7 санына көбейту және бөлу кестесі
Оценка 5

7 санына көбейту және бөлу кестесі

Оценка 5
Разработки уроков
docx
история +1
3 кл
09.01.2019
7 санына көбейту және бөлу кестесі
3.1.2.4. 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. 3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану. 3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну.
33 сабак.docx
33­сабақ.  7 санына көбейту және бөлу кестесі Тақырыбы:  Сынып ұжымы. Мектеп: Күні: 3­сынып  Оқу мақсаттары Сабақтың  мақсаттары Тілдік мақсаттар Тірек білім, білік,  дағдылар Мұғалімнің аты­жөні: Қатысқандар  саны:  Қатыспағандар саны: 3.1.2.4. 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу  және қолдану.   3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны»,  «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны»,  «жалпы шығын» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану. 3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты  орнатушы  теңдік ретінде  түсіну. Барлық оқушылар: 7 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. Бірқатар оқушылар: есептерді шығаруда шамалардың арасындағы тәуелділікті  пайдалану. Кейбір оқушылар: Шамалардың арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік  өрнектерді өз бетінше жазу.  Дағдыларын дамыту: шамалардың өзара тәуелділігін түсіндіре алады. Пәндік лексика және терминология: көбейту мен бөлу кестесі, есептерді шығаруда «бір заттың  массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын»,  «заттардың саны», «жалпы шығын»  шамаларының арасындағы  тәуелділік  Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл Талқылау: Бір заттың бағасын қалай білеміз? Сатып алынған заттардың құны мен санын біле отырып, нені  білуге болады? Бірдей заттардың жалпы массасын анықтау үшін нені білу қажет? Заттардың саны мен жалпы  массасын біле отырып, бір заттың  массасын қалай анықтаймыз? Жазылым: Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу. Жоспар Жоспарланған іс­әрекет Қоры Жоспарланға н уақыт 0­3  Ынталандыру. Отырайық орнымызға бәріміз, Құпияның қызығына қаныңыз! Санаймыз, жазамыз, оқимыз, Шығарып есепті, көңілге тоқимыз! Бүгін де күндегі тәрізді Сәттілік болатын күн ізгі! Жаңаша материал үйреніп, Дағдымыз болады тым берік. Шын мықты мынаған сенеді: «Бәрі де қолымнан келеді!» Өзектендіру.  «Кестені білемін» ойыны ойнатылады. Балалар 2  командаға бөлінеді. Әрбір командадан 9 адамнан шығып,  арақашықтықта орналасқан қатарлас екі сапқа тұрады.  Әрбір сапта оқушылар ретімен санап, кеуделеріне қағазға  жазылған тиісті нөмірді қадап алады. Мұғалім көбейту  кестесінен келтірілген қандай да бір санды айтады,  мысалы 48 саны. 48 саны – 6 саны мен 8 санының  көбейтіндісі, сондықтан әрбір саптан осы нөмірі бар  балалар жүгіріп шығуға тиіс. Мақсат қою (мәселелі жағдаят) 1­ тапсырманы орындай отырып, оқытушы оқушыларға  мынадай жағдаятты ұсынады: сынып бүгін дәлізде  кезекшілік етуде, олар бір­бірінен жеті қадам  қашықтықта тұрады. Оқытушы 7­ден санауды ұсынады. Жаңаны ашу. Оқушылар   оқушының   басшылығымен   7   санына   көбейту мен   бөлу   кестесіндегі   қалдырылып   кеткен   сандарды толтырады.   Оқушылардың   назарын   көбейту   кестесін толтыруды неге 7∙7 мысалынан бастау керек екендігіне аудару маңызды. Есептің жаңа түрін шығаруға дайындалу үшін оқушылар  3­а) тапсырманы орындайды – есептер бойынша өрнектер  құрастырып, оларды шығарады, 3  ә) тапсырмада есептің  қысқа жазуын толықтырып, оны шешулері қажет. 4­тапсырмада оқушылар есепке берілген суретті және  кестені қарайды. Алдымен бір тауардың бағасын анықтау, содан кейін бағасы мен санын біле отырып, құнын  анықтау керек екендігін көрсету маңызды. ­ Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек екенін түсіндір?  ­ Бір дәптердің бағасын қалай білеміз? ­ Бір дәптердің бағасын біле отырып, осындай 8 дәптердің құнын тап. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту  Алғашқы бекіту үшін балалар оқытушының  басшылығымен сурет және 5 және 6 кестелер бойынша  есепті құрып, оны шығарады. Өзіндік жұмыс 8­тапсырма жұппен орындалады, оқушылар ұсынылған  жағдайлардың қайсысында есептеп шығармай­ақ  1­ден 9­ға  дейінгі  цифрлар  жазылған  парақтар Оқулық Оқулық,  Оқулық,  дәптер. 4­6 7­11         12­29         30­40 салыстыруға болатынын қарастырады, себебін  түсіндіреді. Оқытушы тапсырманы дәптерге немесе өлшемшарттар  бойынша формаланған бағалауы бар қима қағаздарға  орындауды ұсынады. Мен: ­7 саны бар кестедегі мысалдарды қысқа уақыт  аралығында есептеп шығара аламын ­есептерді шығаруда 7 санына көбейту мен бөлу кестесін  қолдана аламын Өткенді қолдану 8­тапсырманы орындай отырып, оқушылар өрнектер  құрастырып, олардың мәндерін табулары қажет. 9­тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді, оқушылар өрнектердің сандықтағы мәндерін таңдап алуы қажет. Рефлексия.  «Өзара түсіністік шыңы»  Көңіл­күй баспалдақ түрінде кескінделеді. Бірінші  баспалдақ – өте жаман көңіл күй. Екінші баспалдақ –   жаман көңіл күй. Үшінші баспалдақ – жақсы көңіл күй.  Төртінші  баспалдақ – күшіне сенімді. Бесінші баспалдақ  – тамаша көңіл күй. Сабықтың, күннің соңында оқушы  өзін көңіл күйінің қандай екендігін көрсететін  баспалдаққа қояды. Сабақта балалардың жұмыстарына формаланған бағалау  жасалады.  Үй тапсырмасы балалардың жеке қиындықтары ескеріле  отырып беріледі.        41­45

7 санына көбейту және бөлу кестесі

7 санына көбейту және бөлу кестесі

7 санына көбейту және бөлу кестесі

7 санына көбейту және бөлу кестесі

7 санына көбейту және бөлу кестесі

7 санына көбейту және бөлу кестесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.01.2019