АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Оценка 4.9

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Оценка 4.9
Компьютерные программы +1
docx
информатика +2
Взрослым
04.04.2017
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Оқытушының кәсіби құзыры, оның бастапқы тәжірибелі біліктілігі және шеберлігі, жас ерекшеліктеріне сәйкес адамның тұлғалық дамуына байланысты белсенді, үздіксіз үйренуінде қалыптасады. Жоғары құзырлы оқытушыдан төмен құзырлы оқытушының айырмашылығы, осы педагогикалық-психологиялық компоненттерді кәсіби шеберлігімен қолдана білуінде. Педагогикалық-психологиялық компоненттердің жоғары деңгейде қалыптасуы оқытушыға, оқушыларға алдын алынған білімдерді және жаңа білімді дифференциалды, әлеуметтік, аутопсихологиялық компоненттер ретінде ұғындырып, қалыптастыруда, яғни осы білімдер олардың қабілеттілігінің дамуында «кірпіш» болуына көмектеседіЖаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану – білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды
баяндама.docx
№148  қазақ  орта  мектебі  КММ Тақырыбы:   АҚПАРАТТЫҚ­КОММУНИКАТИВТІК    ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ. Тарих пәнінің мұғалімі:)Құлтаева Ақмарал Мадиярқызы                                                      2016­2017оқу жылы КІРІСПЕ         Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық  экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз  саласы бойынша ой­пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына  бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай  толықтырып отыруды талап етеді. Кәсіптік білім беруде күрделі де маңызды бір мәселе оқушыны болашақ мамандығына  оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау,  іскер және құзіретті маман дайындау. Е­learning жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу бірінші кезекте педагогтардың  ақпараттық­коммуникациялық және технологиялық (АКТ) құзырлығын  қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасында нысаналы индикаторлары, яғни электрондық оқыту  жүйесінің енгізілуі 2015 жылы – 40%, 2020 жылы – 90 пайызға жеткізілетіндігі атап  көрсетілген. Электрондық оқытуды біліктілікті арттыру жүйесіне енгізу оқытушылардың жас  ұрпаққа өмірлік білім беру ұстанымын қалыптастыруға, әлемдік білім кеңістігіне еркін  енуіне, желілік шығармашылық қоғам арқылы тәжірибе алмасуға, кәсіби қызметтерін  электронды форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың                                                                            қолында, ал жас ұрпақтың  тағдыры ұстаздардың қолында»                                                                                                                        Н. Ә. Назарбаев   Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға  ретінде ахуалы. Немесе құзыреттіліктің бар­жоғын анықтау үшін қарым­қатынас,  педагогтік еңбек нәтижелері мен адами қарым­қатынаста, оның қорытындыларына  қарап пайымдау қажет. Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған  жұмысы кәсіби іс­әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай  алатын болса, кәсіби құзыретті болып саналады.             Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын  төрт негіз бар ( біріншісі – кәсіби­әдістемелік құзыреттілік, екіншісі – іс­әрекет  негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі — әлеуметтік қарым­қатынас құзыреттілігі және  төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз  позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық. Оқытушы – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды  дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушыдан жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық  қабiлеттiлiктi   талап етедi. Оқытушының кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте  өзін­өзі көрсетуінен басталады.                    Педагогтардың кәсiби құзырлылығы – олардың педагогикалық қызметтi  жүзеге асыруға деген теориялық және практикалық дайындығының бiрлiгi.  (В.А.Сластенин) Жаңа талаптарға бағына отырып, оқытушының кәсіби құзыреттілігінің дамуының негізгі жолдарын анықтауға болады: 1. әдістемелік бірлестіктерде, шығармашылық топтардың жұмысы 2. зерттеу, эксперименталды жұмыстар жүргізу 3. инновациялық жұмыстар: жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру 4. педагогикалық қолдау түрлерін үйрену 5. сайыстарға, мастер­класстар, форум және панорамалық сабақтарға белсенді түрде  қатысу 6. педагогикалық тәжірибесін жинақтау 7. АКТ пайдалана білуі Оқытушының кәсіби құзыры, оның бастапқы тәжірибелі біліктілігі және шеберлігі, жас  ерекшеліктеріне сәйкес адамның тұлғалық дамуына байланысты белсенді, үздіксіз  үйренуінде қалыптасады. Жоғары құзырлы оқытушыдан төмен құзырлы оқытушының айырмашылығы, осы педагогикалық­психологиялық компоненттерді кәсіби  шеберлігімен қолдана білуінде. Педагогикалық­психологиялық компоненттердің  жоғары деңгейде қалыптасуы оқытушыға, оқушыларға алдын алынған білімдерді және  жаңа білімді дифференциалды, әлеуметтік, аутопсихологиялық компоненттер ретінде  ұғындырып, қалыптастыруда, яғни осы білімдер олардың қабілеттілігінің дамуында  «кірпіш» болуына көмектеседі. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр оқытушы, өз  білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық  технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді,  қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы»  Заңының 8­бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа  технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты  түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.         Ұстаз ата­ана , оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр оқытушының  борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін,  сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы  жаңа формация оқытушысы – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,  тұрақты өзін­өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға  құзыреті. Жаңа формация оқытушысы табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы оқытушыға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім  беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.  Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация оқытушысы — рефлекцияға  қабілетті, өзін­өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық­ әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа  құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани­адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.     Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет  адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық,  педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет  етеді. Білім сапасын арттыру барысында оқытушыларға мемлекеттік стандарт берілген  нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары  нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті  мәдениеті жоғары тұлғалық — дамытушылық функцияны атқарады.                Кәсіби құзыреттілік – әлеуметтік жұмыс маманының мінездемесі,  мамандығының талаптарына деген оның сәйкестік дәрежесі.               Кәсіби даярлық – кәсіби бағдарлық пен кәсіби білімі, біліктілігі мен  машықтарының жүйесі және кәсіби бағдарлығының қалыптасуы, әлеуметтік жұмыстағы  кәсіби жағдаяттар мен тапсырмалардың теориялық және практикалық шешімінің  тәжірибесін меңгеру. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз  тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты  екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл — ой қабілетін жетілдіру, өзіндік  ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру оқытушының шеберлігіне,  шығармашылық қабілетіне байланысты. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының  өзін­өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі  өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі  айқын көрсетілген. Оқушылар оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге  үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы  ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше  ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт­ бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі  заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ оқытушы  — қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың,  интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы  күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан  шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына  сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: ∙        бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б); ∙        мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); ∙        оқу­танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу,  жоспарлай білу, ізденушілік­зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); ∙        коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым­қатынас тәсілдерін білу,  мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас  дағдылары болуы); ∙        ақпараттық­технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен,  техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай  білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті); ∙        әлеуметтік­ еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік­қоғамдық жағдайларға талдау жасай  білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам  мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті); ∙        тұлғалық өзін­өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және  саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу  қабілеті). Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы  әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан­ жақты болуы талап етіледі. Егер  педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне  нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар  жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға  мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан­ жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің  қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің  құзыреттілігіне байланысты болады.          Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік береді.  Өзін­өзі үздіксіз дамытып, өз әрекетін өзі дұрыс бағалай алатын тұлғалар ғана  бәсекелестікке қабілетті қоғамда өз тиесілі орнын таба алады. «Тұлға — өз­өзіне тұтас дүниемен өзара қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы  әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін­өзі анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін­өзі жетілдіріп, өзгертетін адам. Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі  нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің  дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік  дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік  жағдайлармен анықталады». Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету,  нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін  көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті сақтап  отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан­ жақты болып ескерілуі, ата – аналармен Оқытушылар, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым­қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің  маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа  жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата – аналарын бағалау  жүйесінің анық түсінікті болуы.          Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану – білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен  алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін­өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің  болуына бағыттайды.           Ақпараттық­коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану  оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын  шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек  нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол екендігін айтқым  келеді. Кәсіптік оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты — оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу  материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл  мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту  программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Кәсіптік оқыту  саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал оқытушы үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде оқытушының  және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз  ету керек. Сонда  ­  оқушының өз бетімен жұмысына; ­  уақытын үнемдеуге; ­  білім­білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылыт ексеруде; ­  қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; ­  қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; ­  экономикалық тиімділігі; ­  қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері  болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; ­  оқушының ой­өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете  біледі. Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану  іс­тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық  бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде арнайы  пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды тиімді пайдалану және  қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ,  оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып,  шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес  жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын  алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір  оқушы тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын  орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады.  Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка  тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен  әлде қайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен  оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың кұштарлығы оянады деп  есептеймін  «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен  байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы  атап керсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу  үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының  еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз — ізденімпаз ғалым, нәзік психолог,  тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан­жақты шебер, терең қазыналы білімпаз,  гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы  мәдениетті, жан­жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны  қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін. Әр ұстаз – ХХІ ғасыр оқытушысына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог,  жан­жақты шебер, тынымсыз еңбек қор, терең қазыналы білімпаз, кез­келген ортаның  ұйытқысы болу керек. Оқушыларға терең білім беру үшін АКТ­ны пайдалана отырып төмендегідей  қағидаларды  есте сақтағанды жөн көрдім: 1.     Оқытушы пәнді өзі жетік терең біліп, оны оқушыларға жай, қарапайым тілмен,  өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет. 2.     Оқытушы оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп,  әр оқушының жүргіне жол таба білуі қажет. 3.     Оқытушы әр оқушыға, бүкіл талапты қоя білу қажет. 4.     Оқытушы әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі. 6.     Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек  конспектілері, электронды оқулықтар бойынша беру. 7.     Сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану. 8.     Әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет. Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз  үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға  ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.                                             Қорытынды  Баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім  парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр.  Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. Талап  дұрыс қойылған жағдайда  оқушыларда мынадай өзгерістер қалыптасады: ∙        Өз мамандығына деген қызығушылықтары артады ∙        Шығармашылық шабыты шыңдалады. ∙        Ғылыми қөзқарасы қалыптасады ∙        Ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық  кедергiлер  жойылады; ∙        Оқытудағы  модернизациялауға деген ұмтылыc пайда болады; ∙        Еңбек нарығында  бәскеге қабілетті маман қалыптасады.  Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне  сеніміміз мол. Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты, Білімдік бар биікке шығар саты. Ең алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді сондықтан да жақын, жаты... Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді, Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, ­ деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді  білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік Пайдаланылған әдебиеттер 1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6­б 2.     Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту  тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3­4б. 3.     Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану  қажеттілігі   « Информатика негіздері»      2008 ж.­№ 4      Ж. Садыбекова 4.     Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру  жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174­бет 7.     К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім  сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты  халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30­ 32­бет

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК            ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.04.2017