"Адалдық пен адамдық" тәрбие сағаты
Оценка 4.6

"Адалдық пен адамдық" тәрбие сағаты

Оценка 4.6
docx
29.11.2020
"Адалдық пен адамдық" тәрбие сағаты
адалдық.docx

Тәрбие сағатының тақырыбы:Адалдық пен адамдық. Мақсаты:

1. Оқушыларға адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып адамгершілікке тәрбиелеу.Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге,адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.

2. Оқушыларға адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой-пікірлерін кеңейту,көркем шығармадағы және қоршаған ортадағы достық қарым-қатынастың көріністерін бағалау қабілеттерін дамыту.

Барысы: Шаттық шеңбері -Балалар мен сендермен жүздесіп тұрғаныма өте қуаныштымын -Ендеше біз бүгін сендермен адам бойындағы асыл қасиеттер жайлы әңгімелесеміз.

Топқа бөлінейік

1-ші топ Адалдық

2-ші топ Шыншылдық

Қызығушылықты ояту:

Жақсы мен жаман

Қайыр күтпе баладан,

өз мысығын сабаған.

Кім алдаса анасын,

оған қалай нанарсың.

«Екі» болса алғаны,

бала ұятқа қалғаны.

Ойнап жүріп жыласа,

орынды емес бұл аса.

Келсе сөзі анайы,

мақтамас бұл баланы,

Жала жапқан басқаға,

барып тұрған масқара.

Добын қимас ойнауға,

ұят сараң болғанда.

Кім мақтанса көбірек,

жасайды мінез жөні жоқ,

Ерінсе қол жуғанға,

нассың дейміз мұндайда.

Мұнша уақыт санарлық,

бар екен ғой жамандық.

Бәрі жақсы баланың,

беске оқиды сабағын.

Айналайық баладан,

көгершінді аяған.

Адал болса досына,

азаматың осыда.

Ойнатса кім інісін,

мақұлдаймыз мұнысын.

Әділ болсаң ойында,

жақсы мінез оның да.

Күтсе бала әжесін,

жақсы дейміз дәл осың.

Өскен бала ауылда,

ойнар аттың жалында.

Өзі түйме қадаса,

мұндай бала тамаша.

Уәдесін сақтаған,

баланы жұрт мақтаған.

Болады әрі санауға,

жақсылық көп қалайда.

Өлең не жайлы айтылған.

Өлеңде қандай жағымсыз қылықтар бейнеленген?

Жағымды, жағымсыз әрекеттерді табу.

Осы өлеңде жазылған жаман-жақсы қасиеттерге ие адамдарды қалай айырасыңдар ?

-Жақсы қасиетке ие адам мен жаман қасиетке -Ендеше 1-топ «Жақсы бала » -2- топ «Жаман бала » туралы ой қозғау арқылы постер қорғаймыз.

Қайырымды тәртіпті

сыпайы таза жүреді

таза жүреді адал

тіл алмайды жалқау

кір жүреді нашар оқиды

әдепсіз мейірімсіз

Проблемалық жағдаяттардан шығып көрейік: 1-топ: Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан кісіні қағыпкеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сеніңәректің? 2-топ: Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді.Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп:-Менің қалтамда апам «Самса алып жерсің» деп берген ақша бар.Кеттік,кино көрейік,- деді.

Алмагүл:

-Үйден сұранып шыққан жоқпыз,іздеп қалады ғой-деп,іркіліп қалды.

-Ештеңе етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз.

-Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің? 1) оқушылар жағдаятпен танысады. 2) Топ ішінде талқылайды Топпенжұмыс

1-топ Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой: а) Ашу-дұшпан,………..-дос, ………-ыңа ақылқос. ә)Балаң ……………..болса, жердің үсті жақсы, Балаң…………………болса, жердің асты жақсы. 2-топ Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой: Әдептілік ар-ұят-………………………..белгісі,

Жақсылық ……………………. басында,

Жамандық ……………………. астында.

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.

«Сыбайлас -жемқорлық» деген «параға сатып алу», «пара» ретінде , «corruptio» деген латын сөзін алып,анықтауға мүмкіндік береді.Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire»түсінік болған,ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру,бүлдіру,бұзу,зақымдау,жалғандау,параға сатып алу» деген түсінік берген де,құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу,лауазымды адамдардың,саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады?

1. Пара бермеу және алмау.

2. Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3. Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

Адамгершілік ,әділеттілік туралы мақал-мәтелдер.

1. Адамгершілік болмай, Әділдік болмас.

2. Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде.

3. Асыңа тойғызбасаң да, Ақ ниетіңе тойғыз.

4. Су бермегенге, сүт бер,

Ақ ниетіңді білсін.

5. Кең болсаң, кем болмайсың.

6. Қолы ашықтың, жолы ашық.1

7. Игіліктің ерте, кеші жоқ.1

8. Жүзігің алтын болғанша,1

Жүзің жарқын болсын.

9. Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.1

10.Иілген басты қылыш кеспес.

11. «Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

12. Өзіңді өзің сыйламасаң,

Өзгеден сый күтпе.

13. Кішіпейілділіктен — кішіреймессің.

14. Анығын айту адалдық,

Ала сөйлеу арамдық.

Рефлексия. Сабақтан не түсіндік? Не ұнады? Сабақтан қандай әсер алдыңдар? Жүректен жүрекке. Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ — адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана — сезімі мен ар — ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық — этикалық жиынтығы.

Жүректен — жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.

Қорытынды: Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білеміз.


 

Тәрбие сағатының тақырыбы:Адалдық пен адамдық

Тәрбие сағатының тақырыбы:Адалдық пен адамдық

Болады әрі санауға, жақсылық көп қалайда

Болады әрі санауға, жақсылық көп қалайда

Жүзігің алтын болғанша,1 Жүзің жарқын болсын

Жүзігің алтын болғанша,1 Жүзің жарқын болсын
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020