Алматы облысы,
Алакөл ауданы,
«Бескөл ст. № 14 орта мектебі
шағын орталығы бар»КММ
Тарих пәнінің мұғалімі
Аргынбаева М.Б
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ТАРИХ ПӘНІНДЕ
ТҮРЛЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ
«Қай істің болмасын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек»
М.Әуезов
Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ.
Цицерон
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұрпақ мүмкіндігі. Сондықтан да біздің жастарымыздың сапалы білім алуы маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Мұндай жаңа міндеттерді мұғалім кәсіби санасының өзгеруі, кәсіби құзіреттілігінің өсуі озық әдістермен, біліктілік арттыру жүйесімен шеше алады. Ол үшін мұғалім – жаңалыққа жанықұмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделе алатын, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаз болуы тиіс.
«Мен ешуақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» деген екен Альберт Эйнштейн, менде осы нақыл сөзді өзіме арқау етемін.
Оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайда тиімді қолдануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктерді меңгеруі бүгінгі күні мемлекет қойып отырған талаптардың ең бастысы оқушы тұлғасының сапасы болып саналады.
Қазіргі таңда мемлекетімізде өзіндік азаматтық позициясы бар, өз ойын еркін білдіре алатын, барлық жаңашыл әдістерді меңгерген, барлық жағынан дамыған тұлғаны дамыту мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда білім беру үдерісінде заман талабына сай жаңа педагогикалық технологияларды түрлендіріп қолдану қажеттілігі бар.
Сабақта инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық және ойлау үрдістерін белсендіру мәселесі бойынша түсініктілік және белгілілік енгізді:
- бұл стандарт, оқу бағдарламалары, жоспарларды жүзеге асыру;
- бұл оқудың түрі, әдістері мен технологиясын жаңғырту;
- бұл оқушыларға білім беру нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту;
Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия (2-қосымша), оқытудың жеке тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады. Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады. Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс, яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет. Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және «атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге болады. Бүгінгі таңда мектептерде саралап оқытудың қажеттілігі неліктен туындады? Саралап оқыту мәселесін қарастырғанда жекелеп оқытумен байланысты оқушыларға жеке оқытумен байланысты оқушыларға жеке және саралап ықпал жасау туралы сұрақтарды тастап кетуге болмайды, себебі оқушының өзінің іс-әрекетін есепке алмай саралап оқыту мүмкін емес. Д.Б.Элконин былай деп атап көрсетеді. «Оқу әрекетінің өзіне тән бір ерекшелігі –ол өзінің мағынасына, өзінің іске асырылу түріне қарай қоғамдық болып табылады, сонымен қатар ол нәтижеге байланысты жеке болып табылады, яғни оқу әрекеті үдерісінде игерілген білім, ісерлік дағды, әрекет тәсілдері жеке оқушының жетістігі болып табылады». Саралауды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады: 1.Оқыту үдерісінде (оқытудың түрін, әдіс-тәсілдерін тағдау); 2.Білім мазмұнында (оқу бағдарламасын, оқу жоспарын құруда, оқу әдебиеттерін, оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларды құрастыруда); 3.Саралап оқытудың екі түрі бар: деңгейлік және бейіндік. Бейіндік- немесе мазмұнына қарай саралау- қамтылған сұрақтар тізімдемесі мен мәліметтер көлемі, материалдың тереңнен мазмұндалуымен ерекшеленетін бағдарламалар бойынша әртүрлі топ оқушыларын оқыту.Арнайы бағытта оқытатын мектептер мен сыныптар гимназиялар осындай бағыттағы саралап оқытуға мысал бола алады. Деңгейлік – саралап оқыту –бірдей бағдарламамен оқитын оқушылардың оқу материалын әртүрлі алдын ала жоспарланған деңгейде, бірақ кейбір міндетті деңгейден төмен емес деңгейде меңгеруге құқығы бар және мүмкіндігі бар оқытуды ұйымдастыру, яғни бір сыныптың әртүрлі топтағы оқушылары үшін қолданылатын оқытудың формасы мен әдіс. Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен олардың ықылас –жігерін, еске сақтау және ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім деңгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушылардан сауалнама алу, психологиялық тәжірибе жасау, ата-аналармен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері- сабақта сұрақ қоюы, кіріспе әңгімесі, оқыған материалды тиянақтау сатылары да ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушылардан берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташа оқушыларға ойланып, қажетті тұжырымдар жасауға, картаға түсіруге уақыт беріледі, ал үлгерімі төмен оқушыларға нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақ – жоңғар соғыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып |
ХVІІІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы. Қазақ – жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама»заманы. Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы. Қазақ халқының батырлық дәстүрі. Отан қорғаушы батырлар. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі.
