1 «А» сыныбына арналған дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні: 13. 12. 2013 Мұғалімі: Назарова Г. К. |
||
Сабақтың атауы |
Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі |
|
Сілтеме |
Оқулық ; Дүниетану Слайдтан тапсырма көздері, суреттер |
|
Жалпы мақсаттар |
Интертақтадан бейнетаспа көрсету арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудағы сөйлеуін пайда- ланып,күз, күзгі еңбек туралы білетіндерін еске түсіру, диалогты оқыту әдісін қолдану арқылы күз мезгілінің ерекшелігін айтқызу. Механикалық есте сақтауын пайдаланып, құстар туралы жұмбақ шешу. Ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау. Еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Критерийлер арқылы бағалауды қолдану. |
|
Оқыту нәтижесі |
Күзгі адам еңбегі туралы білімі кеңейеді. Пікірталас жүреді, өз пікірін дәлелдей алады.Тірек сөздерді пайдалана отырып, суретте бейнеленген құстар туралы айтады. Алдыңғы білетін білімін пайдаланады. Ой түйіндеп, қорытынды жасауға қадам жасайды. Критерийлер арқылы өзін- өзі бағалауды үйренеді |
|
Негізгі идеялар |
«Бақ өсіргеннің бағы жанады»» |
|
Тапсырмалар |
1-тапсырма Жұмбақ шешу
2-тапсырма. «Құстарға көмектесейік» ойыны
3-тапсырма «Кім тапқыр?» ойыны
|
4-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс а) Шабындық жерлердегі еңбек түрлері жайында әңгімелеу. ә) Бақшадағы күзгі еңбек б) Баулардағы жұмыс түрлері
5-тапсырма. Шығармашылық тапсырма
|
Кейінгі тапсырмалар |
Күзгі еңбек түрлерін ата Адамдар мал үшін қандай дайындық жасайды?
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.