Мұхамадиянова Айнұр Мұхамадияқызы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ
Тарих пәнінің мұғалімі
Эссе «Заманауи білім тенденциясы»
Мектептегі білім беру сапасын арттыру үшін ең алдымен мұғалім біліктілігі жеткілікті дәрежеде өсіп, кәсіби шеберлік шыңына талпынған тұлға иесі болуы тиіс. Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс деп ойлаймын. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, жұртшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы тиіс. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің хас шебері болуы міндетті.
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А. Вербицкий бойынша)
Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орыны: ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі).
Екінші тенденция – «Оқытуды индустрияландыру», яғни қазіріг заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс-жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіружәне оны технологияландыру.
Үшінші тенденция – басым мәліметтік формалардан проблеммалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған. Оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесты дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық - дидактикалық шарттарын қарастыру.
Бесінші және алтыншы тенденция – оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».
Осы тенденцияларды басшылыққа ала отырып, мектеп мұғалімі қандай болу керек деген ойға қаламын? Заманауи білім беру тенденциясы жайлы біраз жылғы мектептегі іс-тәжірибемді сабақтастыра отырып, ой елегінен өткізіп көрдім.
Мұғалімдер теориясы мен практикасын үйлестіріп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп соның бәрін әдіснамалық тұрғыдан игеруі тиіс. Бәсекеге қабілетті қоғамдағы ұстаздың моделі де осындай – шәкірттерін білімділік, іскерлік дағдылары өскелең, өмір талабына сай тәрбиелейтін, өз бетінше жоспарлап, шешім қабылдай білетін өмірлік көз-қарасы, құндылық қасиеттір бар шығармашыл жеке тұлға.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ең алдымен, мақсат – міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көз-қарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық - ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Ия, адамның жан дүниесін түсініп ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілік пен қарым-қатынас жасауында. Үйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс – тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білім шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Мен он бес жылдық өз іс-тәжірибемде көріп-біліп көкейіме тоқыған нәрсе ол – оқушының жүрегіне жол таба білу. Оқушы жүргінен жол тапқан ұстаздың беделі де арта түсетіні бәрімізге аян. Сол себепті әрбір сабақ мұғалім үшін жоғары дайындықты қажет етеді. Сабағымды қызықты өткізу үшін әр – түрлі жаңартылған білім мазмұнындағы әдіс – тәсілдерді қолданып, жаңаша сабақ үлгілерін дайындап отырамын.
Біріншіден, менің ойымша, мұғалім жан-жақты жаңашыл, қызықтыра алатын қабілетті болуы керек. Үйткені оқушының айналасы қызылды, жасыл дүние: теледидар, компьютер, автомат ойындар. Осылармен жарыса жаңарып отыру керек, олардың көлеңкесінде қалып қойып, пәніңізде, өзіңізде оқушы өмірінде екінші, үшінші орынға шығып қалсаңыз жағдайды түзету оңайға соқпайды. Жаңашыл болудан қорықпаңыз, оқушылармен бірге олардың өміріне еніп кетіңіз: олар көретін филмдерін, тыңдайтын музыкаларын, ойнайтын ойындарын, табынатын әнші, әртістерінен түгелдей хабардар болуға тырысыңыз. Оқушымен өз тілінде сөйлесіңіз. Сонда ғана оқушы көңілі сізге ауады. Ал оқушы көңілі сізде болғанан кейінпәніңізге де қызығушылығы артады. Қызығу бар жерде ынта, ықылас болады. Ынта бар жерде сапа бар. Ал, керсінше, оқушыға есінен тандыра ұрсып, бала санасына сіңген дүниені сыпырп тастаймын деуден сізде шаршайсыз, бала да шаршайды. Қайта оқушы өзіңізден алшақтап, тәрбие бұлағын мүлдем басқа ортадан табуы мүмкін. Жасөспірімдердің түрлі діни секталарға қосылып немесе суицитке бой алдыруы осыдан келуі де мүмкін. Мұғалімін сыйлайтын оқушыға кез-келген ақпаратты сіңіріп, соның жемісін талап етуге болады. Яғни, бір сөзбен айтқанда, оқушының қалыптасуынан қалып қоймауымыз керек.
Екіншіден, ешқашан баланы қинап оқыта алмаймыз. «Қайтсеңде осы өлеңді немесе ережені жаттап ал, әйтпесе күлуші болма» деген сияқты сөздерден оқушының пәнге деген жиіркеніші оңай туады. Өз санасының жетегімен істелмеген дүние оның көкейіне мүлдем қонбайды. Түсінбеген дүниені түйсіну мүмкін емес. Мұндайды болдырмау үшін тағы да оқушымен «өзінің тілінде» сөйлесіңіз. Қызықтырыңыз, түсіндіріңіз бірақ қинамаңыз.
Үшіншіден, оқушыдан талап еткенді өзімізде орындайтын болуымыз керек. Оқушы әуелі бізді үлгі етеді. Қызығуын тудырған мұғалім не жасаса, оқушы соны жасауға әрекет қылады. Түсіндіру барысында қазақ тілінің бар мүмкіндігін қолданып, барынша шұрайлы, барынша сусынын қандыра сөйлейтін болсақ. Оқушыны ақпараттың астында қалдыра бермей, жәй ғана негіз салушы болыңыз. Үйткені алдыңыздағы оқушының барлығын бірдей әдебиетші немесе тілш ете алмайсыз. Міне, осы үш нәрсені ескерсек, ХХІ ғасыр «ойыншықтарының» алдына шыға аламыз, олардан озық отырсақ, сапалы білім, саналы тәрбие бере кәсіби маман бола алмақпыз.
Қортындылай келе айтарым заманауи, білім тенденциясы ала қадам басу үшін, мұғалім – кәсіби шеберлігі артқан, барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыруы болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызмтеін тастап, керсінше ізденуші. Зерттеуші, технолог, өнер тапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін – өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Өз елінің тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін бойына сіңіргенде ғана нағыз азамат тұлғасы қалыптаспақ. Ендеше жоғарыдағылардың бірі кенішін созып жатса, санамызда саңылау, жүрісімізде сылтау пайда болары сөзсіз. Әл – Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей, мектептегі барлық пәндердің бір үндестігі, ынтмақтастығы тәрбиеге келіп тіреледі деп ойлаймын.
Сондықтан тәрбиеші тәлімгер ретінде оқушыларымыздың жан-жақты білім алуы мен мәдени дамуына, балауса өнерлерін шыңдауға көп көңіл бөлуіміз керек деген ойдамын. Сөз соңында айтарым, оқушы жанын, ойын, өнерге деген құштарлығын байқап, баланың бал қылығын музыкамен, сахналық өнермен, спортпен байланыстырса, тұлға үлкен жетістіктерге жетпек. Оқушысы жетістікке жетсе ұстаз үшін одан асқан бақыт болмас деп ойлаймын. Білімді, өнерлі, мәдениеті жоғары ұрпақтарымыз елімізде көбейе бергей....
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.