11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері
Оценка 4.8

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
русский язык
11 кл
21.01.2018
11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері
Сабақтың тақырыбы: Назарбаев зияткерлік мектептері Сөйлем мүшелері Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Назарбаев зияткерлік мектептері туралы мәлімет беру, мәтінді пысықтау. ҰБТ-ға дайындық жүргізу; 2. Дамытушылық: Өз беттерімен жұмыс жасауға үйрету; 3. Тәрбиелік: Назарбаев мектебіне түсуге ынталандыру; Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топпен жұмыс Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет Сабақтың көрнекілігі: мәтін, таблицалар, тапсырмалар
сабақ жоспары 11 сынып Назарбаев Мектебі.docx
Сабақтың тақырыбы:  Назарбаев зияткерлік мектептері  Сөйлем мүшелері  Мақсаты:  1. Білімділік: Оқушыларға Назарбаев зияткерлік мектептері туралы мәлімет беру, мәтінді  пысықтау. ҰБТ­ға дайындық жүргізу;  2. Дамытушылық: Өз беттерімен жұмыс жасауға үйрету;  3. Тәрбиелік: Назарбаев мектебіне түсуге ынталандыру;  Сабақтың түрі: аралас сабақ  Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топпен жұмыс  Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет  Сабақтың көрнекілігі: мәтін, таблицалар, тапсырмалар  Сабақтың барысы  І.Ұйымдастыру кезеңі  ­Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!  ­Сыныпта кім кезекші?  ­Бүгін нешесі?  ­Қазір қандай жыл мезгілі?  ­Бүгін ауа­райы қандай?  Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру  ІІ. Үй тапсырмасын сұрау  1 – тапсырма .Синоним, антонимдердің анықтамасын сұрау және мысалдар келтіру.  ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру /тыңдалым, ой қорыту/  Бүгін біз сабақта «Назарбаев зияткерлік мектептері» туралы сөйлесеміз  2­тапсырма. Сөздікпен жұмыс(сөздерді естеріне түсіріп, қайталау) : таңдаулы, жаратылыстану,  тереңдетіп, негізгі және жоғары мектепте, жоғары сапалы, әйгілі, зияткерлік, міндетті,  бағытталған.  Назарбаев зияткерлік мектептері  Назарбаев зияткерлік мектептері­ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға  арналған таңдаулы метептер желісі. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге  асырылады. Бірінші модель жаратылыстану­математикалық бағыттағы білім бағдарламасын жүзеге  асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика,химия және биология пәндерін  тереңдетіп, үш тілді ортада оқиды.  Екінші модель­негізгі және жоғары мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы  бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарих бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде  әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300­ден астам  университеттері мақұлдайды. Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Иель, Сорбонна,  Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгелі жоғары оқу орындары бар.  ІҮ. Жаттығулар  3. тапсырма (фонетиканы, үндестік заңды қайталау)  1 нұсқа (астын сыз)  Тек жіңішке сөзді анықтаңыз  Білім, оқушылар, ғылым, зияткер  Тән дыбыстары бар сөзді анықтаңыз  Бұл, жоғары, тарих, бала  Ұяң дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз  ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір  Тек бітеу буынды сөзді табыңыз  Пәндер, сапалы, тарих, білім  Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз  тұңғыш, бөлім, әнұран, тамыз,пырақ  2 нұсқа Тек жіңішке сөзді анықтаңыз  Әйгілі, оқу, сапа, заттар  Қазақ тіліне тән дыбыстары жоқ сөзді анықтаңыз  ұлттық, мемлекеттік, ту, елтаңба, әнұран  Қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді белгілеңіз  әнұран, күн, қыран, бейбітшілік, белгі  Тұйық буынды сөзді табыңыз  байлық, пырақ, жұлдыз, жазу, алтын  Үндестік заңына бағынатын сөзді табыңыз  қыркүйек, елтаңба, әнұран,тыныштық,солтүстік  4 тапсырма.  1 нұсқа. Ауызша сөйлемдерді аудару  Қазақстан Республикасының географиялық орны, қалалар  1. Астана қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылуы – 2009  2. Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы – Алматы  3. Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы ­ 1997  4. Қазақстанның тұңғыш астанасы – Орынбор , 1920­1925  5. Сақталмаған қала – Отырар  2 нұсқа. Ауызша сөйлемдерді аудару  Қазақстанның рәміздері, заңдары  1. Семей қаласында қай жылы физика­математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  ашылуы – 2009  2. Талдықорған қаласында физика­математикалық бағыттағы зияткерлік мектебінің ашылуы – 2010  3. Шымкент қаласында физика­математикалық бағыттағы зияткерлік мектебінің ашылуы – 2013  4. Өскемен қаласында қай бағытта зияткерлік мекткп ашылды? (химия­биология)  5. Көне қалаларды ата – Түркістан, Тараз  5­ тапсырма.  Ойын.Сөйлемдерді кім жылдам аяқтайды?  (сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қайталау)  • Бастауышы мүлде болмайтын жай сөйлем – (жақсыз)…  • Бастауышы бар сөйлем (жақты)  • Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалатын жай сөйлем­ (жайылма)  • Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем (жалаң)  • Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған жай сөйлем (толымсыз)  • Ойға қажетті сөйлемдердің бәрі қатысқан сөйлем(толымды)  • Құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. (атаулы)  • Табыс септігіндегі толықтауыш (тура)  • Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі толықтауыш (жанама)  • Кім не сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі (бастауыш)  • Ілік септігінің сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)  • Сөйлемнің соңында тұратын сөйлем мүшесі (баяндауыш)  • Қайда? Қайдан сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі  • Қандай? Сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі  • Құрмалас сөйлемнің түрлері (сабақтас, салалас, аралас)  • Салалас құрмаластың түрлері (ыңғайлас, қарсылықты, себепсалдар, кезектес, талғаулы,  түсіндірмелі)  • Сабақтас құрмаластың түрлері (шартты, қарсылықты, себеп, мезгіл, қимыл­сын, мақсат)  Сергіту сәті (компьютерді пайдалану)  6 –тапсырма. Тест шығар  1 нұсқа  1. Еліміздегі білім берудің деңгейін атаңыз.  А) Мектепке дейінгі білім. В) Орта білім.  C) Жоғары білім.  Д) Арнаулы білім.  Е) Кәсіби білім.  2. Қазақстанда міндетті жалпы орта білім беру неше жылда жүзеге асады?  A) 10.   9.  C) 13.  D) 4.  E) 11.  3. Оқушылар мектепке неше жастан қабылданады?  A) 9­10   5­6  C) 6­7  D) 8­10  E) 8  4. Оқушылар мектепті неше жаста бітіріп шығады?  A) 17­18   19­20  C) 23  D) 13­15  E) 9­10  5. Ұлттық бірыңғай тестілеу қай жылдан басталды?  A) 1991   2000  C) 2003  D) 2004  E) 2010  2 нұсқа  1. Ұлттық бірыңғай тестілеу не болып саналады?  A) Жоғары оқу орнына түсу емтиханы   Аралық сынақ  C) Тексеру емтиханы  D) Көшу емтиханы  E) Бітіру емтиханы.  2. Кімдерге «Алтын белгі» тағайындалады?  A) Оқушыларға   Үздік мектеп түлектеріне  C) Студенттерге  D) Өнерлі жастарға  E) Озық спортшыларға  3. Назарбаев зияткерлік мектептері елімізде қай жерлерде ашылған?  A) Әр облыс орталықтарында   Астанада  C) Алматыда  D) Өндірістік қалаларда E) Аудандар мен қалаларда  4. Астана қаласында Назарбаев зияткерлік мектебі қай жылы ашылған?  A) 1994   1995  C) 1996  D) 2009  E) 2010  5. Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебі қандай бағытта?  A) тарих   қазақ тілі  C) химия­биология  D) география  E) этнография  V. Бекіту.  Тапсырмаларды тексеру  VІ. Сабақ қорытындысы  Бүгін сабақта біз не білдік? Не үйрендік?  Балалар мына 12 сөздің ішінен өздеріне қатысты 3 сөзді ғана таңдап алады.  • Абыржу (раздражение)  • Ашулану (злость)  • Қуаныш (радость)  • Немқұрайлылық (равнодушие)  • Қанағаттану (удовлетворение)  • Шабыт (Вдохновение)  • Зерігу (скука)  • Үрейлену (тревога)  • Тыныштық (покой)  • Сенімділік (уверенность)  • Сенімсіздік (неуверенность)  • Рақаттану (наслаждение)  VIІ. Оқушыларды бағалау. Бүгінгі сабақ сендердің ойларыңнан шықты деп ойлаймын. Сабақ  қорытындысы бойынша мына оқушыларға баға қоямын.  ҮІІІ. Үй тапсырмасы: сұрақтарға жауап беру  ­ Сабақты зейін қойып тыңдап, белсене қатысқандарыңа көп рақмет!

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері

11 сыныпқа сабақ жоспары: Назарбаев зияткерлік мектептері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2018