Сауат ашу.
Сабақтың
тақырыбы: «Х х», «Һ һ» дыбысы мен
әрпі.
Сабақтың мақсаты: «Х х», «Һ һ» дыбысы
мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Кеспе әріптерден сөз құрап, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
«Х х», «Һ һ» дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету.
Түзете – дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем жазуға баулу.
Тәрбиелілік: Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,
жаздыру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе,
суреттер, текшелер, кеспе әріптер, әріптің жазу
үлгісі.
I
апта
Сабақтың барысы: I.
Ұйымдастыру кезеңі: қызмет
алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу
құралдарын жинақтау,ой қозғау
(көрнекіліктер арқылы)
II. Жаңа сабақ. Логикалық тапсырма. Суретті жұмбақ жасыру.
«Энергия күші» әдісі арқылы сұрақ қойып, бастапқы білімнен жаңа тақырыпқа түсемін. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
-Дауыссыз дыбыстарды ше?
-Мынау ненің дыбысы? (Айдаһар дыбысын тыңдату)
-Ал, осы айдаһар сөзіндегі таныс емес дыбыс қайсысы? Һһ-дыбысы
Һ дыбысы дауыссыз дыбыс.
-Һ дыбысын айтқанда даусымызды қарлытып шығарамыз.
-Һ дыбысы сөздің ортасында кездеседі.
Бос торға әріп қой.
…теш, а…аш, г…л, …міт, қ…с, сыз…ыш, к…рпі, …рмекші,
са…ат, …оян, ша…ғы.
Ойын. Буындардан сөз құра.
айда һар
жи һаз
Гау һар
қаһар ман
Сергіту сәті: Алма баққа барайық, Алма теріп алайық.
Ең үлкенін,жақсысын Досымызға сыйлайық.
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашып-жұмамыз (қатты-жәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
-Кәнікей балалар « Х» «Һ» дыбыстарын дауыстайық.
-Х-х-х, Һ-һ-һ
Барлығы бірге «Х», «Һ» дыбысын қайталап айтады.
-«Х» дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды)
-Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
-Көк текшемен белгілейміз
-«Һ» дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды)
-Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
-Көк текшемен белгілейміз.
-«Х х» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.
Хат, асхана, дәріхана, т. б.
-«Һ һ» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.
Гауһар, айдаһар, жиһаз, қаһарман, т.б.
-Жарайсыңдар, енді сөздерді буынға бөлейікші.
Гау-һар, ас-ха-на, дә-рі-ха-на, т.б.
«Орнын тап» ойыны. Х дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында кездеседі. Сөздерді буынға бөлу. – сөз басында; – сөз ортасында
Дәптермен жұмыс: Әдемі, көркем етіп Х х, Һ һ әріптерінің жазылуын жазу.
-Ең алдымен ауада жазу.
Бір, екі, үш
Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз
-Жарайсыңдар балалар!
«Зейінді бол» ойыны.
Мен, сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер,
дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде
көк текшені көтересіңдер.
* А, Х. Н, Е, В, Г, Х,
С, О, Г, О,Һ
* М, Н, Г, Ш, Һ, Х, А, Б, А, У, Ұ, Ү,
Ұ
* Х, М, А, Р, О, Ү, М, Һ,
Н, О, Ұ, К
-Жарайсыңдар, балалар!
Шығармашылық тапсырма: ермексаздан «Х х»,
«Һ һ» әрптерінің жазба түрі; санау
таяқшаларынан «Х х», «Һ һ» әрптерінің баспа
түрін жазу.
III апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
-Жарайсыңдар, балалар!
Дәптермен жұмыс
Х, Һ әріптерінің баспа және жазба түрін
көрсету. Х, Һ әріптерінің кіші әрпін жазуды
ауада жазып көрсету. Дәптерге жазу.
Ойын: « Сөз ойла, тез ойла» Шарты: Х х, Һ һ дыбыстарынан басталатын сөздер айту. Х х, Һ һ дыбыстары сөздің басында, ортасында, барлық буындарда кездеседі.
Сөздік диктант
жаздыру .
хат, айдаһар, асхана, дәмхана, Гауһар, жиһаз,
қаһарман, т.б
IY апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап Х х, Һ һ әріптерін үзік сызықтар арқылы сызып үйрену. Х-х-х, Һ-һ-һ қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену.
«Сөз ойла» ойыны Х, Һ дыбыстары бар сөздерді айтқызу
Сөздерді оқығанда ішінде я әрпі бар сөздерге қолды шапалақтау,жоқ болса шапалақтамау. Хат, айдаһар, асхана, дәмхана, Гауһар, жиһаз, қаһарман, т.б
VI. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау.
Күтілетін нәтиже: Х, Һ дыбысы мен әрпі
туралы толық мағлұмат беру
Меңгереді: Балалардың Х, һ дыбысын дұрыс айта
білу қабілетін
Игереді: Х, Һ дыбысы бар сөздерге талдау жасау,айтылуы мен жазылуын.
Біледі: Өз беттерінше ойларын қорытындылай алып, сұрақтарға жауап беруді, әріптерді жаза білуді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.