Сабақ: қазақ әдебиеті |
Сынып: 9- сынып |
Күні:
|
Уақыты: 900 -945 |
Мұғалім: |
|
Жалпы мақсаттары: |
Абайдың қара сөздерінің тәлім - тәрбиелік сипатын айтып түсіндіру. Ақынның жан - жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып, бүгінгімен тоғыстыру; Оқушылардың өзара пікір
алысу, ортақ ой тұжырымдау, оны көпшілік алдында айта алу
дағдыларын жетілдіру. Ұжымда өзара әрекеттестікте
жұмыс істеу біліктіліктерін, ой түюге баулу, шығармашылық
жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту.Оқушының ой еркіндігін, сөйлеу
мәдениетін |
Сілтеме: |
9- сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығы.Авторлары: Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С. Қалиев, С. Дүйсебаев. «Мектеп баспасы, 2013ж. Power point таныстырылымы. |
Күтілетін нәтиже: |
Тақырыпты меңгеріп, өмірмен сабақтастырады; Топпен бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді; Пікіра алысу арқылы ой түюге дағдыланады; Өз –өзіне әділ баға қоя алады. |
Әдіс- тәсілдер: |
АКТ, топтық жұмыс,сыни тұрғыдан ойлаудың жоғары сатысы - Блум таксономиясы, диалогтық оқыту, «Рондель» стратегиясы, оқыту үшін бағалау. Блум таксономиясының деңгейлері бойынша тапсырмалар. |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, А4 парағы, үлестірмелі материалдар, түрлі -түсті маркерлер, стикер. |
Тапсырмалар: |
Сұрақ –жауап, қара сөзбен жұмыс, тақырып бойынша постерді қорғау, ойталқы. |
I. Ұйымдастыру кезеңі 4 минут
|
Мұғалімнің іс-әрекеті: |
Оқушының іс-әрекеті: |
||||||||||||||||||||||||
1)Психологиялық дайындық «Алақан жылуы», Ереже қабылдау (Оқушыларды топқа бөлу,бағалау критерийлерін ұсыну 2)Сабақтан не күтеміз? -Түйінді ой -Қызықты дерек -Пікір -Жақсы баға
|
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз басшыларын сайлап, топқа ат қояды. Топ ережесін еске түсіреді. |
|||||||||||||||||||||||||
Миға шабуыл. Үй тапсырмасын тексеру. Білу . (Қайталау, еске түсіру). 7 минут |
Интербелсенді тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы «Нақ сұрақ- дәл жауап» стратегиясы бойынша үй тапсырмасы тексеріледі. А.Құнанбаевтың шығармашылығы туралы берілген сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы ұпай жинайды. 1. Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим) 2. Ақыл, қайрат, жүрек туралы қай қарасөзде айтылған? (17 қарасөз) 3. Әйгерімнің шын есімі кім? (Шүкіман) 4.Абайдың әндерін атап бер.( Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным») 5. Абай Құнанбаевтың поэмалары. (Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған.). 6. Абайдың қандай күйлерін
білесіңдер? 7. Абайдың өлеңдерінің саны. (176) 8. Абайдың жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдерінің тақырыбы қандай еді? ("Қыс", "Ақ киімді, денелі, ақ сақалды", "Күз" Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан", "Жаз" "Жаздыгүні шілде болғанда''."Жазғытұры" "Жазғытұры қалмайды қыстың сызы"). 9. Абай әуелі сауатын кімнен ашады? (Ауылдағы Ғабитхан молдадан ашады), 10.10 жасқа толған соң қайда оқыды? (10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.). 11. Абай нешінші жылы дүниеге келді? (1845ж) 12. Аристотель есімі Абайдың қай шығармасында кездеседі? (Ескендір поэмасында). 13. Абайым деп еркелеткен асыл әже кім еді? (Зере). 14. Биыл ұлы ақынның өмірге келгеніне неше жыл толады? (170). |
Оқушылар белгіленген уақытта «Нақ сұрақ –дәл жауап» стратегиясы бойынша үй тапсырмасына жедел жауап береді. |
||||||||||||||||||||||||
1 минут
II. Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту. 3 минут
Түсіну (жеткізу, түсіндіру, тұжырымдау)
4 минут |
Балалар,
олай болса бүгінгі сабағымызды: деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.
Сонымен, Абай атамыздың қанша қара сөзі бар екен? Қай жылдары жазылған? Қара сөз дегеніміз не? Ғақлия сөзін қалай түсінесіңдер?
(Мұғалім екі топқа тұжырымдамалық карта таратады). I топ:
II. Топ
Сонымен, қара сөздер тақырып жағынан бірнеше топқа бөлінеді екен. |
Оқушылардың жауабы.
Оқушылар тұжырымдамалық картаны толтырады.
|
||||||||||||||||||||||||
III.Мағынаны тану
3 минут
Қолдану. (Жасап көру, көрсетіп беру). 4 минут
Талдау. 4 минут (Бөліп шығару, талқылау, мәселені шешу) |
Олай болса, біз осы уақытқа дейін талдамаған, оқымаған қара сөзінің бірі - 24 қара сөзге назар аударайық. Екі топқа да қара сөз жазылған мәтін таратылып беріледі.
I топқа: Венн диаграммасы (24 қара сөз- Абайдың өлеңі ) II топқа: Сұрақтар пирамидасы (24 қара сөздегі сұрақтар +өмірмен байланыс).
Әр топтың мүшелері Абай өлеңдерінен үзінді жазып, келесі топтың оқушыларына береді.Олар аяқтайды. Мысалы: Жүрегімнің түбіне терең бойла, ....................................................... . |
Әр топ жаңа тақырыпты өз беттерімен оқып шығады және жоба қорғайды.
Оқушылар аяқталмаған ойға керекті сөзді толтырады,жауап іздейді, бірінің ойын екіншісі толықтырып отырады
|
||||||||||||||||||||||||
Дарынды баланы дәлелдеу стилі: 1 минут |
|
Жеке жұмыс.
|
||||||||||||||||||||||||
IV. Ой толғаныс Жинақтау. (құрастыру, шығармашылықпен орындау) 6 минут |
I топқа: «Рондель» әдісі II топқа: Абай дана, Абай дара қазақты |
өлең жазу эссе
|
||||||||||||||||||||||||
V. Бағалау. 3 минут
Рефлексия. (Ұсыныс жасау, таразылау) 4 минут |
Өзін –өзі бақылау нәтижелерінің қорытындысы
«Бүгінгі күннің сөйлемі» әдісі Мұғалім оқушыларға стикер таратады «Екі жұлдыз, бір тілек» |
Оқушылар өздерін –өздері бағалағаннан шыққан ұпай санын айтып, бағалайды.
Оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты бір сөйлем жазады.
|
||||||||||||||||||||||||
VI.Үйге тапсырма: 1 минут |
Абай афоризмдерін жаттау. |
Күнделікке жазады. |
||||||||||||||||||||||||
|
«Арттағыға
сөзің мен ісің қалса, өлсең де,
өлмегенге боласың тең». Абай |
Керек пе? |
Жиырма төртінші қара сөзі
Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.