|
Оқу мақсаты |
7.1.1.1 – жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру; 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.3.1.1 – Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру 7.3.2.1 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру |
Бағалау критерийі |
Білім алушы XVIII ғасырдың бас кезінде Қазақстан жеріне қауіп төндірген елдерді анықтайды Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіре алады Суреттер арқылы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін бағалап сипаттайды
|
Ойлаудағдыларыныңдеңгейі |
Білу және түсіну Қолдану |
Орындаууақыты |
20 минут |
Тапсырма. Не артық? ( Әр тізбектен артық есім және оқиғаны алып таста, қалғандарын не біріктіреді?
А. Болат, Сәмеке, Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Барақ.
Ә. Төле би, Қазыбек би, Майқы би, Әйтеке би.
Б. Аягөз шайқасы, Бұланты шайқасы, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», Бұланты шайқасы, Аңырақай шайқасы.
В. Еділ қалмақтары, ойраттар, жоңғарлар, қырғыздар, башқұрттар
А. _________________________________________________________________________
Ә.___________________________________________________________________________Б.____________________________________________________________________________В.____________________________________________________________________________
Балл - 4
Кескін картамен жұмыс. XVIII ғасырдың бас кезінде Қазақстан аумағына қауіп төндірген елдерді белгіле.
Балл - 5
Суреттер сөйлейді.
1. Тапсырма. Суретті анықта. Өз біліміңізді және берілген суреттерді пайдалана отырып, қазақ халқының сыртқы жаудан қорғану әрекеттеріндәлелдейтін мысалдар (6-тен кем емес)келтіріңіз.
1)____________________________________________________________________________2)____________________________________________________________________________1)____________________________________________________________________________2)____________________________________________________________________________1)____________________________________________________________________________2)____________________________________________________________________________
Балл - 6
Бағалаукритерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білімалушы |
|||
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресіндегі тарихи оқиғалар және тарихи тұлғаларды анықтайды.
|
1 |
Артық тарихи тұлғаны анықтайды; |
1 |
Артық тарихи тұлғаны анықтайды; |
1 |
||
Артық тарихи оқиғаны анықтайды; |
1 |
||
Қауіп төндіргенге қатысы жоқ елдіанықтайды; |
1 |
||
XVIII ғасырдың бас кезіндеҚазақстанжерінеқауіптөндіргенелдердіанықтайды |
2 |
Қазақстан жеріне қауіп төндірген елдің қамтығанаймағынкөрсетеді; |
1 |
Қазақстан жеріне қауіп төндірген елдің қамтығанаймағынкөрсетеді; |
1 |
||
Қазақстан жеріне қауіп төндірген елдің қамтығанаймағынкөрсетеді; |
1 |
||
Қазақстан жеріне қауіп төндірген елдің қамтығанаймағынкөрсетеді; |
1 |
||
Қазақстан жеріне қауіп төндірген елдің қамтығанаймағынкөрсетеді;
|
1 |
||
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіре алады Суреттер арқылы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін бағалап сипаттайды
|
3 |
Тарихи оқиғаны анықтайды; |
1 |
Тарихи тұлғаны анықтайды; |
1 |
||
Тарихи тұлғаны анықтайды; |
1 |
||
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді анықтайды; |
1 |
||
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған ханның рөлін анықтайды; |
1 |
||
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған батырдың рөлін анықтайды; |
1 |
||
Баллсаны |
15 |
Сәйкестендіру кестесі - интерактивті тақтада көрсету
1.Ақтабан шұбырынды болған жылдар |
A |
Қожаберген |
2.Түркістан мен Ташкентті жоңғарлардың басып алуы |
B |
1723 жылы |
3.Жоңғарлардың Қаратау мен Талас алқабына басып кірген жылы |
C |
1723-27жж |
4.«Елім-ай» әнінің авторы |
D |
Сібір казактары |
5.Қазақ хандығының солтүстігінде қауіп төндірген көршісі |
E |
1725 жылы |
1. |
2. |
3. |
4. |
5. |
«Сөйлемді толықтыр» әдісі
1. 1710-1717 жылдар аралығында……………… (жоңғардың) қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп,халықты қан қақсатты
2. қазақ билеушілері арасындағы өзара……. (алауыздықты) пайдаланған жоңғарлар қазақ жеріне тұтқиылдан баса-көктеп кірді. 3.1723жылы орта жүздің басқа рулары…….. (Самарқантқа) ойысты. 4.………..(Кіші жүз) Торғай , Ырғыз, Жайық, Ор өзендеріне қарай ығысты. 5.Қалмақтардың шапқыншылығы барысында қатты ойрандалған…………
(Жетісу) өңірі болды. 6.Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дәстүрлі керуен ………….(саудасына) нұқсан келді.
