Мұхамадиянова Айнұр Мұхамадияқызы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ
Тарих пәнінің мұғалімі
«Тарих сабағындағы критериалды бағалау жүйесінің артықшылығы»
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі.
Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімді білім берудегі жетістіктерге жету жолдарының бірі Кембридждік оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері.
Жаңартылған оқыту бағдарламасының мақсаты: Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі педагогтардың біліктілігін арттыру.
Жаңартылған оқыту бағдарламасының басты міндеті: Қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы: оқушы тұласына үйлесімді, қолайлы білім беру ортасынқұра отырып, оны сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, АКТ-ны қолданып, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білетіндей, функционалды сауатты, шығармашылықпен жұмыс жасай алатындай дәрежеге жеткізу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидаипен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Кретериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, оқушының ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ынтасын оятады.
Қалыптастырушы бағалау оқушының әр сабақтағы іс - әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б. Қалыптастырушы бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру қалыптастырушы бағалаудың түрлері болдып табылады. Қалыптастырушы бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі.
Ең алдымен жаныма жақын, өз іс-тәжірибеме ертерек еніп кеткен әдіс – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясына тоқталғым келеді:
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа жеті модульді де еркін енгізуге болады.
Осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаның оқу барысында 7 модульдің ішіндегі «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін тарих сабағымда кеңінен пайдаланамын.
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағыталған қызметі белгілеу үшін қолданылатын термин.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Оқуды бағалаудың мақсаты, керсінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға бағыталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002 ).
Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, қателерін өзіне түзету арқылы және бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, аз уақыттың ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізе алдым. Барлық сабақтар барысында қалыптастырушы бағалаудың келесі түрлерін қолданданамын:
- Қол белгісі немесе "Сұқ саусақ" арқылы бағалау;
- Шапалақтау немесе мадақтау;
- Стикерге бағалау;
- " 2 жұлдыз, 1 ұсыныс";
- "Мақсат ағашы" арқылы бағалау;
- Өзін - өзі бағалау;
- Жұпта бірін - бірі бағалау;
- Топта бірін - бірі бағалау.
Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап – дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар, жан – жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын, белсенді ұлтжанды, патриот азаматты қалыптастыру. Әрбір ұстаз алдында өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, мәдениеті жан – жақты жетілген тұлғаны дайындау міндеті тұр.
Қорытындылай келе сынып оқушыларын бағалау барысында оқшылардың білімін тексеру оңай жұмыс емес екені белгілі. Баға қою білімділікті және шеберлікті талап етеді. Баға - бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Глоссарий
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. "Назарбаев Зияткерлік мектебі" 2012 жыл
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.