Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.
Оценка 4.7

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Оценка 4.7
Рабочие тетради
docx
технология
3 кл
02.04.2019
Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.
Тақырыбы: Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік. Мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға қағаз қалай жасалатының және қағаздың қандай түрлері бар екенің түсіңдіру; 2.Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қабілетін, көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиелілігі: адам жəне адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштігін тəрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың типі: саяхат Сабақтың әдістері: түсіндіру,сұрақ – жауап Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты сүреттер, мата, үлгі
жоспар. Қағаз жайлы түсінік.docx
Күні:17.10.16 Сыныбы: 3 «В» Пәні : Еңбекке баулу Мұғалім: Жакина А.Ш. Әдіскер: Бармакова М.А. Машықкер:Аюбекова А.Қ. Тақырыбы: Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік. Мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға қағаз қалай жасалатының және қағаздың қандай түрлері бар  екенің түсіңдіру; 2.Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қабілетін, көркем сезімін,  шығармашылық қиялын, кеңістік ой­өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық  қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиелілігі:  адам   ж не   адам   еңбегіне   құрметпен   қарауға,   еңбексүйгіштігін ə т рбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың типі: саяхат Сабақтың әдістері: түсіндіру,сұрақ – жауап Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты  сүреттер, мата, үлгі Сабақтың барысы: ə   І. Ұйымдастыру  кезеңі Психологиялық дайындық ­ Сәлеметсіңдер ме, балалар! ­ Бүгінгі енбекке баулы сабаған мен Айман Қонысқызы  жүргіземін. ­ Сабағымызды мына өлең жолдарынан бастайық. Мен  айтамын, сендер қайталайсыңдар: ­Біз әдепті баламыз Тыныштықты сақтаймыз Білім алып, еңбек етіп Кілең бестік аламыз. ­ Жарайсыңдар,балалар, отырындар. ­ Балалар, бүгінгі сабақ жай сабақ емес, ерекше сабақ  болмақ. Біз бүгінгі сабақта музейге экскурсияға  шығамыз.  ­ Экскурсияда әр бір аялдамаға келіп өзімізге жаңа  ақпарат аламыз. Ал экскурсияның тақырыбы «Қағаз»  деп аталады. Бүгінгі экскурсияда  қағаз қалай пайда  болғанын? Қағаз пайда болмай тұрып адамдар қайда  жазды? Қағаз қалай жасалатының, қандай шикізат  қолданатының? Қағаздың қандай түрлері бар екенің  білетін боламыз? ­ Сендердің алдарында карточка бар, ол бүгін біздің  экскурсиямыздың шағын бейнесі. ІІ. Жаңа сабақ ­ Қалай ойлайсыңдар неліктен бірінші аялдама папирус. Ал енді бірінші экскурсиямыздың аялдамасы деп сұрақ  белгісімен берілген. Мұнда біз бірінші қағаз дегеніміз не? Ол  не үшін керек соны анықтап алуымыз керек. ­Балалар, қағаз дегеніміз не? ­Қағаз не үшін керек? ­ Сонымен оқушылар қағаз дегеніміз адам қолымен жасалатын  материал. Жыртылады, бүктеледі, иіледі, умаждалады,  жанады, қиылады.Дұрыс айтыңдар қағаз бізге жазу үшін керек. ................................................................................................ ­Ал енді экскурсияның екінші аялдамасына барайық! Бұл  аялдама папирус деп аталады.  Қалай ойлайсыңдар неліктен  папирус, мүмкін бұл сөзді бір жерде естіген шығарсындар? ­Ендеше мені мұқият тыңдаймыз. Папирус  ежелгі Египетте  жазуға арналған ең бірінші материал болып есептелінеді.  Папирус дегеніміз ­ батпақты жерде өсетін қамыс тәрізді  өсімдік. Бұл өсімдік Египеттегі Ніл өзенің бойында өседі.  Египеттіктер папирустың   сабағын жіңішкелеп ұзынынан  тіліп, суға жібітіп, қайта кептіреді. Сонан соң ғана оларды бір­ біріне жалғап, желімдейді де, осылай жазуға арналған  сарғыш  орамал жасаған . Ол папирус өсімдіктен жазалғаннан кейін  жазуға арналған ең бірінші материалды  «папирус» деп  атайтын болған. Сонымен жазуға арналған ең бірінші материал қалай аталады? Ол қай өсімдіктен жасалады? Ол өсімдік қай  жерде өседі?  ­Жарайсыңдар, енді экскурсияның үшінші аялдамасына  барайық. Мұнда Цай Лунь деп жазылып тұр? Неге Цай лунь, қ  алай ойлайсыңдар?  ­Өйткені Әлемдегі ең алғашқы қағазды 2­ғасырда 105 жылы  қытайлық Цай Лунь жасап шығарған. Қытайда қағазды бамбук  өсімдігінен жасаған. Өйткені бамбук өсімдігі қытай  мемлекетінде көп өседі. Бамбук ағашын жұқа шырпыға бөлшектеп, әкпен сулап,  бірнеше күн бойы қайнатады. Дайын болған қоймалжың затты  арнайы шұңқырда ұстап, билмен мұқият жағу арқылы кілегей  тектес зат пайда болғанша су қосып отырады. Осы сияқты  бірнеше өндіру сатыларынан өткен соң, аяғына таман  қатпарлы, жұқа парақ пайда болады. Ұзақ ғасыр бойы қытайлар қағаздың өндіру жолын құпия  түрінде ұстап келгендіктен, өзге мемлекеттер оны кеш меңгере бастайды. Сөйтіп 751 жылы Тянь­Шань жерінде араб­қытай  қақтығысында бірнеше қағаз өндіру шебері арабтардың  тұтқынына түседі. Осы тұтқындар арқылы арабтар қағаз  өндіру кәсібін үйреніп алады. Еуропалықтар бұл кәсіпті соңғы  болып меңгерді. Алғашқыда Испанияға тарап, кейіннен 1154  жылы Италия, 1228 жылы Германия, 1309 жылы Англия еліне  келіп жетеді. ­Сонымен қағаз қай елде пайда болды? Оны ойлап тапқан кім?  Қағаз қай өсімдіктен жасалады? ­Енді экскурсияның төртінші аялдамасына барайық.  Мұнда  қазіргі заман деп тұр, яғни біздің заманымызда қағазды қала  шығарады. Қазір қағазды қағаз шығаратын зауаттарда жасайды.  Қазіргі   заманда   қағазды   қарағай   немесе   емен   ағаштарынан жасау   көп   белең   алған.   Фабрикаға   осы   ағаштарды   кесіп әкелген соң, оларды сыртқы қабықтарынан тазартып, қырады. Содан соң, арнайы үгіткіш машина арқылы өңделген діңдерді үгітіп, ұсақтайды. Діңдер керекті деңгейде үгітілген соң, оны електен өткізіп, көлеміне қарай үгінділерді бөледі. Осылайша өңделген шикізатты арнайы қазанға салып, қайнатады. Қайнау үстінде қазанға арнайы қышқыл қосылуы керек.  Пайда болған ақшыл ботқаны арнайы машиналар арқылы лента күйіне түсіреді. Осылайша бірнеше рет өңделіп пайда болған лента таспаларға оралып, оларды қиып, дәптер күйіне түсіру үшін типографияға жібереді.  ­Енді экскурсиямыздың келесі аялдамасына барайық. Бұл  аялдама макулатура деп аталады. Неге екенің білесіңдер ме?  ­Ендеше мені мұқият тыңдаймыз!  Және жаңа біз қағаздың қалай жасалатының көрдік. Ол бізге  онай жолмен келмейді. Ал енді қарандар 1 тонна қағаз жасау  үшін 8 тал ағаш кесіледі екен. Ал енді әр ел орташа алғанда айына 5 тонна қағаз шығарса 45 тал ағаш кетеді екен. Ал  айтыңдаршы біз ағаштың қоршаған ортаға деген пайдасын  білеміз бе? Білесіңдер, ағаш филтр сияқты, Ауаны тазартады.  Ал ағаштың өсуне қаншама жыл кетеді. Ал сендер осы 1 2  сынып дәптерлерін айда жібердіңдер? Қоқысқа. Ал сендер осы тастаған дәптерлерінен, газеттерден қайтадан өндіріп қағаз  шығаруға болатының білдіңдер ме? Ендеше мына бейнебаянға мұқият қарандар. Сонымен оқушылар мұнда сендер не түсіндіңдер. Дұрыс  айтасыңдар, қағазды тастамай, арнайы қағаз тапсыратын жерге апарамыз.  Осы орайда айтатын болсақ, қалдықтарды қайта  өңдей отырып, сол жолмен алынған шикі заттар есебінен орман қорын үнемдеуге болады екен. Американдықтардың есептеуі  бойынша, тұрмыстық қалдықта 34млн. тонна қағаз бар екен.  Осы қағаз қалдықтарының әрбір тоннасын өңдей отырып, 17  мың тонна ағашты кесуден сақтауға болады екен.  Қазақ халқында ата­бабаларымыз бір жапырақ қағазды  қастерлеп ұстаған «қағаз» ұғымын киелі санаған. Келешек  еліміздің жағдайын қазірден ойлауымыз қажет. Себебі, біз  келешек Қазақстан азаматымыз. Болашақ жастар, табиғат  біздің қоршаған ортамыз екендігін ешқашан ұмытпайық және  табиғатты аялай білейік! Сонда ғана болашақ ұрпақ бізден үлгі алып, қазақ елінің өсіп­өркендеп гүлденуіне, әлеуметтік­ экономикамыздың жақсауына, көгалдануына өз үлесін қосары  анық. ­Енді келесі аялдамаға барайық. Қағаз түрлері Қағаздың 600­ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді ­Мысалы журнал,хат, открытка  газет, салфетка, картон, түрлі  түсті қағаз, ақ қағаз, плакат барлығы қағазға жатады.  ­Келесі аялдама ол бізде сергіту сәті. Экскурсиядан шаршаған  шығармыз, орнымыздан тұрып, сергіп алайық! ­Келесі аялдама ағаш аялдамасы, яғни қазір біз қағаздан  оригами арқылы ағаш құрастырамыз.  ­Оқушылар жұмыс жасамас бүрын қауыпсыздық ережесін  есеке түсірейік.  ­Енді мына үлгіге қараймыз.  ­Бірінші біз төртбұрыш жасаймыз. Артығын қиып тастаймыз.  Үлгі байынша көрсетіп, бірге жасаймын ІІІ. Практикалық  жұмыс IV. Қорытындылау V. Бағалау - Біз қайда саяхатқа шықтық? - Қағаз дегеніміз не? - Қағаз қандай шикізаттан жасалады? - Қағаздығ түрлерін ата? - Қағаздарды қалай айыра аламыз? - Бүгін не жасадық. - Әр оқушы жасағандарын көрсетеді бағалаймын. VI. Үйге тапсырма - Кім үлгірмеді  жалғастырып келу. Мұғалімі: Әдіскер:       Аты­жөні Жакина А.Ш. Бармакова М.А.        Баға Қолы

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.

Қағаз жасауда қолданылатын шикізат. Қағаз турлы түсінік.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.04.2019