Айтыс. Біржан мен Сара айтысы. 9-сынып
Оценка 4.9

Айтыс. Біржан мен Сара айтысы. 9-сынып

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
9 кл
12.11.2018
Айтыс. Біржан мен Сара айтысы. 9-сынып
Публикация является частью публикации:
еліктеу сөз.docx

      Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева

     Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы

            №12 жалпы орта білім беру мектебінің

     қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

 

Қазақ тілі                              6 «в» сынып                          Күні:

Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды еліктеу сөздер
а)білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері,
еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, негізгі және туынды еліктеу сөздер жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сызбалар, карточкалар, проектор.

Күтілетін нәтиже: Мәтіннен, сөйлемнен еліктеу сөздерді табады. Еліктеу сөздердің мағынасын ашады. Еліктеу сөздерді мағынасына қарай тиісті жерде қолдана алады.

Сабақтың барысы:

Психологиялық тренинг.                                                             1 мин

Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін.

Құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін.

Көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін.

Алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар, сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.

Оқушылар алдарындағы тұрған стикерлерді алып, артында жазылған гүл атаулары арқылы топтарға бөлінеді.                                                            1 мин

1-топ: Қызғалдақ.

2-топ: Жауқазын.

3-топ: Бәйшешек.

Топ ережесімен танысу.

Білу. Мұғалім сұрағына жауап беру.                                              1 мин

-Есік қалай жабылды?

-Жарық қалай жанды?

-Шар қалай жарылды?

Оқушылар жауап береді.

«Тапқырлар аялдамасы»Еліктеу сөздер туралы топтар бір-біріне сұрақ қояды.http://previews.123rf.com/images/lenm/lenm1207/lenm120700043/14343652-Illustration-Featuring-a-Clapping-Smiley-Stock-Illustration-emoticons.jpg

3 мин

«Жауап тапқанға қолқа жоқ»  (Проектор)         3 мин

ІІІ деңгей – Негізгі, туынды еліктеу сөздерді екі топқа бөліп жазу.

Тарс, елпең, гүрс, қыңқ, кілтің, томпаң, шаңқ, жалт, қарс, сымпың, ағараң, домалаң, сылаң, ырс, борт, ербең, былғаң.

 

ІІ деңгей –Бес мысалдан жазу. Проектор http://previews.123rf.com/images/lenm/lenm1207/lenm120700043/14343652-Illustration-Featuring-a-Clapping-Smiley-Stock-Illustration-emoticons.jpg                                    5 мин

                                                                                    

                   Еліктеуіш сөздер                            Бейнелеуіш сөздер                                                                      

                                     

І деңгей – Жұмбақтарды шешіп, құрамындағы еліктеу сөздерді табу. Проектор                                                                                              7 мин

-Жай ғана сарт етіп жабылады

Іздегенің ішінен табылады (Сандық-Сундук-Chest-Чэст)

-Қорбаң – қорбаң еткен

Өмірі орманда өткен (Аю-Медведь-Bear-Бэәр)

-Сырт – сырт еткен дыбысы

Ояту оның жұмысы (Сағат-Часы-Clock-Клок)

-Жалт – жұлт етеді

Жерге сіңіп кетеді (Су-Вода-Water-Уатэр)

-Шым-шытыр
Шидай қотыр. (Жұлдыздар-Звезды-Star-Стар)

-Көк көйлекті жеңешем,

Көлбең-көлбең етеді. (Түтін-Дым-Smoke-Смок) 

-Тарсылдап түседі,

Жер бетіне жетеді.

Жер бетіне жеткен соң

Ғайып болып кетеді. (Бұршақ-Град-Hail-Хэйл)

ІІІ деңгейҚосарланған еліктеу сөздердің сыңарларын табу. Проектор http://previews.123rf.com/images/lenm/lenm1207/lenm120700043/14343652-Illustration-Featuring-a-Clapping-Smiley-Stock-Illustration-emoticons.jpg   3 мин

1Жарқ                                             9Дүбір

2Шап                                               7Жұлт

3Арс                                                5Ербең               

4Тарс                                               6Тұпыр

5Арбаң                                            8 Бұж

6Тапыр                                            10Сұрт

7Жалт                                              4Тұрс

8Баж                                                1Жұрқ

9Дабыр                                            2Шұп
10Сарт                                             3Ұрс

Сергіту сәті.                                                                                            2 мин

Әрі зат атауы, әрі жәндік атауы?

Әрі қимыл атауы, әрі сан атауы?

Әрі түс атауы, әрі қимыл атауы?

Әрі мейрам атауы, әрі қимыл атауы?

Әрі зат атауы, әрі қимыл атауы?

Әрі қимыл атауы, әрі мезгіл атауы?

Әрі құс атауы, әрі қимыл атауы?

Әрі қимыл атауы, әрі дене мүшесінің атауы?

Әрі қимыл атауы, әрі дене мүшесінің атауы?

Әрі қимыл атауы, әрі мезгіл атауы?

Әрі жәндік атауы, әрі тағам атауы?

