлдеріне көз тастаймыз. Міне үйге  де келіп қалдық, баспалдақпен үйге енеміз. Үй ішінен жаңа піскен нанның иісі мен  хош иісті шайдың иісі келіп тұр. Көзімізді ашамыз. «Сыңарын тап» ойыны 1. Әдепті бала ата­анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата­анасын қақсатар) 2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.) 3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без ) 4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер) 5. Үйінде ұл­қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар) 6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме) 7. Күлме досыңа…………(келер басыңа) 8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды) 9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала) 10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)  ІV бөлім  «Тығырықтан шығу» Жағдаяттық сауалдар беру. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата­анаң қарсы. Сен не  істейсің? Ұзақ тоқсан,досың сабақ оқуын азайтып, сабақ үлгерімі төмендеп кетті, ал сен не  істейсің? Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап,  адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің? Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.  Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің? Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз  қарасың қандай?   V бөлім  «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Ананың көңілі балада, …………………….. (баланың көңілі далада) Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқандасоныілерсің) Ананың сүті – бал, …………………………..( баланыңтілі – бал) Туған үйдің түтіні жылы, ………………………( туғанананыңкүтіміжылы) Анаңа ауыр сөз айтпа, ………………………….( артыңаауыржүкартпа) Бала – бақшадағы гүлің, ———————­(оны тәрбиелеуүлкенғылым) Құс балапаны үшін——————————(тұзаққатүседі,) Ана сүтін ақтамағанды —————————(ешкімжақтамайды). Әдепті бала ата­анасын мақтар ————­ (әдепсіз бала ата­анасын қақсатар). VI. «Кім тапқыр?»тренингі 1.Балдан тәтті? (Бала) 2.Қара шаңырақтың иесі кім? (Кенже бала) 3. Балаға кім сыншы? (Ата) 4.әкеен балаға берілетін зат? (Мұра) 5.Үйдегі алтын адам кім? (Ана) 6.Бес дұшпаның... (өтірік,өсек,мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) 7.Тәрбие мен білімнің ортасы (Мектеп) 7.Өзін­өзі тану бағдарламасының авторы? (Сара Назарбаева) 8. Екі адамның бір­біріне деген адалдығы (Достық) 9.Бес асыл іс (Талап , еңбек, терең ой, қанағат, рахым) VІІ бөлім  Қорытындылау: Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған  екен:«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі  айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын  балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса, шауып  тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп  жатқан әке­шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұлата­анаға да,  ұстаздарға да, тіпті, балаларға да ой салады депойлаймыз. «Жұмыла көтерген жүк  жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік, ойнайық, күлейік. Ал құрметті ұстаздар,ата –аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды  қорытындылай келе, сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға  алғыс білдіре  отырып,  балаларымыз біздерді  тек  жақсылық пен қуанышқа бөлей берсін!­ деп,  тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Үлкен жүрек,жүрекше суреттер Балалар жүрекшелерге отбасымызға деген тілектерді жазып  отбасымызға  табыстаймыз. Қазан негізгі мектебі                                                   «Өнеге отбасынан басталады» Сынып жетекшісі:Мадреймова Р.Д. 2016­2017 оқу жылы І топқа ҚР тәуелсіздікті қашан алды.  Қандай ұлттық тағамдарды білесің? 4.Ұлттықкиімдерқалайаталады?  5.Беташар қашан айтылады?   6.Қазақ халқының салт—дәстүрлеріната?  7Әкеден балаңа берілетін зат Үйдегі алтын адам кім? Бес дұшпанды атаңдар? ІІтоп 1.Тәрбие мен білімнің ордасы 2.18 жасқа толмаған адам 3.«Өзін—өзітану» бағдарламасының авторы кім?  4.Екі адамның бір—біріне деген адалдығы  6.Бес асылды атаңыз   7.Үш арсызды ата?  8.Үш қуаныш 9.Мемлекеттік рәміздерді ата Ананың көңілі балада, ……………………..  Ұяда не көрсең , ……………………………… Ананың сүті – бал, ………………………….. Туған үйдің түтіні жылы, ……………………… Анаңа ауыр сөз айтпа, …………………………. Құс балапаны үшін—————————— Ана сүтін ақтамағанды ————————— Әдепті бала ата­анасын мақтар ————­  Әдепті бала ата­анасын мақтатар……….  2. Ана сүтін ақтамағанды…………  3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без………. 4. Қарағайға қарап тал өсер……………  5. Үйінде ұл­қызы бардың………… 6. Жығылып жатып……….. 7. Күлме досыңа………… 8. Ауру қалса да ………… 9. Әдепті бала арлы бала…………… 10. Ұяда не көрсең…………

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"

Өзін-өзі тану "Өнеге отбасынан басталады"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.04.2017