"Арыстан мен тышқан" латыш ертегісі
Оценка 4.6

"Арыстан мен тышқан" латыш ертегісі

Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
Детсад—4 кл
26.11.2019
"Арыстан мен тышқан" латыш ертегісі
Мақсаты: балаларды «Арыстан мен тышқан» ертегісімен таныстыру. Міндеттері: Білімділік:бБалаларға әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдауға баға беруге үйретуді жалғастыру; Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру; Тәрбиелік: ұқыпты және сабырлы болуға тәрбиелеу.
Арыстан мен тышқан.doc

ІІ кіші топқа  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің

                                                        технологиялық  картасы

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан» (латыш ертегісі)  _

Мақсаты: балаларды «Арыстан мен тышқан» ертегісімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік:бБалаларға әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдауға баға беруге үйретуді жалғастыру;

Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: ұқыпты және сабырлы болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: арыстан, тышқан

Үштілдік компоненет: арыстан – лев – lion , тышқан – мышь – mouse

Керекті құрал - жабдықтар: кейіпкерлердің суреттері

 

Әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

 

Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Еліміз аман болсын !

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Бақшамыз гүлдене берсін!

 

Жарты шеңберге кілем үстіне отырады. Қызыға, мұқият тындайды.

 

 

 

Ұйымдастыру– іздестіру

Кіріспе әңгіме.

-         Балалар, менің қолымда  сиқырлы шаршы бар. Ол ертегі айтатын шаршы. Қараңдаршы, оның әрбір қырында ертегінің суреттері бейнеленген.

-         Мына ертегі сендерге таныс па?

-         Иә, бұл ертегімен біз бүгін танысатын боламыз.  Бұл латыш халқының ертегісі «Арыстан мен тышқан» ертегісі.

-         Ертегі өте қызықты екен.

Жалпы мазмұнын айта кетеді.

Ертегіні оқып береді.

Ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан

ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:

-  Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.

     Арыстан оның сөзіне күліп:

-  Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.

     Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.

   Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:

- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:

- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.

Әңгімелесу.

-         Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

-         Арыстан қайда жүреді?

 

-         Арыстан мен тышқанның айырмашылығы неде?

 

 

Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем

Дұрыстап

Сәйгүлікше жүруді.

Бір! Екі! Бір! Екі!

(С. Қалиұлы)

 

-         Арыстан мен тышқан туралы қандай  тақпақ білесіңдер?

-         Енді, мына сөздерді өзге тілдерде де айтып көрейікші:  арыстан – лев – lion , тышқан – мышь – mouse

 

Қызыға қарайды.

 

 

 

 

-         Жоқ білмейміз.

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды, суреттерге қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді

-         Саваннада, ыстық жерде.

-         Арыстан  - үлкен, тышқан – кішкентай.

 

 

Қимылмен бірге көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздердің өзге тілдердегі  баламаларын да қайталап, есте сақтауға тырысады.

 

 

Рефлексивті– түзетушілік

 

Қорытынды:

Балаларға әртүрлі қимылдар жасатады:

Тікірейіп құлағы

Мене бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Диалогты сөздермен балаларға әңгімені рөлдер арқылы ойнатады

Балаларды мақтап, мадақтайды.

 

Қимылдар  жасайды.

 

 

 

 

Рөлге бөлініп ойнайды

 

Күтілетін нәтиже:         

Білу керек: тышқан мен арыстанның  айырмашылығын;

Болу керек: ертегі мазмұны туралы түсінік;

Істей білу керек: сөйлем құрастыра білу, өз ойын толық жасқанбай жеткізе   білу, рөлге бөлініп ойнауды.

 

 

"Арыстан мен тышқан" латыш ертегісі

"Арыстан мен тышқан" латыш ертегісі

"Арыстан мен тышқан" латыш ертегісі

"Арыстан мен тышқан" латыш ертегісі

"Арыстан мен тышқан" латыш ертегісі

"Арыстан мен тышқан" латыш ертегісі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.11.2019