Ашық сабақ: "Сиқырлы қобдиша"
Оценка 5

Ашық сабақ: "Сиқырлы қобдиша"

Оценка 5
Разработки уроков
docx
искусство
5 кл
08.06.2017
Ашық сабақ: "Сиқырлы қобдиша"
Мақсаты: Сіріңке қорабынан қобдиша жасауға үйрету. Жеке жұмыс жасау арқылы еңбекке баулу. Балалардың таным әрекетін зейінін логикалық ойлау қабілетін және ұсақ маторикасын дамыту. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып балаларды ақылды, ұқыпты, ептілікке, шыдамдылыққа, тәрбиелеу. Түрі: шығармашылық. Сөздік жұмыс: сіріңке, қобдиша. Көрнекілігі: желім, түрлі – түсті қағаз, түйме, қорабша, қатты картон қағазы, слайд. Әдіс – тәсілі: түсіндіру, жапсыру, ойын, сұрақ – жауап.Мақсаты: Сіріңке қорабынан қобдиша жасауға үйрету. Жеке жұмыс жасау арқылы еңбекке баулу. Балалардың таным әрекетін зейінін логикалық ойлау қабілетін және ұсақ маторикасын дамыту. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып балаларды ақылды, ұқыпты, ептілікке, шыдамдылыққа, тәрбиелеу. Түрі: шығармашылық. Сөздік жұмыс: сіріңке, қобдиша. Көрнекілігі: желім, түрлі – түсті қағаз, түйме, қорабша, қатты картон қағазы, слайд. Әдіс – тәсілі: түсіндіру, жапсыру, ойын, сұрақ – жауап.
Ашық сабақ қобдиша.docx
Тақырыбы: «Сиқырлы қобдиша» (жапсыру) Мақсаты: Сіріңке қорабынан қобдиша жасауға үйрету.  Жеке жұмыс жасау арқылы еңбекке баулу. Балалардың таным әрекетін зейінін логикалық ойлау қабілетін және ұсақ маторикасын дамыту. Дидактикалық  материалдарды пайдалана отырып балаларды ақылды, ұқыпты, ептілікке,  шыдамдылыққа, тәрбиелеу. Түрі: шығармашылық. Сөздік жұмыс: сіріңке, қобдиша. Көрнекілігі: желім, түрлі – түсті қағаз, түйме, қорабша, қатты картон қағазы,  слайд. Әдіс – тәсілі: түсіндіру, жапсыру, ойын, сұрақ – жауап. Өтілу барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Психологиялық бағыт беру. Мен сендерге «Қоянның туған күні» атты ертегіні баяндап беремін, сендер  менімен бірге саусақтарыңмен көрсетіп отырыңдар. «Қоянның туған күні» ертегісі. Ерте, ерте, ертеде ертегілер елінде бір қоян өмір сүріпті. Ол мысығымен әдемі үйде тұрыпты. Күндердің бір күнінде қоян өз туған күніне достарын  шақырыпты. Туған күнге алғашқы болып әтеш келіпті. Келесі болып қонаққа  ешкі келеді. Артынан қонаққа кірпі келді. Одан кейін қонаққа досы Ақтөс  келді. Қоян осылай достары арасында туған күнін бірге тойлап көңілді  өткізді. Жеке жұмыс: Ерасылдың саусақпен дұрыс жұмыс жасауына мән беру. ІІ. Негізгі кезеңі: 1.Тақырыпты ашу. 2. Мультфильм «Сіріңке туралы»  3. «Мозайка» Қима қағаздан құрастыру. Бәріміз орнымыздан тұрып мына қима қағаздарды алайық. Осы қима  қағаздарды құрастырып шығайық.  Ненің суреті шықты? Кім айтады?       Сіріңке және қобдиша. Жеке жұмыс: Анардың суретті дұрыс құрастыруын қадағалау. Ия дұрыс айтасыңдар бұл негізі сіріңке. Бірақ әр жерде әртүрлі атайды  шақпақ, шырпы, күкірт, оттық деп. Әдеби тілде сіріңке деп атаймыз. 4.Сөздік жұмыс.  Қобдиша – қыздардың әшекей бұйымдарын салып қоятын қорабша. Сіріңке – отты тұтандыру үшін пайдаланатын оттық. 5. Сұрақ – жауап: 1.Мультфильм не жайлы болды?               Мультфильм сіріңке жайлы болды. 2.Балалар сіріңкемен не үшін ойнамай     Балалар сіріңкемен ойнауға     қойды?                                                       болмайтынын білді. 3.