« Юрта »
Оценка 4.9

« Юрта »

Оценка 4.9
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
25.03.2019
« Юрта »
Күні: 12.03.2019 жыл Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: «Киіз үй» Мақсаты: Білімділік: Балаларды киіз үймен таныстыру, киіз үйің құрылысын атай білуге үйрету, құрстыру әдіс - тәсілдерін меңгерте отырып киіз үйді құрастыра білуге үйрету. Дамытушылық: киіз үй түрлерін оқушылардың өз бетінше зерделеуіне бағыт–бағдар беру. Балалардың ой – өрісін дамыта отырып, өнерге деген қызығушылығын арттыру, жұмыс жасау шеберлігін шыңдап дамыту. Тәрбиелік:Балаларды жоспарлай білуге, киіз үй бөлшектерін танып-білуге, құрастыруға, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу. Қостілділік компонент: киіз үй-юрта. Сөздік жұмыс: киіз үй
13.03.2019 Киіз үй.doc
ҰОҚ конспектісі Күні: 12.03.2019 жыл Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: «Киіз  үй» Мақсаты: Білімділік: Балаларды  киіз үймен  таныстыру, киіз үйің  құрылысын  атай   білуге  үйрету, құрстыру  әдіс  ­  тәсілдерін меңгерте  отырып  киіз  үйді   құрастыра білуге  үйрету.  Дамытушылық: киіз үй түрлерін оқушылардың өз бетінше зерделеуіне  бағыт–бағдар беру. Балалардың ой – өрісін дамыта отырып, өнерге деген  қызығушылығын арттыру, жұмыс жасау шеберлігін шыңдап дамыту. Тәрбиелік:Балаларды жоспарлай білуге, киіз үй бөлшектерін танып­білуге,  құрастыруға, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге, өз ісіне  жауапкершілікпен қарауға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, қауіпсіздік  ережесін сақтауға тәрбиелеу. Қостілділік компонент: киіз үй­юрта. Сөздік жұмыс: киіз үй Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Мотивациялық − қозғаушылық Ұйымдастыру − іздестіру Ш.ш: Салем аспан Салем жер Салем балабақшам Салем жер Ой шақыру. −Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(көктем) ­көктем мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге  ұшырайды? Қар ериді, ағаштар бүршік жарады,қыстаудан  жайлауға көшеді,   Бұрынғы көшпелі халықтың баспанасы не еді?  (Киіз үй)  Киіз үй неше бөліктен тұрады? (Төрт)  Қандай? (Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет,  құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше  өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те  болады. Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары  байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті  мен мәдениетін таныта білген. Киіз үй аз уақыт аралығында тігуге де, жинауға да  ыңғайлы. Көшіп­қонуға қолайлы болғандықтан,  малшылар оны қазір де көп қолданады. Киіз үй  тегіс, су жүрмейтін құрғақ жерге тігіледі.Балалар  бүгінгі сабақта киіз үйді құрастырамыз, дайын  пішінге қазақ оюын кілейдің көмегімен  жапсырамыз. Сергіту сәті:  Кел балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Шаңырақты көтеріп, Керегені құрайық. Уықтарша иіліп, Шаңыраққа қосылып. Қазақ үйді құрайық Дидактикалық ойын «Киіз үй» ойнатылады. Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді) Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді) Керегелер керіліп (алақандарын ашады ) Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды) Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып  көрінер. Балалар біз бүгінгі сабағымызда не білдік, не  үйрендік. Ненің құрлысымен таныстық? ­ Киіз үйдің қандай құрал – жабдықтарын  білдіңдер? ­ Киіз үйдің құрылысы қалай аталады екен? Балалар жауап топ болып сұрақтарға жауап береді. Рефлексиялық −  түзетушілік

« Юрта »

« Юрта »

« Юрта »

« Юрта »
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2019