№ |
Тапсырма |
Иә |
жоқ |
1 |
Жоңғар хандығының негізін қалаушы және алғашқы билеушісі қонтайшы Батур болды |
+ |
|
2 |
Қазақ –Жоңғар соғысы 120 жылға созылды. |
+ |
|
3 |
Қарақұмдағы жиында қазақтар әр жүз өз жерлерін қорғауды шешті |
|
+ |
4 |
«Елім-ай» әнінен ел басына түскен ауыр қасіретті байқауға болады |
+ |
|
5 |
Жоңғарлардың шабуылынан әбден титықтаған қазақтарды коршілес жатқан өзбектер, қарақалпақтар жылы қабылдады |
|
+ |
6 |
Қожаберген жырау Ресей мен Қытайдың саясатын қолдады |
|
+ |
7 |
Қазақ-Жоңғар соғысы тарихта «Отан соғысы»деп аталады. |
+ |
|
8 |
Қазақтың игі жақсылары біріккенде ғана жауды жеңуге болатынын түсінді |
+ |
|
Қорыта айтқанда, жеке тұлғаны дамыту үшін шығармашылық тапсырмаларды беру арқылы оқушының өз бетімен ізденіп, жан-жақты дамуына мол әсері байқалды. Іс тәжірибемді қорыта келе, мұғалімдерге мынадай ұсыныс білдіремін:
1. Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырады;
2. Оқушылардың жан-жақты болуына мүмкіндік береді;
3. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарының артуына әсер тигізеді.
Әр мұғалім оқушыны жеке тұлғаретінде көріп, оның өмірде өз орнын табуына үлкен көмек көрсетеді. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық әдістерді өз жұмысында пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
Өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыруда, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін. Оқушыға білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, оқушылардың демократиялық қасиеттерін, таңдау бостандығын,өздігінен іздену қабілеттерін, жеке тұлғаны дамыту мақсатында мектебімізде тек қана оқушылар ғана емес сонымен қатар ұстаздар қауымы да шығармашылық іс-шараларға белсене ат салысу керек екендігіне көзім жетті. Әрбір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалады. Өз білімімді жетілдіру мақсатында инновациялық әдістерді қолданудың маңыздығын түсіне отырып қолданып келемін.
Осы инновациялық әдістерді сабақ барысында қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткіздім:
-зерттеу барысында оқушылардың коммуникативтілік құзыретіліктерінің дамығандығы байқалды,
-оқушылар өздерінің пікірлерін, азаматтық позицияларын ашық, айқын білідіре ала бастады,
- тарихи оқиғалара баға беру арқылы, оқиғалардың себеп - салдарын, тарихтағы орны мен нәтижелеріне сыни көзбен қарау арқылы оқушылардың логикалық ойлау, аналитикалық құзыреттіліктері дамыды,
- оқушылардың заңды, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктері өсті,
- сабақта алған білімдерін практикада қолдана алуға үйренді, яғни оқушылардың өмірлік дағдыларының қалыптасқандығы байқалды,
-зерттеу барысында сыныптағы тұйық балалардың азайғандығы байқалды, тіпті сөйлеу дағдыларында тілдік ақаулары бар балалардың ашылып, өз ойларын жеткізуге үйренгендіктері байқалды.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.