Ашық сабақ: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.
Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
биология
11 кл
04.03.2018
Бекітемін: ------------------------
Оқу ісінің меңгерушісі ----------------------------------
Күні:
Биология. 11 сынып.
Сабақ №44
Сабақтың тақырыбы: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Антропогенездің қозғаушы күштері. Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі туралы түсінік беру
Дамытушылығы: Адамның қалыптасуында сөздің, ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлімен таныстыру
Тәрбиелігі: Ұжымдылыққа тәрбиелеу
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: Слайд, суреттер
Пәнаралық байланыс: Тарих,
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
4. Сабаққа дайындығын тексеру
5. Топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру:
«Кім жылдам?» - Еске түсіру.
1. Кесте толтыру.
2. Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны. Тақтамен жұмыс – оқушылар жүйелеуді рет-ретімен жазу
1. Хордалылар (Желілер) типі.
2. Омыртқалылар тип тармағы.
3. Сүтқоректілер класы.
4. Ұрықжолдастылар (қағанақтылар) класс тармағы.
5. Маймылдар (приматтар) отряды.
6. Адамтектес маймылдар отряд тармағы (Понгидтер)
7. Адамдар тұқымдасы. (гоминидтер)
8. Адамдар туысы.
9. Саналы адам түрі
3. Саналы адамға тән белгілер – топтастыру.
1. Ұрықтың жатырда дамуы
2. -Сөйлеу қабілеті бар
3. -Қолдары аяқтарынан қысқа
4. -Шығармашылық еңбекке бейім
5. -Тік жүреді
6. -Омыртқа жотасы S тәрізді
7. -Миының көлемі 1800см3
8. -Зат алмасу жоғарғы сатыда жүреді.
9. -Табандары ойыс
10. -Дене температурасы тұрақты.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: Адам Жер бетіндегі тіршілік эволюциясында соңғы пайда болған және жоғары сатыда дамыған биологиялық түр деп саналады. Сондықтан тіршілікке тән барлық қасиеттер адам организмінде кездеседі. Сонымен қатар адамға әлеуметтік қасиеттер де тән екендігі белгілі.
1. Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы жаңа тақырып үш топқа бөлініп беріледі.
2. Постер қорғау. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3. Сызбанұсқамен жұмыс
ІҮ. Бекіту. «Кубик лақтыру»
1. Адамның тік жүруіне байланысты дене құрылысында қандай белгілер қалыптасқан?
2. Адам эволюциясында еңбектің рөлін сипаттаңдар.
3. Сөз адам эволюциясында қандай рөл атқарады?
4. Антропоморфоз деген не?
5. Қоғамдасып тіршілік ету факторын сипаттаңдар.
6. Адам эволюциясындағы үш кезеңді атаңдар.
Ү. Бағалау.
ҮІ.Үйге тапсырма:
1. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.
2. Мың жылдан кейін адам қандай болады?
ҮІІ. Кері байланыс: «Плюс, Минус, Қызықты»
«Плюс»-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады.
«Минус»-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты» - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.
Кері байланыс: «Плюс, Минус, Қызықты»
«Плюс»-
«Минус»-
«Қызықты» -Ашық сабақ: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.
АШЫҚ САБАҚ.docx
Бекітемін:
Күні:
Биология: 6 – сынып
Сабақ № 20
Сабақтың тақырыбы: Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүлсерігі.
Тостағанша. Күлте. Гүлдің негізгі бөліктері: аналығы және аталығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша және күлте
жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне сипаттама беру және олардың
құрылысымен таныстыру.
Дамытушылық: пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту,
өз беттерімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін,
жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту, өз елінің білімді
азаматы болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: И/т, слайдтар, суреттер, гүлдің макеті.
Сабақтың оқыту әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақжауап, проблемалық
дифференциалды элементтер.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин) (Оқушыларды ортаға шақыру, өлең
шумақтарын қимылмен қайталау).
1. Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Аз ғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
2. Топқа бөлу. (қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлу)
1топ: Қызғалдақ
2топ: Итмұрын
3топ: Асбұршақ
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин) « Миллион кімге бұйырады?» ойыны арқылы сұраймын. Мұнда , өткен
тақырыптар және «Өсімдіктің вегетативті мүшелері» тарауы бойынша
білімдері тексеріледі.
