«Ұлттық код. Тарихи сана.Ұлттық бірегейлік.»
№1 Адами капиталды дамыту ресурсы: бәсекеге қабілетті ұлт.
Қазақстан Республикасының Президенті 2018ж Халыққа дәстүрлі жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері. Жетінші міндеті Адами капитал –жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға тиіс екендігі айтылды. 2019жылы қыркүйек айында мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқуға машықтығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты енгізілді. 2016жылдан белгілі орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу 2021 жылы аяқталу мерзімі айтылғаны белгілі сондықтан жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар мен кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Еліміздің университеттердіндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Яғни біз-жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты-болып табылады. Білім беру мекемемлерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жанбасына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады. Еліміздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғаныны және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендетуді ұсынып отыр. Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-притерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек. Жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына жіне өндірістік –технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі. Қазақстандықтардың болашағы –қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде болып тұр. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықты жасауымыз қажет деп айтамыз. Соңғы жылдары әлемде қалыптасқан жеті мың термин қазақ тіліне аударылған. Осындай жаңалықтар қисынсыз аударма сөздер дұрыс мағына бермегендігі белгілі болды. Аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек. 2025жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі жасалынады. Орыс тілін білу маңызды болып қала береді. 2016жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1- сыныптан бастап оқытылып жатыр. 2019жылдан бастап 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекеленген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деігейде үш тілді меңгеретін болады деп айта аламыз. Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады. Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануға да мүмкіндігі болады. Қазақстандықтар осындай жетістіктерге жетсе біртұтас ұлтқа айналады. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары әліде жалғасын табуда. Жұмыс берушңлерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, мтехникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек. «Баршаға тегін кәсіптік –техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді. Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс. Орта мектеп пен колледждер және ЖОО үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек. Бұл барлық Қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашылады. Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллекпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек. Осыған орай метталлургия мұнай-газ химиясы, агроөнекәсіп кешені, био және ІТ –технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін ЖОО-ғылымын дамыту керек, өйткені қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі. ЖОО-шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет. Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиіс. Жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөліп оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек. Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді. ЖОО білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқы беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек. Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, ЖОО-на шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетімізбен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызыда нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс. Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісінкүшейту керек. Жастардың реппродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға нығайтуға ерекше назар аудару керек. Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуі тиіс. Денсаулық саласы халықтың мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңмен көшетін болады. Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу талап етіледі. Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемнің жаңа моделін әзірлеуді қажет етеді. Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмген қызметтерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруды талап етілген. Биылғы жылдың Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылвғы мен өркендеуінің негізі» бұнда жетінші Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселесі Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселерді шешуге жұмсалуын қысқартатыны жайында сөз болса бұл деген – келешек ұрпақтың қаржысы Ұлттық қордың трансферттері бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асыру үшін ғана бөлінуі керек. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі әлеуметтік салада көптеген бағыттарға баса мән беру керек екендігі нақтылап айтылды. Білім беру сапасын жақсарту. Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алу негізінде әдістемесі әліде дайын еместігі белгілі сондықтан шын мәніне келсек мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған. Жыл сайынғы мектеп бітіруші түлектер ЖОО-на кәсіби оқу орындарына түсе алмайды. Осындай жастар жұмыссыздар санын көбейтеді, маригиналдардың тобын құрайды. Олар осындай салдардан кейін қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде сондықтан біз яғни қоғам болып күресуіміз керек. Біз жастарымызды оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру арқылы мамандық таңдауға көшбасшылыққа тәрбиелеу. Осындай жағдайлар орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болу керектігіне үлкен мән берілу керек. Жалпы елімізде экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, барлық мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыртуға мәжбүр болуда осындай жағдайларды өз уақытында шешілуі керек. Қала мен ауыл мектептері арасында орта білім сапасы алшақтап барады соның дәлелі ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы белгілі болып тұр. Дарынды ауыл жастарын іріктеп отандық және шетелдік ЖОО-на дайындау қажет. Сондықтан дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсыруы Президенттің болашақты ойлағаны деп түсінуге болады. Білім сапасына байланысты бір мәселе қаржыландырудың біркелкі болмауынан және өңірлік басқарудың жүйесінің тиімсіздігі қосымша айтатын болсақ жеке ақылы оқу орындарының көбейіп кетуінде. Кең байтақ жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек қателеспейміз. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жағалықтар ойлап тауып бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Өткенін бағаламаған елдің болашағы да баянды болмасын, тарихын тереңнен қопармаған мемлекеттің келешегіне күмәнмен қарауға тура келетінін түсінген Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында мақаласында «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» атты екі бөлімді қамтыған мақалада қазақтың атқа міну мәдениеті ұлы дала төсіндегі ежелгі металлургия қайталанбас белгі саналатын аң стил, «Алтын адам» түркі әлемінің бесігіне айналған ұлан-ғайыр атырабымыз, Ұлы жібек жолы алма мен қызғалдақтың отаны Қазақстан екендігі жаңа «Архив-2025» бағдарламас, ұлы даланың ұлы есімдерітүркі әлемінің генезис, ежелгі өнер жаңа технологиялар музейі дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы, тарихтың кино өнері мен телевзиядағы көрінісі сынды сындарлы тақырыптар талқыға түскен. Бұл біздің мыңжылдықтар төрінен тартылатын тарлан тарихымызға сапар шегіп, ең үздік әрі озық тұстарымызды
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.