Әрі қимыл атауы, әрі дене мүшесінің атауы?

Жауаптары: ара, жүз, қара, айт, күл, жаз, қаз, жақ, шаш, түс, құрт, іш.

ІІ деңгей – Сатылай кешенді үстеуге талдау. Таңертеңнен, Емін-еркін.      3 мин

І деңгей–Семантикалық картаны толтыру.Топпен жұмыс. http://previews.123rf.com/images/lenm/lenm1207/lenm120700043/14343652-Illustration-Featuring-a-Clapping-Smiley-Stock-Illustration-emoticons.jpg        7 мин

 

Түрлері

 

 

 

 

Мысалдар

Еліктеуіш

Бейнелеуіш

Негізгі еліктеу сөз

Туынды еліктеу сөз

Қайталанған еліктеу сөз

Қосарланған еліктеу сөз

А

Ә

Б

В

Г

Д

1

жыбыр-жыбыр

 

 

 

 

 

 

2

елпең-елпең

 

 

 

 

 

 

3

топ

 

 

 

 

 

 

4

тарс-тұрс

 

 

 

 

 

 

5

желп-желп

 

 

 

 

 

 

6

шіңк

 

 

 

 

 

 

7

маймаң

 

 

 

 

 

 

8

жымың-жымың

 

 

 

 

 

 

9

селк

 

 

 

 

 

 

10

қайқаң

 

 

 

 

 

 

11

салдыр-гүлдір

 

 

 

 

 

 

12

томпаң

 

 

 

 

 

 

13

ақсан-ақсан

 

 

 

 

 

 

14

мырс-мырс

 

 

 

 

 

 

15

далаң-дұлаң

 

 

 

 

 

 

16

тық-тық

 

 

 

 

 

 

17

жаутаң

 

 

 

 

 

 

18

жалт-жұлт

 

 

 

 

 

 

19

гүрс

 

 

 

 

 

 

20

күбірле

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс                                                                         6 мин

1-топ. Қызғалдақ. Ой толғаныс «Көктем кереметі»тақырыбына еліктеу сөздерді қатыстырып, эссе жазу.

2-топ. Жауқазын. Адасқан сөздерді орнына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастыр.

1.Бұрыштан ... етіп, орысша киінген бір жас жігіт шыға келді.

2.Тұсынан өте бергенде Раушан ... қарады.

3.Анда-санда көкжиектің тұсынан күн ... тұр.

4.Мылтық ... етіп, оқ зу ете қалды.

5.Сол күйі ... етпей жата берді.

6.Айдалада шаң ... етеді.

Керекті сөздер: бұрқ-бұрқ, жарқылдап, гүрс, жалт, былқ, бажырайып.

3-топ. Бәйшешек. Өлеңді бір әуенге салып оқы. Осы салт туралы не білесің?

Қаз-қаз басқан,

Әзір алға аз басқан

Құлап қалма,қарағым,

Құлап қалсаң сөз басқа.

Табаныңды тап-тап бас

Адымыңды шақтап бас

Әжем қазір кеседі,

Тұсаулы аяқ аттатпас.

Табаныңды тып-тып бас,

Үлкендердей нық қып бас.

Әне,айнада өзіңе-

Талтаң бала шықты ұқсас.

Үйге тапсырма. 1)235-жаттығу.     2) 237-жаттығу.   3)210 бет 2-тапсырма.     3 мин

 

Кері байланыс. Стикерді суретке сәйкес жабыстырады. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Еліктеу сөздерді қатыстырып құрастырған өз өлеңіммен сабақты аяқтаймын:
Сарт - сарт етіп сағат тілі тықылдап,
Аяқталып келді міне сабақта.
Дүрс - дүрс етіп жүрегіміз лүпілдеп,
Күтіп едік қалай өтіп шығар деп.
Ризамын, балалар, мен сендерге
Шып - шып терлеп, топ - топ етіп,
Тарс - тұрс етпей, үлгердіңдер бәріне.
«Қыңқ» демеді ешкім де,
«Ыржаң - ыржаң» күле беред барлығы.
Жалт - жұлт жанып, сылаң қағып,
Аман - сау боп жүре бергің бәріңде.
Сау болыңдар! Рахмет.


 

Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева

Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева

Негізгі, туынды еліктеу сөздерді екі топқа бөліп жазу

Негізгі, туынды еліктеу сөздерді екі топқа бөліп жазу

Сергіту сәті. 2 мин Әрі зат атауы, әрі жәндік атауы? Әрі қимыл атауы, әрі сан атауы? Әрі түс атауы, әрі қимыл атауы? Әрі мейрам атауы,…

Сергіту сәті. 2 мин Әрі зат атауы, әрі жәндік атауы? Әрі қимыл атауы, әрі сан атауы? Әрі түс атауы, әрі қимыл атауы? Әрі мейрам атауы,…

Мылтық ... етіп, оқ зу ете қалды

Мылтық ... етіп, оқ зу ете қалды

Тарс - тұрс етпей, үлгердіңдер бәріне

Тарс - тұрс етпей, үлгердіңдер бәріне
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.11.2018