А) 1. Жасушаны ашқан ғалым кім? (Р.Гук)
2. Микроскопты қай жылдары ашты? (15901610 ж)
3.Пластиттердің түрлері нешеу? (3)
4. Өсімдіктің вегетативті мүшелері. (тамыр сабақ жапырақ)
5. Тамыр деген не? (өсімдіктің жерасты мүшесі)
6. Тамыр шығу тегіне қарай қанша түрге бөлінеді? (негізгі, жанама, қосалқы)
7. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әртүрлі орта жағдайларына
түрін өзгерту арқылы бейімделу қалай аталады? (түрөзгеріс, метамарфоз)
8. Түрі өзгерген тамырлар. (жем, емізік, тіреу, түйнек)
9. Өркен дегеніміз не? (жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ)
10. Өркеннің негізгі тірек бөлімі. (сабақ)
11. Су мен минералды тұздар сабақтың қай қабатымен қозғалады? (сүрек)
12.Органикалық заттар қабықтағы қай қабат арқылы қозғалады?(тін)
13. Шырынды сабақ қандай өсімдіктерде кездеседі? (кактус,сүттіген)
14. Түрін өзгерген жер асты өркендерді атаңдар? (тамырсабақ, түйнек,
пиязшық)
15. Жапырақ шығармайтын жер асты өркен? (тамырсабақ)
Б) Ребус
Жауабы: Гүл
ІІІ. Жаңа сабақ
,,,,,
,
,,
1. Ассосациялық карта: Балалар, гүл дегенде көз алдарыңа не келеді,
ойларыңызға не түседі?
Хош иіс Әдемілік Сыйлық Көбею мүшесі Қысқарған өркен Әртүрлі түстер
ГҮЛ
Өсімдіктердің көбею мүшелері гүл, жеміс, тұқым арқылы жүзеге асады. Гүл
дегеніміз – көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын,
түріөзгерген, қысқарған өркен. Өсімдіктер өсу мүшелеріндегі қоректік заттар
қоры жеткілікті мөлшерде жиналған кеде гүлдейді. Гүл – тек гүлді
өсімдіктерге ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамиды
1 тапсырма:
Әр топқа өз жобаларын оқып, қорғауға тапсырма беріледі.
1топқа: Гүл бөлімдері. Гүл табаны. Тостағанша. Күлте.
2топқа: Жай гүлсерік. Қос гүлсерік. Аталық
3топқа: Аналық. Дұрысгүл. Бұрысгүл
2тапсырма: Ширату жаттығулары
1.Гүлді қоршап аялайды, қорғайды,
Ол тұрғанда гүл де онша тоңбайды.
Мұндай ұсақ жапырақшалар болса егер,
Ұзақ уақыт күлтесі де солмайды
Шешуі:Тостағанша
2.Аналық та, аталық та бір гүлде,
Ажырасып көрген емес ол мүлде.
Жарасымды жазылмайтын жұптары,
Ондай гүлді көріп жүрміз әр күнде.
Шешуі: Қос жынысты
3тапсырма
1топқа: Кесте толтыру.
Гүлдің бөлімдері
Гүл сағағы
Гүл табаны
Тостағанша жапырақшалар
Күлте жапырақшалар
Атқаратын қызметі Күлте жапырақшалар
Аталықтар
Аналықтар
2топқа: Биологиялық диктант
• Тостағанша мен күлтені қосып ............................ деп атайды.
• Гүлде тостағанша мен күлтенің біреуі ғана болса
................., ал екеуі де болса, қос ............................. дейді.
• Егер гүлсерігінің пішіні бірдей болса ......................... (қызғалдақ, алма,
т.б.)
Гүлсеріктерінің пішіні әр түрлі болса ............................. деп аталады.
•
• Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген
қысқарған өркен........................... деп аталады.
• Көбею мүшелеріне .......................................... жатады.
3топқа: «Үндемес » ойыны
1. Гүлдің сағаққа бекінген бөлімі –
Гүлдің кеңейген жері –
Гүлдің жыныс мүшелері –
Гүлдің жеміс түзуге қатысатын бөлімі –
Аналықтың ең негізгі бөлімі –
Аталықтың тозаң ұясы бар бөлімі –
Бекіту: «Жасырын сөз»
Оқушылар тақырып бойынша сөз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама
арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын
сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға
болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.
Рефлекция: Үш «Қ»
Құнды
Қызық
Қиын Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: §20, 53,59сурет, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап
беру.
Ашық сабақ: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.
Ашық сабақ: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.
Ашық сабақ: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.
Ашық сабақ: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.
Ашық сабақ: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.