Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Күні: Пән: Қазақ тілі Сынып: 6 «Б» |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сын есімнен өткенді қайталау |
Мақсаты :
|
ü Оқушылардың сын есімнен алған білімдерін нығайту, ұлттық ойындар арқылы тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру. ü Оқушылардың тапқырлық ізденімпаздық, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру. ü Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже:
|
ü Өткен тақырыпты өз белсенділіктерімен меңгереді; ü Өз ойын толық жеткізуге дағдыланады; ü Өз бетімен жұмыс істеуге талпынады; ü Қосымша деректер тауып, ізденеді. |
7 модульдің қолданылуы |
АКТ, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан оқуға үйрету», «Оқуды басқару және көшбасшылық» |
Табыс өлшемі: |
ü Ұжымдасып еңбек ету қалыптасты. ü Оқушылар топтық жұмыста, сабақты меңгеруде, шығармашылық жұмыстарда белсенділік танытты. ü Бағалау өлшемдерін анықтай білді. |
Негізгі идеялары |
Сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы артады, бір-бірімен әңгімелесу, пікірлесу арқылы топтық жұмыс жасауға дағдыланады, сын есім туралы білімдері кеңейеді. |
Көрнекілік |
Пакет, түрлі түсті қағаздар, проектор, бағалау парақшалары, карточкалар, т.б. |
Оқыту әдісі |
Топпен жұмыс, жұптық жұмыс, диалог, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс. |
Сабақтың барысы:
Кезеңдері |
Мазмұны |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||
Кіріспе 2 мин |
Ұйымдасты ру кезеңі; Түстер арқылы топқа бөлу; Психология лық ахуал. |
1-2-3-4 сандар жазылған түстер арқылы топқа бөлінеді. Сандар жазылған түсті қағаздың артында өлең жолдары жазылған. Бір шумақ өлең шығады. Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Бірлігіміз жарасқан, Алда боламыз әрқашан. |
Топқа бөлінеді.
І топ: «Қызылдар» ІІ топ: «Көктер» ІІІ топ: «Жасылдар» ІV топ: «Сарылар» Топ ережесін еске түсіру. |
|
Түсті қағаздар, пакет |
||||
Негізгі бөлім Өткенді пысық тау Қызығу шылы ғын ояту Түсіну 3 мин |
Үй тапсырмасын қайталау. |
«Арқан тарту» ойыны бойынша топтар сағат тілімен бір-біріне сұрақтар қояды. Қай топ көп сұраққа жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді.
|
Топтар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді. |
|
|
||||
Қолдану 12 мин |
«Бәйге» ойыны. Қай топ бірінші орындап болса, мәреге сол топ озып келеді. І топ: «Қызылдар». Негізгі, туынды сын есімдерді екі топқа бөліп жазу. Терең, тайғақ, сыйлас, таулы, зерек, кең, өткір, алғыр, ұрысқақ, өтімді, ұзын, аяншақ, көшпелі, қызба, намысқой.
ІІ топ: «Көктер». Бір зат есімге бес сын есім жазу. Табиғат, ана, мектеп.
ІІІ топ: «Жасылдар» Берілген мақалдардағы көп нүктенің орнына лайықты сын есімдерді қойып, орысша-ағылшынша аудар.
1. ... адамның танысы көп, ... адамның жақыны жоқ. (Жақсы-хороший-good; Жаман-плохой-bad) 2. ... қыз – ауыл көркі. (Ақылды-умный-smart) 3.Ел іші – ... бесік. (Алтын-золотой- golden) 4. ... үйдiң тамағы ... . (Тату-дружный- friendly; Тәтті-вкусный-tasty) 5.Көз – ... , қол – ... . (Қорқақ-трусливый-cowardly, Батыр-храбрый- brave)
ІV топ: «Сарылар». Сын есім мен зат есімдерді сәйкестендіру. Жазғы Оқушы Сары Ырым Ауыр Бала Биік Дауыс Жаман Балапан Әдепті Адам Көтеріңкі Жүк Білімді Сөз Қабілетті Актер Түйінді Үй Дарынды Демалыс |
Топпен бірігіп тапсырмаларды орындайды.
Топпен бірігіп тапсырмаларды орындайды. |
|
|
|||||
Сергіту сәті 1 мин |
|
Сергіту сәтіне қатысады.
|
|
Проектор.
|
|||||
Талдау 8 мин |
«Қыз қуу» ойыны. Тақтаға әр топтан оқушылар шығып, талдауды орындайды. Қыз балалар бірінші орындап болса, ұл балаларды қамшымен сабайды. Ұл балалар жеңсе, қыздардың бетінен сүйеді. І топ: «Қызылдар». Фонетикалық талдау. Ұлытау
ІІ топ: «Көктер». Сөз құрамына талдау. Әншілерімізді
ІІІ топ: «Жасылдар». Сатылай кешенді зат есімге талдау. Ойыншықтар
ІV топ: «Сарылар». Сатылай кешенді сын есімге талдау. Өнерлі |
Тақтаға шығып орындайды. |
|
Тақта, бор. |
|||||
Жинақтау 9 мин |
Ойланады, қорытады |
«Көкпар» ойыны. Бірінші орындап болған топ, жеңімпаз болып есептеледі.
І топ: «Қызылдар». Сөзжұмбақ шешу. Мына төркөздерді сын есімдермен толтыр.
ІІ топ: «Көктер». Семантикалық картаны толтыру. ІІІ топ: «Жасылдар» Көп
нүктенің орнына төмендегі жұрнақтардың
тиістісін қойып, туынды сын есім жасаңдар: ІV топ: «Сарылар» Сөз құраңдар. идәбе-әдеби, слыжа-жасыл, мұдыты-ұтымды, лпажқа-жалпақ, разпөне-өнерпаз, ңроық-қоңыр, кнелү-үлкен, |
Топпен жұмыс жасайды. Сөзжұмбақты шешеді.
Семантикалық картаны толтырады.
Карточкамен жұмыс жасайды.
Карточкамен жұмыс жасайды. |
|
А4 қағаз. |
||||
Кері байла ныс 2 мин |
Проектордағы сөйлемдерді аяқта... Оқушылар проекторда көрсетілген сөйлемдердің біреуін таңдап, оны әрі қарай жалғастырып, аяқтайды: v Мен мынаны білдім ... v Маған қызық болғаны ... v Маған қиын болғаны ... v Мен енді ... v Менің ойым мынадай ... v Мен мынаны сезіндім ... v Мен мынаны жасадым ... v Мынаған таң қалдым ... v Қолымнан мынау келді ... v Мен мынаны жасағым келеді ... |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. |
|
Проектор |
|||||
Бағалау 2 мин |
Өзін-өзі бағалау |
Мұғалім бағалау парақтарын таратады. |
Балалар өзін-өзі бағалайды. |
|
Бағалау парақшалары |
||||
Үйге тапсырма 1 мин |
|
Эссе: 1) «Егер де, мен президент болсам ...» 2) Сын есімді қатыстырып, еркін тақырыпта өлең шығару. |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. |
|
Күнделік
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.