Бесінші сыныпқа арналған жиынтық бағалау. Бұл бағалау арқылы бөлім бойынша алған білімдерін қорытындылап, жариялау. Берілген тапсырмалар бойынша тақырыпқа сай жоспарлау. Алған білімдерін ата-анаға берілетін рубрикаға түсіру. Алған балымен ата-анасымен таныстыру. Баланың білімін шыңдау, қайталау сабақтарын жүргізу, еске түсіру. Өз-өзін бағалауы
жИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ 2.docx
«Киім.Сән.Талғам. Фонетика», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Орындау уақыты
1520 минут
1тапсырма
Төмендегі екі мәтінді салыстырып, айырмашылығын, стилін табыңыз, мәтіндердегі қарамен
белгіленген сөздің мағынасын табыңыз.Мазмұнын, тақырыбын, тілдік құралдарын салыстырыңыз.
1мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынанүзінді.
2мәтін.http://collegy.ucoz.ru/publ/891012313сайтынан алынған.
1мәтін
Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын».
– Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің қатарына
жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай?
– Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның үстіне, өнер
жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам өзөзін
сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі,
анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын.
Сондықтан анама әртүрлі сән журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын.
2мәтін
Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін
баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі
етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыссалты жатыр емес
пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен
әдептілігі үстіндегі киіміненақ көрініп тұрған ғой. Етекжеңінің кең болатыны – қазақтың
дархандығын, үрімдібұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін,
қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабатқабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті
қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді,
келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы
бабаларымыз елдігімізді таныған.
Мәтіндерді салыстыру
1 –мәтін
2 мәтін
Стилі
Айырмашылығы
Мазмұны
Тақырыбы Тілдік құралдарды қолдануы
2тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.
Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Көркіне ақылы сай
қаракөз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы атану үшін
бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар өте жоғары
болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі көрікті ғана емес, сондайақ ана тілін құрметтейтін, тарихын,
салтдәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары болуы шарт.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және зияткерлік
белсенділіктерін көрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондайақ, қазақ эстрада жұлдыздарымен
бірге ән шырқап, би билеп, өнерлерін паш етті. Арулардың өнерін белгілі тележүргізуші Айгүл
Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал Үсенбаева, ақын Айнұр Тұрсынбаева, байқаудың
продюсері Баян Есентаева, театр және кино актері Ғани Құлжановтар бағалады.
«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар маңғыстаулық Гүлназ Жолановаға
бұйырды. Ару тәжін Гүлназға байқаудың былтырғы жеңімпазы Әйгерім Қанатбаева табыстады.
Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
Қорытынды бөлім ________________________
3тапсырма
Сізге досыңыздан хат келді делік. Хатқа жауап жазыңыз.Қажетті бейнелеуіш
құралдарды,тура және ауыспалы,көп мағыналы сөздерді қолданыңыз.
Сәлем, Бақытжан!
Хал қалай?Өзім жақсымын. Отбасым аманесен. Мен
өз фирмамды ашқым келеді. Онда шаштараз, сән
салоны болады деп ойлаймын. Барлық қағаздарды
дайындап жатырмын.
Сенен бір көмек керек. Фирмамды қалай атауды білмей
тұрмын.Сенің ойыңша, атау қандай болу керек?Мүмкін,
қос атау ма? Немесе тарихи атау ма?
4тапсырма
Мәтінді мұқият оқып шығып, көлемі шамамен 1015 сөзден тұратын жинақы мәтін
жазыңыз.
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның берекебірлігі – әр сәбидің, әр
баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір
шағын ғана мемлекет.
15 мамыр халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰның Бас
Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын
отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген
зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының амансаулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің
өлшемі деп білеміз.
Бағалау критерийі
Мәтіннің стилін ажыратады,
мазмұнын, тақырыбын, тілдік
құралдарын салыстырады
Мәтін мазмұнына сай жоспар
құрады.
Хат жазудың талаптарын
ұстанады.
№
тапсырма
1
2
3
Оқылым мәтіні бойынша
негізгі ақпаратты анықтап,
жинақы (қысқа) мәтін
жазады.
Барлығы
4
жинақы мәтін жазады.
Дескриптор
Балл
Білім алушы
стиль түрін анықтайды;
мәтіндерді салыстырады;
сөзді орынды қолданады;
ауызша, жазбаша стильді ажыратады;
мазмұнын, тақырыбын, тілдік
құралдарын салыстырады;
мәтін мазмұны бойынша шағын
жоспар құрады;
хатқа тән белгілерді сақтайды;
мазмұнын тақырыпқа сай, қызықты,
әсерлі жазады;
хат құрылымын сақтайды;
қажетті бейнелеуіш құралдарды
орынды қолданады;
хатты сауатты, талапқа сай жазады;
тура және ауыспалы, көп мағыналы
сөздерді қолданады;
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
14
Ашық сабақ
Ашық сабақ
Ашық сабақ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.