Өрт болған жағдайда қайда          Өрт болған жағдайда 101 –ге өрт   хабарласамыз?                                  өрт сөндірушілерге хабарласамыз. ­ Дұрыс айтасыңдар балалар, сіріңкемен ойнауға болмайды, ол өз өмірімізге өте қауіпті. Тұрмыстағы жарамсыз заттардан пайдалы бұйымдар  жасауға болады екен. Мысалы: сірңкені тұтатып біз оны сөндіріп қоқыс  жәшігіне тастаймыз. Демек ол дегеніміз тұрмысқа жарамсыз қажет емес.  Сонымен қорап ішіндегі сіріңке біткен соң қорабында жарамсыз етіп  тастаймыз. Дегенмен сіріңке ең қол жетімді әрі қарапайым материал.  Сіріңкемен әртүрлі бұйымдар жасау адамның шығармашылық қабілетін  оятады. Сіріңке талдарынан таңғаларлық әртүрлі бұйымдар жасауға болады.  Сіріңкеден бұйым құрастыру өнердің ерекше бір түрі. Сіріңке талшықтарынан бұйымдарды құрастырып шығу үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Біз  сіріңкеден күнделікті мамандардың үйге берілген тапсырмасы бойынша  тәрбие сағаттарында көптеген бұйымдар жасап шығарып жүрміз.  Тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сиқырлы қобдиша» деп аталады. 6.Сергіту сәті. Ойын: «Зейінді бол» Балалар, демалатын кез келді. Біздің балалар шаршап қалды, кішкене демалып күш жыйнап, бойымызды сергітіп алайық. Тәрбиеші: Қазір біз көңілді гимнастика жасаймыз. Мен сендерге жаттығулар  ұсынамын ал  өзім оларды керісінше жасаймын, сендерді шатастырамын.  Сондықтан сендер маған қарамай,тек менің айтқан бұйрығымды орындаңдар.  Мысалы: тәрбиеші қолдарыңды көтеріңдер деп өзі қолдарын төмен түсіреді. Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып – жұмайық. Қолымызды түсіріп, Орнымызды табайық. ­ Жарайсыңдар, балалар. Еске түсірейікші өткен тәрбие сағатымызда осы «Сиқырлы қобдишаны» қалай жасап шығарғанымызды. 7. Сұрақ – жауап. 1.Осы қобдишаны жасау үшін                  Осы қобдишаны жасау үшін сіріңке  не қолдандық?                                            қорабын, желім, түрлі – түсті қағаз                                                                       түйме қатты картон қолдандық. 2.1 ­ сиқырлы қорабшаны неше               1­ сиқырлы қобдишаны 16 дана сіріңке қорабымен жасадыңдар?              сіріңке қорабымен жасадық. Яғни біз өткен тәрбие сағатымызда сіріңке қорабын пайдалана отырып  қобдиша жасаған болатынбыз. Бұл біздің үшінші тәрбие сағатымыз. Енді сол  қобдишамызды бүгінгі сабағымызда сәндеп гүл жапсырып аяқтаймыз. Қане  жұмысымызға кірісейік. Әркім өз жасаған қобдишаларын алып  жұмыстарымызды бастайық. Сиқырлы қобдишамызды әсемдеп гүл жапсыру  үшін мына үлгідегі суретке қарап алдарымыздағы гүлдерді өзіміз қалаған  жерге жапсырып шығайық.  Жеке жұмыс: Анар мен Ақниетке гүл жапсыруға көмектесу. Жапсырып болсақ әркім өз орнына жасаған қобдишаларын қойып шықсын. ІІІ. Қорытынды: Бағалау.  1. Зейнеп саған кімнің жасаған қобдишасы ұнады? Неліктен? (1 ­ 2 баладан  сұрап шығу)  Балалар өздеріне ұнаған қобдишаны көрсетеді. Міне  балалар, тұрмыстағы жарамсыз заттардан осындай әдемі бұйымдар  жасап шығаруға болады. Ол үшін бізге тек еңбекқорлықпен шыдамдылық,  ізденіс қажет екен.

Ашық сабақ: "Сиқырлы қобдиша"

Ашық сабақ: "Сиқырлы қобдиша"

Ашық сабақ: "Сиқырлы қобдиша"

Ашық сабақ: "Сиқырлы қобдиша"

Ашық сабақ: "Сиқырлы қобдиша"

Ашық сабақ: "Сиқырлы қобдиша"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.06.2017